Кодекс орындалуымен қҰнды елбасы қР ҚОРҒаныс министрлігінің басшылық ҚҰрамымен кездесті


(Салық Зимановтың түрлі басылымдарда



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата20.02.2017
өлшемі7,52 Mb.
#4533
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

(Салық Зимановтың түрлі басылымдарда 

жарық көрген ой-түйіндері)

(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚАЗАҚ  ЗАҢ  ҒЫЛЫМЫНЫҢ 

ҚАРА  НАРЫ

О

Й

Т

Ү

Р

Т

К

І

дерінің  еркіндік  идеяларына  негіз­

делген  қазақ  әдет­ғұрып  заңдары, 

олардың  «ежел гі  бол мысы»  туралы 

ойлары  мен  пікір лерін,  билер  және 

билер сотының тарихы мен олардың 

қоғам,  ел  өміріндегі  ерекше  рөліне 

арнал ған  зерттеулерін  өзегіне  то­

ғыстырды. Сондай­ақ, бұл кітапта ұлы 

дала  қа зақтарының  өміріндегі  қазақ 

құ қығының  ежелгі  еркіндік  идеяла­

ры на  негізделген,  көбінесе  ауызша 

та рихта  сақталған,  қазақ  құқығы 

жү йесінің  көшпелі  өмірді  реттеудегі 

жа сампаздығы  туралы  зерттеу  жұ­

мыс тары қамтылады. Қазақтың белгілі 

әрі беделді билері, олардың биліктері 

мен  шешендік  өнері,  өсиеті,  нақыл 

сөздері, ел тұтастығы мен ер намысын 

қорғау  жолындағы  сүбелі  үлестері 

көрсетілді. Абай – ұлы ойшыл, ақын 

әрі қазақ әдет­ғұрып құқығының біл­

гірі мен реформаторы. Оның тө бе би 

болып  сайлануы,  нақтылы  билік тері 

кеңінен  берілді.  Қазақ  әдет­ғұ рып 

құқығының ескерткіштері. Із деністер 

мен табыстар. «Қасым хан ның қасқа 

жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  Әз 

Тәукенің  «Жеті  жарғысы»  жөніндегі 

тың  көзқарастар  да  Салық  Зиманов 

жетекшілік  еткен  ауқымды  кітаптың 

көтерер жүгіне айналды. Соттық құ­

қықтық  және  саяси  құрылысты  бей­

нелейтін  қазақ  мемлекеттілігі,  ұлы 

дала  сотының  көрнекті  қайраткер­

билерінің  бейнелері  көрсетілген 

көркемсурет,  фотоқұжат  мұралары, 

қазақ құқығы туралы жаңа мәліметтер 

мен  деректік  құжаттар  тұтастай  бір 

халықтың өткені мен бүгінінен хабар 

береді. Ал, мұндай еңбекті жинақ тау, 

ұйымдастыру  С.Зимановтай  білік­

ті  ғалымның  ғана  қолынан  келері 

анық еді. Ендеше, бүгінде құқықтық 

сауаттылыққа  ұмтылған  кез  келген 

қазақ үшін таптырмас мұраға айнал­

ған  бір  еңбектің  қатарға  қосылуы 

Салық  Зиманов  секілді  академиктің 

тоқтаусыз ізденісінің жемісі. 

Біз  үшін  Зиманов  мұралары 

таусылмайтын кен секілді. Шетінен 

кертіп,  керегіне  жарату  құқықтық, 

зайырлы  мемлекет  өкілдерінің 

игілігі.  Белгілі  ғалым  жайлы  пікір 

айтып, оның еңбегін саралау, әри-

не,  ең  алдымен  үлкен  ғылымның 

үлесіндегі шаруа. Алайда, құқықтық 

сауатын ашуға ұмтылып, еліміздің 

қалыптасу кезеңдерін оқуға, білу-

ге  ұмтылған  кез  келген  талапты 

жастың  абызға  айналған  айтулы 

ақсақал  жайлы  азғантай  ойтол­

ғауы айыпты дүние еместей көрін­

ді. Өйт кені, Салық Зиманов – заң 

ғылымының  атасы  ғана  емес,  ол 

күллі қазақ халқы үшін таусылмас 

мұра қалдырған тарих.

Жадыра ҚҰДАЙБЕРГЕН

адал болып тәрбиеленуі тиіс. Бұрын 

төрелік  жасағысы  келетін  адамның 

адалдығын  көріп  барып  үлкен  би­

лер  бата  беретін.  Шешендігіне, 

тап қырлығына  мән  беретін.  Заңды 

білуі  өз  алдына,  неге  біз  осындай 

талаптарды судьялардың алдына қоя 

білмейміз?  Патша  өкіметі  кезінде 

билерден  сот  тағайындады  ғой. 

Судьяларға  шен  берді,  ақша  берді. 

Сонда  Байтұрсыновтың  айтатыны 

бар:  «Бұрынғы  билер,  судьялар 

елдің туы еді, қазіргі билер елдің уы 

болды», – деп. Біз қазір осы қауіптің 

қайталануынан  қорқуға  тиіспіз»,  – 

деді.  Осындай  қайраткерлігі  мен 

қоғамның тамырын тап басу 

арқылы ол елдегі сот 

жүйесіне  билер 

сотының енуі не 

м ұ р ы н д ы қ 

болды.

 

«Қазақтың билер 



соты – бірегей сот 

жүйесі»


Талай  алқалы  жиындарға  мұ рын­

дық болған сот жүйесінің өзекті тақы­

рыптары соңғы жылдары оң нә тижеге 

қол жеткізе бастады. Қа зақтың билер 

сотын терең зерттей келе, ғалым бұл 

институттың бүгінгі сот жүйесіне үлгі 

етерлік тұстары көп екендігін көрсетті. 

Қазақтың  ата  заңдарын  тынбай 

зерттеп,  басқа  бірде­бір  халықта 

болмаған  билер  сотын  әлемдегі  ең 

әділ  сот  жүйесі,  қазақ  өркениетінің 

әлем  өр кениетіне  қос қан  дер бес, 

озық  үл гі сі  екеніне  алыс­жақынның 

көзін жет кізген де осы Зи манов. «Би­

лер:  адал  еңбек,  таза  ни ет,  терең 

ой, әділдік – осы төрттің құлы» дей ді 

халқымыз.  Ғалым  да  осы  асыл  қа­

сиеттерді  өмірінің  туы  ғып,  оны  еш­

қашан тү сір мей өмір ден өтті.

«Судья – бренд, 

ядро»

Қазақ  арасында  адамзат  қауы­



мының  барлық  заңдылығын  ұшалап 

сөгіп,  мүшелеп  бөліп,  жіліктеп 

білетін Зимановтай заңгерлер некен­

саяқ.  Оның  мұндай  тұңғиық  терең 

білігі  бір  басының  сипатын  асырып 

қана  қоймай,  күндердің  күнінде 

туған  халқының  ең  асыл  қажетіне 

жарағанына қалың қазақ куә. 

Қазақстандағы  құқықтық  ғылым­

ның  негізін  қалаушы  С.Зимановтың 

Ата  Заңға  дейінгі  де,  одан 

кейінгі  де  құқықтық 

жүйеге  сіңірген 

еңбегі  орасан 

зор.  Белгілі 

ғалым ның 

б а с т ы 


6

№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

zangazet@mail.ru



БЕЗБЕН

Ұсыныс


Ұлтаралық татулық, халық арасын-

дағы  достық,  әлеуметтік  және  саяси 

тұрақтылық, жеке меншік дербестігі, 

капитал  және  бизнес  бостандығы, 

бейбітшіл және ақылмен бағдарланған 

сыртқы саясат, адал, айқын және әділ 

сот жүйесі – бұл халық пен еліміздің 

гүлденуіне,  тәуелсіз  және  мықты 

Қазақ станның  қалыптасуына  Ұлт 

көшбас шысы, біздің Мемлекетіміздің 

басшысы  Н.Назарбаевтың  қалаған 

айқын негіздері.

«Қазақстан – 2030» стратегиясын 

қабылдап, оны жүзеге асыруды жос­

парлағанымызға  да  көп  бола қойған 

жоқ.  Алайда,  бірнеше  жыл  өтісімен 

бұл  бағдарлама  мерзімінен  бұрын 

орындалды.  Бұл  да  Елбасы  тапсыр-

масының халық тарапынан кең қолдау 

табатынының айқын көрінісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 

әлеуметтік, экономикалық және саяси 

даму  саласында  үлкен  жетістіктерге 

жетті. 2010 жылы ТМД елдері арасын-

да  бірінші  болып  біздің  Еуропадағы 

ынтымақтастық  пен  қауіпсіздік  ұйы-

мының беделді және ірі халықаралық 

ұйымының төрағасы болып танылуы-

мыз бүгінгі жарқын жетістіктеріміздің 

басы  болды.  2015  жылы  Қазақстан 

Дүниежүзілік Cауда Ұйымының толық 

құқылы мүшесі болды. 

Әр  елдің  даму  жетістіктері  ха-

лықаралық  спорттық  байқаулардағы 

табыстарға қарап бағаланатыны шын-

дық. Осы саладағы біздің атлеттердің 

жетістіктері  қуантады.  Уақыт  өткен 

сайын Олимпиада ойындарында жеңіп 

алған  медальдарымыздың  саны  кө-

беюде.  Қазақстан  спорт  державасы 

ретінде  2012­жылы  Азиаданы  өзінде 

қабылдады,  алдымызда  2017  жылы 

әлем деңгейіндегі кең көлемді спорт 

сайыстарының бірі – Универсиаданы 

өткізу міндеті бар.

2017 жылы біздің ел бірнеше айға 

мемлекетіміздің жас қаласы Астанада 

өтетін, бүкіл әлемге жоғары жасампаз 

және  біріктірер  міндеті  бар  ғалам-

дық  уақиға  –  «Экспо­2017»  халықа-

ралық  көр месінің  иесі  болмақ.  Бұл 

тәуелсіз дігіміздің 25 жылдығы ішінде 

Қазақстанның  жеткен  жетістіктерінің 

бір бөлігі.

Қазақстан  қазір  ең  көлемді  даму 

бағдарламасы – 100 нақты қадамнан 

тұратын  Ұлт  жоспарын  жүзеге  асы-

руда  және  оның  жетістігі  біздің  жас 

мемлекетімізге әлемге әйгілі держа-

валар  қатарлы,  беделді  орын  алуға 

мүмкіндік береді. Осы бағдарламада 

заңның  үстемдігін  қамтамасыз  ету 

мақсатында  сот  жүйесін  жаңартуға 

мән берілген.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету  

бойынша Президенттік реформа – ол 

азаматтар  мен  шетел  инвесторлары 

жағынан  ұлттық  сот  жүйесіне  деген 

сенімділікті арттырудағы және тәуел-

сіздігімізді нығайтудағы, қалыптасқан 

құқылы мемлекетті бекітудегі теңдес-

сіз қадам.

Осы  жылдың  қазан  айының  ба-

сында  Астана  қаласында  бүкіл  сот 

қауымдастығы үшін маңызы зор және 

көптен күткен уақиға – Мемлекет бас-

шысы  Н.Назарбаевтың  қатысуымен 

Қазақстан Республикасы судьялары-

ның VII съезі өтеді. Съезд жұмысының 

жоспарында Ұлт жоспарының он тоғы-

зыншы қадамына сәйкес дайындалған 

Жаңа сот этикалық кодексінің жобасын 

бекіту белгіленген. Жаңа этикалық ко-

декс халықаралық стандартқа сәйкес 

қоғам  алдында  сот  жауапкершілігін 

ұлғайтады, судьялардың мінез­ құлық 

ережелерін бекітеді. Сонымен қатар, 

съезд  жұмысы  барысында  Заңның 

үстемдігін  қамтамасыз  ету  бойынша  

президенттік  реформаларды  жүзеге 

асыру  туралы  маңызды  мәселелер 

бойынша шешімдер қабылданады.

Солтүстік  Қазақстан  облыстық 

соты  Ұлт  жоспарында  айқындалған 

бағыттарды  жүзеге асыруға белсенді 

қатысуда. Жоғарғы Сот басшылығы-

ның ықыласы мен қолдауының арқа-

сында облыстың барлық соттарын, сот 

отырысын өткізу барысын дыбыс­бей-

не­жазу  құралдарымен  толық  жаб-

дықталған  және  олар  міндетті  түрде 

қолданылуда. Соның нәтижесінде, әу-

ре­сарсаңға салушылық мүлдем орын 

алмайды.  Облыс  соттары  жергілікті 

атқарушы  органдармен  меморандум 

жасап, соттан тыс таластарды реттеу 

бойынша белсенді түсіндіру жұмыста-

рын атқаруда. Осы мақсатта дөңгелек 

үстелдер  өткізуде,  сонымен  қатар, 

бұқаралық ақпарат құралдарында на-

сихат жұмыстарын жүргізуде. 

Облыстың  барлық  елді  мекен-

дерінде қажетті заң әдебиеті мен ком-

пьютерлік  техникамен  жабдықталған 

медиация  кабинеттері  ұйымдасты-

рылған.  Өткізілген  жұмыстардың 

нәтижесі  соттан  тыс  шешілетін  та-

ластар  статистикасын  ұдайы  артты-

руда. Азаматтарға қолайлы болу және 

істерді жедел түрде қарауды қамта-

масыз ету мақсатында «Сот кабинеті» 

интернет  қызметі  кең  қолданылуда, 

соның  көмегімен  істер  мен  арыз­

дардың  көпшілігі  облыс  соттарына 

жедел түрде келіп түсуде. Солтүстік 

Қазақстан облысының сот өндірісі – 

қазіргі уақытта толығымен электрон-

ды түрде жүзеге асырылады.

Алдымыздағы съезд сот қауымдас­

тығы өмірінде ұмытылмас оқиға бола-

тынына, сот жүйесінің дамуына жаңа 

түрткі  беретініне  және  де  заңның 

үстемдігін  қамтамасыз  етудегі  Пре-

зиденттік  реформаны  жүзеге  асыру 

бойынша  барлық  мәселелер  сәтті 

шешілетіне сенімдімін.



Нұрлан НҰРАЛИН,

Тайынша аудандық сотының 

судьясы 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Жалпы  «өтініш»  дегеніміз  – 

өтінішті қарайтын субъектіге неме-

се  лауазымды  тұлғаға  жіберілген 

арыз­ұсыныс,  шағым,  сауал  не-

месе  үн  қосу.  Өтініш  жеке  неме-

се  ұжымдық  жазбаша,  ауызша 

не  электронды  құжат  нысанында 

беріледі.  Электронды  құжат  ны-

санындағы  өтініш  электрондық 

цифрлық  қолтаңбамен  расталған 

болуы қажет. 

Өтініштің бір түрі болып есеп-

телетін  «Арыз»  –  адамның  өз  құ­

қықтары мен бостандықтарын іске 

асыруда  жәрдем  көрсету  туралы 

өтінішхаты  не  заңдардың  және 

өзге  де  нормативтік­құқықтық 

акті лердің бұзылуы, өтініштерді қа­

рай тын субъектілердің, лауазымды 

тұл ғалардың  жұмыстарындағы 

кемшіліктер туралы хабарлама не-

месе олардың қызметін сынау бо-

лып табылдады. Жазбаша өтінішке 

қандай талаптар қойылады? 

Біріншіден, өтініш мәселелерді 

шешу құзыретіне кіретін субъектіге 

немесе  лауазымды  тұлғаға  жібе­

рілуі тиіс;

Екіншіден,  жеке  тұлғаның  өті­

нішінде оның тегі, аты, сондай­ақ, 

қалауы  бойынша  әкесінің  аты, 

пошта  мекенжайы,  арыз  иесінің 

қолы  немесе  ол  электрондық 

цифрлық  қолтаңбамен  куәланды-

рылуы  тиіс.  Ал,  заңды  тұлғаның 

өтінішінде  оның  атауы,  пошталық 

мекенжайы,  шығыс  номері  мен 

күні көрсетіледі;

Үшіншіден,  шағым  жасалған 

кезде, іс­әрекетіне шағым жасалып 

отырған субъектінің атауы немесе 

лауазымды  тұлғалардың  лауа-

зымы,  тегі  және  аты­жөні,  өтініш 

жасау  себептері  мен  талаптары 

көрсетіледі.

Субъектіге  тікелей  жазбаша 

өтініш  жасаған  арыз  берушіге 

арызының  тіркелген  уақыты  мен 

күні,  қабылдаған  адамның  тегі 

мен  аты­жөні  көрсетілген  талон 

беріледі. Заңның 5­бабында қарау­

ға  жатпайтын  өтініштер  көрсетіл-

ген.  Дайындалып  жатқан  немесе 

жасалған  қылмыстар  туралы  не 

мемлекеттік  немесе  қоғамдық 

қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы 

мәліметтер бар және мемлекеттік 

органдардың  құзыретіне  сәйкес 

оларға  дереу  жіберілуге  тиісті 

жағдайларды  қоспағанда,  иесі 

бүркемеленген  өтініш,  мәселенің 

мәні баяндалмаған өтініш қарауға 

жатпайды. Егер өтінішті қараусыз 

қалдыруға негіз болған жағдайлар 

кейіннен жойылса, өтініш қайтадан 

қаралады.

Бүркемеленген өтініш дегеніміз 

–  өтініш  иесін  білуі  мүмкін  емес, 

қолтаңбасы,  (оның  ішінде  элек-

трондық  цифрлық  қолтаңбасы) 

жоқ  және  арыз  берушінің  пошта-

лық  мекенжайы  жоқ  өтініш.  Мұн-

дай өтініш қарауға жатпайды.

Заңның  8­бабына  сәйкес, 

өтінішті  қарау  үшін  лауазымды 

тұлғалардан  ақпарат  алу  немесе 

жергілікті  жерге  барып  тексеру 

талап  етілмейтін  жеке  және  заң-

ды тұлғаның өтініші 15 күн ішінде 

қаралады.  Егер  өтінішті  қарау 

үшін  субъектілерден,  лауазымды 

адамдардан  ақпарат  алу  немесе 

жергілікті  жерге  барып  тексеру 

талап  етілетін  жеке  және  заң-

ды  тұлғаның  өтініші  келіп  түскен 

күннен  бастап  күнтізбелік  30  күн 

ішінде қаралады және ол бойынша 

шешім  қабылданады.  Қосым ша 

зерделеу 

Қ

АЗАҚ ХАЛҚЫН ҒАСЫРЛАР БОЙЫ АҢСАТҚАН 



ТӘУЕЛСІЗДІККЕ  БИЫЛ  25  ЖЫЛ  ТОЛЫП 

ОТЫР. ШИРЕК ҒАСЫРДЫҢ ІШІНДЕ ЕЛБАСЫ-

НЫҢ  САРАБДАЛ  САЯСАТЫНЫҢ  НӘТИЖЕСІНДЕ 

ЕЛІМІЗДІҢ  ЭКОНОМИКАСЫ  ӨСІП-ӨРКЕНДЕП, 

ТАРИХИ МАҢЫЗЫ ЗОР ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ. 

СОНЫМЕН БІРГЕ, МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗ 

СОТ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА ДА 

БІРҚАТАР ТЫҢ ҚАДАМДАР ЖАСАЛЫП, ҚҰҚЫҚТЫҚ 

РЕФОРМАЛАР НӘТИЖЕСІНДЕ ИГІ БАСТАМАЛАР 

ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. 

Қазақстан Республикасындағы сот­құқық ре-

формалары адам құқықтарын қорғау мен дамы-

тудың және заңның үстемдігін қамтамасыз ету 

мақсатында жүзеге асырылды. Мәселен, Елба-

сының 2007 жылғы «Кәмелетке толмағандардың 

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 

соттарын құру туралы» Жарлығына сәйкес, ТМД 

мемлекеттерінің  ішінде  алғашқылардың  бірі 

болып  кәмелетке  толмағандардың  құқықтары 

мен  бостандықтарын  қорғауды  қамтамасыз 

ету  мақсатында  мамандандырылған  соттарды 

құру  қолға  алынды.  Мемлекет  басшысының 

2012  жылдың  4  ақпанындағы  №  266  Жарлығы 

бойынша  Қызылорда  облысында  кәмелетке 

толмағандардың  істері  жөніндегі  маманданды-

рылған ауданаралық соты құрылды. Кәмелетке 

толмағандардың  істері  жөніндегі  маманданды-

рылған соттар қоғамда жасөспірімдердің әлеу-

меттік қалыптасуы мен қорғалуына ықпал етті. 

Тәуелсіздік  алғаннан  бері  соттарға  жаңа 

технологиялар  енгізілді.  Сот  кеңселерінің  ма-

мандары іс жүргізудің электронды жаңа жүйесін 

игеріп, сот жұмысының тиімділігі артты. Сот са-

ласындағы жетістіктер мұнымен шектеліп қана 

қойған жоқ, қазіргі заманға сай, сот процестерін 

дыбыс­бейнетаспаға түсіру қолға алынды. Бұл 

ретте  әр  төрт  жыл  сайын  өтетін  республика 

судьялары съезінің ықпалы зор. Тәуелсіз мем-

лекетімізде  республика  судьяларының  алты 

съезі өткізілді. Алқалы жиынның сот жүйесі үшін 

маңыздылығы зор. Себебі, жиында, өткен төрт 

жылғы  жұмыстың  нәтижесі  сарапқа  салынып, 

ӘДІЛЕТ 


ЖОЛЫНДА

БІЗ  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  АЗАМАТТАРЫ,  БОЛАШАҚТА 

ҰРПАҚТАРЫМЫЗБЕН  МІНДЕТТІ  ТҮРДЕ  БАҒАЛАНАТЫН,  КҮРДЕЛІ  ДЕ 

АУҚЫМДЫ, ТАРИХИ ОҚИҒАНЫҢ ШЫН МӘНІНДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ 

ЖӘНЕ КУӘГЕРЛЕРІ БОЛЫП ТАНЫЛАМЫЗ.

Б

Кеңес


ЕКЕ  ЖӘНЕ  ЗАҢДЫ  ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ,  БОС-

ТАНДЫҚТАРЫ  МЕН  ЗАҢДЫ  МҮДДЕЛЕРІ  ҚАЗАҚСТАН  РЕС-

ПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЗАҢДАРЫМЕН  ҚОРҒАЛАДЫ.  ЖЕКЕ 

ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 

БОСТАНДЫҚТАРЫН, ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ 

ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫҢ БІР МЕХАНИЗІМІ ӨТІНІШ БЕРУ БОЛЫП 

ТАБЫЛАДЫ.  БҰЛ  РЕТТЕ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

2007  ЖЫЛҒЫ  12  ҚАҢТАРДА  ҚАБЫЛДАНҒАН  «ЖЕКЕ  ЖӘНЕ 

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ» 

ЗАҢЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. АТАЛҒАН ЗАҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ 

ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ӨТІНІШТЕРІН  БЕРУ  МЕН  ОНЫ  ҚАРАУҒА 

БАЙЛАНЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙДІ.

Ж

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ 

ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН 

ҚАРАУ ТӘРТІБІ

ылып, күнтізбелік 3 күн ішінде бұл 

туралы  арыз  берушіге  хабарла-

нады.  Өтініште  қойылған  мәселе-

лерді  шешу  құзыретіне  жатпай-

тын субъектіге немесе лауазымды 

тұлғаға келіп түскен өтініш 3 жұмыс 

күнінен кешіктірілмейтін мерзімде 

арыз берушіге бұл туралы хабар-

ландырылады және өтінішті қарау 

құзыретіне кіретін тиісті субъектіге 

жіберіледі.  Өтініштерге  берілетін 

жауапта  Қазақстан  Республикасы 

заңнамаларына  сілтеме  жасала 

отырып, мазмұны бойынша негіз-

делген  және  дәлелді  мемлекет-

тік  тілде  немесе  өтініш  берілген 

тілде  болуға,  арыз  берушінің  қа-

былданған  шешімге  шағым  жасау 

құқықтарын  түсіндіре  отырып, 

оның дәлелін жоққа шығаратын не-

месе растайтын нақты деректерді 

қамтуға тиіс.

Егер қайта жасалған өтініштер-

де  жаңа  дәлелдер  не  жаңадан 

анықталған  мән­жайлар  келтіріл-

месе алдыңғы берілген өтініш бой-

ынша  егжей­тегжейлі  тексерілген 

материалдар бар болса және арыз 

берушіге тиісті жауаптары берілген 

болса  өтініштерді  қарау  тоқтаты-

лады. Өтінішті қарауды тоқтату ту-

ралы шешімді субъектінің басшысы 

немесе орынбасары қабылдайды. 

Өтінішті  қарау  нәтижесі  бойынша 

субъектінің  немесе  лауазымды 

тұлғаның қабылдаған шешіміне қа-

нағаттанбаған  жағдайда,  бағыны-

стылық  тәртібімен  жоғары  тұрған 

лауазымды  тұлғаға  немесе  субъ-

ектіге  шешім  белгілі  болған  кез-

ден бастап 3 айдан кешіктірілмей 

шағым  беріледі.  Егер  шағым  бе-

рудің  3  айлық  мерзімі  өтіп  кетсе 

шағымды  қараудан  бас  тартуға 

негіз  болып  табылмайды,  себебі 

шағым  беру  мерзімінің  өтіп  кету 

себептері шағымды қарау кезінде 

анықталады,  бірақ  шағымды 

қанағаттандырудан бас тартуға 

негіздердің  бірі  болып  шығуы 

мүмкін.

Жоғары тұрған субъект не-



месе лауазымды тұлға болған 

жағдайда немесе арыз беруші 

қабылдаған  шешіммен  келіс­

пеген  жағдайда  арыз  тікелей 

сотқа  беріледі.  Сондай­ақ, 

көрінеу жалған мәліметтерден 

тұратын  өтініштерді  тексеру-

ге  байланысты  өзіне  келген 

шығындарды  өндіртіп  алу 

үшін  лауазымды  тұлғалар-

дың,  субъектілердің  сотқа 

жүгінуге құқығы бар.



А.ӘБІЛ,

Сарыарқа аудандық 

сотының бас маманы-сот 

отырысының хатшысы 

АСТАНА ҚАЛАСЫ

немесе  тексеру  жүргізу  қажет 

болған жағдайларда; қарау мерзімі 

күнтізбелік  30  күннен  аспайтын 

мерзімге  ұзартылуы  мүмкін,  бұл 

туралы  қарау  мерзімі  ұзартылған 

кезден  бастап  3  күн  ішінде  арыз 

берушіге  хабарланады.  Өтініштің 

қаралу мерзімін субъектінің басшы-

сы немесе орынбасары ұзартады.

Егер өтініште баяндалған мәсе-

лелерді шешу ұзақ мерзімді талап 

етсе, өтініш түпкілікті орындалғанға 

дейін  қосымша  бақылауға  қой-

Қорытынды

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТТАР 

ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТТІ

тыс VIІ съезі өткізілгелі отыр. Бұл съездің басты 

күн тәртібінде судьялардың жаңа әдеп кодексі 

қабылдау  мәселесі  тұр.  Соттың  шынайылығы 

бүкіл қоғам үшін қажет. Бүгінгі күні судьялардың 

әдеп кодексінің жобасы көпшіліктің талқылауда. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, кодекс 

жобасына қоғам болып атсалысу орынды. 

Қорыта айтқанда, сот жүйесіндегі толымды 

істерге судьялар съездерінің ықпалы зор.

алдағы атқарылатын тың жұмыстар нақтылана-

ды. Сондай­ақ, әр съезде соттарға жаңашылдық 

енгізіледі. Мұның бәрі сайып келгенде халықтың 

сотқа  қолжетімділігін  арттыру,  сот  ашықтығын 

қамтамасыз ету болып табылады. 

Мұндай жиын өзінің маңыздылығын мойында-

тып, қоғамға қажеттілігін дәлелдеді. Себебі, бү-

гінгі күні съезд шеңберінде көтерілген мәселе-

лер шешімін тауып, сот жұмысының жандануына 

өзіндік үлесін қосып келеді. Мемлекет басшысы 

қатысатын  алқалы  басқосуда  республикамыз-

дың түкпір­түкпірінен келетін судьялар қауымы 

сот саласының ең өзекті, ауқымды мәселелерін 

талқыға салады. 

Сот – тәуелсіз мемлекетімізде әділдіктің ай-

насы, ақ пен қараны ажыратушы. Сот төрелігін 

тікелей жүзеге асырушы судья. Қоғам қайрат-

кері  Әлихан  Бөкейханов  айтқандай,  «Биді  кім 

болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің 

қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қа-

рамайтындай жағдайға қою шарт». Әр өткізілген 

съезде сот беделі мен судья беделі айқындала 

түседі. Судьялардың өз ісіне адал қарауы, халық 

алдында  ант  қабылдауы  және  өз  мәртебесін 

қадірлеу судья әдебі кодексінде міндеттелген.

Биыл  республика  судьяларының  кезектен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет