Материалдары



Pdf көрінісі
бет37/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
болашаққа  үлкен  үмітпен,  сеніммен  қарайды.  Мұны  «Қобызшы  Қорқыттың»  (ақын  Мәжит 
Айтбаев) «Тілегім» деген жырынан аңғарамыз: 
 
 
Қолыма қонып бұлбұлым, сайрар күні болса екен, 
 
 
Әппақ боп атқан таң нұры көңілде жайнап толса екен! 
 
 
 
Қайырымсыз қастардың өлігін көріп жас жаным, 
 
 
 
Әділсіздік дүниеден айрылып, заман оңса екен! 
 
 
 
Атойлы болған әр сөзім алысты көзбен шолса екен,  
Асылы жаман ақымақтың санадай жүзі солса екен! 
    
Ай нұры Алтай беліне, арқаның айдын жеріне  
Екіталай кезеңде көшіп ауыл қонса екен! ­      
деп арман етеді. Бұл айтылар ойлар Мағжан өлеңдерінде де көрініс тапқан. 
Кезеңінде  талай  таланттардың,  талай  жақсылардың  қадірін  жұрт  өлген  соң  ғана  бағамдап 
жатады,  «алтынның  қолда  барда  қадірі  болмайды».  Мағжанды  да  заманға  күйлеп  басқа  бір 
мақсатпен  жамандаушылар  да,  бықсыған  күншілдер  де,  сол  сияқты  ақынды  атақ,  абырой  іздеп 
көзге  түсем  деушілердің  де  болғаны  баршаға  мәлім.  Алайда  ақынға  өз  заманының  сыншылары 
болсын, кейінгі заман сыншылары болсын әділ көзбен қарап, баға беруге тырысты. Солардың бірі 
Ж.Аймауытов    «Мағжанның  ақындығы  туралы» атты  мақаласында:  «Мағжан  –  алдымен  сыршыл 
ақын.  Мағжан  сөзіндей  «тілгежұмсақ,  жүрекке  жылы  тиетін»  үлбіреген  нәзік  әуез  қазақтың 
бұрынғы  ақындарында  болған емес.  Ол  жүректің  қобызын  шерте  біледі,  оның жүрегінен жас  пен 
қаны  аралас  шыққан  тәтті  сөздері  өзгенің  жүрегіне  тәтті  у  себеді.  Мағжан  не  жазса  да  сырлы, 
көркем,  сәнді  жазады.  Оқушының  жүрегіне  әсер  ете  алмайтын  құрғақ  өлеңді,  жабайы  жырды 
Мағжаннан  таба  алмайсыз.  Ол  табиғатты  суреттей  ме,  әйелді  жаза  ма,  тарихи  адамдарды  ала  ма, 
ертегі айта ма, ұран сала ма ­ бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының 
күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады», ­ деп өте әділ бағасын берген. Сонымен қатар қазақты 
әлем жұртшылығына танытқан Абай мұрасын зерттеуші ғалым, талантты жазушы М.Әуезовтің де 
Мағжан  жайындағы  ойы  ерекше:  «Қазақ  жазушыларынан,  әрине,  Абайды  сүйемін.  Менің  бала 
күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... 
Бұдан  соң  Мағжанды  сүйемін.  Европалығын,  жарқырағын,  әшекейін  сүйемін...  Мағжан  ­ 
культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімділігі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның 
шегінен  асқандай.  Сезімі  жетілмеген  қазақ  қауымынан  ертерек  шыққандай...  Сондықтан  бүгінгі 
күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз ­ 
Мағжанның  сөзі.  Одан  басқамыздікі  күмәнді,  өте  сенімсіз  деп  білемін»,  ­  дейді.  Расында  да 
Мағжанның  ақындығы  қазақ  әдебиеті  тарихында  шоқтығы  биіктеп  оқшау  тұрады.  Ол  бұрынғы 
әдеби дәстүрді сағалай беруден сақтанды, өзі басып өткен ізді де  қайтып шиырламауға  тырысты. 
Және  әлем  әдебиеті  жаңалықтарына  көз  тіге  отырып,  өзіне  тосын  көрінген  символизм  ағымын 
әдеби айналымға алғашқылардың бірі болып енгізді. Сонысына қарамастан Мағжан да, өзге Алаш 
зиялылары  да,  «түркішіл»  легион  ақындары  да  дәріптелмеді,  аяққа  тапталды,  солақай  саясат 
құрбаны болды.  
Ақиық  ақын  Жұматай  Жақыпбаев  алашордашылар  мен  легионерлеріміздің,  заман 
қаратаяқтарының, оқыған зиялыларымыз бен ақын ­ жазушыларымыздың тағдырын: 
 
 
 
... Заңын да салып соңына, 
 
 
 
Жарын да салып соңына, 
  
 
 
Көріне даусын жеткізбей, 
 
 
 
Еліне даусын жеткізбей, 
 
 
            Ойнайды заман сойылы 
 
 
            Ақын өлтіру ойыны!.. ­     
деп тамаша суреттейді. 

 
 
239 
 
Мұны  қазақ  жұрты,  барлық  түркі  халықтары  ешқашан  да  ұмытпауы  керек.  Бұл  біздің  Отан 
тарихының  аса  күрделі  болғанмен,  айтылып  ­  байыпталуға  тиіс  бір  беті.  Және  бұл  кезең  барша 
түркі  халықтарына  тән  «пантүркішілдік»  идеяның  жанданған  кезі.  Біздер  ұлтшыл  болудан,  ел 
патриоты  болудан,  «түркішіл»  болудан  еш  шошымауымыз  керек.  Керісінше  осы  «түркішілдік» 
қана бізді  нұрлы келешекке жетелейді.  Мұны саналы түрде әрбір қазақ азаматы  дұрыс  қабылдай 
білуге тиіс.  
 
 
Әдебиеттер 
1.  Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: Дәуір, 1994. 
2.  «Қазақ әдебиеті», № 48, 1992. 
3.  Амантай Кәкен.  Түркістан  легионы.  –  Астана Республикалық  баспа­полиграфия  орталығы. 
2000.  
4.  Дихан Қамзабекұлы. Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы. – Астана, 2010. 
5.  Егемен Қазақстан. 2001, 12 мамыр. 
6.  Мәжит Айтбаев. Шер. – Алматы, Жазушы, 2005. 
7.  Әбдуаһап Қара. Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы. – Астана, 2005. 
 
 
УДК: 802 (316) 
 
СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ «ӨМІР МЕКТЕБІ» ТРИЛОГИЯСЫНЫҢ  ТІЛ                            
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
А.Көкейхан, Абай атындағы ҚазҰПУ,  магистрант 
 
Түйіндеме.  Мақалада  «Өмір  мектебі»  трилогиясының  жазылу  тарихы,  таралуы  және 
зерттелуі  туралы  айтылған.  Сонымен  бірге  ғалымдардың  жан­жақты  пікірлері  қаралады. 
Трилогияны зерттеу барысында романның ерекшеліктері талқыланады. 
               
Резюме. В статье приводится обзор распространенных исследований по языковому наследию  
трилогии  С.Муканова  «Школа  жизни».  Наряду  с  этим  всестроние  расматриваются  мнения 
ученных.В исследованиях трилоги обсуждается своеобразия романа. 
              
Summry. The article provides an overview of research on the common linguistic heritage trilogy of 
S.Mukanov "School of Life". Along with this comprehensive system is considered opinions of scholars.  
Researching on the Trilogy discussed peculiarities of novel. 
 
Кілт сөздер: образ, съез, көркем, сюжет, зерттеу 
                 
Әрбір  көркем  образ  –  дербес  әлем.  Сәбит  Мұқанов  «Өмір  мектебі»  романы  жазушының  өз 
басынан  өткерген,  өмірдің  түрлі  жолдары  мен  иірімдерінде  кездескен,  таныс  болған,  араласқан 
адамдарының да өмірін тарқататын тарихи – деректі, көркем шығарма.  
Романның  екінші  кітабында  автордың  қазақ  халқының  мақтанышына  айналған  кемеңгер 
тұлғалармен  дәмдес,  сырлас,  жолдас  болған  сәттері  шынайы,  нанымымды  суреттелетін  «Көңілді 
сапар» деген тарау бар. Оқиғаның қысқаша фабуласы мынандай: Біріккен Қазақ республикасының 
Советтік  Бесінші съезі Ақмешітте өткізілмек болады.  Бұл  сапарға  баратын делегаттар Орынборға 
жетіп, сол жақтан арнаулы поезбен Ақмешітке аттанады. Сәбит Мұқановтың өз баяндауына кезек 
берсек,  былай:  «Жүрер  алдында  байқасам,  мен  мінетін  вагонга  төрт  қызық  адам  отырып  жатыр: 
қазақтың  атақты  әншісі  ­  Әміре  Қашаубаев,  атақты  ақын  –  импровизатор  –  Иса  Байзақов,  дүние 
жүзінің  чемпионы  атағын  алған  цирк  балуаны  –  Қажымұқан  Мұңайтпасов,  қазақтың  мыңдаған 

 
 
240 
 
әндері  мен  күйлерін  жазып  алып,  әлденеше  том  қылып  жариялаған  композитор  –  Александр 
Затаевич.  Бұлардың  бәрімен  мен  жақын  таныспын»  [3,  135  б.].  Бұдан  ары  қарай  осы  бірнеше 
адамның  Ақмешітке  жеткенге  дейінгі  басынан  өткерген  қызықты  да  тартымды  оқиғалар  мен 
көңілді кештері әсерлі суреттеледі. Бұл адамдардың әрқайсысын оқырмандарына таныта түсу үшін 
автор олардың түр ­  түсін, дене құрылысын, жеке бастарына қатысты оқиғаларды, киім киістерін, 
мінез  ерекшеліктерін,  тамақтану  үрдісін,  қылық  ­  дағдыларын,  ішкі  ­  сыртқы  келбетін  жіпке 
тізгендей  баяндауын  қоса,  сөйлеу  әдібін  де  сол  қалпынша  беруге  ұмтылады.  Көп  ретте  ондай 
«шынылайықты  таныту  тәсілі»  барынша  қызықты  шығады:  «Түсі  бұзылған  Әміренің  даусы 
қаттырақ  шыққан  соң,  «жаман  бірдеме  бар  екен»  деген  ойымен  көрші  купеге  кіріп  келсем, 
алдымда  керемет  көрініс  тұр:  биік  (192сантиметр),  жуан  (214  килограмм),  денелі  Қажымұқан 
талдырмаш,  орта  денелі  (55  –  60  килодан  аспас)  Исаны  омырауынан  қапсыра  ұстаған  қалпымен, 
вагонның төбесіне тигізе көтеріп тұр!.. 
­  Ойбай,  ағатай,  босат!  ­  деп,  Қажымұқанның  орта  денелі  адамның  санына  барабар  жуан, 
ұзын қолына жармаса кеттім. Аузының үлкендігі табан қарыс, еріндері бір ­ бір кесек еттей, аттың 
күрек тісіндей жалпақ тістері сирей біткен Қажымұқанның сөздері балпылдай, орашолақ шығатын 
және  «ш»  мен  «з»  әріптерін  «с»  ғып,  «ж»  әріпін  «з»  ғып  айтатын.  Сондай  тілімен,  қолына 
жармасқан маған, пілдік  тәрізді кішене көзімен (Қажымқанға  ғана  кішене, қатардағы кісіге үлкен 
көз)  сығырая  қарады  да,  арыстандай  гүрілдеген  дауыспен,    көтеріп  тұрған  Исаны  сол  қалпында 
ұстап тұрып: 
­ Мына зындыны сығарасыс ба, зоқ па? ­ деді. Иса «өлдім» дегендей қырылдай бастады».  
Қазақ  күресінде  қайталанбас  тұлға  болған  Қажымұқанды  суреттеу  үшін  жазушы  тілдік 
көркемдеуіш тәсілдерден теңеуді жиі қолданғанын аңғарамыз. «Теңеулердің әсер ­ күші, көркемдік 
­  бейнелілігі  салыстырулардың  ішіндегі  ең  үздігіне  жатады.  Заттар  мен  құбылыстардың  «жан 
даусын» ести білу, теңеулер арқылы шебер сөйлету ­ шын қаламгерге ғана тән» деп жазады белгілі 
ғалым  Т.Қоңыров  [8,104  б.].  С.Мұқанов  қазақ  халқының  біртуар  батырын  кескіндеуде  теңеуді 
көбірек  қолданады. Алып денелі балуанды қаламгер әрбір дене мүшесін сипаттау арқылы жалпы 
тұлғалық  портретін  жасайды:  орта  денелі  адамның  санына  пара  ­  пар  қолы,  бір  ­  бір  кесек  етей 
еріндер,  атың  күрек  тістеріндей  жалпақ  сирек  тіс,  пілдікі  тәрізді  кішкене  көз,  арыстандай 
гүрілдеген дауыс, деген теңеулер батырдың түр ­ тұлғасын ашуға әсер еткен. Осы теңеулерді тура 
мағанасындағы  биік,  жуан,  денелі  Қажымұқан,  жуан,  ұзын  қол,  жалпақ,  сирек  тіс  деген  сөздер, 
тұрақты  тіркес  болатын  табан  қарыс  ауыз,  болпылдай  орашолақ  шығатын  сөздер  деген  тілдік 
элементтер толықтыра түскен.  
Жазушы  адамның  көркем  бейнесін  суреттегенде  оның  кескін  ­  тұлғасын,  іс  ­  әрекетін, 
мінезін,  қылықтарын,  сол  ортаның  ерекшелігін  танытатын,  типтік  сипаттармен  қатар  өз  басына 
ғана тән ерекшеліктерін де әсіресе жүріс тұрысындағы, сырт келбетіндегі, сөйлеу әдетіндегі анық 
байқалатындай  етіп  көрсетеді.  Кейіпкердің  айтқан  сөздері  арқылы  да  оның  ішкі  болмысы  ашыла 
түседі.  «Өмір  мектебі»  тарихи  тұрғыдағы  көркем  шығарма  болғандықтан  ондағы  кейіпкерлер 
мейлінше  шынайы,  табиғи,  жанама  бояусыз  суреттеледі.  Адам  мінезін,  тұлға,  бейнесін  өзгеріс, 
даму  үстінде  ала  отырып,  жазушы  өмірлік  күрес  ­  тартыспен  ұштастырып  көрсетуге  тырысады. 
Сөз  ұстасы  кейіпкерлерінің  бітім  ­  болмысын  әртүрлі  жағдайда,  күрес  ­  тартыс  үстінде  өзінің 
әрекет  ­  қимылдары,  істеген  істері  арқылы  айқындай  отырып,  оқырманның  есінде  қаларлықтай 
сөзбен  мүсіндеуге  бейім  тұрады.  «Қияғы  ұзын  бурылдау  мұрты  Тарас  Бульбаға  ұқсаған,  бойы 
дембелше,  жуантық  бұл  қартаң  орыс  Қажымұқанды  білетін  болу  керек,  шалалау  білетін  қазақ 
тілімен сөйлене кіреді: 
Ох, ты, түйе одногорбый, ­ деді ол тік тұрған Қажымұқанның кескініне қарап қойып,  ­ сен ­ 
деді ол, сұлап жатқан Исаны нұсқап, ­ мына жагошкені (қозы дегені. ­ С.М). ультіреді!. 
­  Өлмейді, ­ деді Қажымұқан, ­ арақ берсем, зазылады... 
«Ырыс па?» дегендей Иса қимылдап қалды.  
­ Сен қасақса біледі? ­ деді Қажымұқан проводникке. 
­ Аз ­ мұздап. 

 
 
241 
 
­  Білсең,  ­  деді  Қажымұқан  купенің  астынғы  койкасын  түйенің  табанындай  жалпақ 
алақанымен кезек нұсқап, ­ осы екеуінің қайсысына зат дейсің маған? 
­    Да,  пажалуй,  на  обоих  не  поместиться!  ­  деді  проводник  Қажымұқанның  денесін  көзімен 
айнала шолып. Но, мен бұған, ­ деді Исаны нұсқап, ­ урун тапқан....» 
Көркем  шығармадығы  экспрессивті  ­  эмоционалды  тәсілге  жататын  амалдың  бірі  ­ 
кейіпкерлердің  өзінің  жасына,  қызметіне,  бітім  ­  болмысына,  танымына  байланысты  сөйлеттіру 
арқылы  оқырманға  шынайы  адамдық  болмысты  таныту  әдісі  деп  айтар  едік.  Біз  алған  үзіндідегі 
жолсерік  пен  балуанның  арасындағы  екеуара  диалог  олардың  ішкі  мінез  ­  құлығынан  да  хабар 
беріп  тұрғанын  көреміз.  С.  Мұқанов  шығармаларындағы  диалог  портрет  жасаудағы  негізгі 
тәсілдердің біріне жатады. Автор кейіпкер мінезін даралап көрсетуде осындай диалог ­ мінездеуді 
ұтымды  қолданады.  Үзіндіден  екі  кейіпкердің  сөздері  арқылы  жазушы  Қажымұқанның  бейнесін 
таныта  түсуге  ұмтылады. Екі кейіпкердің сөздерінің арасында келетін авторлық  түсіндірулер  мен 
төлеу сөздер, олардың  қимыл ­ әрекеттерін баяндайтын сәттер де атақты балуанның сыртқы, ішкі 
болмыс  ­  бітімін  жасауға  ат  салысқан.  Қаламгер  жолсеріктің  қимылын  баяндау  арқылы  жанама 
суреттеу  тәсілін  қолданады.  Жазушы  «Қажымұқан  алып  денелі  болғандықтан,  бір  қараған 
назармен  бүкіл  дене  бітімін  толық  көре  алмас  ең»  деген  ойды  айтпайды,  оны  «проводник 
Қажымұқанның  денесін  көзбен  айнала  шолып»  деген  астарлы  баяндаумен  танытады.  Қазақ 
тіліндегі «көзбен шолу», «айналаны шолып шығу», «көз жетер жерді шолып шығу» деген тұрақты 
қолданыстың  доминант  сөзі  ­  шолу  бірталай  аймақты  байқап,  көзбен  барлау,  көзбен  көріп  шығу 
мағанасын  береді.  Осы  негізгі  мағанадағы  сөзді  қолдану  арқылы  батыр  денесінің  молдығын  бір 
ауыз сөзге сидырған. Бұндай тәсілдер жазушыға кейіпкердің образын ашуына ықпал етеді. 
«Исаны  менің  алғаш  көруім  –  1922  жылдың  жазында,  Қызылжар  (Петропавл)  қаласында. 
«Сондай бір  ақын келіпті» дегенге пәтеріне іздеп барсам: түр  ­  тұлғасы жараған киіктей қағылез, 
бет ­ аузы біра ­ aқ уыстай кішкене, «тақия сыймас шекелім» дегендей шекесі жалпая біткен, лақ ­ 
текедей  сыртына  тебе  біткен  кішкене  қара  көзді,  үші  істіктеу,  тұмсығы  көтеріңкі  біткен  жіңішке 
мұрынды  сүйір  иек,  жұқа  ерінді,  жіңішке,    ұзын  мойынындағы  жұтқыншағының  үлкендігі 
кішігірім баланың жұдырығындай, көкпардың атындай ойнақы мінезді жігіт екен. Басында жасыл 
пайымен  тысталған,  алдыңғы  жағын  түре  кйетін  пұшпақ  бөрік,  үстінде  жағасына  қара  барқыт 
салған  түйежүн  шекпен,  аяғында  қазақы  етік,  костюмі  қалаша.  Оны  меннен  басқада  іздеп 
барушылар  бар  екен.  Бәріміз  өтініп,  (Иса  «пәлендеу»  дегенді  білмейтін)  айтқызып  көрсек,  өлеңді 
ол аузымен ғана емес, бүкіл бет ­ бейнесімен, басының, денесінің шапшаң құбылмалы қимылымен 
еліре,  құтырына,  екпіндете,  қысқасы  ­  жындана  айтады  екен.  өлең  айтқанда  өз  денесінде  дамыл  
жоқ,  ол  қолына  алған  домбырасына  да  дамыл  бермей,  бет  тақтайын  тарсыл  ­  тұрсыл  шерте, 
ойнақшытып  тербете  аспанға  сермеп  бұлғай,  төбесінен  айналдыра,  белдемесіне  басып  теріс 
жағынан тарта, шым ­ шытырақ түрде ойнайды екен». 
Атақты  ақын  Иса  Байзақовтың  денесі  шағын  болғандықтан  жазушы  сол  «денеге  лайықты» 
деген сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін таңдап алады. 
Адамды  суреттеу  барысында  оның  киген  киімі,  қолданатын  заты,  ұстанатын  қағидасы  мен 
әдет ­ дағдылары да сипатталады. Бұлай кейіпкерді сипаттау жазушыға сол адамның тұтас бітім ­ 
болмысын таныту міндетіне туындайды. Автордың Иса Байзақов пен Қажымұқанның алыс сапарға 
бірге,  бір  купеде  кетіп  бара  жатқан  сәтін  қызықты  суреттейтін  автор  осы  екі  кейіпкерінің  сыр 
келбеті  бір  ­  біріне  қаншалықты  кереғар  екенін  түрлі  тілдік  экспрессивтік  тәсілдермен  аңғартып 
өтеді.  Әсіресе,  Исаның  жеңілдеу  мінезін  балуанның  қолапаздау  мінезіне  қарама  ­  қарсы  етіп 
суреттеуі шынайы шығуымен қатар, оқырмандарына күлкі, юмарлы әсер туғызады: «Күш жағынан 
Иса  Қажымұқанның  шертуіне  келмейтін  адам  ғой,  сөйте  тұра  Иса  жағасына  жармасқан  шақта, 
тышқаннан  қорыққан  пілдей  Қажымұқан  тіл  қатпастан:  «Ау,  мынаны  тоқтатсаңдаршы!»  ­  деп 
күжілдеп  бақыра  бастайды.  Кейбір  құтырынған  шағында  Иса  маяға  қонған  қораздай  болып, 
Қажымұқанның  үстіне  қонып  алады.  Егер  Қажымұқан  сілкіп  қалса,  Исаның  күлпаршасы  шығар 
еді.  Ол  өйтпей:  «Әй,  мынаны  қойғызсаңдарсы!»  ­  деп  бақыра  береді».  Алынған  үзіндіде  екі 
кейіпкердің  дене  тұрқы  аталмаса  да,  біз  оны  бейнелі  суреттеулер–тышқаннан(Исадан)  қорыққан 
пілдей  (Қажымұқан),  маяға  (Қажымұқан)  қонған  қораздай  (Иса)  деген  теңеулерінен  көреміз. 

 
 
242 
 
Балуаның автордың сөзімен айтқанда «жындылау» Исаға қайрат көрсетпей, тек «бақыра» беруі де 
Қажымұқанның  «батыр  аңғал  келеді»  дейтін  мақалына  сай  келетінін  дәлелдей  түседі.  Бұлардан 
басқа  да  түрлі  мінез­құлық  ерекшеліктерін  суреттеп,  сипаттау  арқылы  жазушы  кейіпкер  бейнесін 
ашып,  нақтылап  отырады.  Ондай  таныту  тәсілдеріне  авторлық  баяндаулар  емес,  кейіпкердің 
ерекше бір қылығын сипаттау арқылы қол жеткізеді. Мысалы: «Исаның қалғымаған шақтағы әдеті 
­  әлдекімге  өшігіп,  байланысып  алады  да,  жыланды  аңдыған  мысықтың  көзіндей  өткір,  кішкене 
қара көзін айырмастан тесірейе қарап қояды. Анау адамның тұрып кетпеске амалы болмайды». 
Қорыта  келіп  айтарымыз,  Сәбит  Мұқанов  «Өмір  мектебі»  трилогиясының  тілдік  ерекшелігі 
өзінің  қалыптасу,  даму  жолында  талай  таптық  тілектердің  елегінен  өткен.  Шығарманы  зерттеу 
барысында  көптеген  ғалымдардың  пікірлерін,  еңбектерін  пайдаланып,  салыстыра  отырып 
қарастырсақ,  трилогияның  қай  бөлімін  алсақ  та  әр  түрлі  көзқарастардың  барлығын  аңғартады. 
«Өмір  мектебі»  трилогиясының  қазақ,  ұйғыр,  орыс  арасындағы  түрліше  нұсқаларының  түрлі 
варианттарының  тақырыптары  бір  болғанымен  оқиғаның  даму  жолдары,  композиция 
құрылыстары, шарықтау шегі, шешулері әр басқа. 
 
Әдебиеттер 
1.  С.Мұқанов.  Өмір  мектебі.  I  кітап.  ­  Алматы:  Қазақтың  мемелекеттік  көркем  әдебиет 
баспасы, 1953. – 366 б. 
2.  С.Мұқанов.  Өмір  мектебі.  ІІ  кітап.­    Алматы:  Қазақтың  мемелекеттік  көркем  әдебиет 
баспасы, 1953. – 520  б. 
3.  С.Мұқанов.  Өмір  мектебі.  ІІІ  кітап.  ­  Алматы:  Қазақтың  мемелекеттік  көркем  әдебиет 
баспасы, 1953. – 504 б. 
4.  С.Мақпыров «Жұмбақ жалау» романының жазылу тарихынан. // С. Мұқанов тағылымы. ­ 
Алматы: Жазушы, 1990 – 380 б. 
5.  Г.Ержанова.  Өмір мектебі романындағы кейіпкер бейнесі.­ // Қазақ әдебиеті, ­ 2010, №2   
6.  Қ.С.Ергөбеков  Сәбит  Мұқановтың  творчестволық  лабораториясы:  докт.дисс.,    ­  Алматы, 
1995 ­  22 б. 
7.  З. Қабдолов.  Сөз өнері. ­ Алматы: Мектеп, 1976 – 373 б. 
8.  Т. Кәкішев  Сәбең әлемі. – Алматы: 2000. – 271 б.  
 
 
 
АНТИКА МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАТЫРЛЫҚ ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖЫР 
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІКТЕР 
 
Момбекова Айнұр, Сүлеймен Демирел университеті 
 
Түйін.  Бұл  мақала  қазақ  әдебиетіндегі  архайкалық  батырлық  жырлар  мен  антикалық  грек 
әдебиетіндегі  Гомердің  «Иллиада»  мен  «Одиссей»  жырларындағы  үндестіктерді  салыстыра 
зерттеуге  байланысты.  Екі  елдің  батырлық  дастандарындағы  ұқсас  мотивтер  мен  кейіпкерлер 
образы типологиялық әдіспен салыстырылып қарастырылды. 
 
Abstract.This work is devoted to the study of Kazakh antique folklore motives. Method of research 
is  historical­typological,  comparative  with  the  use  of  antique  Greek­Rome  materials.  It  has  been 
determined that Kazakh folklore in comparison with the Homer`s poem. 
 
Трояндық  цикл  мифтері  гомерлік  «Илиада»,  «Одиссей»  эпостарының  негізін  құрайды. 
«Гректердің  «ерлік  дәуірі»  біздің  дәуіріміздің  бұрынғы    XIII­XII  ғасырларда,  Гомер  заманда 
болған»,­дейді  Әлкей  Марғұлан.  «Илиада»,  «Одиссей»  жырларының  авторы  грек  аэды  Гомер 
болып  саналады.  Гомердің  шығармашылығының  негізінде  халықтың  бай  әдебиеті  жатыр.  Бұл 
эпостардағы  оқиғалар  желісі    Трояндық  соғыс  циклінен  алынады.  Яғни  болған  оқиғалардың 

 
 
243 
 
желісіне  құрылған.Трояндық  соғыс    б.д.д  XIII­XII    ғасырларда  болуы  ықтимал,  бірақ  бұл  соғыс 
жөніндегі аңыздар ауызекі мұраларда оншақты ғасырлар бойы құрастырылып, аэдттардың жеткізу 
мәнеріне  қарай  әдеби  көркемдік  формаға  айналып,  тарихи  фактілер  жалпылама  бейнелеулерге 
ұшырап,  оларға  да  мифологиялық  элементтер  енген.  Осы  арқылы  екі  ірі  эпикалық  поэма  пайда 
болды.  Бірі  –  әскери­қаһармандық  «Илиада»  мен  тұрмыстық  ертегі  тұрғысындағы  қаһарман 
туралы  «Одиссей»  жыры.  Ежелгі  эпосық  жырлар  ғасырлар  бойы  аэдттер  мен  рапсодттардың 
арқасында  ауыздан  ауызға  тарап  кейіннен  қағазға  түскен  болатын.  Эпикалық  жырларды  сөз 
еткенде рапсодттар мен аэдттарды айтпай кету мүмкін емес. Рапсодтар туралы алғашқы деректер 
б.з.б.  VI  ғасырларда,  Афинада  Гомер  поэмаларын  орындау  әдетке  айналған  кезден  бастап 
кездестіруге  болады.  Платонның  «Ион»  атты  еңбегінде  рапсодттар  жырларды  ойдан 
шығармайтыны  тек  қана  оларды  орындаушы  екені,  олардың  Афинада  мереке  қарсаңында 
туындының  белгілі  бір  бөлігін  ғана  шырқағаны  туралы  деректер  айтылады.  Ал  аэдттер  болса 
жырларды  орындаушы  ғана  емес  сонымен  қоса  сол  жырлардың  авторы  болып  табылады.  Олар 
өзінің  туындыларын  лира,  форминг  немесе  кифарамен  сүйемелдеп  шырқаған  болатын.  Одиссей  
аэд  Фемийді  де  өлтірмек  болғанда,  ол  өзіне  кеңшілік  жасауын  сұрап:  «Бауыздасаң,  құдай  мен 
адамдарға  арнап  өлең  айтқан  аэдтті  өлтіргенің  үшін  кейін  өкінерсің»,­  деп  ескерту  айтады.  Бұл 
арқылы  аэдттердің  аса  зор  құрмет  пен  беделге  ие  екендігі  байқалады.  Рапсодтар  мен  аэдттардың 
қызметі  қазақ  халқындағы  жырау  мен  жыршыға  көбіне  ұқсас  болып  келетін  секілді.Қазақ 
эпостарын  да  жыраулар  шығарып,  елге  таратақан  болатын.  «Олар  өткен  заманда  халықтың  жазу 
өнері  болмаған  кезде,  өздерінің  жырларын  ауызша  шығарып  таратқан,  сондықтан  да  қазақ 
эпосының ең көне үлгілері сақталмаған. Көпшілігі ұмытылған, ал кейбіреулері фольклордың басқа 
түрлерімен қосылып кеткен. Олардың  бәрі де  белгілі бір тап өкілі болған,  оның таптық  идеясын, 
қоғамдық  көзқарасын,  арман­мүддесін  жырлары  арқылы  білдіріп  отырған»[13;137].  Қазақ 
халқында да жыраулар аса жоғары мәртебе мен құрметке ие болған. Әрбір ханның жанында ханға 
кеңес  беріп,  ханның  ағат  кеткен  тұстарын  түзетіп  отыратын,  қиын  сәтте  ақыл  айтып, 
данышпандығымен  ел  есінде  қалған  Бұқар,  Қазтуған,  Базар,  Ақтамберді,  Шалкиіз    сынды 
жыраулар  аз  емес.  Ер  Тарғын  жырында  Ханзада  ханға  ашулы  батыр    Қырымға  аттанып  қырық 
жолдасымен  еліңді шабамын дегенде Ханзада хан Сыпырадан ақыл сұрай келгені айтылатын тұс 
бар. Жырда Сыпыра жырау «Ол  Сыпыра жырау өз өмірінде қолынан тоғыз ханды өткізіп, толғау 
айтып тоғыз ханды түзеткен кісі еді» деп сипатталады. Мұнан біз  қазақ халқындағы жыраулар тек 
батырлық жырлардың авторы ғана емес, жырымен елді түзеткен, хан мен қараға ақыл айтып, жол 
көрсететін  дана  бабалар  болғанынбайқаймыз.  Әсіресе  «Қырымның  қырық  батырын»  жырлаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет