Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Беркімбаев К.М., Байтерекова Н.И. Оқыту үдерісінде ақпараттық -коммуникациялық... 
 
 
Қазіргі кезде компьютерлік модель ретінде: 
-өзара байланысты компьютерлік суреттердің, кестелердің, схемалардың, 
диаграммалардың, 
графиканың, 
анимациялық 
фрагменттердің, 

 
114 
 
гипермәтінрдің көмегімен сипатталған объектінің шартты бейнесі айтылады. 
Бұл  түрдегі  компьютерлік  модельдер  құрылымдық-функционалдық  деп 
аталады; 
-түрлі  факторлардағы  объектіге  әсер  ету  шарттарының  функциялану 
үдерісін имитациялауды реттелген есептеулер мен графикалық бейнелеулер 
нәтижесінде  шығаруға  мүмкіндік  беретін  жеке  бағдарламар  комплекстері 
аталады. 
Мұндай модельдер имитациялық компьютерлік модельдер деп аталады.  
Оқыту  үдерісінде  оқу  материалын  ұсынуда  компьютерлік  модельдеуді 
қолданудың  басқа  модельдеу  әдістеріне  қарағанда  төмендегідей  тиімді 
ерекшеліктері бар: 
-модель  бойынша  модельдеуші  жүйенің  сандық  және  сапалық 
функциялану нәтижесін алуға негізделген; 
-модельдерді  талдау  нәтижесінде  алынған  сапалық  қорытындылар 
күрделі жүйенің: құрамы, даму динамикасы, орнықтылығы, бүтіндігі сияқты 
бұрын белгісіз болып келген қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді; 
-сандық  қорытындылар  негізінен  жүйені  сипаттайтын  болашақ  және 
бұрыннан белгілі параметрлердің мәндерін түсіндіруде болжамдық сипатты 
иеленеді; 
-ақпараттарды  модельдеуде  мамандардан  компьютерлік  сауаттылықты 
талап етеді; 
-болашақ  мамандардан  ақпараттық  қоғамдағы  орасан  зор  ақпарат 
ағымын пайдалануда уақыт үнемдеуге ықпал етеді [2.53; 3.111].  
Қорыта  айтқанда,  оқу  үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық  
технологияларды  қолданудың  әдістемесі  ақпараттарды  оқушыға  ұсынуда 
компьютерлік модельдеу түрін кеңінен қолданудың негізінде іске асырылуы 
тиіс.  
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Беркінбаев  К.,  Ниязова  Г.,  Салықбай  А.  Жоғары  оқу  орындарының  информатика  курсында 
ақпараттарды  құрылымдық  модельдеу  негізінде  оқытудың  психологиялық-педагогикалық 
мәселелері. //ҚазҰПУ. Хабаршы Вестник №1(12), -Алматы: 2005. 
2.
 
Беркінбаев К., Ниязова Г., Салықбай А. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында компьютерлік  модельдеуді 
қолданудың тиімділігі. //ҚазҰПУ. Хабаршы Вестник №1(12), -Алматы: 2005. 
3.
 
Байтерекова  Н.  Ақпараттық  технологиялар  білім  беру  саласында.  ТарПи  құрылғанына  40  жыл 
болуына арналған «Жас ғалым 2007» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 
еңбектері, 2007. 
 

 
115 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Б.Д.СЫДЫҚОВ 
педагогика ғылымдарының докторы 
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  теоретические  аспекты  профессиональной  подготовки  будущих  учителей  на 
основе информационно-компьютерного и математического моделирования.  
 
This  work  presents  theoretical  aspects  of  professional  training  of  future  teachers  on  the  basis  of  informational, 
computer and mathematical modeling.  
 
Қазақстан  Республикасының  Евразиялық  аймаққа  кіруі,  ХХІ  ғасырға  нық 
сеніммен  аяқ  басуы  ел  Президентінің  «Қазақстан-2030»  атты  стратегиялық 
бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте 
жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе 
туғызады.  
Заманның  жаңа  даму  сатысында  білім  беру  жүйесі  қоғамның  жаңа 
экономикалық  саясат,  әлеуметтік  және  интеллектуалдық  деңгейіне  сай  келуі  тиіс. 
Осыған  орай  білімнің  мақсаты,  мазмұны  және  оны  оқыту  тәсілдері  қайта  қаралып, 
оқу  жүйесін  реттеу,  ұйымдастыру  мәселелері  зерттеліп,  өз  шешімін  табуды  қажет 
етеді.  
Жаңа  тұлғаны  тәрбиелеу  мен  оқытуда  жоғары  мектептің  алатын  орны  ерекше. 
Оның  қызметі  үнемі  дамуда.  Жаңа  заман  талаптарына  сәйкес  жоғары  мектептің 
дамуы  көптеген  қоғамдық-әлеуметтік  мәселелерді  шешуді  қамтамасыз  етуі  керек. 
Жоғары  мектептің  алдына  қойған  ең  бірінші  мақсаты-  қоғамға  қажетті  жоғары 
білімді мамандарды даярлау. 
Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  даму  кезеңінде  орта  білім 
беретін  оқу  орындарының  оқу  үдерісінің  тиімділігі  болашақ  мұғалімнің  кәсіби 
дайындығына 
тікелей 
қатысты. 
Сол 
себепті 
ақпараттық-компьютерлік 
технологиялар  құралдарын  педагогикалық  іс-әрекетте  кеңінен  қолдана  білу 
іскерліктерінің  жоғары  деңгейде  қалыптасуы  мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби 
дайындығына  қойылатын  талаптар  қатарына  енеді.  Осы  орайда,  жоғары  оқу 
орындарында  болашақ  мұғалімдерді  педагогикалық  үдерісте  ақпараттық 
технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды 
жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады. 
Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  бүкіл  өркениетті  әлемдегі 
ақпараттық  даму  білім  берудің  дәстүрлі  қалыптасқан  жүйесін,  әдістері  мен 
технологиясын  қайта  қарауды  талап  етуде.  Бұл  үдеріс  білімнің  жаңа  аймақтарына 
енудің  қажеттілігі  мен  оны  жеке  тұлғаның  толық  көлемде  меңгеруінің 
қиыншылықтары  арасындағы  қарама-қайшылықтары  ретінде  белең  алып  отыр. 
Осыған  орай,  бүгінгі  ғаламдық  білім  беру  кеңістігіне  сай  білім  беру,  танымды, 
ойлауды  дамыту,  өзінше  ғылыми  тұжырым    жасауға,    олардың    қажетіне    қарай  
ғылым  жетістігін  сұрыптауға,
 
студенттің  өзінің  іс-әрекетінің  субъектісі  болуына 
мүмкіндік туғызу – көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді 
маман  ғана  қоғамның  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  өркендеуінің  
көшбасшысы бола алады.  
Білім  саясатының  өзекті  мәселелері  –  кәсіптік  даярлаудың  сапасын  жақсарту, 
біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  түбегейлі  жаңарту, 
оқытудың  формалары  мен  әдістерінің  түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сыдықов Б.Д.
 
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық...  
 
 

 
116 
 
оқу-тәрбие  тәжірибелері  мен  қазіргі  қоғамның  сұраныстарының  алшақтығын  жою, 
білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді  жетілдіру  үдерісіндегі  үздіксіздікті 
қамтамасыз  етуде  оның  ролін  арттыру  және  қазіргі  заман  техникасы  мен 
технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу. 
Сондықтан  жоғары  мектеп  педагогикасының  күрделі  де  маңызды  бір  мәселесі 
студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби 
бағдар берудің  жаңа  жүйесін  жасау,  іскер  және құзіретті маман  дайындау. Мұндай 
маман  дайындау  үшін  білім  беру  үдерісін  белсенділендіру,  оқытудың  жаңа 
формалары  мен  әдіс-тәсілдерін  жетілдіру  қажет.  Оқу  үдерісін  белсенділендіру  – 
берік  те  тиянақты  білім  берудің  жолдарын  қарастыру,  студенттердің 
шығармашылық  ойлауына,  ізденуіне  мүмкіндік  жасау,  оларды  келешек 
мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру [1]. 
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық-компьютерлік    және  математикалық 
модельдеу  негізінде  даярлау  үшін  оларда  ең  алдымен  практикалық    іс-әрекет 
барысында  пайда  болатын  мәселелерді  формальды  сипаттау  дағдыларын,  яғни 
ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеу  әдістері  туралы  кәсіби 
білім, іскерлік және дағдылар  жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге 
негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу, есептерді 
математикалық  модельдері  бойынша  шешу,  ЭЕМ-мен,  оның  құрылғыларымен, 
ақпараттық  технология  құралдарымен  жұмыс  істеу,  құрылған  алгоритм  бойынша 
ЭЕМ-ге  арнап  бағдарламалау  тілдерінің  көмегімен  бағдарлама    құру  және  бұл 
білімдер  мен  іскерліктерді  объектінің,  құбылыстың  ақпараттық-компьютерлік 
моделін жасау үшін қолдана алу негізгі бір мәселе болып табылады. 
Замани  ақпараттық  жүйелерді  қолдану  дағдылары  және  олардың  көмегімен 
кәсіби  практикалық  есептерді  шешу  іскерліктері  мен  практикалық    маңызды 
есептерді  ЭЕМ  көмегімен  шешу  нәтижелерін  сауатты  өңдеу  іскерлігі,  оның 
нәтижелерін  кәсіби  практикалық  іс-әрекеттерде  қолдану  дағдыларын  болашақ 
мұғалімнің бойында қалыптастыру басты назарда болуы қажет. 
Бұл  талаптардың  осы  көлемде  жүзеге  асырылуы  болашақ    мұғалімдердің 
ақпараттық-компьютерлік 
және 
математикалық 
модельдеу 
бойынша 
сауаттылығының    жоғары    деңгейде    қалыптасуын    қамтамасыз      етеді.      Осы
 
айтылғандардан  байқайтынымыз  АКММ  түсінігі  «ақпараттық  мәдениеттілік» 
ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа 
түсініктерді  енгізу  арқылы  пайда  болады,  яғни  барлық  жаңа  түсініктер  ЭЕМ 
көмегімен  есептерді    шешу  үшін  ақпараттық  –  компьютерлік  және  математикалық 
модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.          
Ақпараттық  проблеманың  пайда  болуы,  ең  алдымен,  әлеуметтік-экономикалық 
факторларға  байланысты  және  бұл  проблемаларды  техникалық  құралдармен  де, 
жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта 
бағдарлау  жолымен  де  шешуге  болады.  Осы  тұрғыда,  болашақ  мұғалімдердің 
ақпараттық 
ой-өрісін, 
мәдениетін 
дамыту 
және 
олардың 
ақпараттық 
технологияларды  меңгерумен  қатар  оларды  жасау  іскерлігін,  дағдыларын 
қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.  
Болашақ  мұғалім  даярлауда  оқыту  мазмұны  мен  формаларын,  оқу  құралдары 
мен әдістерін іріктеуде дидактикада кейінгі кезде айтылып жүрген кәсіби мақсатты 
көздеу ұстанымын негізге алудың маңызы зор. 
Оқу  үдерісінде  болашақ  мұғалімнің  теориялық  даярлығын  жетілдіруде  кәсіби 
мақсатты  көздеу ұстанымын ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар.  Білім  мазмұнын  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сыдықов Б.Д.
 
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық...  
 
 
анықтауда,  ақпараттық  модельдеуге  оқыту  туралы  ғылыми  курстарды  меңгертуде 
оқу  материалдарының  студенттің  әдістемелік-кәсіби  шеберлігін  жетілдіруге 

 
117 
 
бағытталып  құрылғаны  жөн.  Осы  тұрғыда  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырып 
отырудың рөлі ерекше болып табылады. 
Қоғамды,  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  бүгінгі  күнде  ақпараттық-
компьютерлік  технологияларды  тиімді  де  нәтижелі  пайдалану  үшін  біріншіден, 
жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс 
жасағанда,  қандай  да  болсын  (табиғи  тіл  қатынасында  да)  сөйлем  қателіктерін 
түсінбейтінін ескеру керек.  Ол тек өзіне арналған арнайы бағдарламалау тілдерінің 
алфавитінде  жазылған  алгоритм-бағдарламаны  ғана  орындайды.  Сонымен  бірге, 
қолданушы  бағдарламалардың  көмегімен  шектеулі  амалдарды  атқару  мүмкіндігіне 
ие  [2].  Ал  ақпараттық-компьютерлік  технологиялар  көмегімен  бұл  міндеттерді 
дұрыс шешу үшін объектінің, құбылыстың моделін дұрыс құра білу керек. Бұл кезде 
біздіңше  мәселенің  ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдерін 
құру  мақсатқа  сай  келеді.  Сондықтан,  болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық-
компьютерлік және математикалық модельдеу (АКММ) негізінде білім бере отырып 
дайындау бүгінгі күн сұранысынан туындап отырғандығын айғақтайды. 
Білім  беру  үдерісінде  компьютерлердің,  ақпараттық  технологиялардың  кеңінен 
қолданылуы  интерактивті  жүйе  құруға  алып  келді.  Интерактивті  жүйе  жеке 
компьютерді  пайдалану,  сондай-ақ  бейне  дискілі  құрал  және  теледидар  кешендері 
негізінде  құрылады.  Мұндай  қазіргі  заманғы  кешендер
 
интерактивті  оқытуда  аса 
қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. 
Ақпараттық-компьютерлік  оқыту  бағдарламалары  оқу  үдерісін  талдау 
мүмкіндігін  кеңейтеді,  яғни  ол  теориялық  негіздерін  құрайтын  бағдарланған 
оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы [3.16]: 
Бірінші  ұстаным  -  өзара  тығыз  байланысты  материалдарды  үзінді-блоктарға 
бөлу  (қадамдарға).  Бағдарламаны  автордан  оқу  материалын  тиянақты  талдауды, 
мәтін  бөліктері  арасындағы  байланыстың  тығыз  қисыны  мен  мазмұнын анықтауды 
талап етеді. 
Екінші  ұстаным  –  алгоритмдерді  (бағдарланған  мәтіндерді)  оқып  үйренуге 
білімгерлер  белсенділігін  арттыру,  яғни  жеке  қадамдар  мазмұны  үйренушіде  терең 
талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталады. 
Үшінші  ұстаным  –  білімгердің  әрбір  жауабына  артынша  баға  беру,  яғни 
студенттің жауабына  бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі 
қадамға өтуіне рұқсат береді. 
Төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни ұтымды 
оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді. 
Бесінші ұстаным – бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық сенімділігін тексеру, 
бағдарламашы  авторға  әрбір  студенттің  мүмкіндігіне  орай  қиындық  дәрежесін 
реттеуді міндеттейді. 
Оқытушы    студенттердің  компьютерлік  сауаттылығына  сүйене  отырып, 
оқытудың  әдіс-тәсілдерін  қолданады.  Бұл  үшін  жекелеген  пәндерді  оқытудың 
сапасын көтеруге, екіншіден, компьютерлік сауаттылықты  дамытуға, студенттердің 
компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады. 
Ақпараттық-компьютерлік 
технологияларды 
оқу 
үдерісіне 
енгізуде 
студенттердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескерілуі 
тиіс.  Бұл ұстанымдар студентті кәсіби біліммен байытуға, жалпы білімдік  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сыдықов Б.Д.
 
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық...  
 
 
міндеттер мен пән туралы білім идеяларын жүзеге асыруға, оқыту мен тәрбиелеудің 
кешенді  мәселелерін  есепке  ала  отырып,  сабақты  жүргізудің  вариативті  әдістерін 
қолдануға жол ашады. 
Зерттеу  барысында  байқалғаны  оқыту  үдерісінде  арнайы  пәндерді  оқытуда 
ақпараттық-компьютерлік  технологиялар  құралдарын  қолдана  отырып,  АКММ 

 
118 
 
негізінде  білім  беру  электронды  оқулықтар,  мультимедиялы  және  ақпараттық-
компьютерлік құралдарды да өздері жасау қажеттігін білдірді. 
Білім  берудегі  ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеуді 
жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар [3.17]:  
Бірінші фактор – ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді 
кәсіби  даярлаудың  сапасын  арттыру,  яғни  мамандардың  ақпараттық  және 
алгоритмдік іс-әрекетінің негізгі элементі ретінде анықталады. 
Екінші  фактор  –  модельдеу  ғылыми  таным  әдісі  ретінде,  яғни  жалпылама 
АКММ бойынша сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен анықталады. 
Үшінші фактор – мамандарды дайындау үдерісінде АКММ ақпараттарды мәтін 
түрінде ұсыну тәсілі және оқыту құралы ретінде қажеттілігімен анықталады. 
Төртінші  фактор  -  педагогикалық  ғылымдардың  логикалық  дамуын 
анықтайтын білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен айқындалады. 
Білім  берудегі  АКММ  әр  түрлі  педагогикалық  міндеттерді  шешу  үшін 
мультимедиялы  электронды  оқулықтар  базасында  ақпараттық  технологияны 
пайдалану  және  оны  жасаумен  байланысты  мәселелерді  шешетін  педагогикалық-
психологиялық 
әлеуметтік-экономикалық, 
ғылыми-технологиялық 
деңгейде 
қарастырылады.  
Білім  беру  үдерісіне  АКММ  технологиясын  енгізу  арқылы  зерттеу  және 
тәжірибе  жүргізетін  мәселелердің  үлкен  ортасы  бірінші  кезекте  білім  беру 
практикасына қажетті ақпараттық технологияларды құру тұжырымдамасын жасауды 
талап етеді. 
Жоғары  білім  беру  үдерісінде  АКММ  негізінде  болашақ  мұғалімдерді 
дайындаудың тұжырымдамасын жүзеге асыру ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі 
кезеңдерден тұрады: 
1)  кәсіби  пәндерді  оқыту  үдерісінде  қолданылатын  АКММ  құралдарын  игеру 
мен оны жасау; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен 
жаңа әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
2)  дәстүрлі  оқу  пәндерін  оқытуда  қолданылатын  АКММ  негізінде  ақпараттық 
технология құралдарын жасау және оны белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының  
негізінде  педагогтардың  оқу  жұмысының  жаңа  әдістері  мен  ұйымдастыру  түрін 
жалпылама  игеру;  білім  беру  мазмұнын,  оқу-тәрбие  жұмысы  әдістері  мен  дәстүрлі 
формасын  түбегейлі  қайта  қарастыру,  оны  оқу-тәрбие  үдерісінде  практикалық 
жүзеге асыру; 
3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта  құру; 
ақпараттық-компьютерлік  технология  құралдарын  қолдануға  сәйкес  келетін  білімді 
ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеу  негізінде  оқытудың 
әдістемесін толықтыру. 
Қазіргі  кезде  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерін  кәсіби  маман  дайындау 
үдерісінде  пайдалану  маңызды  екендігі,  ал  бірақ  сол  негізде  болашақ  мамандарға 
білім  беру  әлі  де  жеткіліксіз  екендігі  айқындалды.  Бұл  бағытта  арнайы 
тұжырымдамалардың  негізін  анықтап,  арнайы  модельді  ұсыну  қажеттігі  туады. 
Болашақ  мұғалімді  АКММ  негізінде  кәсіби  дайындау моделі – ЖОО-да болашақ  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сыдықов Б.Д.
 
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық...  
 
 
мұғалімді  дайындауға  әлеуметтік  тапсырысын,  маманның  кәсіби  біліктілігі 
деңгейіне қоғамның талабын, студенттің  бәсекеге  қабілетті  білім  алуға  талабын,  
студенттерге      АКММ  негізінде  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  және  АКММ  іскерлігін 
қалыптастыру технологиясын қамтиды (Сурет 1). 
 
 
 
Маманның кәсіби 
біліктілігі деңгейіне 
коғамның талабы 
ЖОО-да болашақ 
мұғалім дайындауға 
әлеуметтік тапсырыс 
Тұлғаның бәсекеге 
қабілетті білімдер алуға 
талабы 
Білім беру саласында кәсіби 
ісерліктерді қалыптастыру 
АКММ іскерліктерін қалыптастыру 
Болашақ мұғалімнің АКММ бойынша 
қойылатын талаптар деңгейі 
Болашақ мұғалімнің АКММ бойынша 
білім, іскерлік, дағдыларының 
қалыптасқан деңгейі 
Студенттерге АКММ негізінде  

 
119 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Болашақ мұғалімді АКММ негізінде кәсіби дайындау моделі 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сыдықов Б.Д.
 
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық...  
 
 
Болашақ мұғалімдерді АКММ негізінде кәсіби дайындау жүйесін жобалауда біз 
мына негізгі кезеңдерге сүйендік [3.26]: 
1) оқу жоспарларының мазмұнын және құрылымын талдау; 
2) оқыту мақсатын жобалау; 
3) оқыту мазмұнын жобалау; 
4) оқыту формаларын жобалау; 
5) оқытудың әдістерін жобалау; 
6) оқытудың құралдарын жобалау; 
7) оқу үдерісін ұйымдастыру талаптарын тұжырымдау. 
АКММ іскерлігін қалып-
тастыру технологиясы 
Мақсаттары 
Орталары  
Мазмұны   
НӘТИЖЕ 
(Болашақ мұғалімдердің АКММ іскерлігі қалыптасуының талап етілген деңгейі) 

 
120 
 
Сонымен,  болашақ  мұғалімдерді  АКММ  негізінде  кәсіби  дайындау  жүйесі 
мынадай белгілі кезеңдерден өтеді: жүйені жобалау; жүйені құрастыру; жүйені іске 
асыру; жүйені іске асыруды талдау; кәсіби дайындау жүйесін жетілдіру. Ал, АКММ 
негізінде  кәсіби  дайындау  жүйесі  болашақ  мұғалімдерге  мамандық  пәндерді 
оқытудың  барлық  деңгейлерін  қамтитын  тұйықталған  циклден  тұрады; 
студенттердің  оқу-зерттеу  жұмысы,  студенттердің  модельдеу  жұмыстары; 
студенттердің ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары. 
Сондықтан, біз болашақ мұғалімдерді АКММ негізінде кәсіби дайындау жүйесін 
өзара  байланысқан  элементтердің  (оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  әдістері, 
формалары,  құралдары,  бақылау  тәсілдері,  коррекция  тәсілдері,  нәтижесі) 
жиынтығы ретінде қарастырамыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Хмель Н. Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителья. -Алматы: Ғылым, 1998. 
-320 с. 
2.
 
Лапчик М.П. и др. Теория и методика преподования информатики. -М.: Академия, 2001. -624 с. 
3.
 
Сыдықов Б.Д. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде 
кәсіби дайындау жүйесі. Пед.ғыл.докторы дисс... авторефераты. -Түркістан: 2008. -44 б. 
 

 
121 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Б.А.ОСПАНОВА 
педагогика ғылымдарының докторы, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры 
 
Г.ДАЙРАБАЕВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  магистранты 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ 
 
В  статье  рассматривается  значимость  применения  инновационных  педагогических 
технологий в учебном процессе. 
 
This  article  deals  with  the  importance  of  the  employment  of  innovative  pedagogical  technologies  in 
the teaching process. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға 
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 
...оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген [1.19]. 
Инновация  (латын  сөзі  “in-в,  novis  -  жаңа)  -  «жаңа»,  «жаңалау»  -  бір 
нәрседен жаңа пайда болу; «жаңалық енгізу» деген мағынаны береді. 
«Инновация»  ұғымы    ең  бірінші  ХІХ  ғасырда  мәдениеттанушылардың 
зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші  ел мәдениетіне 
енгізу  дегенді  білдіреді  және  бұл  ұғым  этнографияда  әлі  күнге  дейін 
сақталған.  
«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әр  түрлі 
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: 
«Инновация  –  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып  табылатын  идея»  десе,  ал 
Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің 
жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» деген [2]. 
ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдардың  бас  кезінде  орыс  ғалымдары 
В.И.Днепрова, 
В.И.Загвязинский, 
В.С.Лазерованың 
еңбектерінде 
«инновация»  ұғымы  пайда  болды.  Олар  «инновация»  ұғымын  білім  беру 
жүйесінде  жаңалықтарды  жасап  шығару,  игеру,  қолдану  және  тарату  іс-
әрекеті деп сипаттады. Ал Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбектерінде 
«Инновация  дегеніміз  –  жаңа  мазмұнды  ұйымдастыру,  ал  жаңалық  енгізу 
дегеніміз  –  тек  қана  жаңалық  енгізу,  ұйымдастыруды,  қалыптастыруды 
анықтайды,  ал  «жаңаша»  деп  жаңаның  мазмұны,  оны  енгізудің  әдіс-тәсілі 
мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» - делінген [2]. 
Э.Брансуик педагогикалық жаңалықты 3 түрге бөледі. 
Бірінші  түрі  –  білім  саласындағы  бұрын  соңды  болмаған  жаңалық. 
Автордың  айтуы  бойынша  бұндай  жаңа  ой  бұрын  зерттелмеген  түп  нұсқа, 
өте  сирек  кездеседі.  Бұндай  жаңалықтар  білім  мазмұнына  революциялық 
өзгерістер әкеледі және ғылыми түрде эксперимент жасауды қажет етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет