ЕҢкейсе иен еліне, шалқайса тарих иығына сүйенген батырлармыз туяқова Н.



Pdf көрінісі
Дата22.02.2017
өлшемі415,89 Kb.
#4685

УДК 930 (091)

ЕҢКЕЙСЕ  ИЕН ЕЛІНЕ, ШАЛҚАЙСА ТАРИХ ИЫҒЫНА 

СҮЙЕНГЕН БАТЫРЛАРМЫЗ

Туяқова Н.

(М.Қозыбаев атындагы СҚМУ)

Ел  тағдырын  өз  тағдырынан  биік  қойған,  ұлттың  түтастытын,  жерінің  бүтіндігін 

мұрат  еткен  қазақ  батырлары  қазақ  тарихыньщ  әр  белесіне  тұлталық  деңгейге  көтеріліп 

отьірған.  Ягни  олар ұлттық тұлга бслған.  Осы  ұлттық түлга  биігіне  кімдер  көтеріле  алған? 

Осы  биік  азаматтық  мәртебеге,  халықтық  багата  кімдер  лайықты  болған?  Жзне  қандай 

істері арқылы осындай дәрежеге жеткен?

Ең  алдымен  ұлттық  тұлга  деген  ұгым  -   тарихи  елшем.  Яғни  тарихи  тұргыдан  ұлт 

үшін,  халық  үшін  орасан  маңьтзы  зор,  тарихи  мэні  терең  іс-әрекетке  барған,  немесе  аса 

жауапты  тарихи  сәттерде  халық  тагдырында  айрыкша  орны  болған  адамға  халықтың  өзі 

осындай үлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырган. Міне қазақ тарихыньщ 

әрбір  белесінде  осындай  орасан  зор  халықтық  мэні  бар  тарихи  оқиталарта  араласқан, 

немесе  осы  тарихи  оқиталарды  басқартан,  ұйымдастырушы  болтан,  немесе  асқан  ерлік 

көрсеткен  азаматгар  -   халық  батырлары  атантан.  Ұлттың  түлталары  атанған.  Қазақ 

ұлтынын  багына,  тағдырына  орай  Тарих-ана  әр  гасырда  жаужүрек,  батыр  үлдары  мен 

қыздарын мол жараткан.  ¥лт осыданаман қалған деуіміз збден болады.

Қазақ  жерінің  бір  сүйемі  де  осылардың  арқасында  жаудың  қолында  кетпеді. 

Осылайша,  ол  шеті  мен бұл  шетіне  қүс  қанаты талатын  казіргі  кең байтақ өлкемізді.  кұтты 

қоныс, ата мекенімізді  үлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының 

үшымен  қортай  жүріп  бізге  аманатгап  қалдырды.  Осы  еңбегі  үшін  халық  биікке  көтерген, 

ардақтап,  аттарын  аңызга  айналдырған  батырлардың  ішінде,  эсіресе,  Абылай  ханның  бас 

қолбасшылары  саналған  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Шапырашты 

Наурызбай  бір  тебе  болса,  таты  да  осылардың  қатарында  бір  шогыр  қазақ батырлары ның: 

Қарасай  мен Ағынтай,  Саңырық  пен Тайлақ,  Өтеген  мен  Сұраншы,  Сеңкібай  мен ІІІойбек, 

Малайсары  мен  Райымбек,  Белек  пен  Сатай,  Жэнібек  пен  Тілеуке,  Қылышбек  пен 

Естенбек,  Есенқүл  мен  Сыпатай  сынды  ақберендердің  есімдері  де  айрықша  жарқырап 

көрінеді.  Бұлар  -   XVIII  гасырдың  үшінші  ширегінде  Дүрбіт-Ойратты  талкандатан, 

Маньчжур-Цин  империясына  қарсы  қаһармандықпен  шайқасқан,  торғауыттардың  тас- 

талқанын  шығарған,  үздіксіз  жүргізілген  жиырма  жылдық  соғыста  Алаш  рухын  қайта 

тірілтіп,  үш  жүзді  басқару  тізгінін Абылай  ханның  қолына  ұстатқан,  аты  аңызға  айналган 

ең  үздік  қолбасшылар  [1,  267  6].  Сондықтан  осы  аттары  аталған  айтулы  батырлардың  ел 

тағдырындағы  тарихи  орны  мен  олар  жасаған  ерлік  жорықтарының  мэні  мен  маңызы  да 

бірнеше  ғасырлар  бойында  ел  жадынан  бір  сэтке де үмыт  қалған  емес,  Жалпы  осы  аттары 

аталған  батырлардың  болсын,  немесе  эр  ғасырда  өмір  сүріп,  эртүрлі  тағдыр  кешкен  басқа 

да  сандаған  үлттық  деңгейдегі  тұлғалардың  қай-қайсысын  алсаңыз  да  олардың  тұлғасын 

алдымен халық ішінен шыққан енер иелері  көркем сомдауға,  эдебиет тілінде жырта қосута 

ұмтылған.

Қазақ  халқының  тагдырына  селсоқ  қарамай  өз  халқы  үшін  жан  пидага  барган 

батырларымыз:  Қара  қыпшақ  Қобыланды,  Қара  қасқа  атты  Қамбар  батыр,  Ер  Тарғын, 

Абылай, Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай, Шапырашты  Наурызбай,  Батыр Баян, 

Қарасай,  Өгеген,  Сүраншы,  Саурық,  Сыпатай,  Райымбек,  Махамбет,  Исатай,  Сырым, 

Кенесары, Наурызбай, Амангелді, Бекболат, т.б. есімі елге белгілі, кол бастаған немесе ұлт- 

азаттық  күрестің  ұйтқысы,  басшысы  болтан  батырларымыз  бен  хандарымыздың  көркем



әдебиеттегі  соқталы  бейнесі  can  түзеп,  осы  арқылы  қазақтың  рухани  әлемі  жаңа  белеске 

көтерілді, байтақ кеңістікке шықты  [2,  172 6].

Бір  ерекшелігі  -   XVIII-ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақ  елінің  жылдар  бойы  ес 

жия  алмай,  аттың жалында  журсе де  жоңғар  шапқыншыларына қарсы жүргізген  күресінде 

бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған осынау қазақ батырларының баға жетпес бірлігі, 

азаматтық  ынтымағы.  ұлы  достығы  қазақ  өлең-жырларының  барлығында  да  алтын 

арқаудай желі тартады.

Қазақ  халқын  хандар  билеген  рас.  Ел  басына  күн  туған  XVH-XVIII  ғғ.  бір  өзі 

қайраткер, стратег, дипломат, батыр болған хандар ғана ел билеп,  абырой-атаққа ие болды. 

Ондай  ел  билеуші  өз  мүмкіндігін  майдан  шебінде  көрсетті,  Жекпе-жек  сайыста  батыр 

атанды,  батырлар  легін  бастады.  Қазақ  халқында  неге  батыр  көп?  Меніңше,  оның  осылай 

болу  себептері  бар.  Біріншіден,  кешпелі  халық,  оның  ішінде  қазақ  халқы -  дала  перзенті. 

Алғашқы  өмірге  келген  күннен  бастап,  ол  табиғатпен  әуелі  бетпе-бет,  ал  өсе  келе  жекпе- 

жекте  кездесті.  Сондықтан  да  ол  ерте  есейді,  қажырлы,  қайратты,  тапқыр  болуға  үйренді. 

«Батыр» тек жойқын күштің белгісі емес. Батыр -  адамгершіліктің де биік шыңы  [3,  175 6].

Еліміздің тарихшылары осы  күнге дейін ұлт-азаттық қозғалыстарды жеке-жеке  қарап 

келді.  Бүл  олардың  әрқайсысын  терең  үғыну,  қайталанбас  ерекшеліктерін,  өзіндік 

табиғатын  ашып,  корсете  білу  түрғысынан  дұрыс  та  болар.  Дегенмен,  шын  мэнінде  алда 

каралар  Исатай  мен  Махамбеттің  (1836-1837),  Кенесарының  (1837-1847),  Жанқожаның 

(1856-1857)  Есеттің  (1855-1858)  көтерілістері  Атырауды,  Арқаның,  Сыр  бойын,  қазақ  елін 

түтас  қамтып,  бірі  бастаса,  екіншісі  қоштап  жатқан  жоқ  па?  Жэне  де  аталған 

қозғалыстардың өзара байланысы,  негізгі арқауы,  шешуші сарыны бар екенін әсте ұмытуга 

болмайды.  Бұл  -  мәселенің  бір  жағы  ғана.  Екінші  жағынан  алсақ,  қазақ  даласында  орын 

алған  үлт-азаттық  қозғалысы  сол  дәуірдегі  сонау  Алжирдегі,  ГІольшадағы,  Қытайдағы, 

Үндістандағы  үлт-азаттық 

қозғалыстармен  астарлас,  сырлас,  мұңдас.  Олай  болса, 

Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың,  дүниежүзілік  отарлық  жүйеге  қарсы  күрестің 

құамдас бөлігі деп бағалауымыз керек.

Соңғы  жылдары  жарық  көрген  зерттеулерде  Ресей,  одан  қалды  кеңестік  империя 

кезіндегі  қазақ  халқының  азаттық  қозғалысының  сатыларын,  асуларын,  белестерін, 

кезеңдерін  анықтауға  талпыныс  байқалады.  Айталық,  академик  М.Қозыбаев  аталған 

оқиғаны  нақты  түрде  жеті  кезеңге  бөліп  қарауға  қажет  деп  білді.  Әрине,  аталған  жүйені 

төрт  аяғынан  тең  түрған,  әбден  ширап  жетілген  дүние  деуге  болмайды,  оны  аталмыш 

автордың өзі де  мойындайды.  Дегенмен, ұсынылған эдіс  зерттеушілер үшін  шартты  түрде, 

кезеңдердің  жалпы  сұлбасы,  нобайы  ретінде  алынуы  әбден  ықтимал.  Осынау  әдістемелік 

мэні бар мэселелерге түсінік берген соң, енді үлт-азаттық қозгалысы тарихынан ойысайық. 

Царизмнің  Қазақстандағы  отарлық  езгісінің  күшеюі  халық  бүқарасының  ашу-ызасын 

туғызды.  Халықтық  ірі  толқулар  дами  келе  ұлт-азаттық  қозғалыстарқа  үласып  отырды. 

Дегенмен  бүгінгі  күнге  дейін,  ұлт-азаттық 

қозғалыстардың  проблемалары  тарихының 

«ақтаңдақтары»  ретінде  қалып  қоюы  өкінішті-ақ..  Дәлірек  айтсақ,  осы  заманғы 

зерттеушілер Сырым Датұлының (1783-1797), Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтің 

(1836-1838)  жетекшілігімен  болган  көтерлістер  жэне  1916  жылгы  қозғалыс  жайлы  жақсы 

біледі  [2, 221-2226].

Қазақ  Ресейге  бодан  болған  алғашқы  кезеңце  (1731-1822жж.)  ханның  қүты  кетті, 

оның  өзі  императордың  үмбетіне  айналды.  Қалмақ,  башқұрт  жорықтары  азайды, 

батырлардың  беделі  темендеді.  Қазақ  жеріне  ендеп,  бойлап  кіре  бастаған  орыс  казактары 

хандықтың көшіп-қонуын шектеді, оның малын барымталады. Қазак барымтаны  қарымтаға 

жалғастырды.  Патша  өкіметі  қазақтың  сүлтандарын,  билеріне,  батырларына  шен-шекпен 

үлестірді  де,  оларды  халық  арасындағы  үстем  тап  етіп  қалыптастырды.  Патшалық- 

отаршылдық  режиммен  ауыз  жаласқан  хандық  билік  кеселге  үшырады  да,  ол  халықты 

қанаушылармен,  отаршылармен  одақтасты  да  халық  арасында  сына  қақты.  Міне,  дэл  осы 

сәтте  күш  пен  акылды,  білім  мен  білекті,  сезім  мен  парасатты  тең  ұстаған  дана  Сырым 

батыр тарих сахнасына келді  [6,  103 6].

102


XVIII  ғасырдағы  қазақ қайраткерлерінің арасында  Сырым  Датұлының орны  ерекше. 

Біртуар  тарихи  түлғалар  -   Тэуке  хан,  Әбілқайыр  хан,  Абылай  хан,  Төле  би,  Қазабек  би, 

Әйтеке  би,  Кұралы  хан,  Жәнібек,  Есет,  Райымбек  батырлармен,  өзге  де  еліне  сыйлы 

азаматтармен  тағдырлас,  ата-бабасынан  бастап  олармен түрліше  қатынаста  болған  Сырым 

Датұлы  да  елі  мен  жерінің  азаттығы  үшін  күресті.  Оны  бізге  дейінгі  зеттеулер  де, 

фолыслорлық мұраларымыз да дәлелдейді.

Сырым  өміріндегі  үлкен  бетбұрыс  кезең  өзі  бастаған,  соңына  мыңдаған  қазақты 

ерткен  үлт-азаттық  қазғалыс  кекендігі  белгілі.  ¥лт  -  азаттық  қозғалыстың  себептері, 

жүрістері,  соның  барысывдағы  түрлі  тарихи  жағдайлар  талай  рет  сараланды.  Сондықтан 

оларды  қайталамай,  Сырым  бабамызды  ұрпағы  мэңгі  есте  сақтап,  тәуелсіздік  туын 

көтеруші  ретінде  құрметтеуі  неліктен  деген  сұраққа  жауагі  іздеп  көрелік.  Оның  себебі 

Сырым  бабамыздың  халқына  сіңірген  еңбегінен  ізделуі  тиіс.  Қиын-қыстау  XVIII  ғасырда, 

Ресейдің отарлау саясатының күшейіп,  қазақ елін, халқын біржолата  қанау  жолында бағыт 

алған  кезеңде  өзінің  Отан  сүйгіштігімен,  болашақты  болжайтын  көрегендігімен 

ерекшеленеді  [9,  19 6].

1783-1797  жылдардағы  халық  бұқарасының  күресі  қазақ  халқының  тарихындағы 

маңызды  оқиғаларының  бірі  болды.  Ол  хан  билігінің  негізін  шайқалтты,  оның  беделін 

түсірді жэне сол арқылы оның біржола жойылуына себепші болды [4, 260 6].

Жалпы осы аталған көтерлістердің орта жүзде  1837-1847 ж.ж.  Кенесары хан Қасымов 

бастаған  үлан-ғайыр  халықтық  қозғалысқа 

үласты. 

Кенесары  “қазақтардың  ежелгі 

тәуелсіздігін  қалпына  келтіреміз”,  яғни  тәуелсіз  Қазақ  мемлекетін  қүрамыз  деген  ұранмен 

күрес  жүргізді.  Көтерілістің  элеуметтік  негізі  де  кең  болды.  Негізгі  қозғаушы  күші  казақ 

шаруалары  болды.  Кенесары  бастаған  үлт-азаттық  соғыс:  мақсаты,  негізгі  кезеңцері, 

ауқымы жэне сипаты. Оның Кіші жэне Орта жүз қазақтарын біріктіру әрекеттері.  Кенесары 

сүлтанның  хан  болып  сайлануы.  Кене  ханның  қазақ  мемлекеттігін  қайта  қүруға 

бағытталған  қызметі.  Хандыктың  ішкі  қүрлысы  Кене  хан  әскерінің  патша  жазалаушы 

экспедицияларымен қақтығыстары.  Кене ханның Қоқан, Бүхара жэне Хиуа хандықтарымен 

байланысты саясаты, қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қадамдары. Кене 

ханның өлімі, үлт - азаттық соғыстың тарихи маңызы өте зор. Хан дипломатиялык қызметті 

үйымдастыруға ерекше  зор  мэн берді.  Ол Ресейдің,  Орта Азияның лауазымды  адамдарына 

үнемі хат жолдап отырды.  Оның хаттары мазмұнының айқын нақты, талаптарының дәлелді 

болуымен ерекшеленеді [7,113 6].

Ханның жеңіліс табуы мен қайтыс болуы орыс отрядтарының Іленің арғы жағындағы 

өлкеге  жэне  Солтүстік  Қырғызстанға  одан  эрі  тереңдей  енуіне  қолайлы  жағдай  жасап, 

аймақты  Ресей  империясына  қосып  алуды  жеңілдетті.  Кенесары  көтерілісінің  біршама 

қарама-қайшылықтары да болды: бір жағынан казақтарды азат ету үшін Қоқан хандығымен 

күрессе,  ал  екінші  жағынан  бейбіт  жатқан  қырғыз  ауылдарын  қырғынға  үшыратты. 

Сонымен  қатар,  өзін  ашық  қолдаудан  бас  тартқан  қазақ  руларына  карсы  қатыгездігі  де 

болды.  Осылайша қазақ халқының XIX ғасрдағы аса ірі ұлт-азаттық көтерілісі бүл жолы да 

жеңіліспен  аяқталды,  бірақ ол  Орта  Азия  мен  Казахстан  халықтарының жадында  өшпес  із 

қалдырды.  Кенесары  Қасымов  басшылық  еткен  қазақ  халқының  күресі  империяның 

отаршылдық  саясатына  ең  табанды,  қажырлы  қарсылық  көрсеткен  жэне  үзаққа  созылған 

көтерілістер қатарына жатады  [5,174 6].

1822-1824  жылдары  хандық  билік  біржола  жойылған  кезде  хан  Кене  казак  хандығы 

үшін күресті.  Осы арада Сырым батыр мен хан Кене қозғалыстарының арасында қайшылық 

жоқ па деген сұрақ жадыңа еріксіз келеді.

Хан  Кене  хандықтың  билік  қалпына  келтіремін  деп  күрес  бастаған  атасы  Абылай, 

әкесі  Қасымның  жолын  қуды.  Ол  -  қазақ  елінің  егемендік  жолы  болатын.  Ол  -  Бүқардай 

жырауға  сүйенген,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Баяндай  батырларға  сенген  билік  қүрылымының 

жолы  болатын.  Ендеше,  Кене  хан  хандық  биліктің  кеселге  ұшырамаған,  дала 

демократиясына негізделген сипаты үшін күресті. Бұл -  бір. Екіншіден, хан Кене де Сырым 

батырға  үқсап  патша  мен  халық  арасында  жүріп  мал  тапқан  сатқын  сүлтандарға,  билерге,

103


батырларга қарсы соғысты. Сөйтіп, Кене хан бастаған күрес те бүкіл халықтық синат алды. 

Үшіншіден,  Сырым  бастаған,  Кене  хан бастаған күресті  қолдаушы,  оның  негізгі  қозғаушы 

күші  қара  шаруалар  еді.  Міне,  ссылай  Сырым  мен  хан  Кене  көтерлістері  үндестік  гапты. 

Сырым  батыр бастаған  қозғалыстың реформаторлық қасиеті жоғары. Ал Кене хан бастаган 

ұлт-азаттық  қозғалыстың  отаршылдыққа  қарсы  көптеген  өзгешелігі  -   елдің  егемендігін, 

мемлекеттігін  негізгі  күрес  мотивті  етіп,  күн тэтібіне  қойғандығында.  Бұл екі  қозғалыстың 

көптеген  әлеуметтік  таптық,  топтық  наразылықтардан  шоқтығы  биік  десек  қателеспеген 

болар едік [6,  1046].

Сырым,  Кенесары  хан  күресі  бүкіл  халықтық  сипатқа  ие  бодцы.  Кенесарыда  да 

Сырымда  да  қару-жарақ,  зеңбірек  болмаганы  белгілі.  Соған  қарамастан  жасақтары 

нартизандық  әдіспен  шебер  согыса  білді.  Сырым  емірінің  соңғы  кезеңдері  патша  үкіметі 

бүйрығымен  шекар  бойынан,  оған  жақын  жерлерден  қудалаудан  өтті.  Басы  ашык  нәрсе -  

Сырымның өмірі  патша жансыздарының үйымдастыруымен  1802 жылы қиылды. Бұл оқига 

Орынбор мұрағаты дерегінше,  Үргеніш  қаласында болған.  Кенесарының Қырғыз жеріндегі 

олімі  Сырымның  кебін  кигендігін  айғақтайды.  Сырым  да,  Кенесары  да  өз  өмірлерінің 

ақырына  дейін  үлт-азаттық  күреске  -   тэуелсіздік  жолына  адал  болды.  Олардьщ  алған 

мақсаттарынан бас тартпайтындыгын Ресей де, Хиуа да,  Қыргыз  манаптары да сезген екен 

деседі.


Тарих тэуелсіздік жолы -  қиын жол екендігін дәлелдейді. Тек санасы жоғары, бірлігі, 

тірлігі  бір,  өнерлі  де  өнегелі  болған  елде  ғаиа  тәуелсіздік  баянды  болады.  Сырым 

Датүлының өмірі,  бар  арпалысы,  оның ұрпагына әсиеті  осының  керінісі[9.  336],  Батыр  бір 

оқтық.  Осылай  бола  тұрса да хан  Кене  керіне  көзге  басын  өлімге  байлаған.  Қорықпайтын 

адам  жоқ,  бірақ  ол  сол  пендешілік  сезімді  ақыл-ойға,  парасатқа  жеңгізіп,  батырлықты 

даналыккд,  даналықты  мәңгілікке  жалғастырып  кеткен  жан.  Жүрегі  лаулаган  от,  гажайып 

патриот хан Кене еңкейсе,  иен еліне, шалқайса, асқар шыңына еүйенеді. Халық басына күн 

туған  елдің тірлігін,  елдігін,  бірлігін,  онын  еркіидік туын  үстаған  ол.  Ол  -  дэуір  перзентІ, 

дэуірдің алып түлғасының бірі, алмаған ғайырдың батыры  [8, 57 6].

Адам  өмірге  келгеннен  көз  жүмғанша  сынға  түседі.  Оның  ең  қүдіретті  де  қасиетті, 

батпандай ауыр сыны  -  елін қорғауы, жерін  қорғауы, арын,  намысын  қоргауы  болса керек. 

Міне,  сол  заманда  ел  ердің  өткір  сөзіне,  алмас  қылышына,  қиыннан  қиыстырар 

тапқырлығына,  сергелденді  серпілтер  көргендігіне  ғана  сенген.  Елдің  бірлігінің,  тірлігінің 

дәнекері  болған  ол  еркіңдік  туын  ұстар  дэрежеге  көтерілген.  Батырлардың  батыры  бүл 

дүниеден  өткенде  халық  аза  түтып,  қаралы  болған  ел  баһадүрді  эулие  атаған, 

бүкілхалықтық пантеон Түркістан қаласында жерленген.

Батыр...  ғажайып  қүбылыс.  Бұл  құбылыс  түркі  текті  тайпалардың  ішінде  тек  қазақ 

халқына тэн қүбылыс екендігі шынында ғажап емес пе?

Халық  батыр  деген  қүрметті  де  құдіретті  атақты  көрінгенге  таңбаған.  Біреулері 

батырлыгы -  сөз,  шешендік саласында көрінген.  Билік айтып, эділдігіне жүгінуге де жүрек 

батырлығы  керек  екені  даусыз.  Екіншілердің  батырлығы  -   қан  майданда  танылған.  Қас 

батыр  бір  елдің,  бір  тайпаның  маңцайына  сыймаған,  ол  осылай  ел  үлына,  халық  үлына 

айналган.  Батыр  туралы  тебіренгенде  батырлықтың,  біріншіден,  замана  талабынан 

туындайды.  Кешегі  ел  басына  күн  туып,  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  күнде  батырлардың 

саны легион болды десем  қателеспеген болар едім.  Екіншіден,  сол батыр  культқа айналған 

заманда  батырлықтың  сан  алуан  түрлері  болғанын  ескеруіміз  абзал.  Абылайға  акылшы 

болған  Бұқардың  даналығына  батырлыгы  сай  емес  пе?  Махамбеттей  батыр  дауылпаз 

ақындығы  мен  орда  бұзар  қаһары  қабысып  түрғаны  айдай  анық.  Исатай  батырдың 

Махамбеттей  батыр,  заңғар  ақыл  иесі  қасында  болуы  бір  азаттық  қозғалыс  басына  қасиет 

пен қасында болуы бір азаттық қозғалыс басына касиет пен қүдіретті төгіп түрған жоқ па?

Кешегі  Кеңестер  Одағында  ¥лы   Отан  соғысы  жылдарында  қазак  халкьі  ата-баба 

дәстүрін  жалғады,  батырлықтың  сан  алуан үлгісін  танытты.  Москва  түбінде  стратегиялық 

картаны алып екіге бөліп, бір бөлігін отқа жаққан Бауыржан Момышұлы әрі  колбасшы, эрі 

кайсар  батыр,  эрі  отанжанды  жан  емес  пе?  Ақтарылған  ішек-қарынын  ішіне  салып,  бір

104


қолымен  пулеметпен жауға  оқ  жаудырған  Төлеген  Тоқтаров  ерен  батыр  емес  пе?  Жанған 

самалетпен жау колоннасына жай оғындай атылған Нуркен Әбдіров ерлігі ертегілерде ғана 

кездеседі.  Жау  танкісінің жылан  бауыр  табанына  гранатамен  түскен  Ақеділ  Суханбаевтай 

қазақ сахарасының өкілдері кешегі  соғыста не сан!  Кешегі фашизммен шащаста ерлігі елге 

танылмай  кеткен  ерлер  қаншама  десеңізші!  Тереңнен  ойлап,  тебірене  толғансаң, 

халқымыздың  барш  тарихы  осы  тәуелсіздік  үшін,  елдік  үшін,  халықтың  бас  бостандығы 

үшін күреспен тығыз байланысты екен 

[

1

,

176-179 6].

Ең  бастысы  ел  тағдырындағы,  ұлттық  тарихымыздағы  эрбір  есімі  белгілі,  халық 

жадында биік түғырға кетерілген, халықтық үгымдағы ел махаббатына, ел сүйіспеншілігіне 

бәленген батыр-тарихи тұлға ретінде бүгінгі  күнде де,  қазіргі заманымызда да еш маңызын 

жоймайды.  Әсіресе  қазіргі  түста,  қолымыз  үлттық  тәуелсіздікке  жетіп,  еліміз  ғасырлар 

бойы аңсаған,  армандаған егемендігін алған түста қазақ батырларының баға жетпес еңбегі, 

ерлік жорықтары, ең бастысы бір сүйем қазақ жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен жаға 

жыртысып тағдыр кешкені -  тарихи танымның, рухани тағылымның баға жетпес биігі осы. 

Тәуелсіздіктің  бағасын  таразылағанда  қазақ  батырлары  жасаған  ерліктің,  тарихи  ерліктің 

құнын терең қадірлеуіміз қажет.  Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның үшымен 

қорғап  қалған  қасиетті,  кең  байтақ  қазақ  жері  ~  бізге,  бүтінгі  үрпаққа  мұра  болын  қалған 

басты  игілік  осы.  Осы.  қазақ  батырларының  қаны  тамған  киелі  жеріміздің  қойнауындағы, 

жалпақ  тілмен  айтқанда  жердің  асты,  үстіндегі  бар  байлығымыз  -   тағы  да  осы 

батырларымыздың  бізге  аманаттзған  жан  сыры,  жүрек  нүры.  Осыны  біз  бүгін  көздің 

қарашығындай қадіріве жетіп, сақтай білуіміз  біздің парызымыз,

Бүгінгі  күні  Елбасымыз  Нурсултан  Әбішүлы  Назарбаевтың  осы  қолымыз  жеткен 

тэуелсіздігімізді  орнықгыру,  нығайту  мақсатында  жүзеге  асырып  жатқан  қыруар  іс- 

шаралары  да,  мемлекетімізді  әлем  мойындайтын,  жер  жүзІ  танитын  деңгейге  көтерсем 

деген арман-мұраты да осы мақсатпен, осы аркада үңдесіп жатқанын айтуымыз керек. ¥лы 

батырларымыздың  үлттық  тарихи  тұлғалар  ретіндегі  гуған  жері,  туған  елі  үшін  жасаған 

бага  жетпес  ерен  ерліктерін  де,  олардың  халық  жүрегівдегі  орнын  да  осы  түрғыдан 

бағаласақ,  қадірлеп,  қастерлееек  қателеспейміз,  Сондықтан  да  осынау  әдебиет  үлгілерін 

қазіргі күнге дейін қазақ руханиятының алтын үстанымдарындай үлт үшін, оның болашағы 

үшін  қызмет етііі жатқан  қайталанбас  қазыналарымыз ретінде  қабылдауымыз  қажет.  Жэне 

де  ұлттық  идеяның  алтын  діңгектеріндей  бой  көтерген  рухани  құндылықтарымь:здың 

барлыш да бІр ғана мақсат жолында, бір ғана мүратты  көздеп халық жүрегіне жол тартты. 

Ол  мақсат  пен  мүрат  түптің  түбінде  бізді  бүгінгі  үлттык  тәуелсіздігімізге,  ұлттық 

мемлекетіміздің мэңгілік баянды болуы идеясына біріктіріп отыр.

Әдебиеттер:

1.  Қазақстан тарихы. Ш-том.  Алматы, 2002. - 267 б.

2.  Әбдәкімүлы Ә. Казахстан тарихы, Алматы, 2005. - 222 б.

3.  Қозыбаев М. Тарих зердесі 1-том. Алматы,  1998. -  175-179 бб.

4.  Омарбеков Т. Омарбеков Ш. Казахстан тарихына жэне тарихнамасына улттык көзқарас. 

Алматы, 2004. -  260 б.

5.  Бекмаханов Е. Казахстан XIX гасырдьщ 20-40 жылдарында. Алматы,  1994. -   174 б.

6.  Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы,  1994.

7.  Қозыбаев М. Абылай хан. Кенесары. Алматы,  1993. -  113  б.

8.  Қозыбаев М. Тарихи зердесі П-том. Алматы,  1998.



9.  Мұханбеткалиұлы Қ. Орынғали Қ. Сырым Датүлы. Алматы, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет