М үнай-газ ісінің негіздері: о қ ул ы қ. Астана: ф олиант



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата20.02.2017
өлшемі8,99 Mb.
#4571
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

342

олардың ДТ күрт жоғарылатады.  Егер октанның октан 
саны  20-ға тең болса,  ал 2,2,4-триметилпентанның ок- 
тан саны 100-ге тең.  Жоғары октан сандары октанның 
бір көміртегі атомында жүп метил топтары бар изомер- 
лерінде (неогексан, триптан, эталонды изооктан), соны- 
мен қатар, басқа да триметилді изомерлерінде болады.
С5-С9 изопарафин дер өздерінің жогары кері дүмпіткіш 
қасиеттерінің арқасында бензиннің өте қажетті компо- 
ненттері болып табылады.
Алкендер  (моноолефиндер).  Қалыпты  қүрылысты 
көмірсутектер  молекуласында қос байланыстың пайда 
болуы,  сәйкес  қаныққан көмірсутектермен  салыстыр- 
ғанда, ДТ едөуір артуына алып келеді.
Циклоалкандар  (нафтенді  көмірсутектер).  Цикло- 
пентан  мен  циклогексан  қатарының  бастапқы  өкіл- 
дерінің ДТ жақсы; бүл өсіресе циклопентанға қатысты. 
Бүл  көмірсутектер  бензиндердің бағалы  қүрамды  бө- 
ліктері болып табылады.  Циклопентанды  көмірсутек- 
тердің, сондай-ақ циклогександы көмірсутектердің мо- 
лекулаларында қалыпты қүрылысты бүйір тізбектерінің 
болуы,  олардың октан  сандарының төмендеуіне  алып 
келеді. Бүл кезде, егер тізбек үзын болған сайын, октан 
саны да төмен болады. Бүйір тізбектердің тармақталуы 
жөне олардың санының өсуі циклоалкандардың ДТ арт- 
тырады.
Ароматты көмірсутектер.  Бензол қатарындағы бар- 
лық қарапайым  ароматты  көмірсутектердің октанды 
беліктері 100 жуық жөне одан жоғары болады. Аромат- 
ты көмірсутектер мен ароматталған бензиндер, тармақ- 
талған алкандармен қатар, жоғары сортты бензиндердің 
ең жақсы компоненттері болып табылады. Бірақ та, бен- 
зиндегі ароматты көмірсутектердің мөлшерін шамамен 
40-50% -ға дейін шектеу қажет. Шектен тыс ароматтал- 
ған отын жанудың жалпы температурасын арттырады, 
ол қозғалтқыштың жылу кернеулігін  арттырып,  қыз- 
ған нагар бөлшектерінің есебінен жүмысшы қоспаның 
өздігінен оталуы -  калильді оталуды болдыруы мүмкін. 
Бүл өте зиянды қүбылыс, ол қозғалтқыштың апатты за- 
қымдануын болдырады.
343

Сондықтан да, карбюраторлы отындардың негізгі са- 
палық  көрсеткіші  олардың  жоғарғы  дүмпулік  түрақ- 
тылығы  болып  саналады.  Автокөлік  бензиндерінің 
жақсы сорттарының зерттеу әдісі бойынша октан сан- 
дары 93-98 пункттерде болуы керек.
Карбюраторлық отындарға жогары ДТ қатар, төмен- 
дегідей негізгі талаптар қойылады.
1.  Отынның фракциялық қүрамы оның  жақсы  була- 
нуын, тіпті төменгі температура кезінде де, қозгалтқыш- 
тың оңай іске ңосылуын, қозғалтқыштың оңай, тез қызу- 
ын және оның режимінің ауысуына жақсы бейімделуін 
қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да, бензиндер мен ке- 
росиндердің  маңызды  техникалық  көрсеткіші стандарт- 
ты айдау мөліметгері болып табылады, ол кезде мыналар- 
ды белгілейді: қайнау басталған температураны; айдауға 
алынган мөлшердің 1 0 ,5 0 ,9 0  жөне 97,5%  (жалпы) айда- 
латын температураларды; қалдықты (% -бен) жөне кейде 
қайнау соңын белгілеп алады.  10%-дық нүкте отынның 
іске қосылу қасиеттерін  анықтаса,  50%-дық  нүкте қоз- 
ғалтқыштың қызу жылдамдығын, 90% жөне 97,5% -дық 
нүктелер жөне қайнау соңы  буланудың толықтыгы  мен 
цилиндрлер бойына отынның бірқалыпты  таралуын  си* 
паттайды.
2.  Отын отын беретін  жүйеде газды тыгындар түзбеуі 
тиіс. Мүны қамтамасыз ету үшін бензиндердегі 38°С кез- 
індегі қаныққан бу қысымы бақыланады, ол авиациялық 
бензиндер үшін  0,48  МПа-дан,  автокөлік  бензиндерінің 
жаздық сорттары үшін 0,67 МПа-дан жөне қыстық сорт- 
тары үшін 0,93 МПа-дан аспауы қажет.
3.  Отын  химиялық түрақты болуы  қажет жөне шай- 
ырлары  болмауы  тиіс.  Крекинг  жөне  кокстеу  бензин- 
дерінің  қүрамында сақтау кезінде тотыгуга жөне поли- 
мерленуге қабілетті қанықпаган көмірсутектер болады. 
Бүл  үдерісті  шайыр түзілу  деп  атайды.  Шайырлардың 
шөгуі отындардың түтынушылық қасиеттерін  күрт на- 
шарлатады, қозғалтқыштар цилиндрлері мен клапанда- 
рында  нагарлардың  шөгуіне  алып  келеді.  Бкіншілік 
шыгу текті отындардың химиялық түрақтылығын арт-
344

тыру үшін оларға тоты ғуға қарсы  қ осп алар (и нгибитор- 
лар)қосады. Тоты ғуғақарсы  қоспаларды  қолдану тоты ғу 
реакциясын айтарлы қтай теж еуге  м ү м к ін ш іл ік  береді. 
Мүның үлкен практи калы қ мөні бар, себебі оты н д ард ы ң  
саңтау мерзімін артты руға м ү м к ін ш іл ік  береді.
Антитотықтырғыштар ретінде көп түрлі о р ган и к ал ы қ  
заттар үсынылған.  Олардың  іш інде  ф енолдар,  полиф е- 
нолдар, алкилфенолдар, ам инофенолдар, т.б.
Олардың  іш ін д егі  ең   ти ім д іс і  б ен зи н д ер д е  ж а қ с ы  
еритін  синтетикалы қ  ионол  -   2,6-ди -трет-б утил-4-м е- 
тилфенол  (I),  ПОД  Ф А -л -ги д р о к с и д и ф е н и л а м и н   (II) 
және т.б. Барлы қ осы төріздес қоспалар п ай ы зд ы ң  м ы ң- 
нан жөне жүзден бір үлесіндей мөлш ерде қосы лады .
ОН
(СНз ) з С \ ^ \ / С ( С Н з ) з
сн3
I
4. 
Отын қозғалтқыш тардың бөлш ектерінің коррозия- 
сын  болдырмауы  тиіс.  М үны  м ы надай  н о р м ал ан аты н  
сапалық көрсеткіштер бойынш а бақы лайды :  қ ы ш қ ы л - 
дық,  күкірттің  ж алпы   мөлш ері,  суда  еритін  қ ы ш қ ы л - 
дар  мен  сілтілер  мөлш ері  (болмауы  ти іс),  а к т и в т і  кү - 
кіртті  қосы лы старды ң  болуы  (мыс  п л а с т и н к а с ы н ы ң  
бетінің түсінің өзгеруі бойынша сынау).
5. Авиациялық отындар қатпауы  тиіс ж ән е  60°С жо- 
ғары температура кезінде кристалдар бөлмеуі тиіс.
7.2.3. 
Ауа-реактивті  цозгалт цыіит ар  от ы н дары
Турбокомпрессорлық ауа-реактивтік  қозғалтқы ш тар- 
дағы отындардың жану үдерісі ж ану камерасын да газ-ауа 
ағынында жүреді. Отынның булану ж әне ж ану үзақ ты ғы  
0,01 с аз. Ауа көп артық мөлшерде (50:1-ден 75:1  дейін)
345

компрессорлар арқылы беріледі, ол газды турбинамен іске 
қосылады. Ауа ағынының жылдамдығы 40-60 м/с жетеді. 
Ауаның бір бөлігі жану аймағына беріледі, ал қалған басқа 
(көп) бөлігі газды турбина қалақшалары алдында шама- 
мен  900°С-қа  дейін  ж ану  өнімдерін  салқындату  үшін 
жүмсалады. Отын сығылған ауаға бүркеледі және электр 
үшқынымен оталдырылады.
Реактивті  авиацияға  арналған  отындар ретінде тіке 
айдаудың  керосиндік дистилляттарын, сонымен қатар, 
гидрокрекингтің сәйкес фракцияларын қолданады. Бүл 
отындардың  фракциялы қ  қүрамы  отынның  қандай  да 
бір сортының қандай мақсатта пайдалануына байланыс- 
ты  болады.  Дыбысқа  дейінгі  жылдамдықпен  үшатын 
үш ақтарүш ін қайнау шектері 130-280°Сболатынжеңіл- 
детілген керосиндер, ал дыбыстан жоғарғы жылдамдық- 
пен үшатын үшақтар үшін -  қайнау басы жоғары (165, 
195°С) керосиндер қолданылады, себебі,  бүл отындарға 
20  км  ж уы қ  биіктікте  отын  жүйесінде  ж әне  қозғалт- 
қыштарда қайнап кетпеуі тиіс деген талап қойылады.
Реактивті  отындарға  қойылатын  негізгі  талаптар, 
олардың энергетикалық сипаттамаларына: жану жылуы- 
на,  жану  толықтығына,  сонымен  қатар,  тығыздығына 
қойылады. Ж ану жылуы неғүрлым жоғары болған сай- 
ын, соғүрлым бір масса немесе бір көлем бірлігінен көп 
энергия бөлінеді, сопладан шығатын газдардың жылдам- 
дығы да соғүрлым жоғары, соған сәйкес, үшу жылдам- 
дығы мен  тарту шамасы өседі. Ал тығыздыққа келетін 
болсақ,  ол  неғүрлым  жоғары  болған  сайын,  соғүрлым 
отынның көп мөлшерін бір уақытта үш ақ багының шек- 
телген көлеміне тиеуге болады, соған сәйкес, үшу үзақ- 
тыгын арттыруға болады.
Ж ану жылуын <3 масса бірлігіне жөне көлем бірлігіне 
қатысты есептеуге болады. Оның мөні көмірсутек моле- 
куласындағы сутегінің мөлшеріне және көміртек: сутек 
арақатынасына байланысты.
Ж ану жылуын  масса  бірлігіне  есептеу  кезінде  <3  ең 
үлкен мәні алкандарда, оларға жақын мөн циклоалкан-
346

дарда ж өне ең төмен мөн аром атты  көм ірсутектерде бо- 
лады .  Егер  көлем   бірлігіне  есептеу  ж үргізетін   болсаң, 
онда  кер і  тәу е л д іл ік ті  ал ам ы з.  А роматты   көм ірсутек- 
тердің салы сты рм алы  ж оғары  ты гы зды гы на байланыс- 
ты ж ан у  ж ы л уы  да ж огары  болады.
Реактивті отынның ж ан у толыңтыгы мен әсерлілігі де, 
оның химиялы ң ңүрамына тәуелді. Ароматты көмірсутек- 
терге,  өсіресе,  биңиклді  көмірсутектерге  бай отын  күйе 
ж әне  нагарлар түзуге  бейім  болады,  соган сәйкес  газды 
агында көміртектің ңызган бөлшектері пайда болады. Бүл 
ж алы н ны ң   аса ңарқы нды   ж ары ң тан уы на алы п  келеді. 
Ж а л ы н   р ад и ац и я сы   н еғүрлы м   көп  болса,  солғүрлы м  
ж ану камерасы ны ң қабы рғалары ның аса қы зы п кетуінен 
қозғалтқы ш  ж үм ы сы ны ң қы зм ет ету мерзімі азаяды.
А роматты   көм ірсутектердің  ж ан у   үдерісіне  ж ағы м- 
сыз  әсер  етуін,  сонымен  қатар   масса  бірлігіне 
төмен 
болуын  ескеріп,  реактивті  оты нға  стандарттарда  олар- 
ды ң мөлш ерінің 20-22%  -дан аспауы  керек.
Р еактивті  отындардың  нагар  түзілуге  бейімділігі  со- 
нымен қатар, техникалы қ көрсеткіш пен -  күйеленбейтін 
ж алы н биіктігімен баңыланады, оның мәні 20-25 мм-ден 
кем болмауы тиіс.
Дыбыстан  ж оғары   ави ац ияға  арналған  отындар  жа- 
лынының сипаты (оның ж арықтығы ) арнайы көрсеткіш -  
лю м ином етрлік санмен бағаланады . Ол неғүрлым жоға- 
ры болған сайы н, солғүрлы м ж алы н ны ң  ж ары қты ғы  да 
төмен болады.
Л ю м ином етрлік  сандарды ң  мөні  бойынш а  көмірсу- 
тектердің  ж ек е  топтары  төмендегідей  кем итін  қатарда 
орналасады:  қалы п ты   алкандар,  изоалкандар,  нафтен- 
дер,  олефиндер,  диолефиндер  ж әне  ароматты  көмірсу- 
тектер.
Л ю мином етрлік сандар люминометр аспабында стан- 
дартты  кам ерада білтелі ж анарғы да ж ан у жағдайы нда, 
ж алы н  үстіндегі температураны  өлшеу жолы мен анық- 
тайды.  Бензиндердің  октан сандары  сияқты ,  авиакеро- 
синдердің лю мином етрлік сандарын  эталонды отындар- 
мен салы сты ру өдісімен аны қтайды .  Эталондар ретінде
347

тетралин жөне изооктан қолданылады. Олардың люми- 
нометрлік сандары сәйкес 

және 
100 
тең деп 
қабы лдан- 
ған. Реактивтік отындардың ең жақсы сорттарында лю- 
минометрлік сандары 60-75 бірлікке дейін жетеді.
Реактивті  отындарға  қойылатын  басқа  да  маңызды 
талаптарға, оны жану аймағына үздіксіз беріп отыруды 
қамтамасыз  ету,  термототықтыру  түрақтылығы  және 
жоғары антикоррозиялың қасиеттері жатады. Реактивті 
отын сүзғілерді, клапандарды жөне басңа да отын беретін 
аппаратураларды ластауы мүмкін шайырлар мен басқа 
да түнбаларды бөлмеуі керек; ғазды тығындарды жаса- 
мауы тиіс; төменгі температураларда аққыштығын жой- 
мауы тиіс; көмірсутектер мен мүз кристалдарын бөлмеуі 
тиіс.  Отын жақсы тазартылған жөне ңүрамында корро- 
зиялы қ  агрессивті  күкіртті  жөне  оттекті  қосылыстар, 
қанықпаған көмірсутектер, жоғары температурада ңата- 
тын жоғарғы парафиндер, сонымен қатар механикалың 
қоспалар және су болмауы тиіс.
Дыбыстан жоғарғы авиацияның дамуына байланыс- 
ты қазіргі кезде отындарға сонымен қатар, тозуға қарсы 
(майлағыштың) ңасиеттерінің жоғары болу ңажеттілігі 
талап етіледі.  Бүл отынның біруақытта реттегіш  отын- 
дық аппаратураның майлағыш ортасы болып табылатын- 
дығымен  байланысты.  Бүл  талапты   қанағаттанды ру 
отынға тек жақсы беттік-активті  қасиеттері бар тозуға 
ңарсы ңоспаларды қосу арңылы ғана мүмкін болады.
Реактивті отындарға,  олардың  түтынушылық қаси- 
еттерін жақсарту үшін басқа да қоспалар:  мүз кристал- 
дарының түзілуіне қарсы,  тотығуға қарсы,  коррозияға 
қарсы,  биоцидті жөне  антистатикалық  қоспалар  қосы- 
лады.
Реактивті  отындардың  (жөне  авиациялы қ  бензин- 
дердің)  гигроскопиялығына байланысты,  өсіресе  қүра- 
мында ароматты көмірсутектердің жоғары мөлшері бар 
отындарда ылғал жинақталады. Төменгі температуралар 
кезінде үшаң бактарындағы отында ж үқа үршық төрізді 
формасы бар мүз кристалдары түзіледі. Мүндай кристал- 
дар, сонымен ңатар, ауаның күрт жылынуы кезінде, он-
348

дағы бар су булары салңын отынмен жанасқанда түзіледі. 
Мүз  кристалдарының  түзілуі  отындың  сүзгілерді  бітеп 
тастауы, одан апат қаупінің тууы мүмкін. Отында мүздың 
түзілуін болдьфмас үшін спирттер, гликольдер жөне олар- 
дың метил, этил эфирлері типті қоспалар қолданылады. 
Мысалы, реактивті отындар үшін 0,4% глиңериннің қос- 
пасы бар метилңеллюлозаны (этиленгликольдің мономе- 
тил эфирі) үсынады.
Тотығуға қарсы қоспалар ретінде ионол, ФДА (Ы' ,>Г- 
ди-екін.-бутил-п-фенилендиамин)  (III)  және  басқа  да 
фенол туындылары қолданылады.
Коррозияға қарсы қоспалар немесе коррозия ингиби- 
торлары отынның күкіртті яки басқа да агрессивті ком- 
поненттерінің әсер етуінен қорғайтын металда жүқа қор- 
ғаныш  қабыршағын  түзеді.  Мүндай  қоспалар  ретінде 
линол қышқылының димері (сантолен С) қолданылады.
Бірқатар микроағзалар сүйық мүнай отындарының ор- 
тасында жақсы дамиды. Қазіргі уақытта мүндай саңырау- 
қүлақтар мен  бактериялардың жүздеген түрлері белгілі. 
Олардың  тірш ілік  қызметі  көмірсуларды  сіңіруге  не- 
гізделген. Бүл микроағзалар реактивті үшақтарды пайда- 
лану кезінде түрлі ақауларды (бергіштің, сүзгілердің біте- 
луі, қорғаныш жабындардың бүзылуы, отындық бактердің 
коррозиясы, т.б.) тудырады. Бүл өте қауіпті болып табыла- 
ды. Микроағзалардан қорғаудың ең тиімді шараларьгаың 
бірі  микроағзалардың  белсенділігін  төмендететін био- 
цидтік қоспаларды қолдану болып табылады. Бүл типтегі 
қоспалар ретінде антисептикалық, бактериңидтік қасиет- 
тері бар химиялық қосылыстар, мысалы, фенолдар, ами- 
нофенолдар,  бор эфирлері,  гликольбораттар жөне түрлі 
қүранды патентті қоспалар қолданылады.
Реактивтік жөне басқа да мүнай отындарына қосыла- 
тын  антистатикалық  қоспалардың  мөнін  ерекше  атап 
өтугеболады.
СН.'3
(III)
СН.'3
349

Мүнай отындарының ерекше төмен әлектрөткізгішті- 
гіне байланысты, олардагы статикалық электр тогының 
зарядтарының жинаңталуы өте ңауіпті. Бүл себепке бай- 
ланысты көптеген жарылыстар мен өрттер болып түрған. 
Айтарлыңтай күштегі зарядтар ңайта айдау жөне осы си- 
яңты операциялар  кезінде туындайды.  Бүл жагдайлар- 
дан жалгыз қорғау өдісі отынның өткізгіштігін арттыру 
болып табылады, бүл кезде электр зарядтары резервуар- 
лар  немесе  аппаратуралардың  жерленген  металдық 
бөліктеріне  өтеді.  Егер  отынның  электрлік  кедергісін 
1012-1014-тен  1010-10и  Ом • см-ге  дейін  төмендетуге 
мүмкін болса,  онда электр зарядтарының жинақталуы- 
нан толық қүтылуға болады.
7.2.4. Дизель отындары
Дизельдер  деп  аталатын  қысылудан  оталатын  өрі 
іштен жанатын қозгалтқыштарда төрттактілі жүмысшы 
үдеріс үшқыннан оталатын қозғалтқыштарға қараған- 
да басқаша жүреді. Дизельді қозғалтқыштарда бірінші 
екі тактіде таза ауа сорылады және қысылады. Ауа тем- 
пературасы қысылу жүрісінің соңында ңысылған жөне 
қызған ауаға жогары қысыммен белгілі бір уақыт бойы 
отын порциясы бүркеледі. Отынның майда тамшылары 
бу төрізді күйге көшеді жөне ауага таралады. Белгілі бір 
аздаган уақыттан соң, отын өздігінен оталады өрі толық 
жанып кетеді. Отынның бүркелуінің басталуы мен ота- 
луының  арасындағы  уақыт өздігінен оталудың кешігу 
кезеңі деп аталады. Қазіргі заманғы тез жүретін қозғалт- 
қыштарда бүл кезең 0,002 с артық емес.  Отынның жа- 
нуы нөтижесінде газдың қысымы 6-10 МПа жетеді. Қоз- 
галтқы ш ты ң  бірқалыпты  жүмысын  қамтамасыз  ету 
үшін газдардың қысымының өсу жылдамдығы  маңыз- 
ды болып табылады. Практикадан белгілі болғанындай, бүл 
жылдамдық иінді валдың 10 бүрылу бүрышына 0,5 МПа- 
дан аспауы керек. Мүндай болмаған жағдайда қозғалт- 
қыш дүрсілдей бастайды, оның жүмысы қатаңданып, ал 
мойынтіректерге түсетін жүктеме шамадан тыс болады.
350

Дүрсілдің пайда болуы мен қозғалтқыштың қатаң жүмы- 
сы  өздігінен  оталудың  кідіру  кезеңінің  үзақтығымен 
тығыз байланысты. Бүл кезең неғүрлым үзақтау болған 
сайын, солғүрлым отынның көп мөлшерінің бір уақыт- 
та оталуы жанудың жарылыстық сипатына алып келеді 
және газдар қысымы секірмелі түрде өседі. Мынадай екі 
тактіде:  жүмысшы жүріс пен түтін газдарын шығару -  
газдардың  жүмыстық  үлғаюы  жөне  қозғалтқыш  ци- 
линдрінің жану өнімдерінен босануы болады.
Тез жүретін дизельдер үшін отын ретінде мүнайдың 
керосин-газойлдік  фракциясы  қолданылады.  Бүл  тип- 
тегі  айналым  саны  аз  жай  жүрісті  жөне  стационарлы 
қозғалтқыштар үшін мазут типті ауырлау отын қолда- 
нылады.
Дизельді  отындардың  ең  маңызды  түтынушылық 
қасиеті — қозғалтқыштың дүрсілсіз жүмсақ жүмысы мен 
қысымның қалыпты  өсуін  қамтамасыз ететін,  олардың 
тез оталуы мен біртіндеп жану қабілеттілігі болып табы- 
лады. Отындардың оталу қасиеттері, олардың химиялық 
жөне фракциялық қүрамына байланысты болады. Шын- 
дығында,  бүл  біріншіден  отынның  компоненттерінің 
өздігінен оталу температурасына байланысты. Мысалы, 
ароматты көмірсутектердің оталу температуралары өте 
жоғары  (500-600°С).  Күшті  ароматталған  өнімдер  ди- 
зельді отындар ретінде жарамсыз. Керісінше, парафинді 
көмірсутектердің өздігінен оталу  температуралары  өте 
төмен болып,  парафинді  мүнайдан  алынатын дизельді 
отындардың түтынушылық қасиеттері жақсы болады.
Көмірсутектер мен отындардың оталушылық қасиет- 
терін бағалау,  бензиндердің дүмпушілік түрақтылығын 
бағалағандай,  әталондық отындары бар лабораториялық 
сынау қондырғыларында салыстыру әдісімен жүргізіледі.
Дизельді отьшдардьщ моторльщ қасиеттерін бағалау үшін 
октандық сандарға үқсас цетандық сандар қабылданған.
Цетан саны дегеніміз
 -  отындарды сынаудың стан- 
дартты жағдайларында,  сыналатын отынның өздігінен 
от алуына эквивалентті цетанның % -бен (көл.) а-метил- 
нафталинмен қоспасының мөлшері.
351

Цетанның (гексадеканның) С16Н34 өзінің цетан саны 
100-ге тең ден ңабылданған, ал а  -метилнафталиндікі —
О-ге тең. Цетан санын аныңтау жарқ етудің сәйкес келу 
әдісі бойынша дизельді басы бар бір цилиндрлі стандарт- 
ты  қондырғыда  жүргізіледі.  Дизельді  отындардың  це- 
тан саны 40-50 бірлік аралығында нормаланады.
Цетан саны тек оталушылық қасиеттерін ғана сипат- 
тап қоймай, дизельді отынның басқа да бірқатар түтыну- 
шылық сапаларын анықтайды: дизельді отынның ңетан 
саны неғүрлым  жоғары болған сайын, солғүрлым оның 
іске қосылу қасиеттері жақсы болады, егер өздігінен ота- 
лудың кідіру кезеңі неғүрлым онша үзақ емес болса, онда 
отынның жануы толық болып,  шығатын түтін газдары- 
ның түтіні аз және жану камерасы  мен бүріккіштерде 
отынның нагарлар түзуге бейімдігі аз болады.
Ең төменгі цетан саны ароматты көмірсутектерде бо- 
лады, өсіресе, бициклді көмірсутектерге төн. Циклоал- 
кандар мен бициклоалкандар аралық жағдайда түр. Ең 
жоғарғы  цетан  саны  қалыпты қүрылысты алкандарда 
болады. Алкандардың молекулаларының тармақталуы 
цетан санын едөуір төмендетеді. Көмірсутектің молеку- 
ласына қос байланысты енгізу де цетан санын кемітеді.
Тез жүрісті дизельдерге арналған дизельді отындар- 
дың басқа да маңызды қасиеттеріне, олардың фракция- 
лық қүрамы, түтқырлығы, қату температурасы, коксте- 
луі, күкірттің мөлшері, қышқылдығы, судың жөне ме- 
ханикалық қоспалардың мөлшері жатады. Бүл барлық 
көрсеткіштер  қозгалтқыш қа отынның  қалыпты  түрде 
үздіксіз берілуін, жану толықтығын, нагар түзілуді ке- 
міту жөне  коррозияның болмауын қамтамасыз  ететін- 
дей шекте таңдалынады.
Жаздық сорттар үшін — 10°С-тан,  арктикалық сорт- 
тар үшін -  60°С-қа дейін ауытқитын қату температура- 
сы мен түрлі маркалар үшін 0,2-0,5%-дан  аспауы тиіс 
күкірт мөлшерінің ерекше үлкен мөні бар.
352

7.2.5. Мцнай майлары. Майлардың арнайы 
цоспалары
Мүнай майларының негізгі қызметі түрлі  механизм- 
дер, станоктар, қозғалтқыштар мен машиналардың ңоз- 
ғалғы ш   бөліктерінің  қатты   беттерінің  арасындағы 
үйкелісті кеміту  жөне  бүл  бөліктер  материалдарының 
тозуын  болдырмау  болып  табылады.  Бүл  металл  бет- 
терінің  қүрғақ  үй келісі  майлағы ш   майдың  түтқыр 
сүйығы  қабатымен жанасуымен  ауыстырылады.  Үйке- 
летін  бет  материалының молекулалары мен майлағыш 
май молекулаларының арасындағы үстасу күші майдың 
өзінің  молекулалары ны ң  арасындағы  өзара  үстасу 
күшінен  жоғары болады. Сол себепті,  металдың бетінде 
берік  майлағыш  материал  қабаты түзіліп,  бүл  қүрғақ 
үйкелісті болдырмай,  бөлшектердің механикалық тозу- 
ын  едәуір  азайтады.  Екінш і  жағынан,  сүйықтықтың 
үйкеліс коэффиңиенті,  яғни түтқыр сүйыңтың қабатта- 
ры  арасындағы үйкеліс,  қүрғақ  үйкеліс  коэффиңиенті- 
нен  он  есе  аз.  Соған сөйкес,  жақсы  майлау  бар жерде, 
үйкелісті жеңуге кететін энергетикалық шығындар күрт 
азаяды.  Сонымен  қатар,  майлағыш  майлар салқындат- 
қыш  агент  рөлін  атқарады.  Көпшілік  мүнай  майлары 
майлағыш материалдар ретінде шығарылады, ал майлар- 
дың біршама мөлшері техникалық арнайы мақсаттарға 
арналған.  Мүндай  майлағыш  емес  майларға,  өздерінің 
қолданылу салаларына орай, арнайы талаптар қойылады.
Барлың мүнай майларының негізгі сипаттамасы олар- 
дың түтңырлығы болып табылады.  Меншікті жүктеме- 
ге, үйкелетін беттердің қозғалу жылдамдығы мен сипа- 
тына  байланысты,  сонымен  қатар,  үйкеліс  түйініндегі 
температураға байланысты  майлағыш  майлар  түтқыр- 
лығына қойылатын талаптар да өр түрлі болады. Мыса- 
лы,  ж еңіл  дистиллятты  индустриалдық  майлардың 
түтқырлығы  50°С кезінде 4-8,5 мм2/с болса, ал бу маши- 
наларына арналған аса түтқыр қалдың майлардың түт- 
қырлығы  60-70 мм2/с-қатең.
Температураның  кең диапазонында жүмыс  істейтін 
майлар үшін (автокөлік, авиациялың, т.б.) түтқырлық-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет