ТАМҰҚ
Зияда ИЖАНОВ,
ҚР мұрағат ісі жəне құжаттану
жөніндегі ақпарат орталығының қызметкері
1937 жылы Сəкен Сейфуллинге қазақ жазушысы ре-
тінде троцкийшіл көзқараста болды. 1928 жылдан бастап
ұлтшыл-контрреволюцияшыл топпен бірлесіп Қазақс-
танда Кеңес үкіметіне қарсы ұлтшыл-буржуазияшыл, тер-
роршыл-төңкерісшіл жəне зиянкес тап жауларының ұйы-
мына кірді, ұйымға жаңадан мүшелер тартты. БК(б)П
бас шылары мен Кеңес үкіметіне қарсы террорлық актілер-
ді дайындауға қатысты деген айыптар тағылды. Онымен
қоса Сейфуллин «қылмысын» қоюлату үшін Тоғжанов,
Құлымбетов, Садуақасов, Жансүгіров, Кенжиннің тергеу
про токолдарының көшірмелерінде Сəкен ісі негізге алынды.
«Сəкен халық жауы болды» дейтін газет-журналдарда
жарияланған үкімінен басқаны білмейтін жұртшылық
ақын ның тұтқынға алынуы, айыпталуы оның «Менің қате-
лерім туралы» деген («Каз правда» N76.2.IX 1929 г.) мақа-
ласына байланысты болды десе, екінші біреулері Сəкен
Кеңестердің XI съезіне қатысқаннан кейін И.В.Сталинге,
В.М.Молотовқа, В.В.Куйбышевке Қазақстандағы келең-
сіз жағдайларды айтуы болды дейді. Үшіншілері, Қазақс-
тан кадрларын жою жоспары ерте-ақ жасалғанын айтады.
Ол (Сəкен) И.В.Сталинге өзін Қазақстаннан алдырып,
Мəскеуден Коммунистік академияға қабылдауға өтініш жа-
сағанда, И.В.Сталин «Устроить в Комакадемию легко, но
Вам именно теперь и нужно работать в Казахстане. Если
положение там таково, то Вам советую оттуда не бежать, а
наоборот работать», – деп оны əдейі зұлымдықпен шығарып
салып, жалған кеңес берді, дейді. Бізше, бұл үш пікірдің
де өздерінше дəлелдері жеткілікті. Өйткені жоғарыда
352
аталған мақалада Қазақстанда 1922 жылы құрылған екі
топтың барын, оларды кімдердің басқаратынын, олардың
өзара дүрдараз пікірін айтуы себеп болуы ғажап емес
дейтін. Пікір айтушьшардың мұндай долбар жасауы Қазақ
республикасында кадрларды жаппай қырып-жою, қу-
ғын-сүргінге ұшырату жоспарларының Партия орта лық
ко митетінің нұсқауымен жасалып жатқандығын білме-
гендігінің салдары еді.
Сондай нұсқау бойынша жазықсыз тұтқындалып,
атыл
ғандардың бірі – Сəкен Сейфуллин. Таяуда ақынның
тағ дырына қатысты жоғарыдағы пікірлердің дүдəмал əң-
гі мелерді жоққа шығаратын, əрі оның жалған, заңсыз жа-
салған құжаттармен өмірінің қиылғандығына көз жет кі-
зетін дерек қолымызға түсті. Ол Алматы облыстық мем-
лекеттік мұрағатында жарты ғасырға жуық сақталған.
С.Сейфуллинді айыптау жөніндегі тергеу ісі бойынша
Алматы облыстық прокурор, мемлекеттік əділет кеңесшісі
Р.Мухамедьяровтың қатынасы. (Алматы ОММ. 408-қор.
2-тізімдеме, 564 а.іс)
Бұл анықтама мен қатынас С.Сейфуллинге жүргізілген
тергеу сол кездегі қолданыста болған РСФСР қылмыстық
істерді жүргізу нормаларының өрескел бұрмаланғанына
жəне ең бастысы дауылпаз ақынның көзін жою үшін шұғыл
түрде заңсыз, жалған құжаттар дайындалғанына, тергеу
дөрекі жүргізілгендігіне көз жеткізді.
Мұндай ойымызды қолдағы құжат былай дəлелдейді:
Біріншіден, əу баста 1937 жылдың 24 қыркүйегінде қол-
дарында тұтқындау жөнінде қаулы болмаса да, С.Сейфуллин-
ді Қазақ ССР ішкі істер халық комиссариаты 3-бөлім бас-
тығының көмекшісі Сергей Александрович Коновалов,
қызметкері Владимир Семенович Курусь тұтқындап, үй
мүлкіне хаттау жүргізген. (Қараңыз, аталған істің 3 п.) Ал
тұтқындау жөніндегі қаулыны мұнан бір күн кейін, яғни
1937 жылдың 25 қыркүйегі күні Қазақ ССР ішкі істер
халық комиссариаты 4-бөлімінің қызметкерлері Садықов
пен Катков шығарған. Сол күні бұл қаулыны Қазақ ССР
ішкі істер халық комиссарының орынбасары П.Володзько
бекіткен. Екінші бір жасалған құжат «Сейфуллин өз кінəсін
өзі мойындады» деп ақын тұтқындалған күннің ертеңіне,
353
яғни 1937 жылы 25 қыркүйекте жасалған хаттама. Оның
жалғандығына дəлел ретінде сол кезде Қазақ КСР ішкі істер
халық комиссариаты 4-бөлімнің тергеушісі Баймурзиннің
1937 жылғы 6 қазанда Сəкен Сейфуллин туралы жасаған
актісіндегі сөзді қан-сөлі өзгермеген қалпында ұсынамыз.
«... Составпен настоящий акт в том, что сего числа в 6 час.
30 минут утра на допросе арестованный Сейфуллин Сакен в
течение 10 суток ведет себя перед следствием не тактично.
Набросил оскорбление на органы НКВД, распространял
антисоветскую клевету, что якобы все жены арестованных
арестованы и высланы и в том числе Сейфуллина. Пытался
избить меня, выхватил стул и пытался ударить меня, но
мною стул был отнят». (Қараңыз, аталған істің 4-беті).
Аталмыш мекеменің екінші қызметкері Серембаевтың
1937 жылы 7 қазанда жасаған осы мазмұнды актісі жоға-
рыдағы ойымызды одан əрі былай толықтырады: «Об-
виняемый Сейфуллин на допросе упорно отрицал дачу
правдивых показаний, Сейфуллин приостановил писание
и начал рвать свои показания, где я захватил показание и
отобрал, а он стал ругать меня и по адресу НКВД и пытался
ударить головой стену, я не допускал». (Қараңыз, аталған
істің 4-п.).
Серембаев С.Сейфуллинге тек акті жасаумен тынбады.
1937 жылғы 8 қазанда Қазақ ССР НКВД-ның 4 бөлімінің
бөлімше бастығы Ивановқа С.Сейфуллин 13 тəулік бойы
өзін қылмыстымын деп санамады. «Халық жауысың»
деп айтқаным үшін маған ұрысты жəне «Вы ничего не
знаете, если Вам дают деньги на хлеб и отдых в сутки
три часа, больше Вам ничего не надо. Вы не знаете
сущности за что мы казахские работники сидим и за что
боремся и т.д.» (бұл да сол парақта) деген сөздерді айтты
деп рапорт тапсырды. Бұл екі тергеушінің сөзі Сəкен 25
қыркүйекте «қылмысын мойындады» деген құжаттың
жалған екендігін нақты дəлелдеп тұр. Қайта 15 тəулік
бойы Сəкеннің демалуына, есін жиюына мұрша бермес-
тен күні-түні кезектесіп жүргізген тергеулер кезінде өзін
қылмыстымын деп санау былай тұрсын, қайта өзінің
негізсіз тұтқындалғанын, контрреволюциялық ұйымда бол-
ма ғандығын, контрреволюциялық тақырыпта шығарма жаз-
354
бағандығын немесе əңгіме жүргізбегендігін дəлелдеген.
НКВД органының заңды бұрмалап, қазақ зиялыларының
отбасын ойрандап, абақтыға жауып жатқандығын əшке-
релеген. Амал не, С.Сейфуллиннің бұл дəлелдемелері іске
тіркелмегендігі анықтамада айқын көрсетілген.
Осы екі тергеушілер актілеріндегі «орындықты ала
жүгірді», «жазып отырған қағазын жыртты», «басын қабыр-
ғаға соққысы келді» деген сөздерімен өздерінің Сəкеннің
жанын жаралап, ар-намысын таптап отырғанын сезбеген.
Кімнен, қандай адамнан жауап алып отырғанын жете тү-
сінбеген. Əйтпесе, «арымнан жаным садаға» дейтін Сəкен
мемлекетке, елге қастандық жасадым деп қалай жалған
жаза алады? Халқымның көсегесін көгертеді, оны бақытты
етеді деп имандай сеніп Кеңес үкіметін құру үшін ажал
вагонына да түскен. Сəкенге біздің осы сөздеріміз ауыр
тиді-ау деп ойланар еді ғой, деген ой келеді бізге.
Халқымызда «ханның басын хан алады» деген аталы сөз
бар. Бұл өлімнің өзі өз теңімен болғаны жөн дегенді көздесе
керек. Осы сөз ойға оралғанда кезінде Қазақстанның Ха-
л ық комиссарлары кеңесінің төрағасы болған Сəкен, халқы-
ның сүйікті ұлы, аяулысы атанған. Сəкен өзінен жауапты
ең болмаса лауазымды тергеуші де алмады-ау деп күйінген,
қорланған-ау деген ой да қылаң береді. Өйткені оның жа-
нын жаралап, ар-намысын таптап, қорлап отырған тергеу-
ші лер өз ойындағыдай емес. Мұны ол қорлық деп санады.
Баймурзин мен Серембаев Сəкенді сындыра алмаған-
нан кейін, бұл екеуі де өз қандасына қолдары батпады
деп ойлаған болуы керек, енді Сəкеннен жауап алуды
Қазақ ССР ішкі істер халық комиссарының орынбасары
П. Володзько жəне осы комиссариаттың 4-бөліміне қарасты
2-бөлімшесінің бастығы В. И. Иванов (қарағандылық) пен
оның көмекшісі В. В. Ивановтың өздері жүргізді. Олар 1937
жылдың 20 қараша жəне 11 желтоқсан күндері Сəкеннен
жауап алып, дегеніне жетті. Асау тұлпарды жуасытты.
Қызыл сұңқардың топшысын сындырды. «Не жазсаңдар
да қол қойып беремін», – дегенге келтірді. Сөйтіп, Сəкен
тұтқынға алынғаннан кейін 70 тəулік өткенде «кінəлімін»
деп «мойындады» дейтін хаттама жазылған.
Сəкеннің мұндай шараға бармасқа амалы қалмады. Азап-
ақырет, жан түршіктірерлік қинау күн санап артты. Жүдеді.
355
Қиналды. Мұндай қорытынды жасауымызға С. Сейфуллин
жөнінде Баймурзиннің арада 19 жыл өткен соңғы 12 маусым
1956 жылы берген анықтамасындағы мына сөздер негіз
қалады:
«С первого дня мне молодому работнику бросились в
глаза исключительно напряженное положение в наркомате,
так как тогда проводилось массовая операция по изъятию
«врагов народа» В практике следственной работы я и другие
молодые работники встретились с фактами беззакония и
лица допускающие нарушения поощрялись. Как пра вило
первое время с каждым арестованным работали неско-
лько человек по конвеерной системе до тех пор, пока арес-
тованный не станет давать признавательные показания о
своей «преступной деятельности», причем арестованного
ставили в угол, не отпускали на отдых и на обед и т.д.
По делу Сейфуллина я прямого отношения не имел. Меня
использовали тогда на отдельных поручениях, и в качестве
подменщика следрвателей, За время ведения следствия по
делу Сейфуллина я имел возможность встретится с ним на
несколько часов один-два раза, когда он не признавался. В
этих встречах с ним я убеждался, что он имел исключительно
усталый вид, видимо его ставили в угол и не отпускали во
время на отдых. Тогда Сейфуллин высказывал жалобы на не
правильное ведение следствия по его делу.
Во время ночного допроса отовсюду можно было слы-
шать шум, крик, оскорбления следователей по адресу обви-
ня емых». (Қараңыз, аталған істің 6-7п.).
С.Сейфуллинге жасалған, заңсыз құжат жасау жоғары-
дағылармен тынған жоқ. Ақынды тергеу жəне істің қо-
рытындысын шығару В.В.Ивановтың құзырына көш-
кеннен кейін де жалғасты. Оның дəлелі мынау: В.Иванов
1937 жылғы 19 желтоқсанда РСФСР қылмысты істер про-
цестерін жүргізудің 206 бабына сүйеніп, С.Сейфуллинді
тергеудің аяқталғандығы туралы хаттама жасады. Ертеңіне,
яғни 1937 жылғы 20 желтоқсанда айыптау қорытындысын
шығарды. 1937 жылғы 22 желтоқсанда ішкі жəне шекара-
лық əскерлердің əскери прокуроры Соколов В.Ивановтың
С.Сейфуллиннің тергеу жұмысын аяқтағандығы жөніндегі
356
қорытындысын бекітті. Ақынды сотқа тарту жөнінде ол
қаулы шығарды.
Ал СССР Жоғарғы сотының əскери коллегиясы С.Сей-
фуллиннің тағдырын 1938 жылғы 25 ақпанда бас аяғы 25
минут талқылап, Сəкеннің дəлелдеріне, дəйектемелеріне
құлақ аспастан, РСФСР қылмыс заңының 58-бабының
2,7,8,11 тармақтары бойынша ату жазасына үкім шығарды.
С.Сейфуллиннің жанын алуға асыққандар үкімді сол күні
орындады.
Алайда, Сəкенге ұзыннан өші, қысқадан кегі кеткендей
өшіккен В.В.Иванов тергеуді аяқтап, хаттама жасап, оны
прокурор Соколовқа бекіттіріп, сотқа тарту жөнінде қаулы
шығартып алғаннан кейін де əскери коллегияның шешімі
шыққанша 1938 жылдың 11,17,19,31 қаңтары мен 10 ақпан
күндері С.Сейфуллиннің жанын қинап, тағы да тергеуді
жалғастырды.
Заңды көрер көзге бұрмалады. Ол Сəкеннің жарық
дүниедегі аз ғұмырын біле тұра ақынның қалған санаулы
сағаттарын азаппен, жанын қинаумен өткізуді мақсат ет-
кен болса керек. В.Иванов Сəкен тағдырын ойыншыққа
айналдырды. Жалған жалаларды тағы да еріксіз мойындатты.
Жалған жала дегеннен шығады, қолдағы анықтама
С.Сейфуллиннің жанын алуға өтірік құжаттар жасауға,
қыл мысты істерді жүргізудің тəртібін бұрмалауға тікелей
қатысқан, əрі басты кінəлі адам 4-бөлім бастығы В.В. Иванов
(қарағандылық) екенін баса көрсетеді. Бірақ ол 1956 жылғы
26 шілдедегі түсініктемесінде: «Сейфуллин ісін аяқтауда тек
техникалық жұмыстарды атқардым» (қараңыз, аталған істің
6 п.) дегендей ыңғай танытқан. Қолымен істеген қылмысты
мойнымен көтеруге жалтарған.
Бұл жоғарыда қазақ зиялыларын қуғынға ұшырату,
олардың көзін жою Мəскеуден жоспарланған деген ойдың
ұшығын көрсеткен едік. Олай дейтініміз – орталық Сəкен-
нің жанын алуға тікелей қатысқан жəне Қазақстандағы
басқа да басшыларды қансоқта жасаған жоғарыда аталған
В.Ивановты Қиыр Шығыс өлкесіне, В.С.Курусьті Минс-
кіге қызметке ауыстырған. Шамасы бұл екеуі мұндағы
істі «абыройлы» атқарған болуы керек. Ал С.А.Коновалов
пен В.В.Ивановты Қазақстанда қалдырыпты. Олардың əлі
357
де қажеті болған сияқты. Ал Володзько «біреуге ор қазба,
ор қазсаң терең қаз, өзің түсуге жақсы» дегенге ұшырап,
1939 жылы социалистік заңдылықты бұзғаны үшін сотта-
лып кетті.
Анықтамада С.А. Коноваловтың Алматы облыстық совет
атқару комитетінің ішкі істер басқармасының бастығы, ал
В.В.Иванов Фрунзе аудандық милиция бөлімінің бастығы
қызметін атқарып жүргендіктері көрсетілген. Реті келгенде
айта кетейік, облыстық партия комитетінің хатшысы М.Б.
Бейсебаевқа 1958 жылғы 16 сəуірде С. Сейфуллинге қатысты
біз сүйеніп отырған анықтаманы жолдаған қатынасында
облыстық прокурор Р.Мухамедьяровтың: Иванов Влади-
мир Васильевич являлся одним из активных участников
фальсификации доказатеальств по делу Сейфуллина С. и
он провел по делу основные следственные действия». И
поэтому считаю что, о невозможности использования Ива-
нова в органах милиции, как лица допустившего грубые
нарушения социалистической законности, – деген сөзі
ерлік пен тең. Өйткені Я. Мұхамедьяров С. Сейфуллин
тағдырын жан жүрегімен сезінген. Ақынның жанын алуға
заңсыз əрекет жасағандарға күйінген.
Жасыратын несі бар, ол кезді Хрущевтік жылымық
кезең деп жуып-шайғанымызбен, органның күш-қуаты бұ-
рынғы қалпынан əлі де бəсеңдемеген уақыт болатын. Сол
кезеңде бұндай батыл тұжырым айтуға екінің бірі бара
алмайтыны белгілі. Бірлі-жарым зерттеушілерге болмаса,
жалпы жұртшылыққа белгісіз болып келген дерек бойын-
ша С.Сейфуллинге қатысты мəселені біршама жіктедік деп
ойлаймыз. Бірақ өкінішке қарай мұндай мəселені тəптіш-
теудің қажеті жоқ, іс бітті, өтті, кетті. Бұндай іске қаты-
сушылардың аты-жөнін қазбалап көрсету пайда бермейді,
араздық туғызады деушілер аз емес. Елімізге бірлік, ты-
ныштық ауадай қажет. Оны бізде қуаттаймыз, «жара үстіне
шиқан шығару», тиісті органның қызметіне топырақ шашу
ойымызда жоқ.
Бірақ ойланайықшы, ағайын, осындай шырылда -
ған шындықты бүркемелеуден нендей пайда тауып
жүр міз? Бүркемелеуден кезінде етек алған заңсыздық-
тар ды ұйымдастырушылардың əрекеті, қылмыстары
жа рия ланбай келеді. 1937-1938 жылдардағы қуғын-
сүргінге ұшыраған халқымыздың маңдайына біткен
қаймақтарының тағдыры дəл осы біз айтқан Сəкеннің
тағдырындай емес деп кім куəлік ете алады? Ондай
опасыздар олардың отбасын талқандады. Өмірінің
өркенін қиды. Сол үшін марапатталды. Ешбір қыл-
мыс жасамағандай, алшаңдап өмір сүрді. Сонда қоры-
тындысында кім пайда көрді, кім зиян шекті?
Біздің түсінігімізше, қылмыс жасағандарды, опа-
сыздарды бүркемелеу келешек тарихқа зиян. Шырыл-
даған шындықты айқара ашу, ақты ақ, қараны қара
деп көрсету жөн. Неге десеңіз, адам санасына ерте не кеш
болсын, мен о дүниелік болсам да артым дау-дамайсыз
болмайды екен-ау деген ұғым түсетіні сөзсіз. Осы ұғымды
есіне түсірген əрбір жан мұндай пасықтан бойын аулақ
салады. Өз ұрпағына адалдықты, тазалықты үйретіп өтеді.
Олай болса, шырылдаған шындықты ашудан, жария-
лаудан ұтылмаймыз Бұл шындықты бүгінгі күні біз аш-
пағанмен, келешек ұрпақ ашатыны сөзсіз.
«Егемен Қазақстан»
30 қаңтар 2002 жыл. N19-22.
359
ДƏЛДІК КЕРЕК,
ƏДІЛДІК КЕРЕК
Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, Астанадағы
С. Сейфуллин мұражайының директоры
Қазақ əдебиетінің айнасы болған, болуға тиісті де
ба сылымдардың бірі – «Жұлдыз» журналының 2002
жылғы N1 саны ақпанның соңына қарай оқырман қолына
тиді. Алғашқы бетінде бас редактордың «Жұлдыз» 80»
деген тақырыппен арнау сөзі басылыпты – «Үстіміздегі
2002 жылы «Жұлдыз» журналы сексен жасқа толғалы
отыр» деп бастапты бас редактор өзінің арнау сөзін. Бұнан
əрі XX ғасырдың қилы кезеңдеріне қысқаша шолу жасай
келіп, журнал алғашқыда «Шолпан», сонсоң «Таң» болып
- шыққан делінген, одан кейін «Жаңа əдебиет», «Əдебиет
майданы», «Майдан», «Əдебиет жəне искусство» болып, əр
жылдары əр түрлі аталып келіп, кейін «Жұлдыз» деген атпен
шығып келе жатқаны айтылған. Бас редактор арнау сөзінің
соңын «Сексен жыл!... «Жұлдыз» – бүкіл қазақ əдебиетінің,
яғни, алаш рухының мерейлі көрінісі. Жаса, «Жұлдыз»! деп
аяқтапты.
Жеке бастың қалауы емес, тарихтың шындығына жү-
гінсек, «Жұлдыз» журналының жарық көре бастағанына əлі
80 жыл тола қойған жоқ. Бұл мəселеге мəн беру қажет деп
білеміз. Себебі: 1. «Шолпан» журналының қазіргі «Жұлдыз»
журналына мүлде қатысы жоқ. «Шолпан» журналы 1922
жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін
Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып
Ташкентте жарық көрді. Ал қазіргі ‘’Жұлдыз» журналы
алғаш рет «Жаңа əдебиет» деген атпен 1928 жылдың
1 қаңтарында жарық көрген кезден бастап соңғы кезге дейін
Қазақстан Жазушылар Одағының (бұрын «ұйымның»
деп аталған) журналы ретінде жарық көріп келді. «Шолпан»
360
журналы негізінен саясат, шаруашылық, білім мəселелерін
көтеріп, ішінара ғана əдебиетке көңіл бөлсе, «Жұлдыз»
негізінен əдебиет пен мəдениет мəселелеріне арналған
журнал болды.
2. «Таң» журналы 1925 жылдың наурызынан бастап
Семей губкомы атқару комитетінің саяси, шаруашылық,
мəдени журналы ретінде жарық көрді. Ал «Жұлдыз»
журналы болса, қайталап айтамыз, əу бастан Жазушылар
одағының (ұйымының) журналы ретінде соңғы кезге дейін
жарық көріп келеді.
3. Рас, «Шолпан», «Таң» журналдары толымды-то-
лымды əдеби-көркем дүниелер басып тұрды. Алайда,
əдеби-көркем дүниелер басылғаны үшін ғана «Шолпан»,
«Таң» журналдары мен бүгінгі «Жұлдыз» журналын бір
басылым деп есептеу дұрыс бола қоймас. Онда, мұндай
принцип бойынша əдеби туындылардың небір тамаша
үлгілерін басқан «Айқап» (1911-1915), «Садақ» (1915-
1918), «Абай» (1918), «Сана» (1923-1924) журналдарын да
келесі бір бас редактор «Жұлдыздың» алғашқы басылымы
деп есептемесіне кім кепіл?
4. Соңғы уəж қазіргі «Жұлдыз» журналы қашан жəне
қа лай жарық көріп еді деген мəселеге орай. Тарихтан
белгілі, 1928 жылға дейін Сəкен Сейфуллиннің жетекшілігі-
мен «Жыл құсы» атты əдеби альманах жарық көрді. Осы
альманах, тағы да сол Сəкен Сейфуллиннің жетекшілігімен,
1928 жылдан бастап Қазақстан Жазушылары бірлестігінің
(ҚазАПП) органы ретінде «Жаңа əдебиет» деген атпен
дербес журнал болып жарық көре бастады
Мұнан əрі əртүрлі тарихи ахуалға байланысты «Жаңа
əдебиет» (1928-1932), «Əдебиет майданы» (1932-1938),
«Əде биет жəне искусство» (1939-1941), «Майдан» (1944-
1945), «Əдебиет жəне искусство» (1945-1956) деген атпен
жарық көрсе, 1957 жылдан бастап «Жұлдыз» деген атпен
шығып келеді.
Айырықша мəн беретін жағдай, əр түрлі аталғанына
қарамастан «Жұлдыз» журналының бірінші бетінде 1999
жылға дейін «1928 жылдан шыға бастады» деп жазылып
отырған. Ал, 1999 жылдың «қаңтарынан бастап, ешқандай
қисын дəлелсіз «1922 жылдан шыға бастады» деп өзгертіліп
көрсетілген. Бұл қалай?
361
Осы мəселені менің сөз етуімнің қисыны бар деп ой-
лаймын. Тіптен, бұл мəселені мен көтеруге тиіспін деп
есептеймін.
Астанадағы Сəкен Сейфулиннің мұражайына бас-көз
болып қызмет атқарып жүрмін. Қандай жолды таңдаса
да туған елінің бақытынан басқа мұраты болмаған Сəкен
Сейфуллиннің сан-сала еңбектерінің бірі ретінде «Жұлдыз»
журналына алғашқыда «кіндік əке», сонсоң бас редактор
(1932-1934) болғанын келімді-кетімді жұртшылыққа мақтан
етіп айтамыз. Əрине, оның ұлт мүддесі үшін қоғамдық-
саяси жұмыстардан бастап, мəдени-рухани салаларға дейін
бел шеше араласқан басқа да алуан арналы өміршең істері
жұртшылыққа жақсы мəлім. Сөйткен Сəкеннің есіл еңбегі
еш етіліп жатса, оны еш етуге тырысушы сол журналдың
бүгінгі бас редакторы, қазіргі қазақ көркем сөзінің даусыз
ірі тұлғасы Мұхтар Мағауин болса қалай қолға қалам
алмассың?! Ол аздай-ақ Сəкеннің өзі қамқоршы əрі редактор
болған журналдың бетінде тағы да сол Мұхтар Мағауин
«Алматының атаулы көшелерінің бəріне кеуде, мүсіндер
қойылған. Əлбетте, бақайынан бұтына дейін, қанды қол-
мен қоса көрсетуге лайық. Құр кеуде. Сірə, іші қуыс. Басы
да қуыс. Сырты ғана жылтырап тұр. Аңызға айналған
құрыш-болат балшабектер Виноградов, Емелев, Фурманов.
Сейфуллин...» – деп шетінен тізіп берді.
Бұған менің айтарым:
Сəкен қаншалықты коммунистік идеяның күрескері
болғанмен, оның бар мақсаты, асыл мұраты – туған халқына
қалтқысыз қызмет ету. Сол идеяда жүріп-ақ ол алаштың.
Ахаң сияқты ардагерлерімен араласа жүріп ұлтына, жұртына
деген түпкі мақсат-мүддені негізге алды. Сол жолда,
«Қазақты қазақ дейік – қатені түзетейік», «Кеңселерде іс
қағаздары қазақ тілінде жүргізілсін» деп болашақ ұрпаққа
ұранды үн қатты.
Келе-келе сол өзінің қалтқысыз сенген партиясынан
да күдік алып, бүкіл қоғамдық істерден қол үзіп қалған
кездері де болды. Голощекиннің қанды қасабына карсылық
көрсетіп, елді жаппай ашаршылық жайлағанда «Қызыл
ат» деген поэма жазып, сол кездегі солақай сыншылардан
соққы да көрді.
Соған қарамастан тағы да М. Мағауин: «Бас жандайшап-
төңкерісшіл ақын... Ал айтыңыздаршы сүйенетін, көтеретін
несі қалды. Ортадан жоғары төрт-бес өлең, одан басқасы
түгел орыс революциясын дəріптеу, жаңа тəртіпті насихат-
тау, алаштың азаматтарын қаралау (М. Мағауин. «Тамыз дан
соңғы əңгімелер» «Жұлдыз», 2001, N8, 2-49-беттер) – деп
қиянат-ғайбат сөздер айтып жатса, имандай шыным, азамат
ретінде, ақын ретінде ұлтымның мен де бір перзенті ретінде
үндемей отыра алмадым.
«Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын,
«Қазағың қане?» – десе, «Мінеки! – деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын», –
дегенді Сырбай Мəуленов бекер жазбаған шығар. Кеше
коммунистік кезеңде Сəкен бейнесі тым асыра мақталған
дегенге келісеміз, бірақ бүгінгі заман Сəкен соншама дат-
талуымен келіспейміз. Əсіресе, дəл сол системаның құр-
баны болған ақынды көрінде де тыныш жатқызбау артық-
тау. Қалай дегенде де Сəкен - Сəкен. «Күлəштің əнін берсін,
Сəкеннің сəнін берсін» – осылай бата да айтылады. Аты
батаға енген адамды енді қанша жерден «Бас жандайшап –
төңкерісшіл ақын» десеңіз де халық санасына сіңіп үлгер-
ген ұғымды өзгерту қолдан келе қоймас.
Əрине, М.Мағауиннің əр құбылысқа сын көзімен қа-
рауға, бір кездегі қасаң қалыпқа салынып кеткен ұғымдар-
дан айнымай қалу, айырылмай қалу жөнсіз екендігін ұғын-
дыруға шақыруын қолдамау қиын. Біздікі тек дəлдікке,
əділ дікке көбірек сүйінсек дегендік қана.
Менің мұнымды Мұқаң – Мұхтар Мағауин дұрыс тү-
сінеді деп сенемін.
«Егемен Қазақстан» №50,
5 наурыз, сейсенбі, 2002 жыл.
363
Достарыңызбен бөлісу: |