Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата21.02.2017
өлшемі5,54 Mb.
#4619
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48

 
Литература 
1.
 
Гальперин  П.Я.  Методы  обучения  и  умственное  развитие  ребенка.  –  М.:  Просвещение,  1985.  – 
431 с. 
2.
 
Гончарова Т.Д. Обучение на основе технологии «полного усвоения». – М.: Дрофа, 2004. – 253 с. 
3.
 
Речицкая  Е.Г.,  Сошина  Е.А.  Развитие  творческого  воображения  младших  школьников.  –  М.: 
Владос, 2002. – 126 с. 
4.
 
Фридман Л.М., Турецкий Е.Н. Как научиться решать задачи. – М.: Просвещение, 1989. – 126 с. 
5.
 
Шадрина И.В. Обучение математике в начальных классах. – М.: Школьная Пресса, 2003. – 144 с. 
 
 
УДК 159.9 
 
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 
ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫН ТӘРБИЕУЛЕУ 
 
Жунисбекова Ж.А.Қойшыбаева Н.И., Дауылбаева Р., Тәңірбергенова Ә. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  «Басқару мен білім беру» кафедрасы, 
Ӛрлеу» БАҦО» АҚ-ның филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ  
Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье авторы рассматривают вопросы, связанные с воспитанием духовно-нравственных 
ценностей на занятиях Самопознания. 
 
Summary 
In given clause the authors consider(examine) questions connected to education of spiritual - moral values on 
employment(occupations) of Self-knowledge. 
 
Бҥгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  қоғам  ӛмірін  демократияландыру  мен  ізгілендіру 
бағытында болып жатқан тҥбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жҥйесінде де мол 

128 
 
ӛзгерістер  туындап  отыр.  «2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тҧжырымдамасы»  ҧсынылып, 
«Мәдени  мҧра»  бағдарламасы  талқыланып  жатқан  тҧста,  жоғары  мектептің  тҧтас  педагогикалық 
ҥрдісіндегі тәрбиеге жаңа кӛзқараспен қарау қажеттілігі туындады. 
Жеке тҧлға мен қоғам қҧлдылықтарының жандануы адам ӛмірінің негізгі ӛзегі болып саналатын 
адамгершілік,  ҧқыптылық,  ар  мен  намыс,  парыз  бен  жауапкершілік,  игілікті  іс  сияқты  жалпы 
адамзаттық  қасиеттерді  объективті  тҥрде  талап  етеді.  Осыған  орай  қазіргі  қоғамның  мақсаты  жалпы 
адамзаттық  қҧлдылықтарды  дамыту  болса,  онда  адамгершілік  қҧндылықтарды  ӛскелең  ҧрпақтың 
бойына қалыптастыру тәрбие ҥрдісінде ӛзекті мәселе. 
Осыдан туындайтын нәрсе, тәрбие ҥрдісінде жас ҧрпақтың бойында адамгершілікке бағытталған 
жҥйе  қалыптастыру,  тәрбие  жҧмысын  ҧтымды  жоспарлай  білу,  жаңа  технологиялық  негіздерді 
оңтайлы  ҧйымдастыруды  жҥзеге  асыру,  тәрбиелеуді  жаңа  ғылыми-педагогикалық  тҧрғыда  зерттеу 
сияқты,  қоғам  ағымына  сай  жаңа  талап-тілектер  пайда  болады.  Демек,  қоғамдық,  әлеуметтік  және 
мәдени ӛмірдің белсенді қатысушысын, яғни студент бойында адамгершілік қҧндылықтардың жоғары 
болуын  қамтамасыз  етіп,  азамат  тәрбиелеудің  жаңа  бағыттарын  ойластырудың  қажеттігі  туындайды. 
Қазіргі кҥрделі әрі аумалы-тӛкпелі заманда қҧндылықтар жҥйесінің алар орны ерекше. Қҧндылықтарға 
бейімделу адамзатқа тән. Болмыс қҧбылыстарының қҧндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі 
адамның іс-әрекетінің де, ӛмірінің де мәні болмайды. 
Ӛмірдің  мәнін  тҥсіну  жағымды  эмоциональдық  жағдай  ретінде  мақсатқа  ҧмтылушылықпен, 
қарым-қатынастағы  ӛз  орнын  сезінумен,  басқа  адамдарға  деген  қызығушылықпен,  олармен  бірігу 
сезімімен,  белгілі  ережелерді  ізгілік  ережелері  ретінде  қабылдаумен,  болмыстағы  ӛз  орнын,  арман-
тілегін сезінумен қоса жҥреді. 
Мәселен,  адам  баласы материалдық  және  рухани  ӛмірдің  ортасында  тіршілік  етеді  де,  ӛзі  ӛмір 
сҥріп отырған қоғамның, ҧжымның, ҧлттың, рудың мҥшесі ретінде ӛзіндік ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-
қҧлық  ерекшелігімен  кӛрінуге  тырысады.  Қоғам  мҥшелерінің  бәріне  ортақ  біркелкі  мінез-қҧлықтық 
қасиеттің болуы мҥмкін емес. Себебі әрбір адам - ӛзінше жеке тҧлға. 
Сондай-ақ,  адамгершілік  қҧндылықтарды  біріншіден,  ӛмірге,  еңбекке,  шығармашылыққа, 
адамгершілік насихаттарға, адам ӛмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас және материалдық, рухани 
қажеттіліктерді ӛтеу процесіндегі қалыпты нәрселер деп анықтасақ, екіншіден, қҧндылықтар - адамдық 
қасиеттер. Ол қасиеттер бала кезден, ана сҥтімен бірге, ӛзінің ана тілі арқылы, адамгершілік негіздері 
ретінде,  ӛз  тарихын,  мәдениетін,  әдет-ғҧрыптары  мен  салт-дәстҥрлерін  игеру  нәтижесінде  орнығады. 
Сӛйтіп,  осы  қасиеттер  адам  бойына  моральдық  жауапкершіліктер  жҥктеп,  оның  сезімін  айқындай 
тҥседі. 
Сонымен қатар, қҧндылықтар – тәрбие ҥрдісіндегі адамгершілікке бағытталған идеалдар, оларға: 
шындық,  қарапайымдылық,  тҧлға,  бостандық,  пайда,  махаббат,  шығармашылық,  т.б.  жатқызуға 
болады. Қҧндылықтар - идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой 
сана  арқылы  қабылданады.  Олар  -  қҧрметтеу,  қошеметтеу,  тҥсіну,  қабылдау  тәрізді  ҧмтылысты 
білдіреді және ол сезім мен ақылдың ҧштасуын, сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. 
Адамның  жеке  әлеуметтік  қасиетгерінің  іс-әрекетте  кӛрініс  табуы  оның  тіршілік  әрекетінің 
нақты тҥрлері мен тәсілдерін ҧстағанынан, сондай-ақ оның ӛзін-ӛзі кӛрсетудің, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзін-
ӛзі  бақылау,  ӛзін-ӛзі  танытудың  басты  тҥрлері  туралы  талдап  қорытындыланған  қҧндылық 
тҥсініктерінен  кӛрінеді.  Адамның  ӛзін-ӛзі  тануына  кӛмектесетін  ең  жоғары  қҧндылық  қасиетке  ие 
тіршілік әрекетінің саласын анықтау - «Мен» сезімінің қалыптасуының ең басты сәті. Адамның ӛзін-ӛзі 
таныту  ҥшін  қажетті  іс-әрекеттің  тҥрлері  туралы  жалпы  тҥсініктердің  кӛмегімен  мән-мағыналық 
анықтықты  сезіну  жеке  тҧлғаның    жалпы    қҧндылық    бағыттылығы.  Ол  жеке    тҧлғаның  кӛптеген 
қҧндылық  тҥсініктеріне  сапалық  жағынан  тҥрлендіретін,  оларды  бір  тҧжырымға  келтіретін  фактор 
болып табылады. 
Ӛзінің ғана ӛмірімен айналысқан адам сирек жағдайда ғана ӛз бақытын таба алады. Ӛйткені адам 
әлеуметтік  тҧлға.  Оның  барлық  тіршілік  әрекеті  басқа  адамдармен  байланысты.  Кӛпшілдік, 
әлеуметшілдік  тҧжырымдардың  тҥйісуі  адамның  ӛзін-ӛзі  және  басқаларды  тҥсінуіне  кӛмектеседі  деп 
тҥйіндейміз. 
Адамзат  баласы  жҧмыр  жер  бетін  мекен  ете  бастағанан  бері  ӛзін-ӛзі  тануға,  ғаламдағы  орнын 
анықтауға,  ӛзара  қарым-қатынасын  реттеуге  ҧмтылып,  тек  дамуға  талпынуда.  Сондықтан  да  болар, 
адамзаттың ақыл-ойы тарихының бҥкіл ӛн бойындағы сан-салалы пікірталастарға арқау болған негізгі 
мәселесі - «Адам» және оның мәні мен ортасы. 
Алайда дҥниедегі барша жақсылық та, жамандық та адам қолымен жасалынып келеді. Мәселен, 
бҧл  әлемдік  ауқымда  алып  қарасаңыз  да,  жеке  ҧлттың  тарихи  шеңберін  алып  зерделесеңіз  де 
байқалады.  Кез-келген  қоғамның  ӛсуі  немесе  ӛшуі  сол  қоғамдағы  адамдардың  ой  парасаты  мен  іс-
әрекетіне тікелей байланысты. 

129 
 
Адамгершілік тәрбиесі - ол жҥрек тәрбиесі. Рухтың ҧясы да - жҥрек. Ақыл жҥрекпен нҧрланса, 
рақымды болса, ізгіленеді. Жҥректің терең жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның ӛзіне 
де,  қоғамға  да,  болашаққа  да  теріс  ықпал  етеді.  Тәрбие  баланың  даму  кезеңдерінде  адамның  рухани 
ӛзегін  қоректендіруші  болып,  білімнен  бҧрын  жҥргізілуі  тиіс,  яғни  білімге  адами  және  рақымдылық 
сипат беріліп, ақылды жҥрек жылуымен нҧрландыру қажет. 
Бӛбек  қорының  президенті  С.А.Назарбаеваның  «Ӛзін-ӛзі  тану»  -  атты  әдістемелік  оқу 
қҧралында:  «Адамгершілік  -  адамдардың  кҥнделікті  карым-қатынасына  қатысты  гуманизм 
қағидаларын бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, қҧрмет, жанашырлық пен 
сезім,  кең  пейілдік,  басқалардың  мҥддесі  ҥшін  жан  аямаушылық  сияқты  жеке  қасиеттерді  қамтиды, 
сондай-ақ кіші пейілдік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ҧғымы ізгілік, 
гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар 
жҥйесі  мен  қоғамдық  ахуал  ретінде  неғҧрлым  кең  мағынада  да  қолданады.  Адамгершілік  қоғамдық 
қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктердің нәтижесі, адамгершілік туа біткен 
қасиет емес. Адамгершілік қағидалары бірлікте ӛмір сҥру, бақытқа талпыну, мҥдделерді ҥйлестіру мен 
ҧжым  болып  жҧмылудың,  жоқ-жітік  пен  ауру-кемтарға,  бала  мен  кәріге  жәрдемдесудің  қажеттігін 
сезіну  мен  мойындау  сияқты  факторлар  негізінде қалыптасады»,  -  дей  келе, қоғамдық дамудың  жаңа 
сатысындағы  еліміздегідей,  тоталитарлық  жҥйеден  қадам  басқан  ӛтпелі  кезеңде,  тарихта  талай  рет 
болғандай,  адамгершілік  талаптары  туралы  тҥсінік  те  жаңғырулар,  тіпті  бҧрмалаулар  да  орын алады. 
Мҧндай  қауіптен  адамның  рухани  тазарып,  кемелденуі  мен  қоғамның  ізгіленуі  негізінде  ғана 
адамгершілік мҧраттарды сақтап қалуға болатындығын атап кӛрсетеді. 
Себебі  гуманизмді  адамға  тән  адамгершіліктің,  парасаттылықтың  және  ой-шабыттың  ерекше 
жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, әділдік пен теңдік қағидаларын қҧрметтейтін 
адамшылықтың шынайы иесі деп анықтауымызға болады. 
Адамгершіліктің  ең  жоғарғы  рухани  қажеттілігінің  бастау  кӛзі  -  ӛзін-ӛзі  кӛрсету,  ӛзін-ӛзі 
жетілдіру,  ӛзін-ӛзі  дамыту  қарым-қатынаста,  дҥниетанымда  ӛзінің  шығармашылық  қабілетін  таныту. 
Бҧл арада оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының бірі мектеп жасында жеке тҧлғаның 
ӛздігінен даму заңдылықтарын білу болып табылады. 
Осы  орайда  адамгершілік  тәрбиесінің  ойдағыдай,  табысты  болуы  жеке  тҧлғаның  ӛзін  рухани 
дамыту мақсатында ҥздіксіз ӛзін-ӛзі жетілдіруіне байланысты. Адамның ӛзіндік сана-сезімінің кӛрінісі 
туралы  басқа  адамға  терең  ҥңіліп  кӛз  тоқтатып,  ӛзін  ӛзгелермен  салыстырғанда  ғана,  ол  ӛзін-ӛзі 
таниды.  Адамгершілік  қҧндылыққа  бағытталған  тәрбиеде  баланың  жас  ерекшелігіне,  оның  рухани 
дҥниесіне,  студенттің  қҧндылық  бағдарына,  оның  мәніне  кӛңіл  бӛле  отырып,  тәрбиені  субъектілік 
қатынасқа  негіздеу  қажет.  Осы  ретте,  соңғы  кезде  адамгершілік  қҧндылық  педагогикада  тҧлғалық-
бағдарлы тәрбиеге ерекше кӛңіл бӛлінуде. Қоғамдағы ӛзінің орны мен міндетін саналы сезінетін, ӛзінің 
даралық  сипатына  сай  іс-әрекет  ететін  тҧлғаны  әдетте  «Адам»  -  дейміз.  Тҧлғаның  психологиялық 
ерекшелігіне ӛзіндік сана, жеке бастық сипат, тҥрлі сапаларының даму деңгейі, қоғамдық қатынастар 
жҥйесіне енуі және ӛзін-ӛзі реттеуі жатады. 
Адамгершілік  қҧндылықтарды  тану  ӛзін-ӛзі  тану,  тҥсіну  деген  сӛз:  адам  ӛзінің  психикалық 
ӛмірінің ағымын бақылап, ӛзіндік «Меннің» сипатын тҥсінуге тырысады. 
Қазіргі  тәуелсіз  елімізде  ғасырлар  бойы  халқымыздың  ҧлттық  санасынан  берік  орын  алған 
адамгершілік  қҧндылықтарды,  яғни  ізгілік,  қайырымдылық,  адалдық,  әділдік  қарым-қатынас  сияқты 
қасиеттерді, қоғамдағы  болып  жатқан  ӛзгерістерге  байланыстырып, жеткіншек  ҧрпақты  тәрбиелеудің 
қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие ӛмір сҥрмейді» деген 
заңдылыққа сҥйене келе, ӛскелең ҧрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік қҧндылықтарды 
қалыптастыруды  мақсат  еткен  тәрбие  ҥрдісі  ғана  уақытпен  ҥндесіп,  қоғам  мен  тәрбиенің  ӛзара 
байланысын  тҥзеді.  Қазіргі  кҥрделі  ӛзгермелі  уақытта  қҧндылықтар  жҥйесінің  алар  орны  ерекше.  
Қҧндылықтарға  бейімделу  адамзатқа  тән.  Болмыс  қҧбылыстарының  қҧндылықтарынсыз  әлеуметтік 
жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, ӛмірінің де мәні болмайды. 
Қазақстандық  зерттеушілердің  мәліметі  бойынша  негізгі  он  тӛрт  қҧндылық  тҧрақтылығын 
анықтады,  олар:  адам  ӛмірі,  еркіндік,  адамгершілік,  қарым-қатынас,  отбасы,  жеке  бақыт,  ҧрпақ 
кӛбейту, іс-әрекет мәні және кҥнкӛріс кӛзі ретіндегі жҧмыс, игілік (кіріс, денсаулық), бастамашылдық 
(дәстҥрлі  қҧрметтеу),  тәуелсіздік,  мейірімділік,  беделділік,  зандылық  деп  атап  кӛрсетеді.  Заман  мен 
қоғам  қаншалықты  ӛзгергенімен, ҧлт  ӛмірін ӛркендетуші  саналы да салауатты,  ҧлтжанды,  рухы  биік, 
ақыл  -  парасаты  мол,  мәдени  -  ғылыми  ӛрісі  кең,  адамгершілік  қҧндылықтары  қалыптасқан  ҧрпақты 
тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет. 
Сондай-ақ  қҧндылықтарды,  біріншіден,  ӛмірге,  еңбекке,  шығармашылыққа,  адамгершілік 
насихаттарға,  адам  ӛмірінің  мәніне  деген  бағалаушы  қатынас  және  материалдық,  рухани 
қажеттіліктерді ӛтеу ҥрдісіндегі қалыпты нәрселер деп анықтасақ, екіншіден, қҧндылықтар - адамдық 
қасиеттер. Ол қасиеттер бала кезінен, ана сҥтімен бірге, ӛзінің ана тілі арқылы, адамгершілік негіздері 

130 
 
ретінде,  ӛз  тарихын,  мәдениетін,  әдет-ғҧрыптары  мен  салт-дәстҥрлерін  игеру  нәтижесінде  орнығады. 
Сӛйтіп,  осы  қасиеттер  адам  бойына  моральдық  жауапкершіліктер  жҥктеп,  оның  сезімін  айқындай 
тҥседі. 
Сонымен қатар қҧндылықтар – тәрбие ҥрдісіндегі адамгершілікке бағытталған идеалдар, оларға: 
шындық, қарапайымдылық, тҧлға, бостандық, пайда, махаббат, шығармашылық т.б. жатқызуға болады. 
Қҧндылықтар  -  идеалдарды  қабылдау  немесе  қабылдамау  сезімі  арқылы  айқындалып,  ақыл-ой  сана 
арқылы  қабылданады.  Олар  -  қҧрметтеу,  қошеметтеу,  тҥсіну,  қабылдау  тәрізді  ҧмтылысты  білдіреді 
және ол сезім мен ақыл-ойдың ҧштасуын, сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. 
Баланың  жеке  басы  сана-сезімінің  қалыптасуына  оның  қҧрдастарымен  ҥнемі  араласуы  және 
бірлескен ӛмірі де шешуші рӛл атқарады. Оқушы ӛзіндік сана-сезімнің жаңа сатысына кӛтеріледі. Бала 
ӛзге  балаларға  қырағылықпен  байқампаздық  танытып,  мына,  талаптарға  қҧрбыларынан  қалыспай 
бірдей ат салысуға тырысады: олар қалай жазады, қалай санайды, қалай сӛйлеседі, сҧраққа қалай жауап 
береді,  суретті  қалай  салады,  бірімен-бірі  қалай  сӛйлеседі  және  оларға  ересектер  мен  қҧрдастары, 
ҥлкендер мен кішілермен қалай тіл табысады. Ӛзінің табыстарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін ӛзге 
балалардың  да  осындай  істерімен  ҥнемі еріксіз  салыстыру  -  оқушыға  ӛзіне-ӛзі баға беруге  мҥмкіндік 
туғызады. Ӛзін бағалау, ӛзіне-ӛзі баға беру оған мҧғалімнің қатынасының әсері арқылы пайда болады. 
Ӛзіне-ӛзі  баға  беру  мектепке  дейінгі  жастан-ақ  қалыптасып,  есейгенше  жалғасады.  Міне,  осындай 
бірлескен ынтымақпен, сабақтастықпен жҥргізілген ӛзін-ӛзі бағалау оқушылардың адамгершілік қасиет 
- сапаларының  қалыптасуының  ӛзегі болады  деп ойлаймыз. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Нҧрышева Г.Ж. Адам ӛмірінің философиялық мәні. - Алматы. 2001, - 238 б. 
2.
 
    Нҧрғалиева  Долорес  Әбілдәқызы:  Сыныптан  тыс  жҧмыстарда  жеткіншектердің  адамгершілік  
қҧндылықтарын қалыптастыру: дисс. пед. ғыл. канд:.- Алматы. 2005. 
3.
 
   Назарбаева  С.А.  Бӛбек  қоры.  Ӛзін-ӛзі  тану.  Жоғары  оқу  орны  оқытушыларына  арналған 
әдістемелік қҧрал. - Алматы. 2003. Бӛбек. РОСО. 
4.
 
   Проблемы  рефлексии:  Современные  комплексные  исследования  /  Под  ред.  И.С.  Ладенко,  - 
Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1987. - С. 70. 
 
 
ОРФОГРАФИЯЛЫҚ  ИКЕМДІЛІК ПЕН ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРА  ОҚЫТУДАҒЫ 
ЖАЗБА ЖҦМЫСТАРДЫҢ ЖҤЙЕСІ 
 
Избасарова А. 
№23 жалпы орта мектептің мҧғалімі, Сайрам ауданы 
 
 Оқушылардың ана тілінен сауаттылығы мен білім деңгейі грамматикалық  ережелерді  тиянақты 
меңгеріп,  оларды  неше  алуан  жазба  жҧмыстарында  дҧрыс  қолдана  білу  дағдыларымен  анықталады. 
Осы мақсатқа орай шәкірттердің орфографиялық ережелерді жетік меңгеруі - негізгі кӛрсеткіш. Алайда 
оқушылардың  орфографиялық  ережелерді  саналы  меңгеріп,  оларды  жазу  жҧмыстарында  емін-еркін 
қолдануы,  сауатты  жаза  білуге  тӛселуі,  ӛзінен-ӛзі  қалыптаса  қоятын,  оп-оңай  ҥдеріс  емес.  Сауатты 
жазу грамматикалық  ережелерді жаттап алумен де қалыптаса қоймайды. 
Сауатты жазуға тӛселу грамматикалық ережелерді әр алуан жаттығулар мен жазу жҧмыстарында 
дҧрыс  қолдана  біліп,  оларды  жҥйелі  тҥрде  жҥргізу  нәтижесінде  ғана  қалыптасып,  бара-бара  дағдыға 
айналады. Оқушылардың әр қилы жазу жҧмыстарын ӛздерінің іс-әрекеттері арқылы орындап, оларды 
дағдыға  айналдыруы  ой  арқылы,  сананың  қатысымен  жҥзеге  асады.  Саналы  іс-әрекеттер,  жҥйелі 
машықтану оқушылардың орфографиялық ережелерді тиянақты меңгеріп, оларды жазба жҧмыстарын 
орындауда  емін-еркін  қолдана  алуын  қалыптастырады.  Оқушылар  тілдегі  сӛздерді,  тҥрлі  атауларды 
естілуі  мен  жазылуы  арасындағы  айырмашылықтарды  аңғарып,  оларды  жазу  жҧмыстарында  дҧрыс 
қолданатын болады. Мҧндай нәтижелерге оқушылар ең алдымен ережелердің  мәнін ҧғынып, оларды 
тҥрлі жазба жҧмыстарында қолдану  арқылы жетеді. 
Адамның әр алуан іс-әрекеттерді  ҥйреніп меңгере алуының табиғи-ғылыми негізі жоғары жҥйке 
қызметінің  заңдылықтарымен  дәлелденеді.  Осы  заңдылықтарға  орай  ҥйрену    ҥдерісі    ми  
алаптарындағы  уақытша  байланыстар  (ассоциациялар)        негізінде        іске        асады.        Оқушылардың    
орфографиялық  ережелерді  меңгеріп,  оларды  саналылықпен    жазу    жҧмыстарында  қолданып  отыруы 
ми алаптарындағы осы уақытша  байланыстардың жасалуы болып табылады. И.П.Павлов еңбектерінде 
ассоциациялардың  ҥш  тҥрі  атап  кӛрсетілді.  Ассоциация  дегеніміз  -  бҧрын  байланыссыз  жатқан  екі 
нҥктенің  ӛзара  байланысқа тҥсуі. Осы заңдылықты белгілі психолог С.Ф. Жуйков ӛзінің «Психология 
формирования  орфографических  навыков»  деген  еңбегінде  «адамның  бас    миы    қабығындағы    екі  

131 
 
нҥктенің  байланысы»  деп  атайды.  Ассоциациялардың  бірінші  тҥрі  -  шартты  рефлекс.  Мҧны 
И.П.Павлов бҧрын байланыссыз жатқан екі нҥктенің ӛзара байланысқа тҥсуі деп атайды. Екінші тҥрі - 
бір  мезгілде  жҥйке  жасушаларының  әсерінен  әрекеттер  арасында  байланыс  жасалуы.  Мҧндай 
ассоциациялар  -  білімдеріміздің  негізі.  Ал  ассоциациялардың  ҥшінші  тҥрі  жай  немесе    жасанды 
ассоциация    делінеді.    Бҧл  -  бірімен-бірі  байланыссыз  екі    дыбыс  бірінен  соң  бірі  қайталану 
нәтижесінде  байланысқа    тҥседі,    немесе  бір  дыбыс  ӛзінен  кейін  екінші дыбысты  қажет  етіп  тҧрады. 
Жоғары  жҥйке  қызметіндегі  осындай  заңдылықтар  білімдеріміздің  табиғи  негізін  қҧрайды. 
«Павловские среды» деген еңбекте  уақытша байланыс, яғни ассоциация тҥсінудің,  жаңа  білімдерді 
қалыптастырудың  негізі  деп  кӛрсетеді.  Осы  жағдайлар  -  оқушылардың  орфографиялық  ережелерді 
саналылықпен  меңгеріп,  оларды  жазба  жҧмыстарында  қолдана  алуларының  жалпы  табиғи-ғылыми 
негізі, болмақ. 
Арнайы  жҥргізілген  оқыту  экспериментінде  жоғары  қызметінің  мҧндай  заңдылықтары 
бірсыпыра жағдайды анықтап білуге мҥмкіндік берді. 
Біріншіден,  сӛздердің  жазылуы  мен  айтылуы  біріне-бірі  сәйкес  келмесе,  онда  орфографиялық 
ережені міндетті тҥрде басшылыққа алып, қолданып отыру қажет. Ал сӛздердің айтылуы мен жазылуы 
арасында айырмашылық  болмаса, онда сӛздерді естілуінше жазып, есте сақтау керек. Мысалы:  қала, 
дала,  ара,  жол,  мӛр  т.б.  Ал  жазса,  қазса,  шекара,  ақ  марал  т.б.  сӛздерді  қатесіз  жазу  ҥшін  міндетті 
тҥрде орфографиялық ережелерді білу керек. 
Екінші, тәжірибе жҧмыстары мен жаттығулары жҥргізген кезде тіл мҧғалімі  оқушылардың оқу 
материалдарын меңгеруге жҧмсайтын уақытын барынша тиімді пайдалана білуі қажет. 
Ҥшінші, оқушылардың  сӛздерді дҧрыс жазып, олардың мәнін тҥсінуі жеткіліксіз. Айтылуы мен 
жазылуы  арасындағы  айырмашылығы  болатын  сӛздерді  оқушылар  жете  тҥсініп,  олардың  дҧрыс 
жазылу сырын қанық игереді. Мысалы, қазақ тілінде мынадай орфографиялық ереже бар: ашса,   ӛшсе,  
сияқты сӛздердің -са, -се деген   жҧрнақтары  тҥбір сӛздің соңғы дыбыстарына бейімделіп «-ша», «-ше» 
болып  естіледі,  бірақ    жазуда  ондай    сӛздердің  тҥбірін  сақтап  жазу  керек.  Мҧндай  сӛздердің  жазылу 
ережелерін оқушылар бастауыш сыныпта-ақ ӛткен. Дегенмен, әр тҥрлі себептерге байланысты балалар 
мҧндай  ережені  ҧмытып,  ӛздерінің  жазба  жҧмыстарында  қателер  жіберуі  ықтимал.  5-6  сынып 
оқушыларымен жазба жҧмыстарын жҥргізгенде, бҧрынғы ӛтілген ережелерді орайы келгенде қайталап 
отыру  нәтиже  береді.  Мысалы,  әріптердің  емлесін  ӛтуде  мынадай  жҥйеде  ережемен  таныстыруға 
болады.  
Ң әрпінің емлесі бойынша. Ң-дауыссыз дыбыс. Ҥнді дауыссыз дыбыс. Тіл арты дауыссызы. Ң 
әрпі  сӛздің  басында  еш  уақытта  жазылмайды.  Ң  –  мҧрын  жолды  дыбыс.  Мысалы,  теңге,  еңбекақы, 
маңызды теңдік, ыңғайлы, қайырлы таң, таңердең, заң, таңба, қаңтар. 
Ң әрпі сӛздің басында жазылмайды, тек сӛздің ортасында және соңында келеді. 
―Ң‖ әрпі мына жағдайларда қолданылады: 
1.  Ілік  септігінің  жалғауында  (-ның;  -нің;  -дың;  -дің;  -тың;  -тің.).  Қызметкер+дің,  Әселдің, 
министрліктің, қоғамның. 
2. Есімдіктер. Менің, сенің, сіздің, оның, біздің, біздердің, сендердің, сіздердің, олардың. 
3.  Жіктік  жалғауының  ІІ  жағында  (жекеше,  кӛпше  тҥрде)  (-сің;  -сың)  сен  отансүйгіш+сің,  сен 
ақылдысың, сендер қызметкер+сің+дер, сендер мамансыңдар. 
4.  Тәуелдік  жалғауының  ІІ  жағында  (-ың,  -ің,  -ң).  Сенің  қызметкер+ің,  сенің  атаң,  сендердің 
жұмыс орын+дар+ың, сендердің деректерің. 
Осы  жалғаудың  сыпайы  тҥрінде  (-ыңыз,  -іңіз,  -ңыз,  -ңіз).  Сіздің  қызметкер+іңіз,  сіздің 
отбасыңыз, сіздердің мекенжай+лар+ыңыз, сіздердің ӛтініш+тер+іңіз. 
5.  Етістіктің  бҧйрық  райының  ІІ  жағы,  кӛпше  тҥрі  отыр+ыңдар,  ӛткізіңдер,  айтыңдар, 
жіберіңдер. 
Осы жалғаудың сыпайы тҥрінде: кӛрсет+іңіз, жасаңыз, кӛмектесіңіз, барыңыз. 
6. Сондай-ақ, ң дыбысы сӛз ортасында немесе сӛз соңында кездесетін мына сияқты сӛздерді есте 
сақтау  қажет.  Мысалы: жаңа,  соңғы,  аңыз, сұңқар, оң,  мың,  таңертең,  шаң, қоңыр,  қоңырау, маңай, 
шаңырақ,  жаңалық,  кеңес,  теңіз,  оңай,  оңаша,  теңге,  маңызды,  қаңтар,  шұңқыр,  таңдау,  кезең, 
шаңырақ,  алдыңгүні,  алдыңғы,  әңгіме,  еңбек,  ештеңе,  жаңбыр,  жаңылтпаш,  жаңылу,  жеңімпаз, 
жеңіл, шаңғы, аң, маңдай, ӛңдеу, сең, таңба, таңдамалы, шеңбер, терең. 
Ң  дыбысын    н  дыбысымен  шатастыруға  болмайды.  Ң-Н  дыбыстарды  дҧрыс  қолданбаған 
жағдайда сӛздердің мағынасы ӛзгереді: шын-шың, он-оң, ен-ең, т.б. 
Ө әрпінің емлесі бойынша. Ӛ - жіңішке, ашық, еріндік, дауысты дыбыс. О дыбысының жіңішке 
тҥрі. Ӛ әрпі сӛздің басқы буынында жазылады. Сӛздің coңғы буынында жазылмайды. Мысалы: ӛкімет, 
ӛнер, тӛлем.  
Орыс тілінен енген сӛздерде о әрпі орын талғамайды. Мысалы: кимоно, динамо, кино.  

132 
 
О  -  жуан,  Ӛ  -  жіңішке  дауысты  дыбыс.  О,  Ӛ  әріптерінің  жуан  және  жіңішке  болып  келуінде 
фонематикалық мән бар:  
бол-бӛл                           оз-ӛз                             соз-сӛз 
болды-бӛлді                   ор-ӛр                            сол-сӛл 
боз-бӛз                           орыс-ӛріс                     тор-тӛр 
қош-кӛш                        от-ӛт                           тол-тӛл 
Ескертуге мынадай анықтаманы беруге болады: 
- біріккен сӛздің екінші сыңарында ӛ әрпі жазылады: кӛркемӛнер, кӛкӛніс. 
- қос сӛздің екінші сыңарында ӛ әрпі жазылады: кӛл-кӛсір 
Эксперименттік  зерттеулерде  оқушылардың  бҧрыңғы  ӛткен  орфографиялық    ережелерді  
тиянақты  меңгере алмай, естілуі мен жазылуы арасындағы айырмашылығы болатын сӛздерден жазба 
жҧмыстарында қателер жіберетіні анықталған болатын. Ал жазу жҧмысындағы  қате  жіберу себептері 
оқушылардың  тіл    ережелерін    жалаң  жаттап  алып,  мҥдірмей  айтып  беруді  ғана  мақсат  етуіне 
байланысты.  Сондықтан  олар  сол  ережелерді    қажетті  жерінде  дҧрыс  қолдана  алмайды.  Сондықтан 
оқыту  ҥдерісінде  кездесіп  отыратын  осы  жағдайдың  себептерін  тереңірек  анықтау  мақсатымен 
айтылуы  мен  жазылуы  арасындағы  айырмашылық  болатын  сӛздерді  іріктеп  алып,  олардың  жазылу 
ережесін оқушылардың қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін анықталады.  
Оқу    бағдарламасына  сәйкес  келетін  кейбір  тақырыптар  мен  ережелерді  орфографиялық 
сабақтармен    ҧштастырып  отыру  мҥмкіншілігі  бар.  Сондықтан  ретті  жерінде  ӛтілген  тақырыптарды 
грамматикалық  ережелермен  ҧштастырып,  орфографиялық  қағидаларды  қайталап  отыруға  баса  мән 
беріледі. 
Оқушылардың    жазба  жҧмыстарында  жіберілген  емлелік  қателері  мен  оларға  байланысты 
қағида-ережелерді  саналарында  тҧрақтандыру  мақсатымен,  соларға  шендес,  ҧқсас,  бір  тектес  сӛздер 
іріктеп  алынып,  олардың  дҧрыс  жазылу  емлесін  қамтитын  жаттығулар  мен  жазба  жҧмыстары 
жҥргізіледі.  Осындай  жҧмыстарды  орындау  кезінде  қажет  болатын  тілдік  ережелер  мен  қағидаларды 
оқушылар естеріне тҥсіріп, оларға ӛз беттерінше анықтама беріледі. Осы  бағыттағы  оқыту  жҧмысы 
мҧғалім  жетекшілігімен  жеке  оқушылармен  де,  сыналушы  оқушылар  тобымен  де  жҥргізіледі.  Ал 
оқушылардың  қате  жіберген  сӛздері  жаттығулар  мен  жазба  жҧмыстарының  мәтіндерінде  әр  тҥрлі 
ыңғайда, тҥрлендіріліп сан рет қайталанып отырылады. 
Мҧндай  тәсіл  оқушылардың  дҧрыс жазу  дағдысын  қалыптастыру  мақсатын кӛздейді. Сонымен 
бірге  оқушылардың  тіл  ережелерін  тиянақты  меңгеру  жолындағы  орындайтын    жазба  жҧмыстары 
олардың ӛз беттілік іс-әрекеттерін дамытып отырумен қатар, ақыл- ойын да ӛрістетіп отыру мақсатын 
қояды. 
Оқушылардың  орфография  саласындағы  ережеге  байланысты  білімдерін,  дағдыларын 
қалыптастыру ҥшін мынадай талаптар қойылады: 
1.
 
Графикалық  форманы  есте  сақтап,  оны  тәжірибе  жҥзінде  немесе  әріптердің      дыбысталуы     
мен     жазылуы     арасындағы     ассоциацияны  қалыптастыру. 
2.
 
Морфемалардың мағыналары арасындағы ассоциацияларды санада қабылдау. 
Оқыту  жҧмысының  осындай  нәтижелерін  іздестіре  отырып,  тӛмендегідей  ережелік 
қорытындылар жасауға ҥйретуге болады: 
1.  Оқушылар  жазба  жҧмыстарын  орындағанда,  орфографиялық  ережелерді  грамматикалық 
білімдерімен  салыстырады,  оларды  басшылыққа  алып  отырады.  Дегенмен  оқу  ҥдерісінде  жоғары 
сынып оқушылары бҧрынғы сыныпта  ӛткен   ережелерді тиянақты меңгере алмау себептерінен жазу 
жҧмыстарында жіктік жалғауларды жалғаулық шылаулармен ӛзара шатастырып, қателер жібереді.  
2.  Әдетте  оқушылардың  ҧқсас  ережелерді  шатастыруы  сол  ережелердің  әрқайсысының  ӛзіндік 
сипаттары  мен  мағыналарын  нақтылы  ажырата  алмауларына  байланысты.  Мҧның  ӛзі  оқушылардың 
ережелерді дҧрыс қолдана алмай, жазу жҧмыстарында қателер жіберуіне әкеліп соқтырады.  
Тҧжырымдағанда, ана тілін оқытуда оқушылардың орфографиялық ережелерді меңгеруі жалпы 
грамматикалық  ережелермен  тығыз  ҧштастырып  жҥргізіледі.    Ал    оқушылардың  жалпы  ана  тілінің 
қағидаларын  меңгеруі  олардың  ақыл-ой  әрекеттерімен  байланыстырып  жҥргізгенде  ғана  жемісті 
нәтижелер  береді. Осындай    талаптарды  жҥзеге  асыру  ҥшін,  оқушылар  әрбір  сӛздің    жазылу  емлесін 
жете меңгеріп, оны басқа сӛздердің ерекшеліктерімен шатастырмауы керек: екіншіден, жеке сӛздердің  
ӛзіндік  емлесін  жете  тҥсініп,  жалпы  орфографиялық  ережелердің  мәнін  тиянақты  меңгеру 
оқушылардың дҧрыс жазу дағдысын қалыптастырып, сауатты жазуын тҧрақтандырады. Осы тҧрғыдан 
қарағанда, оқушылардың орфографиялық ержелерді меңгерулері - ҧзақ мерзімге созылып, жҥйелі тҥрде 
машықтанып отыруды талап ететін кҥрделі психикалық ҥдеріс. Ережемен жҧмыста жиі қолданылатын 
жаттығудың бірі-талдау. 
Орфографиялық  талдау  –  нәрселердің  қасиет-белгілерін  ойша  ажырату.  Бір  нәрсені  екінші 
нәрседен ажырата білу - айыру деп аталатын физиологиялық ҥдеріс негізінде пайда болады. Жаттығу 

133 
 
нәтижесінде дҧрыс қалыптасатын айыра білу - ой арқылы талдау ҥдерісінің жемісі. Онан әрі бҧл  ҥдеріс  
қайталана  берсе, онда ми орталығы мен тітіркендіргіш арасында уақытша байланыс жасалады. Сӛйтіп, 
оқу ҥдерісін ҧғыну осы талдау мен біріктірудің алма-кезек ауысып отыру нәтижесінде жҥзеге асады. 
Орфографиялық  ержелерді  тҥсіну,  басқа  да  грамматикалық  материалдарды  ҧғыну  сияқты, 
жҥйелік  ҧстанымына  негізделеді.  Оқу  материалдарын  жҥйелілікпен  ҧғынуды  салыстыру  тәсілі  де 
ерекше роль атқарады. Грамматикалық материалдарды оқушыларға салыстыру тәсілімен  ережелердің 
нәзік, елеусіз деген ерекшеліктерін аңғарып, оларды ӛзара шатастырмай  тиянақты  меңгеретін  болады. 
Орфографиялық    ережелерді,  грамматикалық  материалдарды  оқуышлардың  тиянақты  меңгеру 
мақсатын  кӛздеп  жҥргізілетін  жазба  жҧмыстары  мен  олардың  табиғи-ғылыми  негізін  қарастыра 
отырып, мынадай тҧжырымдар жасауға болады: 
1. Оқушылардың орфографиялық ережелерді  тек  ауызша жаттап алуы жеткіліксіз. Меңгерілген 
білім нәтижелерін оқушылар жазба жҧмыстарында  жҥйелі тҥрде қолданып, оларды санасына сіңіреді. 
2. Оқушылар  оқу материалдарын әр тарапты тҥсініп, олардан туындайтын ережелерді ӛздігінен 
жасай алатын дағдыларға ҥйренетін болса,  ондай  материалдар есте тиянақты сақталады. 
3.  Балалар    мҧғалім    жетекшілігімен    ӛздерінше  бір  емлелік  ережеге  тән    сӛздерді    жан-жақты 
талдап,  оны  екінші  емлелік  ережеге  тән  сӛздермен    шатастырмайтын    дәрежеге    жеткенде, 
орфографиялық  ереженің    мазмҧны  да    солғҧрлым    кеңінен  танылып  айқындала  тҥседі,  сондықтан 
ережені мысалдармен дәлелдей білуге ҥйрету қажет. 
4.  Орфографиялық  ережелерді    жазба    жҧмыстарында    сан    рет  қолдану  нәтижесінде 
оқушылардың  автоматты  іс-әрекеттері  (дағдылары)  қалыптасып,  ойлау  арқылы  жасалатын  тҥрлі  
кейбір  амалдар  қысқарады.  Сӛйтіп  тиісті  міндеттердің  шапшаң  орындау  қабілеті  дамиды. 
Оқушылардың  сауатты  жазуға  тӛселуі  тек  жазу  жҧмыстарын  орындаумен  шектелмей,  олардың    әр  
алуан    кӛмекші    қҧралдарды,    кӛркем    әдебиеттерді,      газет-журналдарды  оқып,    кӛздері    қанығып,  
терминдер мен атау сӛздердің неше алуан сырларын ҧғыну  арқылы  да  дамиды.   
Оқушылар  білімін  жетілдіруде  жазба  жҧмыстарын  орындаудың  маңызы  ерекше  болатындығы 
нақтылы  тәжірибелермен  айқындалды.  Біз  енді  оқушылардың  әр  алуан  әдіс-тәсілдермен  меңгерген 
грамматикалық  ҧғымдарын  тҥрліше  мәтіндерді  талдап,  тиісті  тапсырмаларды  шешуге  қолдана  алу 
амалдарын қарастырайық.  
Тҧжырымдағанда, сабақтарда жҥргізілген жазба жҧмыстарының типтері мен тҥрлерін былайша 
жіктеуге болады: 
Ережелерді  игерту  жаттығулары.  Бҧлар  -  оқушылардың  белгілі  тақырып  бойынша 
грамматикадан ӛткен оқу материалдарын бекітеді. Басқаша айтқанда, жаттығудың бҧл тҥрі балалардың 
оқып    ҥйренген  білімдерін  бекіту  жинақтау    мақсатымен    жҥргізіледі.  Бекіту  жаттығулары  оқу 
материалдарының  қарапайымдылығы  мен  кҥрделілік  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқушылардың  берілген 
тапсырмаларды оқылған ережелерді қолдана отырып, ӛздіктерінен  орындауын кӛздейді. Жаттығудың 
бҧл  тҥрі    білімді  игерту    жаттығулары  деп  аталады.  Ал  оқушылар  белгілі  мәтіндер  мен  сӛйлемдерді  
талдап,  олардан  мҧғалім  жетекшілігімен  тиісті  қорытындылар  шығарады.  Жаттығуының  бҧл  тҥрі  - 
ереже шығаратын  жаттығулар делінеді.  
Нығайтушы жаттығулар бойынша оқушылардың орындайтын жазу жҧмыстары, меңгеруге тиісті 
грамматикалық  білімнің  дамып  қалыптасуы  кең  кӛлемде  тілдік  қағидаларды,  анықтамаларды  және 
заңдылықтарды білуден жалпылығы тар, ішінара, дара жағдайларға қарай ауысып, дедукциялық ойлау 
әдісі бойынша дамиды. Басқаша айтқанда, оқушылардың  грамматикалық  білімдері жалпы ержелерді 
оқып ҥйренуден жеке сӛйлемдерді, сӛздерді, дара қҧбылыстарды талдай білуге қолданылады. Сӛйтіп,  
оқушылар  грамматикалық қағидаларды жеке сӛздер мен сӛйлемдерді талдау нәтижесінде жете тҥсініп, 
меңгеретін  болады.  Ал  жалпы  грамматикалық  ережелердің  мәнісін  жаттығуларды  орындау  арқылы 
тҥсініп,  ӛздерінің  іс-әрекет  тәсілдерін  дамытады.  Осындай  әркеттер  арқылы  оқып  білген  оқу 
материалдарын тәжірибе жҥзінде тексеріп, оларды анықтайды. Пысықтаған материалдар оқушылардың  
жадында  тҧрақты сақталады.  
Ондай мағлҧматтарды жаттығулар мен жазба жҧмыстарын орындауға қолданады. 
Ал  қағидалар  мен  ережелер  шығарушы  жаттығуларды  орындау  тікелей  пән  мҧғалімнің 
жетекшілігімен  жҥргізіледі.  Оқып  ҥйренуге  тиісті  тіл  материалдары  оқушылардың  ӛздері  келтірген 
мысалдар арқылы талданып, олардан тиісті қорытындылар шығарылады. Сӛйтіп, тиісті грамматикалық 
ережелер  дара,  жеке  сӛйлемдерді  талдаудан  жалпы  жағдайларға  қарай  кӛшіп  отырады.  Осындай  іс-
әрекеттер  нәтижесінде  оқушылардың  әр  қилы  жаттығулар  мен  жазба  жҧмыстарын  орындауы  дара 
деректерден,  жеке  мысалдарды  талдаудан  жалпы  ереже  шығаруға  қарай  ойысып  индукциялық  ойлау 
әдісі  бойынша  дамиды.  Мысалы,  оқушылар  етістіктің  сӛйлемдегі  қызметін  талдап,  етістік  кӛпшілік 
жағдайда  сӛйлемде  баяндауыш  мҥше  болады  деген  жалпы  қорытындыға  келеді.  Мысалы,    ал  емлені 
игертуде  осындай  жалпы  қортындыны  басқа  сӛз  табына  байланысты  қолданылады.  Мысалы,  зат 
есімнің баяндауыш болуы сызықшаның қойылуы туралы ережеге әкеледі. 

134 
 
ӘОЖ 373.642  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет