Часть результата записи скрипта рассмотрим далее.
WaitApp: Adobe Photoshop; // ожидание запуска приложения.
App: Adobe Photoshop |Pos:32000x3200031840x31969| Adobe Photoshop. // Определение
координат окна
Далее располагаются команды изменения параметров диалогового окна “Настройка
эффектов”.
Преимуществом созданной программы является минимальный размер приложения и
открытость исходного кода. Использование бесплатных, представленных в Интернете,
макрорекордеров может представлять опасность, так как они чаще всего являются клавиатурными
шпионами. Подобные программы:
не обнаруживается стандартными методиками поиска клавиатурных шпионов;
возможно внедрение перехватчика по определенным условиям, в результате чего он
внедряется не во все GUIпроцессы, а в строго определенные, например, в процессы браузера;
против него бесполезны экранные клавиатуры и прочие средства борьбы с клавиатурными
шпионами;
кроме перехвата функций PeekMessage и GetMessage, могут быть перехвачены функции
копирования информации при работе с буфером обмена: OpenClipboard, CloseClipboard,
GetClipboardData, SetClipboardData, опроса состояния клавиатуры: GetKeyState, GetAsyncKeyState,
GetKeyboardState и другие функции user32.dll, что усиливает опасность шпиона, а перехват
функций типа CreateWindow позволяет отслеживать создание окон /2/.
Работы, созданные с использованием средств макрорекордера, эффективны за счет мощности
и простоты этой программы. Созданный макрорекордер может использоваться не только в школе
на уроках информатики, но и при выполнении лабораторных, СРСП, СРС по дисциплине
«Компьютерная графика» при изучении графических редакторов, а так же для проверки хода
выполнения контрольных работ в высших учебных заведениях. Созданные файлы можно также
встраивать в мультимедийные презентации.
Компьютерные средства обучения должны максимально облегчить процесс изучения темы,
понимание данной темы учеником, вовлекая в процесс обучения иные, нежели в обычном
печатном пособии, возможности человеческого мозга, в частности, слуховую и эмоциональную
память. Компьютерные средства обучения в целом упрощают работу учителя, при этом делают
процесс усвоения сложного материала доступным и наглядным.
Проведенный анализ программ AutoClickExtreme и WorkSpaceMacroPro позволил определить
их основные недостатки: опасность наличия кейлогера, определение антивирусом, хука dll, как
вредоносного программного обеспечения и высокая стоимость программ /3/.
Учитывая приведенные недостатки, была создана программа «DemoRec». Программа
позволяет индивидуально, в удобном для каждого обучаемого темпе, изучать учебный материал.
Изучаемый материал представлен в программе наглядно, теоретический материал сопровожден
необходимыми иллюстрациями, что делает его более понятным. Предусмотрена возможность
повторного изучения материала.
Применение программ видеозахвата не всегда эффективно при изучении сложных
графических пакетов, а также отсутствует возможность выполнения и модификации задания с
заданной точки. Применение макрорекордера при создании демонстрационных материалов
позволит решить вышеперечисленные проблемы, а также повысить наглядность выполнения
заданий. Преимуществами созданной программы являются: удобный и понятный интерфейс,
простота использования, сравнительно малый объем оперативной и дисковой памяти, требуемой для
работы в данной системе.
Программа была создана с использованием библиотеки Kol на языке программирования Delphi
/4/. Для определения действий пользователя создана библиотека hook.dll. Преимуществом данной
программы является минимальный размер программы 56 Кб. В ходе отладки были созданы скрипты
для демонстрации материалов по дисциплине «Компьютерная графика». Разработанные
интерактивные материалы можно встраивать в презентации в РоwerРоint.
221
Основными направлениями
для дальнейшего исследования
в области разработки
макрорекордера является дальнейшее сжатие скриптов, а также разработка демонстрационных
материалов по другим специализированным дисциплинам. Например, в перспективе возможно
создание пакета демонстрационных материалов по дисциплинам «Компьютерное моделирование»,
«Мультимедиатехнологии», «Защита информации» и т.д.
Литература
1. Красильникова В.А. Использование информационных и коммуникационных технологий в
образовании: учебное пособие. Оренбург: ОГУ, 2012.
2. Чиртик А.А., Борисок В.В. Delphi. Трюки и эффекты. СПб.: Питер, 2007.
3. http://rsdn.ru/forum/apptesting/3544775.flat
4. http://kolmck.net/docs/KOLBook300.pdf
222
3/1- СЕКЦИЯ
«ҚАЗІРГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДАҒЫ
ӘДЕБИЕТ ПЕН ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
ӘОЖ 82.0.821.514.124.09
Т.ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ МӘТІН-АВТОР-ОҚЫРМАН
КОНЦЕПЦИЯСЫ («Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды»
шығармалары бойынша)
Ақан Әйгерім, Сулейман Демирель атындағы университет
Түйін
Бұл жұмыста автор ойын оқырман санасының қабылдау ерекшелігі, оқырман танымының
дәрежесі айтылады. Т.Әбдікұлы шығармаларындағы автордың, көркем мәтіннің, оқырманның рөлі
қарастырылады. Автордың көркем мәтінге, көркем мәтіннің оқырманға әсер ету процесі
баяндалады.
Кілт сөздер: шығармашылық өмірбаян, мәтіндегі автор, интерпретация, шығармашылық
үдеріс.
Аннотация
В этом труде разъясняются особенности восприятия читателем авторской мысли, уровень
познания читателя. Рассматриваются роли автора, художественного текста, читателя в трудах
Т.Абдикулы.
Рассказывается о процессе влияния автора
на художественный текст,
художественного текста на читателя.
Annotation
In this work, features of reader's perception of author's thought, level of knowledge of the reader are
explained. Roles of the author, of the fiction, of the readers in the works of Т.Abdikululy are considered.
It is told about process of influence of the author on the literary text, and the influence the literary text on
the reader.
Көркем шығарма, оқырман, автор арасындағы байланыс сонау Аристотельдің еңбектерінен
бастау алады. Ұлы ұстаздан кейінгі еңбектерде осы «үштік» ұғымы кеңейіп, басқа да қырларымен
танылды. Мәселен, Б.С.Мейлах «Ойшығармақабылдау», А.М.Левидов «Қаламгеробраз
оқырман», У.Эко «Қаламгермәтіноқырман», В.В.Молчанов «Ойкөркем шығармаоқырман»,
В.Г.Благова «Қаламгермәтіноқырман» деген концепцияларды өрістетіп дамытты. Әр зерттеуші
автордың оқырманға қатысынан бөлек, автордың мәтінге, автордың ойға, автордың образға
қатысын анықтауға тырысқан.
Автор – көркем шығарманы жаратушы, дүниеге әкелуші, оқырманға ұсынушы тұлға.
Шығармада автор баяндаушы рөлінде немесе өзге бір кейіпкер ретінде әрі шығармаға кірігіп,
бірігіп кеткен автор түрінде қатынасады. Яғни, әр автор өз шығармаларын объективті түрде де,
субъективті түрде жазады. Биографиялық автордың объективті әңгіме жүргізетіндігін көрсетеді.
Ол өзін мәтіннен тыс ұстайды. Мәселен, Л.Толстой өзінің күнделігінде А.Пушкиннің өзінің
Татьянасының аяқ астынан күйеуге шыққанын күтпегендігін досына айтқанын мысал ете отырып,
Анна Каренинаның да жазушының дегенімен жүрмегенін жазып кеткен екен. Автордың
шығарманың тысында қалуы шығарманы авторсыз қалдырып, оқырманның иленуі тастайды.
Ал мәтіндегі автор көркем мәтіндегі кейіпкерлеріне өз көзқарасын сіңіреді. Автордың өзінің
өмірінің шығармаға араластыруының кемшілігімен қатар, жетістіктігі де бар. Автор өз
223
кейіпкерлеріне өз бойындағы жақсы қасиеттерді кейіпкерлерінің бойына енгізуі арқылы шынайы
кейіпкер тудыра алуына, шынайы шығарма жазуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кей
кездерде немесе үнемі автор өз шығармаларында өзінің антименін қолдануы мүмкін. Ол туралы
А.Моруа атты француз жазушысы көп айтқан болатын. Өйткені, автор шығармасында өзінің
бетпердесін киюі арқылы өзі туралы басқа да ойлардың қалыптастыра алады. Мұндай авторларға
Э.Хемингуэй, М.Горький айтсақ болады. Мұндай кезде оқырман қаламгердің жеке өмірімен жете
таныс болуы арқылы шығарманы автордың өмірімен қатар қарастырып, шатастырып алуына
әкелетін тұстары да жетерлік. Сонымен бірге, зерттеушілерді де өз арнасынан адастырып жіберуі
ықтималдылығы жоғары. Қоғамға, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға қолдауы мен қарсылығын
шығарма арқылы білдіруі де кей сәттерде өз жемісін бере қоймайды.
Т.Әбдікұлы қазақ прозасына 6070–жылдары келген жазушы. Жазушының шығармалары
адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған. Т.Әбдікұлы
тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. «Оң қол», «Парасат майданы»,
«Тозақ оттары жымыңдайды» атты шығармаларында тұлғаның екі ойда болуы, екі тұлғада өмір
сүруі көрініс табады. Тұлғаның екіге жарылуы туралы жазылған шығармаларынан соң, автор біраз
сынға да ұшыраған. Даттаған да, мақтаған да көп болды. Автордың бұл мәселені қозғауы уақыт
сынынан сүрінбей өтті. Р.Рүстембекова: «Өмірдегі зұлымдық атаулыны адам өз қолымен
көбіне саналы түрде істейтінін айтып , жазушы оны қоғамдық үлкен дертке
ұштастырады»/1, 35 б./ деп, автордың идеясын жеткізсе, С. Асылбекұлы: «Егер ауыл мен қала,
тарих тақырыптарына арналған шығармалар 1970 – 1980 жылдардағы қазақ повестерінде молынан
ұшырасатын болса, бұл жанрдың шетел өміріне арналған үлгілері тек Т. Әбдіковтың
шығармашылық өмірбаянынан ғана табылады. Бұның басты себебі осы тақырыпқа қалам тартудың
қиындығында жатса керек» /1, 36 б./ деп, автордың тақырып таңдауындағы, оқиға желісін
жеткізуі туралы тың жаңалықтарын жоғары бағалаған. Тағы бір жазушы Қ.Құманқалиұлының бір
пікіріне сүйенсек: «Жазушының араку тайпасынан шыққан «медицинаға» тұтас бір дәуір әкелген
данышпан доктор Эдуард Бэйкер мен әйгілі көріпкел, жындыханада жатып, ғылыми тәжірибе
жасауға зорлықпен белгіленген Роберт сияқты шетелдік кейіпкерлердің шығарма желісіне арқау
болуы бекер ме? Өз ортамыздан лайықта оқиға, сюжет таппаған соң алынған деуге ауыз бармайды.
Бұл екі повесть біздің елде өмір шындығының өңін айналдырып, социалистік реализм қалпына
салып қана жазадан қашқақтаудан туған туындылар. Жазушының ақиқатты айту үшін тапқан
тәсілі» /1, 36 б./ деген көзқарасы автордың тың тақырыптарға бара алуын, жаза алуын жоғары
бағалаған. Т.Әбдікұлы – мәтінге субъективті түрде қарайтын «мәтіндегі автор» ұғымындағы
жазушы.
Көркем мәтін – қаламгер санасының түрлі процестері арқылы пісіпжетіліп, жарыққа
шыққан көркем туынды және қаламгердің шығармашылық ойсанасының заттанған түрі. Көркем
мәтіннің табиғаты В.В.Савельеваның тұжырымында толық ашылған: «Көркем мәтін
шығармашылықтың сырлы нәтижесі; талқылаудың және саралаудың нысаны; қаламгер мен
оқырманның дүниеге деген өзіндік көзқарасының нәтижесі; ол белгілі бір мәдениеттанудың
феномені; лингвистикалық санаты; сублимацияның нәтижесі және невропатологияның куәлігінің
айғағы; архетипиялық әлемі; психологиялық нақтылық» /2,18 б/. Осыдан көретініміз, автор көркем
мәтін арқылы оқырманмен ой бөлісіп, оқырман көркем мәтін арқылы қаламгермен тілдесіп, автор
мен оқырман арасындағы шығармашылық байланыс орнайды. Оқырман мен автор арасындағы
байланыс қоршаған ортаға, қоғамдық жағдайға, әлеуметке деген көзқарастарын байлайтын,
шимайлайтын түйіншек. Яғни, көркем мәтін арқылы оқырман автормен сұқбаттасады. Автордың
шығармашылық тұлғасы мен оқырманның рухани болмысы көркем мәтінде көрініс тапқанда ғана
автор мен оқырман арасында ортақтық пайда болады. Ортақтықтың пайда болуы оқырман мен
автор арасындағы шығармашылық байланысты тудырады.
Автор көркем мәтінде оқырманға ойды ашық жеткізбейді. Бұл мәтін астары арқылы жүзеге
асады. Мәтін астары жайлы М.Гиршман: ««Мәтін астары» көркем шығармада болуы заңдылық
әрине, ол тіпті оған тәуелді болады. Сондайақ, көркем шығармада «Мәтін астарының» көрініс
табуы оны басқа ауыз әдеби туындылардан ерекшелендіріп тұрады. «Мәтін астары» ашық
224
айтылмаған ойды жеткізу мәртебесіне ие болып, көркем шығарманың ішкі мазмұнын ашу
мақсатында оның бейнеленген «әріптер мен сөздерді» эстетикалық тұрғыдан маңызды бір
бөлшекке айналдырады» /3, 86 б. /деп, көркем мәтіннің басқа мәтіннен айырмашылығы мәтін
астарының болуын айтқан. Мәтін астарында қаламгердің көркемдік әлемі, дүниетанымы ішкі
мазмұн арқылы көрінеді. Мәтін астары оқырманның шығарманы толық түсініп, автор ойымен
ұштасып, өз қиялымен шығарманы қайта жазып шығуына, шығармашылық әрекетті бастан
кешіреді. Осыған байланысты В.Белинский: «Егер шығармадан адам баласы (оқырман) өзіне керек
ештеңе таппаса, тек ақынның жеке басына ғана тән нәрсе болса, онда ол ешқандай көңіл
аудармайтын бос дүние болмақ. Демек, ақын тудырған дүние жалпы адамзатқа ортақ бола отырып,
ақынның өзіне де тиесілі. Шығарма табиғатына тән осындай ортақтастық болғандықтан да, көркем
шығарманы тануда өзгелердің де оқиғаны адамдық тұрғыдан қайта бастан кешуіне суреткер
мүмкіндік береді» / 3, 76 б./ деген пікірі оқырман мен автор арасындағы ортақ шығармашылық
көпірді айқындаған.
«Оң қол» әңгімесі автордың мақталуы мен датталуына алаңына айналған шығарма. «Оң
қол» әңгімесінде жас қыздың оң қолының өзөзін қылқындыруы және дәрігердің жас қызға
көмектесуі жайлы өрбиді. Төлен Әбдіковтың бұл әңгімесі бұрынғы әңгімелерінің ешқайсысына да
ұқсамайды. Бұл әңгімеде ар да ұят та, адалдық та арамдық та, басы артық ешнәрсе жоқ. Тек қана
бір күштің бар екені мәлім. Сол күш қандай күш? Ақ ниетті ме, әлде қара ниетті ме? Дәрігердің
сөзін мысалға алсақ: « – Рас, адамның өз денесінің өзіне жау болғаны бақытсыздық. Бірақ адамның
өзіне өзі жаулығы соншалық сирек оқиға ма? Сот залына барып айыпталған адамдардың
қателіктерін тізіп көріңіз, бәріне де өздері кінәлі. Кісі өлтіруден бастап, ұрлық істеу, арақ ішіп
төбелесу, әйел зорлау, адамды балағаттау, содан кейін түрмеге түсіп, өмірін қор қылу өзіне өзі
жаулық жасау емес пе? Адам бойындағы әзәзілдің жаңағы оң қолдан несі кем?...» /4 / . Яғни қай
кезеңде адам өз өміріне қожа, ал қай кезеңде өміріңе қожа емессің. Бұған жауап беру өте қиын.
Және мүмкін бе? Әңгімеден соң оқырман өзіне осылай сұрақ қояр еді. Әңгіменің идеясы әлі
құпиясы ашылмаған тылсым өмірдің жұмбағы. Әңгіме ХХ ғасырдың 70ші жылдарында жазылса
да, дәл қазіргі кезеңдегі қоғамды суреттегендей әсер аласыз. Автор көркем мәтінге адамның өз
қолымен жақсылықты да, жамандықты да істей алады деген идеяны салған. Ал оқырман:
«Анашамен жандары уланған қаншама жас бұл өмірден өзімен өзі алысып, о дүниеге аттанып
жатыр. Бұған кім кінәлі? Қоғам ба ? Ата – ана ма? Әлде қаны далаға сіңген қазақтың қалада өмір
сүруі ме?» деген сұраққа жауап іздеп, автор идеясын одан ары дамыта түседі.
Жазушының « Парасат майданы » атты повесінде де адам жанының екіге бөлінетіндігі туралы
тағы да дәлелдегендей болады. «Оң қолда» кейіпкер әлі өмірде ештеңені білмеген жас болса,
«Парасат майданындағы» кейіпкер өмірдің «дәмін» татып, ауыртпалықтан жүйкесі тозған адам.
Екі шығарма екі түрлі жастағы кейіпкер, бірақ бір оқиға. Яғни, тұлғаның екіге бөлінуі екі
шығарма байланыстырып тұрған көрінбейтін жіп. «Парасат майданы» повесі жазушының ой
толғаныстары, болашаққа қатысты күдіктері көрініс тапқан философиялық шығарма. Жазушы
парасат майданы үшін болған ұрыста неге үнемі жауыздықтың жеңіске жете беретінінің себебін
іздейді. Ізгілік пен зұлымдықтың күрделі табиғатына қарап, жазушы көзімен әрекет жасайды.
Күнделік арқылы өмірдегі қарама – қайшылықты бірбіріне қарсы қойып, жақсыдан жаман,
жаманнан жақсы туындайтынын бір күннің ішінде екі түрлі өмір кешетінін жеткізеді. Шын
мәнінде, адам жанының күніне қырық құбылатыны баршамызға аян. Бірақ ешкім де осыған мән
беріп, өзін өзі зерттемейді ғой. «Тіршіліктің мағынасын іздеу деген бір қиын іске бел буған
екенсіз. Мұның өзі, шындап келгенде, рух деп аталатын ұлы әлемге сапар шегу ғой. Менің
ойымша, адам өмірі – жақсылық пен жамандықтың мәңгілік қақтығысы деген қалыптасқан
тұжырым әлі де ойлануды қажет етеді. Себебі жаңағы Жамандық пен Жақсылықты жеке –жеке
бұғалықтап, екі жаққа бөліп қоя алмайсың. Ең қызығы – Жақсылық пен Жамандық қашан кереғар
болғанымен, бірімен бірі өзектес, сабақтас, бірбірінсіз күндері жоқ егіз құбылыс» /4/. Жазушы
ізгілік пен қиянаттың да негізі бір деген философиялық ой тастайды. Сыйлайтын адамның жаман
қылығын, ісін көргенде адам бұған сене алмай ұзақ жүреді. Бірақ бұл шынайы көрініс болып
шығады. Ал кейіпкерінің ойын келтірейікші: «Мен ойлаймын: мына заманда, қалыпты жағдай мен
225
шектен тыс құбылыстың мидай араласып кеткен тұсында, дерт пен денсаулықтың ортасына
шекара қою мүмкін емес. Айталық, бір тісің аузыңа симай кетсе – патология, ал кеше ғана күйіп
жанған ғашықтар мен қанды көйлек достар аяқ астынан бір – біріне опасыздық жасап жатса – бұл
патология емес, бұл тіршілікке тән қалыпты жағдай. Және осы ұғымға да, қағидаға да етіміз
үйренген. Әйтпесе, адамгершілік мұратыңды сатудан артық қандай патология болуы мүмкін?
Бүгінгі әлеуметтік мінез – құлық, өзінен басқаның бәрін иттің етінен жек көретін өлермен
өзімшілдік, жексұрын мақтаншақтық, жаны ашымас қатыгездік, мейірімсіздік, іштарлық –
патология емес пе?» / 4/. Көркем мәтін автордың парасатқа қатысты идеясын терең сіңіріп,
оқырман қауымды баурап алады.
Жазушының келесі шығармасы – «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі. Жазушы Кияку–
Эдуард бейнесі арқылы адамзаттың құдірет иесі екенін, қай ортада болмасын, қандай ұлт
болмасын адам болып қалатынын дәлелдейді. Адамның ғылым, техника дамыған заманда да
қателесіп, қиналып жүретінін айтады. Уақыттың да, білімнің де қадірін білмейтін адамдарды
шығарманың басты идеясы етеді. Адамның алданыш іздеп, өз өткенін ұмытып кететін автор
көркем мәтінде былай көрсеткен: «Цивилизация әлемінің – НьюЙорктегі 100 қабат үйлер мен
жарқылдаған жасау бұйымдардың, өлшеусіз салтанат пен дабыра қошеметтің, әлемге әйгілі болған
даңқ пен ғылыми табыстардың, талантына бас ұрған сансыз тобырдың аһ ұрған даурықпасының
тағы сол сияқты өмірдің ойлануға мұрша бермеген әртүрлі алданыштарының астында әлдеқашан
ұмыт болып, өлдіге саналған бір тіршілік әлдеқалай жан бітіп қыбыр еткендей болды. Және ол – о
дүние мен бұл дүниенің ара қашықтығындай алыста, тым алыста қалған тіршілік еді. Доктор
Бейкер сол сәтте адам баласының ұзақ ғұмырында бірақ кездесетін, болмаса кездеспей де кете
беретін айрықша тағдыр қалтарысына тап болғанын және ендігі ғұмыры осы қалтарысқа
байланысты екенін түсінді». Бұл мәтін адамның тығырыққа тірелерде ғана істерін ой сүзегінен
өткізетінін туралы идея айтып кетеді. «…Бұл жатқан индеец араку тайпасынан қалған ең соңғы
адам. Бұл өзі мүлде белгісіз тропикалық ауру. Және тұқым қуалайды екен. Этнографтар бұл
тайпаны осы уақытқа дейін аштан қырылды деп келген. Олай емес, дәл осы аурудан қырылып
бітіпті» дейді бұның қасында жүрген дәрігер» /4/деген жолдар адамның өкініштен өртеніп, өз
қатесін жөндеуге барғанда, тым кеш қалатынын сезетіні жайлы адамның жайкүйін терең
суреттеген. Автор осы шығарма арқылы қазақ халқының да жойылып кетуден аман алып қалудың
жолдарын қарастырған шығармасы болуы да мүмкін.
Оқырман – көркем шығармаға ден қояшы, құлақ түруші, көңіл қоюшы. Оқырманның мәтінді
қабылдауы оның білім – білігінен басқа көптеген факторларға тәуелді екені белгілі болса да, осы
үдерісті көптеген адам әр тұрғыдан қазбалап зерттеген. Б.Барт пен У. Эко әдеби туындыны
талқылаудағы орта ғасырлық схоластардың тәжірибесін үлгі етіп ұсынды, олар мәтіндегі әртүрлі
деңгейдегі әрқилы «әдеби кодтарды» анықтау арқылы ғана оған дұрыс баға беруге болады деп
санады. Г.Яусс тәжірибесі қолайлы төте талқылаудың өзіндік жолын көрсетті. Ол жалпылай
алғанда мәтінді түсіну талқылау пайдалану сияқты үш негізгі кезеңнен тұратын күрделі
үдерісті қолдады.
Т.У.Есембеков «Көркем мәтін поэтикасы» атты еңбегінде: «Әдеби мәтінді түсіну барысын
Г.Яусс шартты белгі, яғни нотамен жазылған музыкалық туындының партитурасын оқумен
теңестіреді. Бұл кезеңде талқулаушының өзі екіге бөлінеді екен: біреуі – қатардағы оқырман,
екіншісі – оның қалай оқығанын талдайтын кәсіби филолог, ол оқырманның үнемі үстінен қарап
тұрады . Ал талқылау (интерпретация) үдерісін ғалым мәтінді оқып түсіну кезінде екіге бөлінген
оқырманның қайтадан эстетикалық тұтас тұлғаға айналуы дейді. Оқырманның жүйкесі мен
сезіміне, ойы мен санасына мәтіннің ерекше салмақ түсіретін кезі осы. Мәтінді аяғынан басына
дейін тағы бір сүзіп оқып шығу, кейбір тұстарды қайта – қайта пысықтау, жекелеген сәттерге
шүйлігу, өзіне, мәтінге, авторға сан сұрақ қою, оларға жауап іздеу өте қиын үдеріс. Мәтін қойған
сауал, оқырман діттеген амал да бар мұнда. Осының бәрін жауап беруші – мәтін ғана, өйткені онда
автордың барлық сауалдарға эксплициттік дайын жауабы жоқ. Оқырман автордың екіге жарылуы
Достарыңызбен бөлісу: |