«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет4/90
Дата21.02.2017
өлшемі9,75 Mb.
#4635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

 
Захисними заходами є: суворе дотримання вимог чинного
 
державного стандарту з контролю за посівною, 
якості  насіння  та  його  зараженням  збудниками  фузаріозу  та  іншими  мікоінфекціями,  польове  інспектування 
насіннєвих посівів, лабораторний фітопатологічний аналіз насіння, передпосівне протруювання, з використанням 
сучасних хімічних і біологічних протруйників високої захисної здатності. 
 
Через  вплив  багатьох  факторів  на  якість  зерна  та  продуктів  його  переробки,  необхідно  ретельно 
дотримуватися  технології  вирощування  зернових  культур,  а  також  технологічних  та  санітарно
-
епідеміологічних 
норм напротязі всього ланцюжка –
 
від збору зерна до його переробки у кінцеві продукти.
 
 
Література:
 
1. 
Билай В.И., Пидопличко Н.М. Токсинобразующие микроскопические грибы. –
 
К., 1970. –
 
123 с.
 

18 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
2. 
Методические  указания  по  определению  токсичности  зерновых  культур  и  продуктов  их  переработки, 
пораженных грибами рода фузариум секции Sporotrihiella.–
 
М.: МЗ СССР, 1978. –
 
24 с.
 
3. 
Методические  указания  по  обнаружению,  идентификации  и  количественому  определению  афлатоксина  в 
пищевых продуктах (пшеница, рис, соя). –
 
М.: МЗ СССР, 1975. –
 
21 с.
 
4. 
Пономаренко В.А. Микотоксины и их роль в патологии человека и животных: Учебное пособие для врачей.  –
 
Л.,1982. –
 
24 с.
 
5.  Cheeke P.R. Mycotoxins in cereal grains and supplements. In: Natural Toxicants in Feeds, Forages  and Poisonous 
Plants. Interstate Publishing Inc., Danville, IL, USA, 1998, pp. 87-136. 
6.  Gelderblom W.C.,  Jaskiewiez  K.,  Marasas W.F., Thiel  P.G.,  Horak  R.M.,  Vleggaar  R.,  Kriek  N.P.  Fumonisins  novel 
mycotoxins  with  cancer-promoting  activity  produced  by  Fusarium  moniliforme.  Appl.  Environ.  Micro-biol.  1988,  pp. 
180-181 
 
Науковий керівник: доктор хімічних наук, професор, Максін Віктор Іванович.
 
 
 
Шолпан Дауренбекова

Шекерхан Қудайбергенова 
 
(Қазақстан, Талдықорған қаласы)
 
 
ЖОҢҒАР АЛАТАУЫНЫҢ
 
СИВЕРС АЛМАСЫ
 
 
Сиверс  алмасы
  (MALUS  SIEVERSI) 

 
Орталық  Азия  және  Қазақстан  тау  маңайының  саны  қысқарып 
бара  жатқан  жабайы  алма  түрі.  Бұл  алма  әлемдегі  барлық  алма  сорттарының  атасы  болып  табылады,  себебі 
қазіргі барлық алманың мәдени сорттарына бастама берген осы жабайы Сиверс алмасы. Бағалы тағамдық ағаш, 
тау  беткейлерін  бекітуші,  көптеген  мәдени  сорттың  жабайы  туысы.  Жақсы  бал  жинаушы,  тығыз  өскен  алма 
ағаштары бір гектардан 25
-
40 кг бал береді. 
 
Қазіргі  кезде  алмалардың,  атап  айтсақ,  апорт  сортының  дәмділік  сапасы  төмендеп  барады.  Қоршаған 
орта  экологиясына  байланысты  алмалардың  қасиеті  төмендегені  байқалады  Түр  пішінінің  алуан  түрлілігімен, 
әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемісінің дәмімен ерекшеленеді. 
 
Қазіргі кезде Сиверс жабайы алма ағашын негізге ала отырып, алмалардың жақсы қасиеттерін қалпына 
келтіру  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  Келесі  бір  мәселе  –
 
жаңа  мәдени  алма  түрін  алу  үшін  алмалардың 
сорттарының гүлдерін бір
-
біріне шағылыстыра тозаңдандыру жасау. 
 
Қазақстанда,  негізінен,  Сиверс  алмасы  (Malus  sieversi),  Недзвецкий  алмасы  (
Malus  niedzwetzkyana), 
қырғыз  алмасы  (Malus  kirghisorum)  өседі.  Бұлар  Сиверс  алмасының  таулы  екі  өкілі  болып  саналады. 
Қазақстанның  оңтүстігі  мен  оңтүстік  шығысындағы  тау  сілемдерінде  (Тарбағатай,  Жоңғар,  Іле,  Талас 
Алатауларында, Кетпентау, Қаратау, Қырғыз және Уғам жоталары, Қаржантау) кездеседі. 
 
Таулы  аймақтары  бойынша  кездесетін  жерлері  және  қанша  көлемде  кездесетіні  пайызбен  көрсетілген: 
Жоңғар  Алатау  –
 
48,8  %;  Іле  Алатауы  –
 
25,4  %;  Қаратау  –
 
12,1  %;  Талас  Алатау  –
 
11,7  %;  Тарбағатай  –
  2  %. 
Қазақстаннан тыс Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік тауларында таралған.
 
1793  жылы  орыс  ботанигі  Иоганн  Сиверс  Ұржар  өзенінің  аңғарларындағы  орман  ішінде  өскен  жабайы 
алмаға бірінші болып сипаттама жазған. Орыс ботанигі К.Ф.Лебедур 1844 жылы Тарбағатайда болған кезінде осы 
Сиверс  алмасына  толық  сипаттама  берген.  1929  жылы  орыстың  ұлы  ғалымы  Н.И.Вавилов  Орталық  Азияға 
экспедицияға шығу барысында Қазақстанның оңтүстік шығысын жабайы алма мен өріктің орталығы деген болжам 
айтты.  Кейін  бұл  болжам  академик  Аймақ  Жанғалиевтің,  сондай
-
ақ  оның  көптеген  шетелдік  әріптестерінің  көп 
жылдық еңбегінің нәтижесімен расталды. [2
]  
Бұл ксерофитті өсімдіктер құрғақ, күн көзі көп түсетін жерлерде және де тау өзендері бар жерлерге жақын 
өседі  (теңіз  деңгейінен  1600  м  биік).  Таулы  аймақтың  солтүстік  бөліктерінде  көптеп  кездеседі.  Орманды 
белдеулерде  1000
-
1600  м  теңіз  деңгейінен  жоғары  қайың  немесе  қарағай  ормандарында  таралған,  орта 
топырақты жерде доланалармен, итмұрындар, бөріжидекпен, таңқурайлар және т.б. өсімдіктермен бірге бұл алма 
сортары  құрғақ,  тасты  жартастарда  2200  (2500)  м  теңіз  деңгейінен  жоғары  жерлерде  өседі.  Жапырақты,  сирек 
қылқан  жапырақты  ормандарда,  тау  өзені  сайларында,  тау  баурайларында  кездеседі.  Жиі  шағын  (бірнеше 
гектар), дерлік иін тірескен тұтас тоғайлар, көбіне жекелеген даралар мен жеке топтар болып өседі. 
 
Жабайы түрлерін –
 
Құлжа, Қашқар, Алматы, Қаратау, Фергендық қыраттарда және Жоңғар Алатауында 
кездестіруге  болады.  Бұл  жабайы  алманың  кеңінен  таралған  аймақтары  болып  саналады.  Қазақстан 
территориясында Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауының 75%
-
ын Сиверс алмасы алып жатыр. [4 ]
  
1992 жылы Жетісу жерінде алмалардың аумағы 11 мың га жерді алды. Содан бері таралу аумағы қатты 
қысқарған. Алма ағаштарын кесіп, отынға жаратып, малдарын жайылымға қойып және жаңа тұрғындардың көшіп 
келуінен , жазық жерлерге
 
айналдырған .
 
Соңғы  жарты  ғасырда  ауыл  шаруашылығы  дақылдары  мен  саяжай  құрылыстары  әсерінен  алма 
бақтарының  көлемі  қатты  қысқарды.  Бұл  алманың  түрі  сонымен  қатар  малды  шектен  тыс  жаю  мен  өрттерден 
зардап  шегіп  отыр.  Популяцияның  біразы  Алматы,  Ақсу
-
Жабағлы,  Қаратау  қорықтарында,  Тянь
-
Шань  мен 
Тарбағатайдың бірнеше қорықтарында, сонымен қатар Іле
-
Алатау ұлттық паркінде қорғалады. [3]
  
Жетісу  Алатауы  жотасының  солтүстік  тау  бөктерінде  Жоңғар
-
Алатау  Мемлекеттік  Ұлттық  табиғат  паркі 
ашылды. Бұл аумақта қызыл кітапқа енген, жойылу қаупі алдында тұрған Сиверс алмасы өседі. Жоңғар
-
Алатау 
мемлекеттік  ұлттық  табиғат  паркінің  жалпы  аумағы  356022  гектар  жерді  құрайды.  Парк  Алматы  облысының  –
 
Ақсу,  Сарқан  және  Алакөл  аудандарында  орналасқан,  2010  –
 
жылы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
қаулысымен құрылды. Генетикалық резерват ретінде Іле және Жоңғар Алатауы тау ормандарының ең аз бүлінген 
табиғи  учаскелері  таңдап  алынды.  Резерват  аймағында  жабайы  алма  мен  өріктің  түрішілік  алуантүрлілігі 
барынша мол ұсынылған. Мұны тиісінше жүргізілген генетикалық талдаулар мен биологиялық және экологиялық 
бағалаулар көрсетіп отыр. Орман генетикалық резерваттардың бөлінуіне аймақты зерттеу, түгендеу және картаға 
түсіру,  далалық  материалдарды  өңдеу  мен  карталарды  дайындау,  биологиялық  материалдардың  үлгілеріне 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
19 
 
 
генетикалық зерттеулер жүргізу, генетикалық резерваттың төлқұжатын дайындау, келісу және бекіту жұмыстары 
алғышарт болды.
 
Алматы  облысы  аймағындағы  резерваттың  жалпы  аумағы  559,9  га.  құрайды.  Соның  ішінде  Жоңғар
-
Алатау  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парк  аймағында  –
  360 
га,  Іле
-
Алатау  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябақ 
аймағында –
 199,9 
га [2].
 
Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  Орман  және  аңшылық  шаруашылығы 
комитетінің  06.05.2011  ж.  №138  бұйрығымен  бұл  объектілер  селекциялық
-
генетикалық  маңызды  объектілер 
тізіміне  енгізілді.  Осы  объектілерді
-
генетикалық  резерваттарды  ұстаудың  негізгі  шарты  олардың  табиғи  тепе
-
теңдігін бұзатын барлық шаруашылық қызметтерімен айналысуға тыйым салынуы болып табылады. 
 
Іле Алатауы мен Жоңғар Алатау ұлттық табиғат парктерінің ғылыми бөлімдерінің күшімен мұнда ғылыми 
жұмыстар және олардың экологиялық жай
-
күйіне мониторинг ұйымдастырылатын болады. 
 
Парк  биоалуантүрлілікті,  соның  ішінде  ғаламдық  маңызы  бар  жабайы  жеміс  ағаштарының  генофонды 
және  айрықша  экологиялық,  генетикалық,  тарихи  және  эстетикалық  құндылықтардың  қазынасы  болатын  табиғи 
тау  ландшафтарын  сақтау  мақсатында  жасалған.  Аймақ  таулы  агроалуантүрлілікке  бағытталған  маңызды 
орталық болып табылады. Парктің жалпы ауданының 1,5 пайызын Сиверс алмасының жабайы жемісті алқаптары 
алып жатыр. [1] 
 
Жоңғар
-
Алатау  ұлттық  табиғат  паркінің  флорасында  Қазақстанның  қызыл  кітабына  жазылған  сирек 
кездесетін  және  жойылу  қаупі  бар  Сиверс  алмасы,  сепкілгүл,  Жоңғар  тасшөбі  сияқты  өсімдіктермен  қатар, 
әлемнің  еш  жерінде  өспейтін  өсімдіктердің  76  түрі  осы  қырқаларда  өседі.  Бұл  жерде  сондай
-
ақ,  жай  өрік,  жай 
бөріқарақат, дөңгелек жемісті бөріқарақат, Тянь
-
Шань шиесі, Алберт итмұрыны, Мейер қарақаты сынды жабайы 
жеміс
-
жидектің көптеген түрлерімен айырықшаланады.
  
 
Сиверс  алмасы  –
 
бұл  2
-
8  метрге  жететін  ксероморфтық  ағаш,  жайылмалы  өседі,  кейде  домалақтанып 
жинақы келеді. Қабығы қызыл
-
қоңыр реңді, қысқы суыққа төзімді. Ескі өркендерінің қабығы аздап қыртысты қоңыр 
сұр түсті. Жас өркендерінің қабығы тегіс, бір жылдық өркендері жуан, қысқа, тікенекті. Жапырақтары бүтін, жалпақ 
қандауыр пішінді немесе сопақша келген. Үлкен ағаштарында әжімдер секілді қыртыстары болады, түсі қызғылт
-
сұр  келеді.  Көпжылдық  ағаш  болғандықтан  олардың  бұтақтарында,  аңдардың  денесіне  жабысатын  тікенектері 
болады,  тамыр  жағынан  өсетіндері  қатты  келеді.  Біржылдық  түрлері  қалың,  жалпақ  қызыл  түсті  болады  және 
ағаш  майысып  жерге  қарай  иіліп  өседі.  Тығыз  бөрік  басының  аумағы  дөңгелектеніп  келеді,  көкек
-
мамыр 
айларында гүлдейді, шілде
-
қырқүйекте жеміс береді. Жемісінің пішіні мен көлемі алуан түрлі, көбіне түсі қызғылт 
жолақты сары. Бүршігі аса үлкен емес 3 мм
-
ге дейін жетеді, қаныққан қызыл түсті келеді. Жемісінің қабығы қалың, 
одан балауыз дақтары шығады. Жапырақтары тері тәріздіс, доғал немесе иіліп келетін пішінді келеді, ені 6
-
8 см, 
алдыңғы  жағы  қатты  түсіңкі,  шеттерінде  қызғылт  дақтары  болады.  Жапырақ  тақтасының  шеттері  қырланған, 
жалпақ немесе домалақ негізді, тісшелері бар, екі есе жіңішке пластинка тәрізді.
 
Табиғатта тұқымы және тамыр атпалары арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Гүлдері шатыр тәрізді 3
-
5-
тен  ораналасып  өседі,  ақ  немесе  ақшыл  қызғылт  түсті  келеді,  гүлдің  диаметрі  3
-
4 см,  шыны  тәріздісі қою  сұр 
түсті, гүл тақтасы мен сабағы түсіп тұрады. 
 
Бес  жеміс  жапырақщаларына  жатын  ғана  емес  гүлдің  тостағанша  жапырақщаларының  аталықтарының 
негіздері  қатынасады.  Эндокарпийі  салыстырмалы  тұрде  қатты  және  тері  тәрізді,  ол  ұяларда  екі
-
екіден  бос 
орналасқан, тұқымдарымен қоршап тұрады.
 
Бұтақтануы  –
 
симподийлі.  Жапырағы  –
 
сағақты,  қауырсын  жүйкелі  (қосалқы  жапырақщалары  бар). 
Гүлдері  аналықтың  үстінде  орналасады.  Гүл  шоғыры  моноподилі,  қалқанша.  Гүл  серігі  –
 
қосқабатты, 
гетерохломидты, 5 мүшелі. Гүлі –
 
полисимметриялы, пентоциклді, қосжынысты, актиноморфты.
 
*Са
5
Со
5
А G(1
-
5) *Са
5
Со
5
А(17
-20)G(1-5) 
Аталығы 17
-
20. Ортасында 5 аузы бар жатыны тостағанша ауызымен біріккен. Бұл төменгі жатын. Жемісі 
щырынды, алма жеміс –
 
бес ұялы жеміс. Жемістің эндокарпийі салыстырмалы түрде қатты, тері тәрізді ұяларда 
екі
-
екіден бос орналасқан тұқымдарымен қоршап тұрады

Алма  жемісінің  түзілуіне  жатыннан  басқа  гүлтабаны,  тостағанша  мен  күлтенің  түбі  және  аталықтың 
төменгі  бөлігі  қатысады.  Алма  5 ұялы  жатыннан  дамитындықтан  жемісінің  ішкі  бөлігі  қатты  болады,  әр  ұясында 
екіден тұқым орналасады, сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма жемісі өзінше «алма жемісі» деп аталады. 
Жемісі  жеке
-
жеке,  жалғыздан  өседі,  шар  тәрізді  немесе сопақша,  диаметрі  3
-
8  см,  ашық  қызыл  түсті,  күлгіндеу, 
сары түсті, хош иісті, ащылау
-
тәтті дәмі бар, ұзындығы 5
-
10 см, жастары иіліп, түсіп ұрады. Тұқымдары сопақша, 
қою түсті, тегіс, ұзындығы 5
-
6 мм, ені 4
-
5 мм. 
 
Сиверс  алмасының  өте  бағалы  емдік  қасиеті  бар.  Жемісін  біраз  ішек  қарын  және  авитаминоз 
ауруларынан емделгенде жеуге ұсынады. Бұл емдік сапасы жағынан Сиверс алмасы мәдени алмалардан артық. 
Бұл алманың ыстыққа, суыққа төзімді және витаминді сорттар шығаруда селекциялық мәні күшті.
 
Қазақстандық жабайы алмалардың жемісінің биохимиялық құрамы мәдени алмалардан кем емес, кейде 
тіпті артық: мысалы жабайы алмадағы қант мөлшері, мәдени алмадан 1,18% қана кем. 
 
Жабайы  алма  жемісіндегі  заттардың  мәдени  алмада  болатын  заттардың  мөлшерінен  артықшылығы 
мына көлемде: құрғақ заттар 1,6 –
 
8%, органикалық қышқылдар 2 –
 
5, пектин заттары 1–
 
5, ароматтық заттар 1–
 
5, илік заттар –
 
7% , витаминдерден: С 2 –
 
5, Р –
 
7, микроэлементтерден: марганец –
 
1,4, темір –
 
1,2, мырыш –
 
1,42, бор –
 
1, 38 және молибден –
 
1,5% артық. Бұлар өндірісте мәдени алмадан да жоғары сапалы тағам береді. 
Көптеген  дигустациялық  анализ  қазақстандық  жабайы  алмадан  алынған  сусындарды,  көптеген  стандарттық 
сусындардан артық екендігін көрсетті.
 
Зерттеу барысында алманың биохимиялық құрамы анықталынды. Мысалы, 100 г. алманың құрамындағы 
нәрлі заттар(
 
г): су –
 83-
87 г, ақуыз –
 
0,4 , май –
 0,2-
0,4, майлы қышқылдық –
 0,1-
0,2, майсыз қышқылдық –
 0,1-0,2, 
көмірсулар –
 9,8-11,8, 
моносахарид, дисахарид –
 9,0, 
крахмал –
 0,8, 
пектин –
 1,0, 
органикалық қышқылдар –
 0,8, 
күл  –
  0,5-0,8. 
Жоғарыда  айтылған  мәліметтерге  сүйене  отырып  100  гр  алманың  құрамы  көмірсулар  мен 
органикалық қашқылдарға бай болатынын дәлелдедік.
 

20 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
Сиверс  алмасының  100  гр  құрамындағы  макроэлементтер  мен  микроэлементтер  зерттелінді.  Мұндағы 
макроэлементтердің құрамы 
(
мг
)  : 
калий –
 
278, кальций –
 
16, магний –
 
9, натрий –
 
26, күкірт –
 
5, фосфор –
  11, 
хлор –
 
2. Макроэлементтердің ішінде калий, натрий, кальцийдің мөлшері жоғары.
 
Ал алманың микроэлементтерінің құрамы: темір –
 
2,2 г, алюминий –
 
110 мкг, бор –
 
245 мкг, ванадий –
 4 
мкг, йод –
 
2 мкг, кобальт –
 
1 мкг, марганец –
 
47 мкг, мыс 
-
110 мкг, молибден –
 
6 мкг, никель –
 
17 мкг, рубидий –
 63 
мкг, хром
 

 
4 мкг, цинк –
 
150 мкг. Микроэлементтердің ішінде бор, цинк, алюминий, мыстың салмағының мөлшері 
жоғары.
 
100 г. алманың құрамындағы витаминдер (мг):  витамин А  –
  0,02-
0,10, витамин В1 (тиамин) –
  0,01-0,03, 
витамин  В2  (рибофлавин)  –
  0,01-
0,03,  витамин  В3  (витамин  РР)  –
  0,023-
0,04,  витамин  В5  (пантотеналық 
қышқылдық, пантотенаттық кальций) –
 
0,07 мг, витамин В9 –
 1,6-
2,0 мг, витамин С –
 
10,0мг, витамин Н (биотин) –
 
0,3 мкг, витамин К (филлохинон) –
 
2,2 мкг, витамин В6 (пиридоксин) –
 
0,08 мг. Витаминдердің ішінде витамин С, 
витамин В9 салмағының мөлшері жоғары.
 
Жабайы  алмадан  тұратын  ормандардың  табиғаттағы  рөлі  күшті  екенін  ғалымдар  дәлелдеді.Тереңге  –
 
3,54  м,  жан
-
жағына  –
  10-
12  м  тармақталып  кететін  тамырлары  топырақты  мықтап  ұстап  тұрады.  Алма 
тоғайларында  микроклимат  жақсарады,  температура  мен  топырақтың  тәуліктік  өзгерісі  бірқалыпты  реттеледі, 
топырақтың  ауа  және  су  режимі  жақсарады.  Мысалы,  алма  ағаштарының  топырақты  эрозиядан  сақтап,  онда 
ылғалды  және  ауа  райын  реттеп  отыратыны  анықталды.  Алма  ағаштары  топырақтың  физикалық,  химиялық 
құрамын  жақсартады,  оларды  шайылып,  үгітілуден  сақтайды.  Табиғи  популяцияның  жағдайын  бақылауды  және 
барлық жерде қорғалуды қажет етеді. Саны қысқарып бара жатқан түр. Мәдени түрде өсіруді қолға алу керек. 
 
 
Қолданылған әдебиеттер:
 
1. 
Билич . Г.Л. Ботаника. том II. «Издательство АСТ» ,2004 г.

210с.
 
2. 
Джангалиев. А.Д. «Дикая яблоня Казахстана» , Алма
-
Ата ,1977 г.
 
3. 
Байтенов. М.С. «В мире редких растений», Алма
-
Ата, 1985 г.

180с.
 
4. 
Иващенко. А.А. «Растительный мир Казахстана» , Алма
-
Ата,2004 г.

152с.
 
 
 
Нәзгул Әужанова 
 
(Талдықорған, Қазақстан) 
 
 
ҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШӨПТЕСІН СӘНДІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚЫСҚАША 
СИПАТТАМАСЫ
 
 
Қала  көшелеріне,  парктерге  көз  тұндырарлык  әсемдік  беріп  тұрған  көптеген  теңдесі  жоқ  ол  ‒  шөптесін 
өсімдіктер.  Шындығында  әлемнің  түпкір
-
түпкірінен  сәндік  үшін  әкелінген  шөптесін  өсімдіктер  жерсініп  қаланы 
безендіру үшін қолданылуда. 
 
Қаланы  безендіру
 
жұмыстарын  жүргізгенде  міндетті  түрде  алқаптың  ауа  райы,  топырақ  құрамы,  жер 
бедері  сияқты  ерекшеліктері  ескеріледі,  суаруға  қажетгі  су  көздері  қарастырылады.  Осы  факторлар  бойынша 
отырғызылатын  өсімдіктер  құрамы  да  анықталады.  Шөптесін  өсімдіктердің  жас  өркендері  мен  тұқымдары  әр 
аймақта орналасқан питомниктерден алынады.
 
Шоғыр қоңыраугүл, колокольчик ‒ Campanula (Қоңыраугулдер тұқымдасы ‒ Campanulaceae) 
[4, 5]. 
Ең  танымал  және  Қазакстанда  кездесетін  12  түрдің  арасындағы  көп  тарағаны. 
Оңтүстік  шөлден  басқа  Қазакстанның  барлық  аймағында  –
 
шабындықтар  мен  орман 
алаңқайларында,  таулар  мен  жазықтарда  кездеседі.  Бұл  кепжылдықтың  мықты  тамыр 
сабағы  (50  см
-
ге  дейн  биік),  жұмыртка  тәрізді  созыңқы  жапырағы  бар  [1,  118  б.].  Баска 
гулдерден  гулдерінің  орналасу  ерекшелігімен  ажыратылады.  Дара  емес  тығыздала  сабақ 
ұшына  жақындап  топтама  гүлдің  басын  құрайды.  Әр  гулде  бес  тостағанша,  күлте  және 
аналық,  одан  кейін  үш  бөлек  тозаң  түйіні  бар.  Өciп  кеткен  күлтелер  ұзын  түтік  құрайды, 
олардың  түбінде  омарталық  бездер  орналаскан  (шырынды).  Осыған  байланысты  гүлде 
айқас  тозаңдану  жүреді,  оған  тек  үлкен  жәндіктер  (аралар  т.с.)  катысады.  Қоңыраугүл 
жаздың ортасында маусым
-
тамызда гулдейді, тамыз
-
қыркүйекте жеміс береді. Тұқымы өте 
ұсак  пiciп
-
жетілген  қауашақта  пайда  болатын  арнайы  тесік  аркылы  төгіледі  де  желмен 
таралады.  Гүлдерінің  түсінің  алуан  түрлілігіне  байланысты  ХҮІ  ғасырдың  ортасынан  бері 
түр ретінде жоғары бағаланып келеді.
 
Құртқашаш,касатик 
 
Iris (Құртқашаштар тұқымдасы 
 Iridaceae) [4, 5]. 
Қазақстанда  кездесетін  19  түрдің  ішіндегі  Республиканың  тек  солтүстігінде, 
орманды,  далалы  аймақтарда  кездеседі.  Бұл  шөптесін  көпжылдық  өсімдік
-
тамыры 
бұтақталған  түбін  тығыздап  алып  қайың  жанында,  түбінде,  орманның  ашық 
жерлерінде, ылғалды шалғындарда өседі. Жапырағы жіңішке (1 см
-
дің айналасында), 
таспа  тәрізді,  тегіс,  желпуіш  тәрізді  шоқтана  жиналған.  Сабағы  тік,  биік  (100  см
-
ге 
жетеді),  жапырақтары  дара,  гүл  саны  2
-
3,  диаметрі  5
-
7  см
-
ге  жетеді.  Түстері  жиі 
өзгереді  ‒  қою  сия  түстен,  көкшіл,  көгілдір,  бозғылт,  кейде  таза  ақ  түсті.  Қысқа 
түтіктегі гүл серігі алты бөліктен түрады, төмен өскен және екі шеңберге орналасқан. 
Сыртқы  жапырақшалар  ішкілеріне  қарағанда  ашыңқы  керіліп,  иіліп  тұрады,  ал 
ішкілері  тігінен  жоғарыға  бағытталған.  Осы  тұқымдасқа  жататын  барлық 
(өкілдердікіндей)  түрлер  сияқты  аталық  мұнда  үшеу.  Жоғарыдан  қарағанда  олар 
байқалмайды.  Сібір  құртқашашы  әдетте  маусымда  гүлдейді,  жемісі  тамыз  айында 
жетіледі  [1,  201  б.].Көбею  жолдары  ‒  тұқым  арқылы  және  вегетативті  түрде  (тамыр 
арқылы).  ХҮІ  ғасырдың  аяғында  мәдени  түрде  өсіруге  (байқау)  тәжірибе  жасалған, 
бұл  түр  үздік  декоративті  өсімдік  ретінде  танымал.  Оның  суыққа  төзімділігі  мен  жылдам  көбейетіндігін  гүл 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
21 
 
 
өсірушілер  мен  сұрыптаушылар  жоғары  бағалауда.  Англия,  АҚШ  жөне  Канадада  көптеген  мәдени  сорттары 
шығарылған, олардың ішінде ең әдемісі «Тропика түні» (Тропическая ночь) қою сиякөк және «Снежный гребешок» 
(Ақ айдарлы) ‒ көзтұндырарлық ақ гүлдісі.
 
Май інжугүлі, майский ландыш –
 
Convallaria majalis (Лалагүлділер тұқымдасы ‒ Liliaceae) 
[4, 5]. 
Май  інжугұлі  қазақстанда  сирек  кездеседі,  тек  емен  ормандарында  және  Орал  мен  Елек  өзендері 
аңғарларындағы  бұта  шіліктерінде  (Батыс  Қазақстан  облысы)  кездеседі.  Республиканың  басқа  жерлерінде  өте 
танымал мәдени түрінде ‒ бауда, парктерде, саяжайда т.б. жерлерде өсіріледі. 
 
Тамырсабақтарының қатысуымен жылдам көбейеді. Тамырсабақ жүйесі күрделі, бірі 
ұзын,  өрмелегіш,  бұтақтанған,  көлбеу  орналасқан,  біреулері  қысқа  (1,2  см  ғана),  тіке 
орналасқан.  Олардаң  жыл  сайын  жаңа  жер  беті  өскіндері  құралады  ‒  вегетативті  және 
генеративті.  Генеративті  өскіндердің  сабағы  (30  см  дейінгі  биікте)  әдетте  екі  үлбіреген  кең 
қандауырша тәрізді жапырақты және бір бүйірлі шашақты аппақ гүлді ‒ жағымды  хош иісті. 
Гүлдері  жартылай  шар  тәрізді  ‒  қоңырау  пішінді,  алты  қай
-
ырылған  тісшелерімен,  ұзын 
гүлтабанындағы гүл шоғырына орналасқан.
 
Інжугүл  көктемнің  ортасында,  әдетте  мамырда  гүлдейді.  Жемісі  қызғылт
-
сары  не 
шар  тәрізді  жидек.  Әрқайсысында  екі
-
үш  тұқымнан,  жаздың  соңында  піседі.  Тозаңдану 
жөндіктердің  көмегімен  жүреді.  Гүлдердің  хош  иісі  мен  тозаңы  жәндіктерді  өзіне  тартады. 
Жемістерін құстар таратады. Інжугүлдің бір  ғана ұрпағы бүкіл үлкен бір алқапты алып кетуі 
мүмкін 
[
2, 196 б.]. Қатты бұтақтанатын тамыр сабағы көптеген вегетативті және генеративті 
өскіндер  таратады.  Тамыр  сабақтың  бөлігі  жайлап  шіриді  де,  олардың  жүйелері  жеке 
түрлерге ажырайды. Вегетативті өскіндерге екі
-
үш жылда бір гүлдеу тән, қолайсыз жағдайда 
кейде  олар  тіпті  гүлдемейді.  Бұл  өсімдіктің  жапырағы  гүлдеу  мерзімінде  де,  жеміс  беру 
кезеңінде  де  өте  әдемі.  Меруертгүлді  XVI  ғасырдың  ортасынан  бері  қолда  өсіріп  келеді, 
олардың ақ гүлдісінен басқа, күлгін және түкті гүлді (махровый) сорттары бар. 
 
Қызғалдақ

, тюлпан –
 Tulipa, 
(Лалагүлділер тұқымдасы ‒ Liliaceae)
 [4, 5]. 
Қазақстанның далалы, шөлді және шөлейтті кеңістігіне тән түр. Каспий маңынан бастап 
Шығыс аласа тауларына және Республиканың ең солтүстік шекарасынан бастап, Балхаш көліне 
дейінгі аралықта кездеседі. Өте тартымды, көктемде (сәуір
-
мамыр) гүлдейтін өсімдік. Барынша 
үлкен  пиязшығы  қара  қошкыл  құрғак  қабыршақпен  қапталған  және  тегіс  жалаңаш  сабағының 
биіктігі  40  см.  Жапырағы  (жиірек  олар  үшеу)  созыңқы,  бас  жағына  жақын  кішірейеді,  гүлден 
қысқа. Гүлі тостаған төрізді
-
таспа пішінді, биіктігі 7 см
-
ге дейін, жағымды, жеңіл хош иісті. Түсі әр 
түрлі  ‒  ақ,  сары,  күлгін,  қызыл,  акшыл
-
көгілдір  тіпті  сиякөк.  Гүлдің  ортасы  сары  немесе  қара 
ноқатты.  Аталық  жіпшелері  және  тозаңдары  сары  немесе  қара.  Қызғалдақ
 
сәуір
-
мамыр 
айларында  гүлдейді.  Жемісі  үлкен,  құрғақ  ұшқырлы,  қауашақтары  200  не  одан  көбірек  жақсы 
жетілген  тұқымдардан  тұрады.  Жабайы  түрде  Кавказда,  Қырымда  және  солтүстік  Иранда 
кездесетін  түрлердің  тарихы  қазіргі  бақшада  өсірілетін  қызғалдақтардың  тарихымен 
байланысты.
 
Голландиялық  сұрыптаушылардың  көмегімен  әлемде  қызғалдактардың  жоғарғы  сорттары  шығарылды. 
Бұл  кішкентай  елде  бірде
-
бір  жабайы  қызғалдақ  жоқ,  XVI  ғасырдың  ортасында  белгілі  ғалым  және  бағбан  Карл 
Клузиус  сол  жерге  (Голландия)  Австралиядан  алып  келінген  «түрік»  қызғалдағын  өсірген.  Европалықтар  үшін 
таңқаларлық  өсімдіктің  тұқымы  мен  пиязшығын  өзінің  императорына  1554  жылы  елші  Ожир  де  Бруссек 
Константинопольдағы ұлы Сулейманның бақтарынан алып, түрік сұлтаны Австрияға салып жібереді. 1560
 
жылы 
Австрия  ғалымы  Конрад  Гесснер  алғашқы  ғылыми  суреттемесін  жасап,  алып  келген  түрге  «түрік  қызғалдағы» 
деген атау береді.
 
Кейінірек қазіргі кездегі өсімдіктердің номенклатурасын жасап және ретке келтірген атақты ботаник Карл 
Линнейдің  қатысуымен  бұл  түрдің  аты  өзгерді,  алғашқы  ашқан  ғалымның  құрметіне  Гесснер  қызғалдағы  деген 
атау берілді.
 
XX  ғасырдың  аяғына  дейін  Гесснер  қызғалдағы  жабайы  түрде  кездеседі  деп  есептелініп  келді.  Тек 
жақында  ғана  ғалымдарға  біздің  Шренк  қызғалдағы  Гесснер  қызғалдағымен  бірдей  екендігін  анықтау  мүмкіндігі 
туды. Ботаникалық номенклатура ережесі бойынша біздің ботаниктеріміз атауды қалпына келтірді, бірақ біз әзірге 
Қазақстан  флорасында  және  ТМД  елдеріндегі  анықтамалары,  түсініктемелерінде  берілген,  өзімізге  үйреншікті 
атауымен атаймыз [3, 39 б.].
 
Көктем жанаргүлі, адонис весенний ‒ Adonis vernalis (Сарғалдақтар тұқымдасы ‒ Ranunculaceae)
 [4, 5]. 
Қазақстанда  өсетін  8  түрдің  ішіндегі  ең  әдемі  және  ең  сирек  кездесетіні.  Ол  далада 
және  бұта  шіліктерінде  дала  зонасының  солтүстік  бөлігін  және  орманды  далада  сирек. 
Алтайдың  аласа  тауларында  кездеседі.  Бұл  көпжылдық  өсімдік,  онша  биік  емес,  жуан  да 
қысқа  тамырсабақты,  бірнеше  гүлдеген  сабақтан  онша  үлкен  емес  түбір  құрады.  20  см
-
ге 
дейінгі  биіктікте.  Төменгі  жағындағы  жапырақтары  қабыршақ  тәрізді,  қошқыл  түсті,  сабақ 
жапырақтары  жіңішке  сызықты  бөліктерге  тілінген.  Гүлдері  үлкен  диаметрі  4,5  см
-
ге  дейін, 
ашық
-
сары,  көбінше  жалғыздан  болады.  Тостағанша  жапырақшалары  жіңішке,  жасылдау, 
саны  көп  (20
-
ға  дейін),  күлтелері  үлкен,  жазыңқы,
 
үш  жағы  өзіне  тән 
ұсақ  кетіктелген.  Жемісшелері  жұмыртқа  төрізді  тығыздала  жиналып 
бас құрайды. Ерте гүлдейді (сөуір
-
мамыр айларында).
 
Сөндік  мақсатта  жанаргүл  өте  тартымды.  Батыс  Еуропада  ол 
мәдени түрде 1568 жылдан бері өсіріледі. Қазақставда тек ботаника бақтарында сынақтан 
өткізілген, жекелеп алғанда Риддер қаласында (Лениногорск).
 
Қашқаргүл, астра ‒ Aster (Күрделі гүлді тұқымдасы ‒ Astereae)
 [4, 5]. 
Құрғақ  шабындықтарда,  далаларда,  тасты  беткейлерде,  өзен  жағалауларында 
Республиканың  шығыс  бөлігіндегі
 
дала  және,  орманды  дала  зоналарында,  барлық 
тауларда (Алтайдан батыс Тянь
-
Шаньға дейін) Альпі белдеуіне дейін көтеріле өседі. Оның 

22 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
сырт пішіні астраға ұқсас екені әркімге белгілі. Бір немесе бірнеше сабақтары бар, биіктігі 40 см
-
ге дейін, қысқа да 
жуан  тамыр  сабақтан  шығады.  Жапырақтары  сұрғылт
-
жасыл,  тамыр  мойнындағылары  сопақша,  сабақтарының 
жапырақтары  отырмалы.  Гүлшоғыры  тұқымдастардың  басқа  өнімдерінікіндей,  себеттер.  Бұл  түрдің  себеттері 
жалғыздан,  үлкен,  диаметрі  5  см
-
ге  дейін.  Жиегіндегі  гүлдері  аналық,  тілге  үқсас,  көк  сия  түсті,  сирек  күлгін 
немесе аппақ түсті, ішкілері көп санды, қос жынысты, түтікті, ашық сары түсті гүл тәжімен. Гүлдеу мерзімі шілде
-
тамыз.  Жемістері  ‒  ұсақ,  жалпақтау  тұқымдары  үзын,  ақшылдау  айдарлы  («парашют  тәрізді»)  ‒  желмен 
таралады.  Қазақстандағы  жабайы  түрде  кездесетін  8  түрдің  ішіндегі  ең  белгілісі,  декоративтік  өсімдік  ретінде 
бағалы. Қазақстандағы 7 түрдің ішіндегі бұл түр өте белгілі. Көлемін және гүлінің түсін өзгерткіш қасиеті бар. Альпі 
астрасын  селекциялық  сұрыптауға  пайдаланады  (XVI  ғасырдан  бері  белгілі).  Қазақстанда  ең  бай  коллекцияны 
Алтай ботаника бағында (Риддер қаласында) Ю.А. Котухов жинаған.
 
Бұйра лалагүл, махровая лилия ‒ Lilium martagon (Лалагүдер тұқымдасы ‒ Liliaceae)
 [4, 5]. 
Туыстың  Қазақстандағы  жалғыз  жабайы  түрде  өсетін  табиғаттағы  өкілі.  Аралас  және  жапырақты 
ормандарда,  шалғындықта  және  тау  беткейлерінде,  кейде  субалыпілік 
белдеуіне  дейін  көтеріледі.  Алтай  және  Тарбағатай  таулары,  Жоңғар 
Алатауының  солтүстік  беткейінде  (Шығыс  Қазақстан  және  Алматы  облыстары) 
өседі.  Кейбір  авторлардың  анықтауы  бойынша  орманды  дала  аймағының 
солтүстігінде,  солтүстік  Қазақстан  облысында  қайың  түбінде  сирек  кездеседі. 
Лалагүлдің жерасты органдары мүшелері жалтыраған сары түсті, қатпарланған 
қабыршақты  көпжылдық  пиязшық.
 
Сабағы  биік  (1,5  м).  Жапырағы  ланцетті, 
төменгілері шоғырланған, жоғарғылары кезекті. Жас және ескірген гүлдері дара. 
Жиі  олар  көптен  (онға  дейін)  бас  жағындағы  шашақта  ұзын  салбыраған 
гүлтабанына  жиналған.  Гүлдері  ірі  (диаметрі  4  см
-
ге  дейін),  ашық  күлгін 
бояуымен,  күңгірт  дақтармен  ерекшеленеді.  Салбыраған  гүлдің  барлық  алты 
жоғары  қайқиған  жапырақшалары  сәл  ғана  оралған,  бұйралау.  Осыдан  келіп 
түрдің  орысша  атауы  шығады.  Аталықтары  ірі  қошқыл  күлгін  тозаңдарымен  тиімді  оқшауланады.  Тозаңдар 
өздерінің  ортаңғы  бөліктерімен  жіпшелерге  ілінген,  сондықтан  ашық  гүл  ішінде  тербеліп  тұрады.  Бұл  түрдің 
гүлдеу  мерзімі  маусым
-
шілде,  шілде
-
тамызда  жеміс  береді.  Жемістері  ірі,  алты  қырлы,  үшкір  қабырғалары  бар 
қорапша,  өзінің  қайталанбас  ерекшелігімен  көңіл  аудартады.  Тұқымы  қоңырлау  сары,  тегіс  үш  ұяшықтың  әр 
қайсысына екі қатарлап жинақтала қойылған. 
 
Қалампыр,  гвоздика  пышная  ‒  Dianthus  superbus  (Қалампырлар  тұқымдасы  ‒ 
Caryophyllaceae). 
Қазақстандық 32 түрдің ішіндегі ең тартымдысы. Құрғақ шалғындықтарда және Тянь
-
Шань,  Жоңғар  Алатауының  белдеулеріндегі  шыршалы  және  аршалы  ормандарда  кездеседі. 
Шөптесін көпжылдық, жатаған, кіндік тамырсабағымен генеративті және қысқарған вегетативті 
өркендер  бөліп  шығаратын  сабақтары  әдетте  бірнешеу.  Биіктігі  60  см,  жұптаса  орналасқан, 
таспалы  қандауыр  жапырақтарымен.  Гүлдері  ірі,  бозғылт  күлгін,  цилиндр  тәрізді, 
тостағаншасымен, 5 желекті, тақталары жіңішке шашақты бөліктерге терең бөлінген. Маусым
-
тамызда гүлдейтін бұл түр үшін хош иіс тән.
 
Қорыта  айтқанда,  біздің  заманымыз  технологияның  шарықтау  шағында  қаланы 
безендіру үшін өте көп көңіл бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет