Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі Шолу Алматы 2006 ж. Каzakhstan



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата16.02.2017
өлшемі1,33 Mb.
#4211
1   2   3

1.3. оралмандарға квотаны анықтау

Оралмандардың  иммиграциясының  квотасы  ха-

лық  санының  өзгеруіне,  елдің  экономикалық  жә-

не  қаржылық  жағдайына  байланысты  әр  жылға 

анықталады.

Квотаның  көлемі  ҚР  Президентінің  жарлығымен 

бекітіледі.  1993  жылы  бірінші  рет  жылдық  кво-

та  бекітілген  болатын,  осы  квотаға  сәйкес  10000 

(шамамен  40000  адам)  отбасының  көшіп  келуіне 

немесе  репатриация  жасауға  мүмкіндік  берді.  90-

жылдары  квотаның  көлемі  едәуір  өзгерді,  1999 

-2000  жылдары  500  отбасына  дейін  төмендеді.  

2002  жылы  экономикалық  жағдайдың  жақсаруы-

мен  байланысты  квота  көлемі  2005  жылы  15000 

отбасына дейін жоғарылады. 

Квотаға  енгізу  өтініші  (ҚР  дипломатиялық  неме-

се  консулдық  миссияларына)  шет  елден  келген 

соң  немесе  келмей  тұрып,  беріледі.  Елде  тұрып 

жатқандардан  өтініш  Астана  қаласындағы  Еңбек 

және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің 

көші-қон  комитеті  арқылы  немесе  жергілікті  де-

партаменттер  арқылы  беріледі.  Сонымен  қатар, 

оралмандар  отбасыларының  квотаға  енгізілу  кри-

териилері «Көші-қон туралы» Заңда , нормативтік-

құқықтық  актілерде  нақтыланбаған.  Осының  сал-

дарынан квотаға енгізілу барысында жемқорлыққа 

жол берілген.

Квота  Қазақстанға  оралмандардың  көшіп  келуіне 

шектеу  бермейді.  Басқа  елдердің  иммиграциялық 

квоталар  жүйелерінен  айырмашылығы,  (мысалы 



оралмандар иммиграциясының квотасы

Жыл


1993

1994


1995

1996


1997

1998


1999

2000


2001

2002


2003

2004


2005

Отбасы 


саны

10 000


7000

5000 4000

2200

3000


500

500


600

2655


5000 10 000 15 000

11

Германия),  Қазақстанда  квотаға  енгізілуі  орал-

ман  отбасыларының  елге  кіруіне  және  ол  жерде 

тұрақты өмір сүруіне талаптар қоймайды. Осының 

салдарынан  квотаға  енгізілмеген  оралмандар  от- 

басылары  көбейіп  отыр.  Соңғы  жылдары,  мыса- 

лы,  көрші  Өзбекстаннан,  соның  ішінде  Арал  теңі-

зінің жағалауында тұратын (Қарақалпақ, Навои об- 

лыстары)  квотаға  енгізілмеген  оралмандар  отба-

сылары көптеп көшіп келіп жатыр. Сонымен, орал-

мандардың екі тобы пайда болды: біріншісі квотаға 

енгізілгендер және квотаға енгізілмегендер.

1.2  суретте  қазақ  иммигранттарының  жалпы  са- 

нымен квотаға енгізілген оралмандардың айырма-

шылығы көрсетіліп отыр.

Графиктен көріп отырғанымыздай, (1.2 сурет) 1995 

жылға дейін елімізге көшіп келгендер саны бекітіл-

ген квотадан төмен болып отыр. Бірақ, 1996 жыл-

дан бастап, оралмандар саны бекітілген квотадан 

асып түсті, ал 2001 жылда тарихи отанына қайтып 

келгендер саны бекітілген квотадан 15 есе көп бо-

лып  отыр.  2002  жылы  квотаның  2000  отбасына 

көбейтілгеніне  қарамастан,  иммигранттар  саны  4  

есе  көбейді.  2004  жылы  квота  10000  отбасына 

көбейсе  де,  жалпы  иммиграция  квотадан  86%-ке 

жоғары болды.

Квотаға  енгізілген  оралмандар  мен  квотаға  енгі-

зілмеген  оралмандар  санының  айырмашылығын 

Қазақстанда өмір деңгейінің жоғарылауымен (бас-

қа  елдермен  салыстырғанда)  және  де  этникалық 

қазақтардың  Қазақстанның  оралмандар  саясаты-

1.2. сурет. 1993-2004 жылдары оралмандардың көшіп келуі

Дерек көзі: Көші-қон комитетінің ресми деректері.

на қызығушылық таныту белсенділігінің артуы деп 

түсіндіруге болады.  

1.4. оралмандарды мемлекет 

тарапынан қолдау

Оралмандарды  құқықтық  қолдау  1997  жылы 

шыққан  «Халықтың  көші-қоны  туралы»  Заңға  

негізделген,  бұл  заңда  Қазақстанға  көшіп  келген 

барлық  оралмандарға  байланысты  интеграция- 

лық  шаралар  қарастырылған.  «Халықтың  көші-

қоны  туралы»  Заңнан  басқа  әр  түрлі  нормативтік 

– құқықтық актілер бар.

7

Жыл  сайын  оралмандардың  интеграциясына  



қаржы  бөлінеді,  2005  жылы  8  млн  тенге  бөлінді. 

Мемлекеттік  дотациялардың  көлемі  анағұрлым 

көбейіп  отыр.  Мысалы,  2002  жылы  мемлекеттік 

бюджеттен  интеграциялық  үрдістерге  375  млн. 

тенге ақша қарастырылды. 2003 жылы бұл көрсет-

кіш 2 млрд тенгеге өсті. 2006 жылы 11,1 млрд.тенге 

болады деп күтілуде.

8

Бюджеттік  қаржылар  квотаға  енгізілген  орал-



мандарды  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуге  жә- 

не жәрдемақы беруге жұмсалады. Тұрғын үй алу- 

ға арналған жәрдемақы мен әр отбасы мүшелеріне 

берілетін  жәрдемақы  квотаға  енгізілген  орал-

мандарға  беріледі  және  де  жол  шығындары  өте- 

ліп,  шекарадан  мүліктерін  өткізген  кезде  кеден 

баждарынан  босатылады.  Квотаға  енгізілмеген  

оралмандар  қазақстандық  азаматтық  алуға  құ-

жаттарын бере алады және оралмандарға тиесілі 

7

 Республикалық бюджетен оралмандарға бөлінетін қаржыларды мақсатты бағытта қолдану тәртібі (Үкімет қаулысымен бекітілген). 

Оралмандарға жеке үй салу үшін жер бөлу тәртібі (Үкімет қаулысы бойынша бекітілген). Тұлғаларды уақытша адаптациялық 

орталықтарда қоныстандыру нұсқаулығы (Қазақстан Республикасы көші-қон  және демография Агенттігі төрағасының бұйрығы бойынша 

бекітілген). ҚР мигранттар мен оралмандарға арналған адаптациялық орталықтар туралы нұсқаулық (Қазақстан Республикасы көші-

қон  және демография Агенттігі төрағасының бұйрығы бойынша бекітілген). Оралманның статусын анықтау  және оларды иммиграция 

квотасына енгізу нұсқаулығы (Қазақстан Республикасы көші-қон  және демография Агенттігі төрағасының бұйрығы бойынша бекітілген). 

8

 2003-2006 ж «Республикалық бюджет туралы» Заңдар.


12

жеңілдіктерді  ала  алады.  Бұл  жеңілдіктердің  кө- 

лемі  квотаға  енгізілген  оралмандарға  қарағанда 

шектеулі, оларды салыстыру қиын.

Заңдарда  жұмыспен  қамту,  біліктілігін  арттыру,  

тілге  бейімделу  көмектерін  көрсету  бекітілген-

мен  республикада  арнайы  тіл  курстары  сияқты, 

анықтама  қызметтері,  біліктілігін  жоғарылату  

курстары  сияқты  арнайы  интеграциялық  бағдар-

ламалар  жоқ.  Қабылданған  заң  оралмандарға 

арналған  бейімделу  орталықтарын  құру  мәселе- 

сін  шешкен.  Бірақ,  Халықаралық  көші-қон  ұйы-

мының  деректеріне  сүйенсек,  мұндай  орталықтар 

өз қызметін толығымен орындай алмай келеді. 



1.5. Институционалдық негіздер

Квота  бекіту  жүйесін  енгізу,  оралмандардың  кө- 

шіп  келуін  және  олардың  бейімделуін  қадағалау 

Еңбек  министрлігінің  көші-қон  департаментіне 

жүктелген болатын; 1997 жылы бұл өкілеттік мем-

лекеттік орган - көші-қон және демография Агент-

тігіне  берілді  (КҚДА).  КҚДА-ның  бас  офисі  Аста-

оралмандарға мемлекеттік  

көмек

квотаға енгізілген оралмандарға қосымша 

жеңілдіктер

Зейнетақы төлемдері

Шекарадан өткен кезде кеден баждан босату

Жәрдемақыларды ( мүгедектерге, асыраушысынан 

айырылған жағдайда және жасына қарай берілетін ) 

төлеу 


Қоныстанған жерге мүлікті алып келуге арналған 

шығындарды өтеу 

9

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар 



Бір жолғы берілетін жәрдемақы отбасы иесіне 15 АЕК 

және әр отбасы мүшесіне 10 АЕК көлемінде 

«Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау 

туралы » заңға сәйкес өтемақылар

Тұрғын ұй сатып алуға берілетін бір жолғы жәрдемақы 

10

ЖОО түсушілерге берілетін гранттар 



Қажетті виза алу кезінде консулдық алымдардан 

босату


Әскери қызметтен уақытша босату 

Кепілдік негізінде берілетін медициналық қызмет 

көрсету 

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету 

Жұмыспен қамтамасыз ету, біліктілігін жоғарылату 

және жаңа мамандықты игеру 

Мектепке, бала бақшаға және әлеуметтік қорғау 

мекемелеріне кіру

Қазақ және орыс тілін үйренуге көмек көрсету

9

 Оралманның бір отбасысы 1000 кг жүкті ақысыз өткізе алады. Көлік шығындары көшіп келген соң жол жүру құжаттарын (авиабилеттен 

басқа) көрсеткен соң өтеледі, бірақ өтемақының көлемі 1 адамға 10 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) аспауы керек. 2006 жылы АЕК 1030 

тенге болды. Жүкті тасымалдау шығындары тиісті құжаттарды көрсеткен соң өтеледі және ол 1 отбасына 50 АЕК жоғары болмауы тиіс.

Бұл жәрдемақыларға малды алып келуге арналған көлік шығындары да кіреді.

10

 «Республикалық бюджеттен оралмандарға берілетін қаржыларды мақсатты қолдану тәртібі туралы » 2004 жылы ақпанда қабылданған 

нұсқаулыққа сәйкес, оралмандар тегін үй алмайды, әр отбасы мүшесіне 100 АЕК көлемінде жәрдемақы беріледі.

на  қаласында  орналасқан,  ал  оның  16  жергілікті 

басқарламалары  14  аймақтарда  және  Алматы 

мен  Астана  қаласында  орналасып,  тікелей  Пре-

зидентке  бағынышты  болды.  2004  жылы  ноябрь-

де  КҚДА  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

министрлігінің  жанындағы  көші-қон  комитеті  бо- 

лып  өзгертілді,  бұл  өз  ретінде  бақылау  қызметі-

нің  Президент  Әкімшілігінен  Еңбек  және  халық- 

ты  әлеуметтік  қорғау  министрлігіне  ауысуына  се-

беп болды.

Көші-қон  комитетінен  басқа  оралмандармен  әр 

деңгейде  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  органдар  

бар, оларды тіркеуде, квотаға енгізуде, азаматтық 

алуға  арналған  өкілеттіктер  тек  қана  бір  органға 

берілмеген,  сондықтан  да  бұл  қызметтерде  бю-

рократияға орын берілген.

Әр  түрлі  органдарда  дайындалған  құқықтық  үр-

дістердің  қиындығы  және  бұл  жұмыстарды  бір  

жерден үйлестіре алмау оралмандардың интегра-

циялануына кедергі жасайды.


1

1

II БөліМ.

орАлМАНдАрдЫ 

қоНЫстАНдЫру ерекшеліктері

Бұл  бөлімде  оралмандар  туралы  көрсеткіштер 

берілген,  соның  ішінде  демографиялық  мазмұн-

дамалар,  қоныстандырудың  географиялық  ере-

кшеліктері  және  қайталанған  көші-қон  үрдістері 

кіріктірілген.

Статистикалық  көрсеткіштер  ресми  деректерден 

және халықтан жауап алу арқылы алынған.



2.1. демографиялық көрсеткіштер

2006  жылы  қыркүйекте  Қазақстанда  тұратын 

оралмандардың  саны  464  426  адам  болды,  олар 

117 698  отбасын  құрады.

11

  Жас  шамасына  қарай 



талдау  көрсеткендей  оралмандардың  шамамен 

43%-і  жастар,  ал  52%  -і  жұмысқа  қабілетті  адам-

дар, ал 5%-і зейнеткерлер болып табылады

12



2.1. сурет. 

оралмандардың жас шамасын талдау

Оралмандардың  жыныстық  құрылымы  Қазақстан 

халқының  жыныстық  құрылымына  сай  келеді,  

48%  ерлер  және  52%  әйелдер

13

.  Қазақстан  хал-



қының жалпы құрылымы 49% (ерлер), 51% (әйел-

дер)


14

.  Көші-қон  комитетерінің  мәліметтеріне  қа-

рағанда 163 376 адам (35%) некеге тұрған. 

Шамамен  оралмандардың  76%-і  1992  жылы  аза-

маттық  алған.  21%-і  азаматтық  алуды  күтіп  отыр 

немесе азаматтық алуға өтініш беруге дайын, 3%-і 

азаматтық алғылары келмейді.

Иммигранттардың  жалпы  санында  оралмандар 

33%  құрайды.  2005  жылы  оралмандардың  саны 

елге  көшіп  келген  жалпы  иммигранттардың  80% 

құрады.

2.2. оралмандардың көшіп келген 

елдері

Оралмандардың  көшіп  келген  елдері  шығыс  Азия 

мен  Таяу  Шығысқа  дейін  созылып  Батыс  Еуро-

паны  қамтиды.  1991-2005  жылдар  аралығында 

оралмандардың  көшіп  келген  елдері  Өзбекстан 

(285 409),  Монғолия  (71 507),  Түркменстан  

(41 787), Қытай (22 117), Ресей (18 632). Көшіп кел- 

ген  елдердің  ішінде  Иранды,  Түркияны,  Ауғанс- 

танды,  Пәкістанды,  Қырғызстанды  және  Тәджік-

станды да атауға болады; кейбер оралмандар ТМД 

елдерінен, Шығыс Еуропадан, Даниядан және Из-

раилдан көшіп келді.



2.2. сурет.  

оралмандардың көшіп келген елдері

11

 Бұл көрсеткіш квотаға енгізілген және енгізілмеген 1991 жылдар мен 2005 жылдар аралығындағы оралмандарды құрайды.Көрсеткіштер 

2005 жылы 1 қыркүйектегі статистика Агенттігінің мәліметтерінен алынды.  

12

 Қазақстанда 58 жаста әйелдер және 63 жасында ерлер зейнеткерлер бола алады. 

13

 2005 жылы 1 қыркүйектегі көші-қон комитетінің мәдіметтері.  

14

 Қазақстандағы БҰҰДБ ақпараттық базасының мәліметтері.

1

Мұндай  қоныстандыру  жағдайы  әр  түрлі  фак-

торлармен  түсіндіріледі.  Біріншіден,  квота  өңірлік 

бөлініске  бағытталған,  сондықтан  да  квота  өмір  

сүру  жерлерін  шектейді.  90-жылдар  квота  көбі-

несе  Солтүстік  Қазақстанға  бағытталған  бола-

тын.  Бұл  етек  алған  солтүстік  және  орталық  ау-

мақтардағы  эмиграциялық  ағымдардың  халық  

санын  төмендетуге  әкеліп  соққан  залалдарын  

жабу  мақсатында  жүргізілген  болатын.  Мигра-

циядағы  өзгерістерге  сай  квота  кейінгі  жылдары 

оңтүстік  облыстарға  жылжи  бастады,  бұл  орал-

мандардың  қоныстандыру  үдерісіне  (географи- 

 ялық  бағытына)  сай  келеді.  Мысалы,  2005  жылы 

квотаға  енгізілген  оралмандардың  73%  (15  000 

отбасының  10 885-і)  Өзбекстаннан  көшіп  келіп, 

Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды.

Квотаға  енгізу  өтінішін  бергендер  қай  облыста 

тұрғысы  келетіндігін  көрсетеді.  Таңдау  өкілеттігі 

бар  облыстық  комиттер,  өтініш  бойынша  квота  

лимитіне  негізделген  нақты  шешім  қабылдайды. 

Белгілі  бір  облысқа  өтпей  қалған  өтініш  берген 

оралман басқа облысқа квотаға енгізілмейді. Егер 

оны бұл облысқа квотаға енгізбесе, ол тіптен еш-

қандай  квотаға  енгізілмейді.  Квотаға  енгізілме-

гендер  өтінішін  тек  қана  келесі  жылы  қайта  бере 

алады.

Квотаға  енгізілмеген  оралмандарды  қоныстан-



дыруға  көшіп  келген  елдің  жақындығы,  жұмыспен 

қамту  деңгейі  сияқты  факторлар  әсер  етеді.  Мы-

салы,  Оңтүстік  Қазақстанға  көптеген  оралмандар 

Өзбекстаннан,  Тәджікстаннан,  Түркменстаннан, 

Ираннан,  Ауғанстаннан,  Пәкістан  мен  Түркиядан 

көшіп  келеді,  олар  бұл  облысты  бұрынғы  тұрған 

жеріне жақын болғандықтан және жылы климаты-

на  байланысты  таңдайды.  Орыс  тілінде  сөйлей 

алмайтын  оралмандар  бұл  облыста  қазақ  тілін- 

де  сөйлейтіндердің  көптігін  де  еске  алып  таң-

дайды.  Облыстарды  таңдауда  оралмандардың 

туысқандары  болуы  және  тарихи  байланысы  қо-

сымша себеп бола алады.

Маңғыстау  облысы  –  оралмандар  санына  бай-

ланысты  екінші  орында  тұр  -  Түркменстаннан, 

Өзбекстаннан,  әсіресе,  Қарақалпақ  автономдық 

республикасынан  келген  оралмандарға  тартым- 

ды.  Олар  осы  облыста  тұрып  жатқан  оралман-

дардың  95%-ін  құрайды.  Мұндай  қоныстанудың 

негізгі  себебі  Түркменстан  мен  Өзбекстанның  та-

рихи  түбірінің  жақын  болуы.  Маңғыстау  облысы 

оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тар-

тымды.  2002  жылы  Маңғыстауда  бұл  көрсеткіш 

жалпы ұлттық деңгейден 91,1% -ке көбейді.

Соңғы 10 жыл көлемінде көшіп келгендер туралы 

ақпарат  шектеулі.  Осыған  қарамастан  жыл  сайын 

Өзбекстаннан  көшіп  келіп  жатқан  оралмандар  ту-

ралы ақпаратты соңғы 55 жылда байқауға болады. 

2001  жылы  осы  елден  Қазақстанға  24859  адам, 

2002  жылы  87596  адамға  дейін  көшіп  келді.  2004 

жылы бұл көрсеткіш 46787 адам болса, 2005 жылы 

қыркүйекте  тағы  да  күрт  өсті  (78 123-ге  дейін). 

Олардың көшіп келу себебін көшкен елдерінің эко-

номикалық  жағдайының  тұрақсыздығы,  ал  Қазақ-

станға келсек , керісінше, позитивтік жаңалықтардың 

болғаны деп түсіндіруге болады. 



2.3. оралмандарды қоныстандырудың 

ерекшеліктері 

Оралмандар  Қазақстанның  барлық  өңірленде-

рінде  тұрады.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 

оралмандардың  басым  бөлігі  тұрады  (122  131). 

Бұл  шамамен  Қазақстанда  тұрып  жатқан  барлық 

оралмандардың  26%-н  құрайды.  Екінші  орында 

оралмандар  саны  бойынша  Маңғыстау  облысын 

бөліп  көрсетуге  болады.  Бұл  жерде  61 737  адам 

немесе барлық оралмандардың (13%) тұрады. Ал-

маты  және  Жамбыл  облыстарында  60  770  және 

49 365  оралман  тұрады.  Ең  аз  оралмандар  тұра-

тын облыстарға Батыс-Қазақстан, Атырау облысы 

мен Алматы, Астана қалалары жатады.

2.3. сурет. оралмандарды облыстар 

бойынша қоныстандыру


1

2.4. Қайталанған көші-қон үрдісі

Қайталанған  көші-қон  үрдісі  (немесе  басқа  об- 

лысқа,  ауданға  көшу)  оралмандар  арасында  жиі  

кездесетін  жағдай.  Зерттеулерге  сүйенсек,  орал-

мандардың  24%-і  тұрған  жерлерін  кем  деген-

де  1  рет  өзгерткен.  Қайталанған  көші-қон  үрдісі 

әсіресе  ауылдық  жерде  қоныстанған  оралман- 

дар  арасында  жиі  кездеседі.  Солтүстік  аудан- 

дардан  оңтүстік  аудандарға  ауысып  көшу  90- 

жылдары  кең  етек  алған,  бұл  квотаның  геогра-

фиялық тұрғыдан өзгеруіне байланысты, ауылдық 

жерлерден қалаға көшуі әлі де жиі кездеседі.

Мұндай  миграцияның  жоғары  деңгейіне  ауыл-

дық  жерлерде  жұмыс  орнының  болмауы  (кол-

хоз,  совхоздардың  күйреуі);  мектептер  мен 

ауруханалардың  тапшылығы,  кейбір  аудандарда 

бала  оқыту  мүмкіншілігінің  болмауы;  жақын  қа- 

лаға бару үшін көлік ақысының жоғары болуы жә- 

не  ауылдық  инфрақұрылымның  нашар  дамы-

ғандығы  сияқты  факторлар  жатады.  Орталық  жә- 

не  солтүстік  аймақтардағы  оралмандар  ауылдық 

жерлерден  қалаға  жиі  көшеді.  Маңғыстау  мен 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  респондент-

тердің ең аз бөлігі өздерінің бастапқы тұрған жер-

лерін өзгерткен. 


1

III БөліМ.

орАлМАНдАрдЫҢ 

ЭкоНоМИкАлЫқ ЖӘНе 

ӘлеуМеттік ИНтеГрАЦИЯсЫ

3.1. Жұмыспен қамтылу

Иммигранттардың  экономикалық  интеграциясы  

немесе  жұмыспен  қамтылу  деңгейі  еңбек  рыно- 

гына  қатысуы  жаңа  қоғамға  кіруіндегі  негіз-

гі  көрсеткіш  болып  табылады.  Зерттеулердің 

нәтижелері  көрсетіп  отырғандай,  оралмандардың 

экономикалық  интеграцияға  жеткен  деңгейі  өте 

төмен.


Көші-қон  комитетінің  ресми  статистикасына  жү-

гінсек,  оралмандардың  тек  қана  61,5%  ғана  жұ-

мыспен қамтылған.

15

 2000 жылдағы жұмыспен қам- 



тылу деңгейі 32% болғанына қарамастан бұл көр-

сеткіш  2004  жылы  91,6%  болған  барлық  халық- 

тың  жұмыспен  қамтылу  деңгейімен  салыстыр- 

ғанда өте төмен болып отыр. Оралмандар арасын-

дағы жұмыссыздық деңгейі жалпы ел бойынша көр-

сеткіштен (2004 ж 8,4%) анағұрлым жоғары.

Аймақтар  бойынша  жұмыспен  қамту  деңгейінде 

айырмашылық  бар.  Мысалы  Астанада  оралман-

дардың  91%  жұмыспен  қамтылған.  Алматы  об-

лысында  сұрақ  қойылған  оралмандардың  83% 

жұмысымыз  бар  деп  жауап  берді.  Солтүстік  Қа- 

зақстан  облысында  зерттеу  барысында  оралман- 

дардың  79%-не  жұмыс  орны  табылды.  Оңтүстік 

аймақтарда  жұмыспен  қамту  деңгейі  өте  төмен.  

Оңтүстік  Қазақстанда  сұрақ  қойылған  оралман-

дардың  38%-інде  ғана  жұмысы  бар.  Осындай  тө- 

мен  көрсеткіштер  зерттеу  барысында  Батыс  Қа-

зақстан  облысында  да  байқалды,  ол  жерде  сұрақ 

қойылған  оралмандардың  41%  ғана  жұмысымыз 

бар деп жауап берді.

Оралмандар  ішіндегі  жұмыссыздық  деңгейінің 

жоғары  болуын  әр  түрлі  себептермен  түсіндіруге 

болады.  Біріншіден,  оралмандардың  жұмыс  та-

3.1. сурет. облыстар бойынша оралмандардың жұмыспен қамтылуы

15

 2005 жылы 1 қаңтардағы көші-қон комитетінің мәліметтері. 


1

буына әсер ететін құқықтық кедергілер. «Халықтың 

көші-қон  туралы»  Заң  оралманның  статусын 

анықтағанмен,  заңда  осы  статусты  айқындайтын 

оралманның  құқтары  мен  міндеттері  көрсетілген 

нормалар жоқ.

Сондықтан,  заңда  оралманның  статус  алғаннан 

кейінгі құқықтық нәтижелері бекітілмеген. Бұл нор-

малар  басқа  да  заңдарда,  атап  айтқанда  еңбек 

және  салықтық  заңдарда  да  көрсетілмеген.  Мы-

салы,  Қазақстанның  еңбек  туралы  заңдарында 

жұмысшылар  екі  түрлі  топқа  бөлінеді  (резидент- 

тер  және  резиденттер  емес)  және  резидент  емес 

деп  саналатын  оралмандарға  арнаулы  құқықтық 

режим  бекітілмейді.  Сондықтан  да  жұмыс  беруші 

оралманды  жұмысқа  алса,  онда  оған  арнайы  ли-

цензия алу қажет, бұл оңай емес…

Тағы  да  осыған  ұқсас  құқықтық  кедергілерге  

азаматтықты  растау  жатады.  Ресми  түрде  Қазақ-

станда  жұмыс  істеу  үшін  оралмандар  азаматтық 

алу  керек  немесе  уақытша  тұруға  рұқсат  керек 

(осылай қазақстан азаматтығын ресми түрде және 

жұмыс  істеу  құқығын  алу  үшін).  Бірақ  азаматтық 

алу  үшін  оралмандар  тұратын  жеріне  тіркелуі 

қажет.  Сондықтан  тұрақты  мекен  жайы  жоқ  орал-

мандар үйіне тіркеуге тұрғызатын адамдарды ізде-

уге мәжбүр болады.

16

Екінші  экономикалық  интеграцияға  кедергі  бо-



лып  отырған  жайт  тіл  проблемасы.  Орыс  тілін-

де  сөйлей  алмайтын  немесе  осы  тілді  нашар 

меңгерген  оралмандар  жұмыс  іздеуде,  әсіресе, 

солтүстік  аймақтарда  елеулі  кедергілерге  тап  

болады.  Қазақ  тілі  жақсы  дамыған  оңтүстік  об-

лыстарда  тілге  байланысты  проблемалар  көп  

емес,  дегенмен  ондай  қиындықтар  аздап  кезде- 

седі.  Мысалы,  Қытайдан,  Ауғанстаннан  және 

Пәкістаннан  келген  оралмандар  ескі  қазақша- 

да  (негізінде  араб  алфавиті  кірген)  жазады,  ал 

Түркияда  латин  графикасы  қолданылады.  Осы  

елдерден  көшіп  келген  оралмандар  қазақ  тілін-

де оқи да, жаза да алмайды. Сондықтан, екі тілді 

де  білмеу  оралмандарға  жұмыс  табуында  едәуір 

қиындықтар туғызады.

Білім  деңгейіндегі  айырмашылық  та  жұмысқа 

орналасуға  кедергі  жасайды.  Жоғары  білімі  бар 

оралман  егер  оның  дипломы  елімізде  мойын-

далмаса,  жұмысқа  орналаса  алмайды

17

.  Кей-



бір  жағдайларда  оралмандар  өз  мамандықтары  

бойынша  (инженерлер,  технологтар,  дәрігерлер, 

экономистер)  жұмысқа  орналаса  алмайды,  бұл  

жағдай  арнайы  білімі  жоқ  сатушыларға  да 

қатысты.

Сауалдардың  нәтижесі  көрсетіп  отырғандай, 

оралмандардың  20%-і  Қазақстанға  көшіп  кел- 

генге  дейін  мемлекеттік  секторда  жұмыс  істе-

ген  (білім  беру,  денсаулық  сақтау,  ғылым  және 

т.б.),  бірақ,  соның  ішінде  7,2%-і  ғана  сондай 

құрылымдарда  жұмыс  таба  алған.  Оралмандар-

дың  ішінде  қол  өнерімен  айналысқандар  саны 

2%-тен  5%-ке  өсіп  отыр.  Майда  сауда-саттықпен 

айналысқан  оралмандардың  саны  екі  есе  өсті 

(1,9% көшкенге дейін 4,9% көшкеннен соң). Басқа 

жағынан  қарағанда  көшіп  келгенге  дейін  ауыл 

шаруашылығымен  айналысқан  оралмандар  саны 

4%-тен 1%-ке төмендеп кетті.

Респонденттердің  ішінде  жұмыссыздар  көбейіп  

бара  жатыр.  Иммиграциядан  кейін  бұл  көрсеткіш 

24,4%-ке  өсті.  Оралмандар  арасындағы  жұмыс-

сыздықты  талдау  барысы  көрсетіп  отырғандай 

олардың көбісі жұмыссыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет