Мұрын жырау қазақ даласының Гомері іспетті.
«Илиада» жыры Троя соғысының желісінде баяндалса да, мұнда басты назар Ахилдың
ашуын аударылып,жырдағы оқиғалар Ахилдың ашуымен байланысты өрбиді. Соғыс – Илиаданың
басты тақырыптарының бірі. Жырдың «Иллиада» деп аталу себебіне тоқталар болсақ,
«Гелеспонттағы Трояның басты қаласы Иллионда (Иллион – Ил батырдың құрметіне қойылған
есім. Зевстің ұлы Дардан мен плеядалар әулеті Электраның немересі Трос болса, Трояның негізін
қалаған оның ұлы Ил болатын. Сол себептен де гректер Трояны Иллион деп
атайтын)»[5;222].Соғыстағы қарапайым халықтың шайқасынан гөрі атақты батырлар арасындағы
жекпежекке көп назар аударылады. Соғыстың ортасында жүріп, барлық қатыгездік пен
қанішерлікті өз көзімен көрген, басынан кешірген аэдттер уақиғаларды шынайы әрі көңіл
толқытарлықтай етіп бейнелей білген. Гомер сюжеттер арасында ахейліктердің не
трояндықтардың әскери күшін сипаттаумен, Еленаның ахейлік батырларға мінездеме беруімен
оқиғаның баянын анықтап шегініс жасап отырған. Гомердің «Илиадасы» Ахилес, Гектор,
Агамемнон, Менелай секілді батырларға сөзден соғылған ескерткіш іспетті. Илиададағы әрбір
батыр бейнесі грек халқының рухы мен ұлттық болмысының бір қырын көрсететін кейіпкер болып
табылады. «Кейіпкердің мықты болып көрінуі оның рутайпасының да соншалықты күш қуатты
екендігін танытады. Қазақтың эпикалық дастандарын да да батыр бір өзі ерлік жасап, жауға шапса
да күллі елінің атағын шығарып, батырлығын дәріптейді. Бір батыр арқылы бүкіл елдің күш
қайраты, батырлығы мен батылдығы елге тарайды. Мысалы: Қаракерей Қабанбай, Қоңыраттан
244
шыққан Алпамыс, Қарақыпшақ Қобыланды т.с.с батыр өзі жалғыз болса да оның артында тілеуін
тілеп, құрмет тұтатын, онымен санасатын елі, халқы болады. «Иллиадада» мемлекетті қорғау
көптің парызы болып саналады. Ал қазақ ауыз әдебиетіндегі архайкалық «Алпамыс батыр»,
«Қамбар батыр» жырында рутайпа мүддессін қорғау эпикалық қаһарманның міндеті болып
табылады. Мұның себебі: «жырдағы оқиғаларады басты кейіпкерге құрып,оны дамыта айтады,
яғни тізбектеп те жырлайды. Оқиғаны тізбектеп айту, бірінен екіншісін тудырып, ұлғайта жырлау
ақын жыршылардың көбірек қолданған әдісі болған. Осы әдісті қолдана отырып, олар батырдың
ерлік образын жасаған»[13;136]. «Илиадаға» қарағанда «Одиссеяның» ерекшелігі бар, мұнда жеке
кейіпкердің мақсаттары мен мүддесі бірінші орынға қойылады.Одиссей жыры да біртұтас
оқиғалардың бірлігімен ерекшеленеді. Оның тақырыбы – көпті көрген айлакер батырдың отанына
оралуы жайлы. Эпостың мазмұны екі бөлімнен тұрады. Біріншісі Одиссейдің Калипсо аралынан
кетіп, Алкиной патшаның аралына келуі; Екіншісі –батырдың отаны Итакаға оралуы мен үміткер
күйеулердің жазасын бергені жайлы;Бұл әдеби сүйреткерлік әдіс ежелгі грек аэдттерінің
поэтикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Сонымен қоса Белинский Гомер
поэзиясы жайнда «Оның (Гомердің) сүйретшілік шеберлігі балқытатын пеш секілді, халықтың
өңделмеген даналығы мен поэтикалық жырларындай қатты кенді балқытып алтынға айналдырды»
деп жоғары баға берген болатын. Екі туындыда да грек тайпаларының тұрмыс тіршілігі мен
жағдайы, тарихи оқиғалар жайлы мәліметтерге бай.
Гекуба, Андромаха, Елена,Брисеида, Пенелопа, Навсикия, Калипсо секілді әйелдер бейнесі
қос эпоста да елеулі орын алады.Тіпті Трояндық соғыстың себебі де гректерден Паристің Еленаны
ұрлап кетуі еді. Қазақ жырларында да әйелдер образы батырдың алғашқы ерлік жасауына бастау
болатын мотивтердің бірі болып табылады. Батыр алғашқы ерлігін көбінесе айшылық алыс
жерлердегі қалыңдығын іздеп жолға шығуы арқылы, жолдағы барлық кедергілерді жеңіп еліне
оралуымен аяқталады. Эпостық жырларындағы батырдың таңдаған жары да ақылына көркі сай,
сұлу да сымбатты, ақылды әрі дана батырдың жары әрі жолдасы, сырласы болып келеді. Пенелопа
алыс сапарға аттанған жолдасын талай жылдар бойы күтіп, өзгеге тұрмысқа шықпаудың сылтауын
жасап, өрмек тоқи бастайды. Күндіз тоқыған өрмегін түнде тарқатып, уақытты ұзартып, күйеуіне
деген адалдығын танытады. Ал «Ер төстік» жырында да батырдың жары Кенжекей ері жолға
аттанарда «өз белін он екі құлаш торғын орамалмен тартады. «Не Тарғын өлген кезде, не Тарғын
келген кезде шешіл» деп серт қылады». Әйелдердің өрмек тоқып оны сөгудегі, беліне орамал орап
серттесудегі негізгі мақсаты күйеуіне адал болудағы ниетінен туындайды.
Гомер эпостарында кездесетін сюжеттердің біразы басқа да халықтардың эпостық
жырларындағы мотивтермен сарындас болып келеді.Әсіресе «Одиссей» жыры мен қазақтың
«Алпамыс» жырының ұқсастықтары көңіл аудартарлық жайт.Әйелінің тойының үстінен шығатын
мотивтер француз, неміс, ағылшын, итальян, испан, скандинав, орыс, славян, венгер, румын
әдебиетінде түрлі жанрларда кездеседі. Бірақ бұлардан гөрі Алпамыс жыры мен Одиссей
эпосындағы әйелінің тойының үстінен шығатын сарын арасындағы ұқсастықтар бір біріне едәуір
жақын. Ежелгі грек эпосының негізінде әдемі жарынан жыраққа кететін, келгенде бірінбірі кейін
сақинадан не тағы да басқа бір белгісінен танитын романтикалық мотив, елден жыраққа кеткенде
үйіне не еліне кіріп алған басқыншылардан үйін не мемлекетін қорғайтын оқиғалар желісі жатыр.
Одиссей жиырма жыл өзге елде жүреді. Адал жары Пенелопа баласы Телемахты өсіріп, үйіне баса
көктеп кіріп, байлықтарын судай шашып жатқан адамдарға қарсы тұратын күші жоқ болғандықтан
үмітін үзбей жиырма жыл бойы Одиссейді күтумен болады. Батырдың әкесі Лаэрт болса
кедейшілікте, құлдармен бірге өмір сүріп жатады. Батыр еліне оралғанда бірден өзінің кім екенін
білдірмей, құлдардың туыстарының өзіне адалдығын тексермек болып, кедей кезбе кейпіне енеді.
Оған шошқа бағушы Эвмей көмекке келеді, ал батырды кішкене кезінен бағып өсірген күтуші
Эвриклея болса оның аяғындағы тыртығынан танып қояды. Ал «Алпамыс» жырында да
жоғарыдағы айтылған оқиғаларға сай сюжеттермен қоса ұқсас кейіпкерлер образы да кездеседі.
Мәселен жалғыз баласынан айрылып кедейлік пен құлдықта өмір сүретін кәрі әке бейнесі
(Байбөрі мен Лаэрт), басқыншылық көрсетіп, әкесінің жоқтығын пайдаланып, анасын әйелдікке
алмақ болған күйелерден жапа шегіп, әкесін күткен ұл бала бейнесі (Жәдігер мен Телемах), иесіне
245
адал, кәрі бақташы құл бейнесі (Құлтай (алайда «Алпамыс»жырында Құлтай Алпамыстың туысы
болып келеді) мен Эвмей) мен олардың оқиғадағы алатын орны мен атқаратын қызметі бірбіріне
өте ұқсас. Алпамыстың да Одиссейдің де елге оралғанда өздерінің кім екенін білдірмей кедей
кезбе бейнесіне енуіндегі басты мақсат елдің жайкүйін, қоластындағы адамдардың қаншалықты
адалдығын, өзін ұмытып кеткен сатқындарды анықтау болып табылады. Аса көңіл аудартатын
ұқсас детальдар – Одиссейдің сарайында өзін бала кезден күтіпбаққан кәрі күтушісі Эвриклея
мыс шылапынға су құйып, аяғын жумақ болғанда, аяғындағы тыртық арқылы Одиссейді танып
қойса «Алпамыс» жырында Алпамыстың бабасы Құлтай
«Қарағым менің нар еді,
Іздегені ар еді.
Белгісін айтып берейін,
Жаурынының үстінде
Дөңгелек қалы бар еді»,деп Алпамысты жаурынындағы қалынан тани кетеді.Одиссей
Трояға аттанғанда дүниеге келген ұлы Телемахты күйеусымақтар намысына тиіп, әбден мүшкіл
халғе ұшыратса, Алпамыстың ұлы Жәдігерді Ұлтан көзін құрту мақсатында көкпарға тартады.
Одиссейдің қартайған әкесі Лаэрттің бейшара күйде құллдардың арасында тіршілік етсе,
Алпамыстың әкесі Байбөрі де Ұлтанның айтқанын орындап, құлдықта жүріп, басынан
қиыншылық жағдайды өткізеді. Екі жырдағы ұқсас детальдардың ішінде екі батырға үнемі қамқор,
қолдау жасап жүретін құдырет иелері жырдың арасында кездесіп отырады. Мәселен, Одиссейге
бірде Зевс көмектессе, бірде Гермес қолдап отырады, бірақ солардың ішінде көбіне көмек беріп
қолдап отыратын – Афина Паллада. Афина палада түрлі адам бейнесіне еніп Одиссейді қолдап,
ақыл айтып жол да көрсетіп кетеді.«Алпамыс» жырында Байбөрі мен Аналыққа, Алпамысқа
қамқор болған құдіретті күш иелері – Тәңір, Баба түкті Шашты Әзіз, Ғайып ерен қырық шілтен
үнемі басықасында болып, қолдау көрсетіп отырады. Көбінесе түрлі шайқастар мен батырдың
басына тар заман түскенде үнемі ғайып ерен қырық шілтен жар болады. Жырда оның Алпамысқа
жәрдем болғандығы:
«Сол уақытта батырға
Атса — мылтық өтпеді,
Шапса — қылыш кеспеді.
Ғайыперен қырық шілтен
Қолтықтан сүйеп, демеді.
Суға салса — батпады,
Ұйқыдан бала қайтпады», деген жолдармен беріледі.Тек «Алпамыс пен Одиссей» жырында
ғана үйіне қайта оралып үміткер күйеулермен сайысқа түсіп, батырдың садағын тартып нысанға
тигізу оқиғасы сақталып қалған. Біз білетініміздей «Алпамыс» жырының түркі тектес халықтарда
бірнеше нұсқалары кездеседі. Соның ішіндегі оғыз нұсқасындағы Бамсы Байрек (Алпамыс)
сайысқа түскенде өзінен басқа ешкім тарта алмаытын садағын алдырғаны, содан кейін «Бектер
сіздерге деген құрметім үшін оқ атайын, деді.Күйеудің қолындағы жүзігін нысана ғып атты. Оның
оғы жүзікке тиіп, қақ бөлді. Оғыз бектері мұны көріп, алақандарын шапалақтап күлісті» деген
сәттер грек халқының жырында Одиссейдің ешкім иіп тарта алмайтын берік садағын тартып балта
сабындағы жүзік сынды дөңгелек нысандарды көздеп жебесін өткізгенімен сарындас. Бұл
ұқсастықтар жайлы В.М. Жирмунский «оқиғалардағы батырдың садағының атқаратын рольі
батырды сынаумен қатар салт –дәстүр мен күнделікті тірліктегі жаугершілік өмірді сипаттау
болып табылады. Батырдың мықты садақты иіп жебе атуы батырдың ерлігі мен күшін, сонымен
қатар батырдың ақыл тоқтатып жетілгендігінң белгісі. Сондайақ садақ тарту ерліктің, күштің
символы ретінде неке қию салтында маңызды роль атқарған секілді» [1;329].Сонымен бірге
Қобыланды батыр жырында да Құртқа сұлуды ай астындағы бақанға ілулі алтын теңгені садақ
оғымен атып түсіргенге беремін дейді. Байқасақ мұнда да садақ тартып оқ ату үйлену салтымен
байланысты қолданылып отыр. Екі жырда да батырдың Отанына оралуы, билік үшін талас, үйін
елін басқыншылардан қорғаудағы батырлық ерліктер арқылы сипатталады. Бұл ретте «Одисссей»
мен «Алпамыс» жырларындағы ұқсастықтарды саралай келіп Гомер эпосы орта азиялық
246
«Алпамыс» жырына әсерін тигізген деген пікірді ұстана алмаймыз. Талай жылдан бері халық ауыз
әдебиеті арқылы таралып отырған жырлар негізін өте ертеден келе жатқан, басқа да халықтардың
фольклорына ортақ ертегінің сюжетінен алынған болуы керек» деген ой тастайды. Аталған
жырлардағы оқиғаларды қарапайм сәйкестік дегеннен гөрі, екі жырлардағы аналогиялық
фактілерге сүйене отырып, антикалық әдебиет пен орта азиялық мәдениеттің арасында қандай
байланыс болды деген сұрақ туындайды.Нақтырақ айтсақ шығыс әдебиеті мотивтерінің грецияға
әсерін анықтауға болатын секілді.
Қазақ эпостарындағы батырлар отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын ерекше күшке
йе, бір өзі мыңға шабатын күші бар мықты, әрі батыл боп келеді. Олардың мұндай қасиетке ие
болуының себебі: олар құдайға жалбарынып, әулиеәмбиелерді аралап, талай жыл күттіріп тілеп
алған перзент. «Алпамыс» жырында бұл сарын:
Байбөрі осылай деп жүрді жылап,
Құдайдан күнітүні бала сұрап.
Сүйегі сырқырайды Байбөріге,
Бұл сөзді есіткен жан салып құлақ.
Көз жасы Байбөрінің бетін жуды,
Көрмейақ өтем бе деп үйден дуды», деп зарлаған Байбөрінің наласы арқылы көрініс
табады. Түркі эпостарындағы болашақ батыр міндетті түрде ғажайып туу сарыны бойынша
дүниеге келуі керек. Жоғарғы күштер араласқаннан кейін дүниеге келген бала, ерлік жасарында,
жауға қарсы шапқанында, не қысылтаяң кез болғанда оларды ылғи қорғапқолдап жүретін иесі,
жебеушісі ғайып ерен қырық шілтен болады. Ал грек эпостарында атақты батырларды тәңірлер
мен тәңіриелер қолдап, оларды қорғап жүреді. Тіпті Ахиллес теңіз тәңіриесі Фетиданың баласы, ал
Гектор Приамның баласы болса да жырдың он үшінші тарау,5253 жолдарында «Здесь
распыхавшись, как пламень стремительный, Гектор предводит,Гектор, себя величающий сыном
всемощного Зевса!», деп оның өзінің Зевстің ұлы екніне мақтанатынына көңіл аудартады. Тіпті
талай ерлік жасаған Геракл да, қарапайым адам емес жартылай адам жартылай құдай, Зевстен
туылған бала болып есептеледі. Жырда Фетиданың ұлы, батыр Ахилестің денесіне оқ дарымайды,
қылыш кеспейді. Себебі анасы батырды нәресте кезінде Стикс өзеніне малып алған, тек оның
табанынан ұстап тұрған жерге ғана су тимей қалады, сондықтан да оның әлсіз жері өкшесі болып
табыла ды деген мифологиялық түсінің бар. Бұл қазірде көп қолданып жүрген «Ахилес өкшесі»
деген тіркестің тууына негіз болған. Әдебиет әлемінде кеңінен тарап, жиі қолданысқа түсетін
символдық, метафоралық, теңеу, аллегориялық көркемдік құралдарға негіз болған мифтік
бейнелеулер аз емес. Мәселен «все дороги ведут в Рим» мен қазақ халқының «бара жерің Балқан
тау, ол да біздің барған тау» деген қолданыстардың мәнін М.Иманғазинов ашып көрсеткен
болатын. Сонымен қатар антикалық грек мифологиясы мен жырлардан алынған метафоралар
қатарына «бүлік алмасы» (ұрыскерістің себебі, Афина, Гера, Афродита «ғажайып сұлуға»
бұйыратын алтын алмаға таласқан),«данайд бөшкесін толтыру»(бос іспен айналысу, Айд
патшалығында түпсіз ыдысты толтыру жазасы), «бостан бос Сизиф еңбегі» (құдайдың қаһарына
ұшыраған Сизиф, ауыр тасты тау басына апара берегенде қайта төмен дөңгелеп кете беретін),
«молшылық мүйізі» т.с. с жатқызуға болады. Мұндай мәнге ие болған қолданыстар қазақ
мифологиясында да бар. «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған»,деп
Қазығұрт таунының басына Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтағаны жайлы аңызбен байланысты
айтылады. Қорқыт өлімнен қашып ел кезіп жүрегенде алдынан көр қазып жатқан адамдар кездесе
береді. Олардан: «Кімнің көрі?», деп сұраса «Қорқыттың көрі» деп жауап береді. Бұл аңыздың
желісі «қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген мәтелге негіз болған. Гректерден сириялықтарға
келген аңыздарда Ескендір қос мүйізді болып келеді де, «Зұлқарнайын» («Қос мүйізді») деп
аталады. Содан барып оған ерекше күш, айбындық қасиет танылады. Себебі шығыс халықтарының
ерте замандағы түсінігі бойынша, адамға біткен мүйіз – ерекше бақыттылықтың, аса бір
ерекшеліктің белгісі іспетті. Мұндай түсінік қазақтарда да сақталған. Мысалы: «Сонда шыққан
мүйізің қайсы?»деген тіркес «артықшылығың қайсы?» деген мағынада қолданылады. Сонымен
қатар антикалық және қазақ фольклорында мифология мен мифологиялық кейіпкерлер арасында
247
кездесетін ұқсастықтар қатары өте көп. Атап айтатын болсақ ТебекөзПолифем, ЗевсТәңірі, Гера
Ұмай, ПегасПырақ, АлпамысОдисей, пері қыздарынимфалар, ҚорқытПрометей секілді
кейіпкерлер мен олардың мифтерде атқаратын қызметі бірбірімен сарындас болып келеді. Екі
халықтың мифологиясы, фольклоры арасындағы ұқсастықтарды жай ғана кездейсоқтыққа балау
орынсыз болып көрінеді. Сондықтан да бұл мотивтердің ұқсастықтардың сырын тереңнен іздеу
керек. Екі ел фольклорындағы үндестіктер, оқиғалық ұқсастықтар бір – біріне өте жақын.
Антикалық грек әдебиеті мен қазақ ауыз әдебиеті арасында сақ, ғұн дәуірі кезінен ақ тарихи әдеби
байланыс болған, бұған дәлел ретінде Герадоттың «Тарих» атты еңбегін алсақ болады. Антикалық
грек әдебиеті мен қазақ фольклорының оқиғалар жүйесі мен мотивтер, кейіпкерлер образдарының
үндестіктері екі ел арасындағы әдебиетті типологиялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Әдебиеттер
1. Жирмунский В.М. Сравнительное литературоведение. – Ленинград: Наука,1979. – 493 с.
2. Қасқабасов С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер. – Алматы: Жібек жолы, 2008. 504 б.
3. Гомер. Илиада. – СанктПетербург: Азбукаклассика, 2008. – 570 стр.
4. Әлмұханова Р. Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар. – Алматы: Арыс, 2009. – 320
б.
5. Иманғазинов М. Антика әдебиеті. – Астана: Фолиант, 213. – 360 б.
6. Иманғазинов М, Молдабаева Ә. Антика әдебиеті және көне дәуірдеі әдеби терминдердің
анықтамалығы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 214 б.
7. Кун Н.А. ежелгі Греция мифтері мен аңыздары. – Алматы: Мектеп, 1979. – 504 б.
8. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
9. Қорқыт ата: Оғыздардың батырлық эпосы. Аударған Ә.Дербісәлин. – Алматы:
Қазақстан,1993. 64 б.
10. Радциг С.И. История древнегреческой литературы. – Москва: Высшая школа, 1982.
11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 366 б.
12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 286 б.
13. ҚРҰҒА.М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Қазақ фольклорының
тарихы. Ғылыми еңбектер жинағы. – Алматы: Ғылым,1995.326б.
14. Сламов А. Троя сұрапылы және оның батырлары. – Алматы: Жалын, 1987. – 252 б.
ЖАС АҚЫНДАР ТУРАЛЫ ТОЛҒАМ
Әзімхан Ардақ, ҚазМемҚызПУ
Бүгін кешегі күн емес, бүгін ертеңгі де күн емес. Бүгін – кешегінің жалғасы, ертеңгінің
бастауы. Бүгінгі күнді ең алдымен бүгінгі әдебиет деп қабылдағанымыз абзал. Әдебиет қай
заманның ырғағында да, иірімдерін өрнектеп, діттеген жеріне жетіп отырған құбылыстың иесі.
Оның бағын ашып, бабын келістірер – дарын. Әдебиет биік оның шоқтығы саналатын – поэзия.
«Өлеңге әркімніңақ бар таласы» болғанымен оның жолына түсу және Мұқаң айтпақшы, «ар
ақыны» болу алдымен, тума таланттың содан соң еңбектің, уақыттың әміріндегі іс. Қисындысы,
өлеңдегі батылдылдылық, өлеңдегі мінез, көзқарас пен жаңалық, болмыс пен бейне –
ақындылықтың алғышарттары әр қаламнан табылып жатса, жазылғандардың жанары жарық
болғандығы деп ұққанымыз. Қисынсызы, көп дүниенің қадірі кететіні бар «шөп те өлең, шөңге де
өлеңді» аузымызға алмау үшін, ас атпай жатып құлдық деуден әрімін, десе де алдымен келер жас
ақындардың бағытбағдарына, жазғандарына аса назар аудағанымыз ләзім…
Атан түйеге татырлық аталы сөздің қадырқасиетін қанынан дарытып, алпыс екі тамырына
таратып, өнегелі өміріне жаратып, асылдық еткен сөз иелері өз ортасынан оза шығып,
жақсылықтың жалғасына айналып, ақындық дәстүрді үрдіс еткендер қаншама?! Оның ішінде бергі
248
уақыттарда жас жазба ақындардың қарасы қалыңдап келе жатқаны қуантады. Тіліне кісен
салдырмайтын бүгінгі қырағы ақындардың жырдестелері мен ойөрнектері кімге де болса қызық
ақ. Алдыңғы арбаға ерген, еліктеген жас ақындар өзгеше әлемін қалыптастырып келе жатқандығы
да анық байқалады. Әсерлігі мен әсемдігі, жасалуы, құрылысы, техникасы өзіндік өрнегін тапқан
бүгінгі жас ақындардың жазғандары өзінше бағаланып, дараланыпақ жүр. Өлеңді ойымен
қабылдап, қиялына теліп, санасына салмақтап, әр жазғанының жырасы мен қыратын, тобылғы
өскен төбесі мен қараған өскен ойпатына дейін жан бітіріп, алмағайып дүниені сөзбен жасайтын
дарындылардың ерекшелігі қиялдарында болса керекті. Қиял таңдаған тақырып, талқылаған
сезімкүй бүгінгі күннің поэзиясының шарықтау шегі. Тақырып демекші, жас ақындардың белең
алған тұсы сезімнен бастап, арнасы махаббатта қосылып, одан мұңға айналып, қоштасумен
тынатындары да өлеңнің сиқырында сипатталып жүр. Тақырыпқа келгенде тайқып беріп,
табандылық таныта алмай, тасада қалып қоятыны бастапқы кезең болса керекау. Біраздан соң
қалың тұманда адаспай арнасын тапқан талант иелері кейініректе салмағы бар жырлар жазып
кетеді. Алдыңғыларына қарайлай кейін өз жазуын тапқандары да кездесіп жатады. Ұлы поэзияға
әр ақынның барар жолы әр қалай. Бастысы ол емес, барар жеріне жеткен соң арғы бетіне өтіп,
аласармау, биіктеу, шыңдалу, кесектелу, қалыптасу…
Бүгінгі жастар жырларының озғаны мен тозғаны өз алдына, қалай жеткізсе де, сезімнің
алаңына келіп тоқайласады. Әрине, махаббат – мәңгілік тақырып. Ақындар үшін ескірмейтін, мезі
етпейтін, меңіреуленбейтін, салы суға кетпейтін жалғыз сол тақырып десем артқандық емес. Бірақ
оның таптаурын болғаны қайсы, сансалаға кетіп, жұлымжұлымы шыққаны қайсы, оны уақыт пен
өлеңнің тағдыры шешеді…
Келелі мәселенің біріне айналып бара жатқан, «бүгіннің» айналасындағы жазба ақындық
өнердің өрісі жайынғы жай жапсарды айтар болсақ, алдымен «тас атсаң ақын мен жазушыға
тиетін» кезеңде шығарманың жазылуы мен таралуы бәрібәрі жылдамдыққа, жеделдікке келіп
тірелгендей көрінеді де тұрады. Ғаламтордың ілмегіне ілініп кетіп, таралып насихатталып жүрген
жас қаламгерлердің саны арт паса кемімейді. Махаббаттың машахатымен бірбірін түсінген сезім
адамдары пікірлерін қалдырып жататыны тағы бар. Кейде өлеңдерінің өзі «тез жазу, тез тарату, тез
танылудың» кебін киген бе екен деп қаласың. Ғаламторда жарияланған екінің бірінің қолы
жететін, тіптен ойына бірінші келген пікірін қалдыруға бейім оқырмандардың әрекеттері де жиі
ұшырасады. Бұл тез танылу тәсілі бәзбіреулердің шамына тисе, енді біреулерге ұнап жатады. Қай
жақсының бастауы, қай жаманның аяқталуы екенін тағы да уақыттың еншісіне арта салғаннан
басқа шара жоқ. Десе де, жылдамдықтың озық үлгісін иемденген ғаламтор ақындардың да өз
оқырмандары мен бағы жанып, бабы келіскендері де жоқ емес деген үміттеміз. Кейійтініміздің
жөні, қазіргі отандық басылымдар жастардың жырларын жиі шығара бермейді, шыққан күннің
өзінде қаламақы мәселесі де жамаужамау болған жайы бар. Таралым аз, насихат жоқ, мүмкіндік
берілмеген. Талаптаныпақ жүрген жас ақынды кім қаржыландырсын? Осы ретте ең оңайы,
көптеген сайттардың біріне сиясы кеппеген өлеңдерін жіберіп, ғаламтор оқырмандарының
ортасына салудан басқа шара жоқ. Қалай болған күннің өзінде бастысы өлең құндылығын
жоғалтып алмасақ екен дейміз.
Осы кезеңдегі лириканы өңдеп, классиканы бояп, жаңа тың бағыттарға барлап жүрген жас
ақындардың шығармашылығы уақыт пен кеңістіктің, жылаған сезімнің, құлазыған жүректің таза
болмысын беретін жырлар болуы бек мүмкін. Мысалы:
Әлімқұл Даниярдың «Ашық айту» өлеңінен:
Сырғып уақыт бағытсыз боп босуда.
Сүймеймін деп серт еткенсің. (Қайтпа сен!)
Сөзіңде тұр! Бірақ бізді қосуға
Құдайды мен құлықсыз деп айтпас ем, және
Қанатын түндер алдыма жайды,
Қара тым мұңдар ақ Айдан тамған.
Ақынға үлес, алдым ба қайғы?!
АРУды сүйіп АБАЙдан қалған.
249
Шығарам түнді теріске енді
Кірпік талына мұң іліп кейде,
Жаратқан жақтың періштелері:
Қараптан қарап түңіліп дей ме?
Уақыт дейтін ұршықты бағып,
Кесімін айтар шын ҚАЗЫ бір күн.
Әзірше әнтек кірпікті қағып,
Өлеңді қойып, мұң жазып жүрмін. Бүгінгі махаббаттың келбетін анық көрсете алатын жыр.
Сезімді тәтті етіп қойып, сырға сосын мұңға айналдырып жазу тек қана жас ақындардың балауыз
балғындықтары болса керек. Өйткені дәл осы жырды жетіп, піскен шағында жазужазбауы екі
талай. «Жазу» дегенді тұтастай емес жанамасымен айтқанда… Қарымқабілет болса жазылады
әрине десе де, дәл осындай балғын болмайтындығы хақ.
«Жастықтың оты жалындап, тас қияға өрлеген» шақта бойдағы таланттың тасқыны тартып,
талай тың дүниелер жазуға мүмкіндік береді екен. Өзім оқыған жас ақындардың өлеңдерінің бір
сыпырасы мына тақырыптарда болған еді: «Аяулы танысулар, қаяулы қоштасулар…», «Мұң
болып, музаға айналған қыз…», «Көздерің мөлдір, жаныма шуақ толтырды…», «Қош бол,
періште қыз!…», «Тағдырдың біздерге сыйы кем», «Тереземді шағып кетті бір сұлу…», «Күлу
үшін деймісің мұңайып ал…», «Өгейім секілді өмір», «Көз жасымның тамшылары…», «Сен
сүймей кеткен көктемде…», «Мен сені пейіштің нұрына баладым…», «Маған деген сезімі оның
беймәлім…», «Сезімде – үміт, жүректе сағыныш бар…», «Сұрап алған бақыт та баянсыз ғой…»,
«Жанымды тұтқын етіп күз дертіне…», «Тұтқынына айналып сары мұңның…», «Қоңыр күз
мұңшыл деседі…», «Қоштасу», «Не дейін, Еркешім»…
Сәтті, тәтті махаббаттан гөрі, мұңға оранған сезімдердің жырға оранған кейіптеріне тап бола
бересің. Оны өзгелер «жылауық жырлар» дейтін шығар, бірақ ішкі ойдың жемісіне айналған
өлеңдер екеніне күмәнмен қарамайтынымыз анық. Кейінгі ақындар не себептен осындай мұңның
төңірегіне топталып қалғандығы да ойлантпай қоймайды. Осы тақырыпты ақынның ақбөкені
Мақмал Мыса былай топшылады: «Иа, бұл такырыпта жырлайтындар көп. Жас болған соң
жалындайды да. Адемі өлең болса, неге қабылдамасқа? Кейде олар менен неге махаббат жайында
жазбайсыз деп сұрап жатады. Бірақ мен өлеңге ғышықпын!». Расымен, қайсының алды, қайсының
соңы боларын тек оқырман мен уақыт талқылары анық.. Мысалы, Ботагөз Бексарының
«Сезермісің» өлеңінен: Дегбірім қалмай,
Дертіме дәру іздегем.
Дірдек қаққалы
Жүрекке орнап Күзгі Өлең.
Дем берші, күнім,
Жылуың жанды жұбатсын, —
Үміттерімді үзбеген…
Көзіңмен сүйіп,
Сезіммен тұйық мұңыма ен,
«Сен бе?» деп елтіп,
Қошқылтым түнге үңілем.
Сағыншы, жаным,
Кірпіктен кірбің жоғалсын,
Сағыншы мені шынымен… сонымен қатар осы сарындағы жас ақын, Қарлыға Темірғалидың
«Мен сізді жоғалта алмаймын» өлеңінен:
Түнеріп Аспан да,
Күлерін Күн білмей,
Бұлт жылап барады…
Күз бе бұл?
Онсыз да Өлеңнің өртіне
Өртеніп жүрмін ғой,
250
Бір жақтан Мұң жамап…
Сіз де бір…
Елеңдеп Елеске,
Кереңмін құлақты,
Көзі бар Соқырмын.
Өлеңнің өмірі бар қайғым.
Сағыныш мұңымен
Сізге арнап жыр құрдым.
Сондықтан мен Сізді жоғалты алмаймын!
Ұқтыыңыз ба?, — таптаза сырлы сезімнің бетіне қалқып түскен қаймағына айналған
жырлар. Ғашық болудың күрделі формуласын осы секілді жырлардан ұғынуымызға әбден
болады.
Бүгінгі жас ақындардың қарасы қалыңдап келетінін есіттік. Олардың әрқайсының атынатап,
түсін түстеп, жырларын талдапталқылау мақсатымыз емес.
Бағашар Тұрсынбайұлының:
Сен маған көрінсең деймін –
өле сүйетін мәңгі жан – жарым болып.
Сен маған көрінсең деймін –
Жанымның жұпар қызғалдағы болып.
Сен маған көрінсең деймін –
Парасат дегеннің тұнғиық, тереңі болып.
Сен маған көрінсең деймін –
Асау ақынның кермиық өлеңі болып.
Сен маған көрінсең деймін –
Оралхан ағамның Қар қызы болып.
Сен маған көрінсең деймін –
Әзиз анамның ақ жаулығы болып, сондайақ әр алуан ойларды, жанжақты тақырыпта
тамаша жеткізіп жүрген жас ақын Шерхан Талаптың «Қылыш» өлеңінен:
Айлы түндерде ала берсе де мазаны,
Қылыштай өткір шертілді ойдың ғазалы.
Қайыспай қылыш ұстағандардың о баста,
Кереғар өмір – қылыштан болған ажалы.
Жамау да жамау жамылып жылдар көрпесін,
Кең дала аңсар ойнақ салатын еркесін.
Қайқы қылышым, қазаққа қайта орал да,
Қорқау қоғамның үзіп жіберші желкесін!
Жағымпаз жұрттың жәдігөйлігінен жерінді Ар,
Ертеңге деген үміт – өлімші, сенім –дал…
“Сары бала мен қара қазанның қамы үшін”,
Мойныңда әлі ала алмай кеткен кегің бар. Тамаша өлең. Сөздің шыны да, шыңы да, Абай
атамыз айтпақшы «ақылсанамен жүретін көптен басқа, осындай сезімтал сергектік ақындарда ғана
болады». Теңіз болып тосынғанда толып жатса, ашынғанда гүлдей қурап солып жатса, негізі өлең
үшін өмір сүрсе, одан соң нағыз ақын болып жатса құбақұп. Оған сенім, үміт жоқ емес. Кешегі
Төлеген, Мұқағали, Жұматай, Қадыр МырзаӘлі, Тұманбай ағалар сынды құдыретті жырдың
құндақтары өз кезеңдерінде нағыз ақын атана білген еді. Мүмкін ол тұста өлеңге деген поэияға
деген көзқарас басқа болған шығар… Қалай топшыласақта, «нағыз шабыт жаратқан өлең мен ар
ақындары» алсармаса екен дейміз. Жас жазба ақындардың жаңа арнасы әдебиетке жаңа серпін
әкеліп, деңгейін қалыптастырып жатса сенімдердің ақталғаны, үміттердің үзілмегені. «Бал мен у
тамызатын, нағыз ақын» туанынына олардан жай болып атылатын өлеңжырлар, аспанда
оқылатын тамаша шығармалар шығатынына еш күмәнкүдігіміз жоқ.
251
Әдебиеттер
1. «Kultobe.KZ» сайтының «Әдебиет» тобының «Поэзия» бөлімі
2. «Адырна» ұлттықэтнографиялық порталы
ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР
Тілеубек Динара Қуатбекқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Түйін. Мақалада қазақ телевизиясындағы балалар редакциясының тарихынан бастап,
Отандық балалар арнасы – «Балапанның» бағдарламаларына талдау жасалады. Балалардың
психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қандай бағдарламалар тапшы екендігі айтылады.
Аннотация. В данной статьи говорится о непосредственном влиянии телевидения на
формирование молодого поколения. Делается анализ детских телепередач канала «Балапан», и
определяется необходимые программы для будущего развития казахских телепередач.
Annotation. The article analyses the influence of television for children, who are the future of our
country. The author focuses on the problems of bringing up childpen with TV programmes and give own
examples to solve this.
Бала – елдің ең үлкен маңызға ие капиталы. Өйткені кемел келешекті құрайтын жалынды
жастар қаршадай бүлдіршіндерден жетіліп, ел жігерін жанитын жеңістерге бастайды. Бұл туралы
елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің
басты байлығы, әрі тірегі» деген болатын.
Қоршаған ортаның сан түрлі құбылыстарына әуестеніп, таңдану арқылы әлем туралы
алғашқы танымдары қалыптасатын балалық шақ – өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі жауапты
қадамдардың бірі. Өйткені жас шыбықты қалай отырғызсаңыз, солай бой түзейтіні секілді, жас
сәбилер де бала күнгі тәрбиені бүкіл саналы ғұмырына арқау етеді. Қисық біткен ағаштың
жемісінің де дәмі кермек болады. Демек, санасына жақсылықтың дәні егілмеген баланың
болашағы да бұлыңғыр.
Енді бүгінгі қоғамда қалыптасқан тәрбие институттарын қарастырып көрейік. Бірінші – ол
әрине, отбасы. Бірақ бүгінгі таңда кеңейтілген (атаәжесі, туыстары бірге тұратын үлкен отбасы)
жанұяларға қарағанда, нуклеарлы отбасылар (атаанасы және балалары) басым екенін ескерсек,
қарттардың қазыналы әңгімесіне сусындап өсетіндер де аз екенін байқаймыз. Келесі мәселе, бар
атаананың өзі таңнан қара кешке дейін қу тірліктің қамымен, уақыт тапшылығын татып жүр.
Жұмысбасты атааналардың ошақбасты болуына кедергілер көп. Онда мектепке дейінгі балалар
тәрбиесімен кім айналысып жүр деген заңды сауал туындайды. Бұрынғыдай күн ұзақ доп қуалап,
даланың шаңын жұтып ойнайтын балалар қазір саусақпен санарлық. Компьютерлер мен
теледидарға үздіккен балалардың тәрбиесшісі де, қамқоршысы да – осы жаңа заман жетістіктері.
Әңгімені әріден бастасақ, Қазақ теледидарының балалар мен жасөспірімдер редакциясы 1959
жылы жеке отау болып, Алматы телестудиясының көркем хабарлар Бас редакциясының
құрамынан бөлініп шықты. Бірақ бұдан бұрын редакцияның Өскемен студиясы құрылып қойған
болатын. 1960 жылы Алматы, Қарағанды, Өскемен студиялары біршама тәжірибе жинап,
мазмұнды, қызықты, әр алуан тақырыптарға хабарларды бере бастады. [1] Ол кездері коммунистік
тәрбиеге көп назар аударылды. Тіпті қарапайым музыканың өзін соған пайдаланып, «Профессор
Доремидің сабақтары» деген бағдарлама жасалды. Бағдарламаларды орыс тілінен аударып
көрсете берді. Бүгінгі бағдарламаларда соның ар жақ бер жағы. Не себепті аудармалардан айрыла
алмай келеміз?
252
Әрбір бала өзінің кем дегенде 1415 сағатын үйде өткізеді. Оның 910 сағатында ұйықтайтын
болса, қалған 45 сағаты бос (Психолог Анна Құдиярованың зерттеулеріне сәйкес). Көбіне ол
кешкі сағат 5 пен 9дың арасы. Әрине өз бос уақытын ол теледидар алдында өткізеді. Қызық
сандарда емес, сол сәтте экранның қайда бұрылатынында, және онда не болып жататыны?
Францияда алғаш рет коммерциялық телеарна ашылады деген кезде президент Жорж
Помпиду: «Бізде коммерциялық телевидение ашу – болашақ ұрпақтарымызды рухани азғындату
болмақ» деген екен. Ал Германия канцлері Г.Шмидт болса: «Германияда коммерциялық
телевидениеге рұқсат беру – елімізде атом бомбасын жару деген сөз» деп шошынған. Біз
капиталистік ел деп атаған екі елдің басшысы да телеарналардың берер тәрбиесінен, күшінен
қорыққан.
1994 жылы БҰҰболашақ жас ұрпақтың тәрбиесі үшін зорлықзомбылық, қантөгіс,
нашақорлық, порнографияға қатысы бар материалдарды насихаттайтын фильмдерге тыйым салу
жөнінде шешім қабылдады. Міне, осы мәселе Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарына
сабақ болуы тиіс. Оның үстіне Қазақстан Конститутциясы мен «Баспасөз және басқа ақпарат
құралдары туралы» заңда да осындай мазмұндағы тұжырымдар барын ұмыт қалдырмаған жөн.
Балалар телевидениясының негізгі аудиториясы 312 жас аралығы. Олар тұтынушы.
Тұтынушылардың сапасы мен жас мөлшеріне қарай бөлінетінін ескерсек, отандық
тележурналистикамызда балалар телевидениясы жеке сала ретінде қалыптасып, өз орнын тауып
үлгерді деген шешім күмән тудырары анық.
Отандық тележурналистикадағы балалар телевидениясында ертегілеріміз «Қарлығаштың
құйрығы неге айырдан?» басталады. Ол ертегінің өзіне осы жылдың қыркүйек айында 45 жыл
толады. «Қарлығаштың құйрығы неге айырды?» бүгінгі сәбилердің атааналары сол сәбидей бала
кезінде көрген. Ол туынды «Қазақфильмнің» үздік туындыларының қатарына жатады. Қазақ
анимациясы халық ертегілерінің желісіне құрылады. Нағыз қазақи дәстүрді бойына
сіңіретіндіктен, кішкентай көрерменінене берер тәлімтәрбиесі мол.
Ал бүгінгінің ертегішілері балалар телевизиясы. Қазақ телевизиясындағы басты ертегіші
– «Балапан» арнасы. Ендеше осы арнаның тыныстіршілігіне талдау жасап көрейік.
Эфир таралымы
Кабельдік желіден эфирге шығады
Эфир аудиториясы
● 312 жас аралығындағы балалар
Эфир уақыты
● сағат 07:00 – 24:00 аралығында
Эфир тілі
● Қазақ тілінде
Мақсаты:
Келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі , білім мен ғылымның
шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, арожданы мол, еңбексүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Басты ерекшеліктері:
● Ол Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна.
● Ол тек қазақ тілінде хабар таратады.
● Ол білім мен ғылым, тәлімтәрбиенің сарқылмас кені.
Білім беретін, танымдық бағдарламалар:
2.1. «Балапанның» бағдаламалары:
«Әліппе»
Жанры: оқутанымдық бағдарлама
Көрермен аудиториясы: 47 жас аралығы
Эфир тілі: қазақ тілі
Ұзақтығы: 20 минут
253
Эфир уақыты: күнделікті
Бағдарлама балаларға әріп танып, оқуға үйретеді. Балабақшада алған білімдерін жетілдіріп,
шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыруға, қоршаған ортаны таныпбілуге, сөздік қорын
арттыруға көмектеседі. Қызықты ойындар көмегімен өтетін бағдарламаның тілі жеңіл, балаларға
түсінікті. Хабарда түрлі ойындар, мультфильмдер, сюжеттер, ертегі, жұмбақтар көрсетіледі.
«Санамақ»
Продюсері: Лилия Файзуллина
Шефрежиссері: Андрей Авдеев
Шефредакторы:
Еркебұлан
Әлімжанов
Редакторы:
Ләззат
Оңғар
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: күнделікті, 19.45
Ұзақтығы: 15 минут
Жүргізушілері: Жамбыл – Жамбыл Дүйсенов, Аружан – Аружан Машжанова, Айбек – Айбек
Ерназар, Азиза – Азиза Ерназар
Балаларға арналған экономикалық алғашқы бағдарлама. Дүниенің құпия сырларын
қарапайым да түсінікті тілмен Жұлдызбек сиқыршы баяндап береді.
15 минуттың ішінде балақайлар түрлі жерлерге саяхат жасап қана қоймай, қызықты ойындар
ойнап, би билейді. Іш пыстырмайтын тәжірибелер жасап, ақшаны ұқыпты да сауатты жұмсауға
бауланады. Сонымен қатар, экономика мен есепқисап әлеміне де саяхат жасайды. Әр тақырып
егжейтегжейлі қарастырылып, практикалық тапсырмалар мен кеңестер беріледі. Балалар түрлі
ойындар мен тәжірибелер арқылы қоршаған ортаның қырсырын біліп, тереңірек түсінулеріне
мүмкіндік алады. Берілетін тапсырмаларды көгілдір экранның алдында отырып ақ жүзеге асыруға
болады!
Бағдарлама бүлдіршіндердің экономика саласында өздерін нық сезінуін тәрбиелей отырып,
ақшаның қайдан пайда болатынын, оны не үшін үнемдеп жинау керектігін және де тағы да басқа
көптеген нәрселерді білуіне өз септігін тигізеді.
«Шеберхана»
Сипаты: оқутанымдық бағдарлама
көрермен аудиториясы: 38 жас аралығы
эфир тілі: қазақ тілі
ұзақтығы: 26 минут
эфир уақыты: күнделікті
Бағдарлама балаларды қолөнерге үйретіп,оны бағалауға, құрметтеуге, еңбексүйгіштікке
баулиды.
«Арғымақ»
Бала танымын, білімін, зеректігі мен ойқиялын ұштай түсуге арналған бағдарлама.
Жанры: ойынсауықтық
Көрермен аудиториясы: 38 жас
Ұзақтығы: 20 минут
Мақсаты: Балаларды табиғат әлемімен етене жақындастыру, ойлау қабілеті мен тіл байлығын
дамыту. Баланы мектепке дайындау, салдәстүр мен мақалмәтелдерді білуге талпындыру.
«Ғажайыпстанға саяхат»
Жанры: оқутанымдық анимациялық сериал
көрермен аудиториясы: 310 жас аралығы
тілі: қазақ тілі
ұзақтығы: 5минут
эфир уақыты: күнделікті
Балаларды қоршаған ортаны тануға, табиғаттың әртүрлі құбылыстарын түсінуге жетелейді.
Баланың дүниетанымын арттыруға ықпал етеді. Топтама балаларды елітіп әкететін шымшытырық
қызықты оқиғаларға құрылған. Тілі жеңіл, бала ұғымына сай.
Эстетикалық-тәрбиелік мақсаттағы бағдарламалар:
«Ән салайық!»
254
Жанры: отбасылық музыкалық ойынсауық шоу бағдарлама
көрермен аудиториясы: 510 жас аралығы
эфир тілі: қазақ тілі
ұзақтығы: 20 минут
эфир уақыты: күнделікті
Бағдарлама балалардың музыкалық қабілетін арттырады, жаңа әндер үйренуге мүмкіндік
береді. Бағдарламада халық арасында кең таралған әндер мен мультфильмдерде, кинотуындыларда
орындалған шығармалар қамтылады.
«Кел, ойнайық!»
Жанры: танымдық, ойынсауық шоу бағдарлама
көрермен аудиториясы: 46 жас аралығы
эфир тілі: қазақ тілі
ұзақтығы: 30 минут
эфир уақыты: күнделікті
Бағдарламаның ойыншылары балалар. Сондықтан өз құрдасының ісәрекеті, сөйлеуі,
ойланып шешім айтуын көру көрермен баланы қызықтырады. Балалар жарыса жүріп, ойын
үстінде шыңдалады, балалар әдебиеті мен музыка, т.б. өнердің түрлерін үйрене отырып танымын
арттырады.
«Айжұлдыз»
Жанры: кешкілік танымдық бағдарлама
көрермен аудиториясы: 38 жас аралығы
эфир тілі: қазақ тілі
хронометражы: 12 минут
эфир уақыты: күнделікті
Балаларға ұйқы алдында қызықты әңгімелер айтылады. Олар баланың санасын баурап, ой
танымын кеңейтуге әсер етеді. Ертегі мен шынайы өмірді
ұштастырған бұл әңгімелер – баланың қиялына қанат бітіріп, ізгілікке тәрбиелеп, білім
көкжиегін кеңейтеді. Кейіпкерлердің ісәрекетіне көрермен бала өзі баға беріп, олардан үлгі алады.
«Алақай, балақай!»(7сурет)
Бағдарламаның мақсаты баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт
деннің саулығын арттырып ғана қоймай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға
үйретеді.
Жанры: спорттық, ойынсауық шоу бағдарлама
Көрермен аудиториясы: 310 жас аралығы
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: күнделікті, 17.55
Ұзақтығы: 10 минут
Бағдарлама балалардың қатысуымен дайындалады. Дене жаттығуының адам денсаулығына,
салауатты өмір сүруіне пайдасын ойын арқылы, жаттығу жасау арқылы түсіндіреді. Хабардың
девизі: «Спортденсаулық кепілі».
Балапанның бүгінде қамтып үлгерген аудиториясы – 200 мыңға жетіп жығылады. Бірақ
арнаның еліміздің ауылдық өңірлері мен шалғай аудандарына жетпейтінін ескерсек, бір мемлекет
үшін бір арнаның аздық ететінін көруге болады.
Қазақ ертегілері негізінде көркем фильмдер, мультихикаялар түсіру қажет. Мысалы Ыбырай
Алтынсариннің «Таза бұлақ» таңдамалылар жинағындағы әңгімелерді мультфильм ретінде түсірсе,
23 минуттық көркем туындылар пайда болады. Ал осы ертегілерді жарнама орнына жіберіп
отыратын болса (жарнама есебінде күн көріп отырған арналарға қатысы жоқ), барлығын тез
қабылдайтын бала көңілі телехикаяны емес, жарнаманы күтіп отырар еді. Ескерер бір жайт
мультфильм кейіпкерлерінің образдары көз тартарлық болуы қажет («Алдар көседегі» «қарны
қампайған» қазақтардай емес). Егер күніне кем дегенде 20 рет көрсетілсе, 20 рет ертегі айтып
бергендей боламыз.
255
Тарихи образдарды көрсету. «Куан Ге То», «Ханзада Жумонг», «Сұлтан Сүлеймен» емес,
Тоныкөктен бастап, Қайрат Рысқұлбековке дейін. Сценарий жоқ демеңіздер, Ілияс Есенберлиннің
«Көшпенділерінде» қаншама ханның тағдыры бар.
Көңіл көтеру бағдарламаларын көбейту керек. Музыка арқылы тәрбие беру қажет. Халық
әндерін, халық композиторларының туындыларын, отанға, туған жерге арналған ойнақы, көңілді
әндерді үйрету арқылы тәрбиелеуге болады.
Осы
орайда
ұлттық
құндылықтарды
тамшылап
сіңіретін,
шет
елдің
қызықты
бағдарламаларымен бәсекеге түсуге қабілетті тележобалар ауадай қажет. Өйткені телевизия –
қуатты қару. Онымен ұрпақты тәрбиелеуге де болады, немесе басқа мемлекетке тәрбиеге беруге
болады.
Әдебиеттер
1. Қазақ журналистикасы2том – Алматы: Таймас, 2008.
2. Телевизионная журналистика – Мәскеу: ММУ Баспасы, 1994.
3. Ғаламтор. /WWW.kazaitys.kz/
4. Ғаламтор. /WWW.google.kz/
5. Егемен Қазақстан Республикалық газеті
6. Айқын Республикалық газеті
7. Ғаламтор/WWW.balapan.kz/
ГРАЖДАНСКАЯ МЕДИАКРИТИКА: САЙТЫ И ФОРУМЫ КАЗАХСТАНСКИХ СМИ
Гиззатов Аян, студент 1-курса СДУ, отделение журналистики
Научный руководитель: Зейне Оразбекова, к.ф.н., PhD, ассоц.профессор РАМ
Республики Казахстан
Түйін
Аталмыш мақалада отандық БАҚң халахуалы жайлы ой көтерілген. Сонымен қатар,
көпшілікті толғантып жүрген сауалдарға жауаптар іздену барысындағы журналистика қызметінің
сан қырлы проблемаларына қоса бүгінгі таңдағы медиасын, медиасарап мәселелері көтерілген.
В
современных
условиях
медиакритика
СМИ
обеспечивает
осмысление
новых
явлений и тенденций, помогая сориентироваться в нынешнем противоречивом развитии не
только массовой аудитории, но и профессионалам печатной и электронной прессы. Медиакритика
может
участвовать
в
пересмотре, трансформации,
обновлении
устоявшихся
критериев
нормы, эталонности, результатом чего может быть социальная переоценка усилий и достижений
как создателей медийного содержания или контента, так и деятельности СМИ, где «медийным
содержанием» или «контентом» понимается содержательный комплекс СМИ, включающий
журналистский, документальный, художественный, рекламносправочный и иллюстративный
компоненты. Журналистская критика СМИ содействует совершенствованию деятельности
печатной и электронной прессы, выявляя отжившие либо социально опасные проявления в
деятельности средств массовой информации и создателей медийного содержания – и создавая
через влияние на общественное мнение профессиональносоциальные условия для их
преодоления. Признавая важность критики, нацеленной на совершенствование журналистского
компонента медийного содержания и журналистики как рода творческопрофессиональной
деятельности, необходимо вместе с тем учитывать, что современные средства массовой
информации предлагают аудитории не только медиатексты, подготовленные журналистами.
256
Понятие «СМИ» не может отождествляться с понятием «журналистика», поскольку
содержание СМИ, стержнем которого являются журналистские произведения, включает в себя
разнообразные нежурналистские компоненты, нередко превалирующие в современном медийном
содержании. Эти компоненты также заслуживают пристального внимания и критической оценки.
В наши дни медиакритика предстает в трех взаимопроникающих и взаимосвязанных
видах: академической, профессиональной и массовой критики СМИ, которые образуют в
совокупности сложное системное триединство:
1. Академическая медиакритика представлена критикожурналистскими работами ученых и
исследователей, адресованными как научным кругам, так и профессионалам массмедиа.
Академическая медиакритика познает наиболее сложные и масштабные явления и процессы в
массовоинформационной сфере, требующие теоретического подхода, повышенного уровня
компетентности. Работы представителей академической медиакритики обычно публикуются в
научных журналах и альманахах, «толстых» журналах, а также в изданиях, ориентированных на
сообщества создателей медийного содержания (например, в профессиональных изданиях по
журналистике). Отдельные произведения академической медиакритики можно встретить на
образовательных Интернетсайтах;
2. Профессиональная медиакритика имеет своим адресатом сообщества журналистов и
других создателей медийного содержания. В роли же критиков в данном случае обычно выступают
представители этих сообществ – либо авторы, тесно связанные с данными сообществами по роду
своей профессиональной деятельности. Следует заметить, что понятие «профессиональная
медиакритика» не исчерпывает внутреннюю критику в сообществе журналистов, поскольку в
создании медийного содержания (особенно в электронных СМИ) участвуют не только члены
журналистского «цеха», но и представители других профессий (режиссеры, операторы, дикторы и
т.д.). Предназначение профессиональной (внутрикорпоративной) медиакритики реализуется не
только через изучение и критику текущей практической деятельности представителей того или
иного медийного «цеха», но и творческонормативной базы, механизмов и условий социального
функционирования профессиональных сообществ, участвующих в информационном производстве
и распространении массовой информации. В дополнение к традиционным профессиональным
журналам по журналистике в последние годы появились электронные издания – обозрения СМИ,
эпизодически публикующие произведения «внутрицеховой» медиакритики;
3. Произведения гражданской медиакритики предназначаются одновременно как широкой
аудитории читателей, телезрителей, радиослушателей, так и творцам медийного содержания. При
этом журналисты и другие творческие работники СМИ предстают в двух ролях. С одной стороны,
это коллеги, к которым критик обращается с разбором их деятельности. С другой стороны, это
Достарыңызбен бөлісу: |