Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай
Қоғам
әрқашан
да
білім
саласы
қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді. Дана
халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды
жығар» деп тегін айтпаса керек.Ұстаз болу –
жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен
сусындатып,
тәлім-тәрбие
беру,
жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік
рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді. Жаһандану заманында ұлттық
бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік
білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін
өзекті мәселе.
Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін
ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей
өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,
тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар
беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты, күн сайын жүздеген
шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын сепкен жайдары да жылы жүзді қадірлі
ұстазына шәкірттерінің алғысы шексіз. Осындай шексіз алғысқа ие болған ұстазымыз
Шулембаева Кульзия Коныспайқызы туралы айтқым келеді. Салмақты да, сабырлы мінезі,
білімділігі мен байыптылығы, ұйымдастыра білу қабілеті, талапшылдық қасиеттері
қызметтес ұстаздарға үлгі. Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр
қаталдықтан түкте шықпайды деп шәкірттеріне мейірімін,білгенін уйрете білген ұстаз.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Жақсының жақсылығын айт нұры
тасысын демекші, елге сіңген еңбегіне тоқталып кеткім келіп тұр.
К.Қ. Шүлембаева 1968 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік
Университеті, биология факультеті, генетика және дарвинизм кафедрасын аяқтады.
Университетті тамамдаған соң, В.Р. Вильямс атындағы егіншілік және жертану ҒЗИ-ң
жаздық бидай селекциясы бөлімінде жұмыс істеп, 1971 жылы осы аталған ҒЗИ-ң
аспирантурасына қабылданды. 1988 жылдан бастап генетика және молекулалық биология
кафедрасында аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы (1992), доцент (1994), профессор
(2001), 2003-2005 оқу жылдары генетика және молекулалық биология кафедрасының
меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1985 жылы «Создание серии моносомных линий по
сорту пшеницы Казахстанская 126» тақырыбы бойынша кандидаттық, ал, 1999 жылы
«Анеуплоидия в селекционно-генетических исследованиях пшеницы и межсортовое
замещение хромосом» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Шүлембаева
К.Қ. «Цитогенетика анеуплоидов пшеницы», «Большой практикум по цитогенетике» атты
орыс және қазақ тілінде әдістемелік құралдардың, сонымен қатар «Биометрия»,
«Генетика» курстарына арналған тесттік бақылаулардың авторы болып табылады. Көп
жылдық зерттеулердің нәтижесі бойынша 2005 жылы «Анеуплоидия в селекционно-
генетических исследованиях пшеницы» атты монографиясы жарық көрді. Шүлембаева
К.Қ. 90-ға жуық ғылыми еңбектері жарық көрді. Шүлембаева К.Қ. бакалавриат және
магистратура бөлімдері үшін «Биотехнология» мамандығы бойынша Мемлекеттік
Жалпыға міндетті білім беру стандартын жасаудағы авторлық ұжымның мүшесі,
«Биотехнология» мамандығы бойынша типтік бағдарламасының авторы.Шүлембаева
К.Қ. Казахстанская 126 сортының жаңа моносомды линиялары Қазақстан
Республикасының биология және ауылшаруашылық ҒЗИ қолданыс тауып жүр.
Шүлембаева К.Қ. қолдауымен жаңа жаздық жұмсақ бидай: «Надежда» (2004) және
“Мирас” (2002) сорттарының авторының бірі болып табылады (авторлық куәлік “10”
маусым, 2003 жыл, № 324).
Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму,
ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ғылымға деген
ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, еңбекқор,шығармашыл, өзін-өзі дамытып,
жетілдіре
алатын
болуы
қажет
деп
ойлаймын.
Шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беретін бала жанының бағбаны ешқашан
шаршауды, ренжуді, біреуді ренжітуді білмейді. Кульзия Қоныспайқызы бүгінде 1 ғылым
докторын, 4 ғылым кандидатын, 1 PhD докторына ғылыми жұмыстарына жетекші болды.
Мен ұстазыммен осыдан 15 жыл бұрын таныстым, студенттерді әр мамандық бойынша
бөлгенде сол кісінің жетекшілігімен дипломдық жұмысымды қорғадым, кейіннен
магистартурада және аспирантурада жетекшілігімен кандидаттық диссертациямды
қорғадым. Бугінде сол устазым сиякты өзімде шәкірт тәрбиелеудемін, білмегенімді әліде
үйренудемін. Мен сиякты дәріс берген шәкірттері қазіргі таңда еңбектің әр саласында
жоғарғы лауазымды азаматтар. Кульзия Қоныспайқызына әрқашанда еңбегіне жеміс,
деніне саулық, отбасына береке бірлік тілейміз.
Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және
генетика кафедрасының б.ғ.к., доценті Чунетова Ж.Ж.