Монография «Тұран-Астана»


  АБАЙ ДЫ Ң   ҚОҒАМ ДЫ Қ-САЯСИ  КӨЗҚАРАСЫ



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата26.02.2017
өлшемі19,69 Mb.
#4996
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

1.2.2.  АБАЙ ДЫ Ң   ҚОҒАМ ДЫ Қ-САЯСИ  КӨЗҚАРАСЫ .
АБАЙ  ҚОҒАМ ТАНУЫ .  Ж АЛП Ы   ТҮСІНІК
Абай шығармаларын талдағанда, көбінесе оньщ ақындығы не 
ағартушылығы  немесе  моралистігі  т.с.с.  басым  болып,  ұлы 
ойшылдың қоғамдық-саяси, философиялық көзқарастары, «тікелей 
халықтығы» ерекшеліктері, ұлттық қасиеттері ескерусіз қалып, 
бұлар  орынды  бағасына  ие  бола  алмай  келеді.  Халықгық  пен 
ұлтты қ  қаш ан  да  мемлекет,  саясат  тарабы нан  барлы қ 
мүмкіндіктерді пайдаланып, бұларды барынша қолдауды, қорғауды, 
жақгауды жэне дамытуды талап етеді. Ұлттық мемлекет, ұлттық 
мүдде, мәдениет т.б. ұғымдар, қағидалар ұлттық, ұлтжандылық 
қасиетгерсіз мағьгаасыз, жігерсіз, жансыз болып, қоғам дамуында 
кертартпа ағымдар мен күнггердің пайда болуына түрткі болар еді. 
Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы хақында сөз көтергенде, ең 
алдымен  кеңес,  социализм  қолдаған  КП СС-тің  не  түрлі 
идеологиялық шырмауынан арылып, психологиялық қорқыныш 
шоғынан шығу үшін:  Абайдың ойшылдығына, ұлылығына сай 
көзқарасын  жан-жакты,  тікелей  өз  шығармаларында  айтылған 
пікірлеріне, ойларына негіздей, байланыстыра отырып, тексеріп 
талдау - тарихи қажетгілік.  Мүхтар Әуезов Абайдың қоғамдық- 
саяси көзқарасына арнайы тақырыпта еңбек жазған жоқ. Бірақ-та, 
Абайды көреген саясатшы деген қағидаға тарихи негіз боларлық 
мәдени, эрі халқына рухани тірек боларлық атақгы «Абай», «Абай
164

жолы» роман-эпопеясы көп жылғы теңдесі жоқ шығармашылық 
қызметінің, зертгеулерінің мэдени жэне ғылыми нәтижесі еді. ¥лы 
ойшылдың өмірі мен шығармашылығьша арнайы жазылған «Абай 
(Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» атгы ғылыми монографиясын 
былайша айтқанда, жиырма томнан тұратын құнды ғылыми, мэдени 
жэне  рухани  мұрасын  қалдырды.  Диалектиканьщ  тарихтық, 
тарихилық жэне логикалық, ойдың абстрактіл іктен нақтылыққа 
көтершу т.б. да ғылыми кағидаларын, әдістерін таным мен логика 
теориясы, эрі құрапдары ретінде Абайдың Абайлығын, бұның аса 
айшықты көрінісі, қоғамдық-саяси  қызметі мен философиялық 
т.б.көзкарасын,  талдауға  пайдалану-  тарихи  да,  гылыми  да 
қажеттілік.  Мұхтар  Әуезов  адам  мүмкіндігін  таң  қалдыратын 
теңдесі жоқ табысты ғылыми еңбек жасады.
Мұхтар Әуезов еңбектерін жетекшілікке ала отырып, Абай 
шығармаларын  диалектиалық  тұтастық  сапасында талдауга 
мүмкіндіктер тудыратын, эрі ізденісіміздің он бойьшда байқальш 
отыраггьш Абайдың Абайлық өзіндік ойын тану мақсатында өз ой 
болжамдарымызды  ұсы нбакпы з. 
Осы  орайда  Абай 
шығармашылығын, көзқарасын қамтитын, философиясын жүйе 
деңгейіне көтеретін «Үшкіл» атты тың қағиданы ұсынбақпыз. Осы 
жолда Абай өз енбектерінде ұстанатын, ұсынатын көзқарасьша 
тірек  боларлық  ғылыми-теориялық,  эдістемелік  ойларын, 
болжамдарын  пайдаланбакпыз.
Абайдың  қоғамдык-саяси  козқарасын,  философия  жүйесін 
зерттеп  білуде  Мұхтар  Әуезовтің  орыны  ерекше  екенін  де 
ескермекпіз.  Бұны  да  шамамызша  тексеріп,  талдамақпыз.  XX 
ғасырмен қоштасар алдында ғана демократияға жол ашыла бастап, 
гуманизмді табанды қорғауға қадам жасауға жаңа мүмкіндіктер 
туғандай ой орныға бастағандай. Сөйтсе де, Абай айтқандай:
Ендігі атқа мінерлер,
Күнде ертеңнен  талмайды,
  -  
дегендейін, саясатшылардың темір кұрсауынан шыга алмай жүрген 
демократияның гуманизмге көмегі тым әлсіз сияқты. Гуманизмді
165

армандаган  адам  еркі  мен  бас  бостандығы  саясатшылар  ойлап 
тапқан- «нарықтық реформа», «реформаторлық» саясаттың айла- 
амалының құлы болган сияқты. Орыс патшалыгы ұлы державалық 
саясаты мен идеологиясы, бұныңтабиғи жалғасы КПСС-тің жал пай 
қуғын-сүргін, әсіресе қазақ халқын орыстандыру саясаты билеп 
тұрған заманда Абайды көреген саясатшы деп, саяси сауаттылығы 
туралы  сөз  көтеру жарық күнде  көктен  жай түскенмен тең еді. 
Қайдагы  бір  қыр ақыны  - Абайды  көреген саясатшы  деп  элем 
жұртшылығына таныстырсақ: орыстың ұлы державалық санасында 
ақ  патшасын,  КПСС-тің  генсегін  табалағанмен  бірдей  ғой.  Ал 
қазақты ң  оқы ғандары   болса,  «Абай  ағартуш ы »,  «Абай 
моралист»деген күнкөріс пікірдіңтыныш саясындажүргенге мәз 
болып, осыған шүкіршілік етуге мәжбүр болдық. Әлі де осындай 
бейқам, жалқау ойдан асып, шыға алмай жүрміз.
Абайдың саяси-әлеум етп к белсенділігі туралы пікір айту, бүны 
ғылыми  ізденістің  арнайы  тақырыбы  ету  -  «байшылдықты» 
көксеумен, дэріптеумен тең саналатын. Үстем - КПСС идеологиясы 
бұндай көзқараспен мүлде сиыспаған болар еді. Ғ ылыми-көпшілік 
басылымдарда  ұлы  ойшылдың,  элі  де  жете зерттелмеген: 
педагогикалық, психологиялық, саяси-әлеуметгік, философиялық 
көзқарастары бүгінде Абай танушылырдың назарын өзіне аударуы 
қуанарлық жағдай. Кейінгі кезде, Абай философиясы төңірегінде 
эрқилы пікірлер орын тебе бастады. Осылардың бірі «Абайда жүйе 
жоқ» десе, тағы  бірі  - «Абай  арнайы трактат жазбады» дегенді 
қалқан  үстап,  сүрленген  жолдан  шыққысы  келмейді.  Тағы 
қайталасақ, Әлкей Марғүланның ескертпе не жолдама ойы дейміз 
бе:  «Әдебиет  зерттеушілердің  біразы  тек  қолында  барға  мэз 
болыпдереңге үңіле зерттеуді қолғаалмайды, бір айтқанын қайта- 
қайта айтып, жаңалық аитуға үмтылмайды». Абаи әлеміне тікелей 
қатыстытағы мына бір ойы:  «...  Шоқанның әдебиет мүраларын 
зертгеу  үстінде,  Абай  шығармаларының  төрт  тізбегін  таптым 
дейді» (Абай тагылымы.  Әдеби сын мақалалармен зерттеулер.
Алматы:  Жазушы,  1986,  302,  304  бб.).
166

Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған «Абай жэне қазіргі 
заман» (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлыры) Алматы: 
Ғ ылым (1994)) атгы басылымда да Әлкей Марғұланның жоғарыда 
келтірген  жаңашыл  пікірлері ескерілмеген сияқгы.
Абайдын  элемдік  тарихи  тұлғасының  қалыптасуы  көп 
жағдайлардың туйісіп, мидай араласып, тұтасуына байланысты. 
Адам  көзқарасының  қапыптасуы  ең  алдымен  адамның  өзіндік 
жасампаздық  күштеріне  байланысты.  Адамдық  күштердің 
жиынтық сипатын танымның үш тіреуін: «ойшыл», «интеллект», 
«шығармашылық» - осыларға арнайы токталмақпыз. Сондай-ақ, 
Абай философиясы жүйесіне қатысты-ау дейтін өзекгі мэселелерге 
де тоқгалмақпыз. Осыған орай тікелей жағдайларға келеек, олар: 
Абайдың жеке-дара басы; табиғи дарыны  мен даналығы; бүған 
қоса жиырма жылға созылған қоғамдық, саяси-әлеуметтік қызмет 
бабы; орыс патшалығьшың үлы державалық идеологиясы, отарлау 
саясаты; патша экімшілігінің қолшоқпары - жергілікті «бүлдіргі 
шәкімдердің» жүгенсіздігі; орыс революцияшыл-демократтарыньщ 
азатшыл ойлары; Батыс жэне Шығыс мәдениетгерінің орыны мен 
әсері. Біддің қалауымызша, келтіріп огырған жағдайларға деген Абай 
мен Мүхтар Әуезовтей даналардың ғылыми-теориялық пікірлері, 
ойлары болжамдары, сыны мен бағасы.
Қоғамтану  мәселелері  сұрыпталып,  жүйеленіп  жалпылық 
мэнінде алғанда, қоғамның даму заңдылықгары деген қағидаға 
саяды. Бүл болса зерттеуді, талдауды талап етеді.  Білім, ғылым 
мен мәдениет өкілдерінің қайсысы болмасьт, мэңгілікке айналған 
эдеби-көркем, драмалық туындылар болмасын, бұлардың өмірге 
келуінің арнасы, адам қоғамының даму заңдылықгарына, адамның 
жасампаздық  күштерінің  дарыны  мен  даналығына  тікелей 
байланысты. Абайдың қоғамтану мәселелеріне қатысы бар ма? - 
деп, өзімізге сұрақ қойып, жауабын берсек, оның жауабы тікелей 
демекліз. Себебі, шығармашылық қызметгің қандайы болмасын, 
тіпті электроника, жерсеріктерін зерттеу мәселелері де қоғамтану 
саласьгаа жатады. Адамның болмысқа деген сангилы қатынастары
167

эр  тарапты,  шексіз,  мэңгілік,  азып  тозбайтын  мэселе.  Демек, 
адамдар үрпақгары да мәңгілік. Себебі:  бұның мекені, элем кеңістігі 
де -шексіздік. Абай шығармашылық қызметі турапы пікір айтып, 
ой  сараптағанда,  ұлы  ойшылдың  қогамдық-саяси  көзқарасына 
тоқтап өту- ғылыми сұраныс талабы. Бұл болса мыңжылдық тарихы 
бар қазақ халқының елдік, мемлекетгік тэуелсіздігіне, қол артқан 
шағында үлы даналарының аруағы алдындагы үлттық парызы.
Жақсылықгы  да,  жаманшылыкты  да  адамзатқа  үйіп-төгіп 
экелген XX ғасырдың қоғамдық тәжірибесі  К.  Маркстің адам - 
қоғамдық  қаты насарды ң  туы нды сы   деген  қағидасы ны ң 
ақиқаттығын дэлелдеп отыр ғой. Бүл шындықты мойындамақса 
шара  жоқ.  Абайдың  да  қоғамтану  саласында  өзіндік  пікірін 
замандасы  К.Маркс ойымен ұқсастығын байқауға болады. Данапар 
да өз заманы перзенттері. К. Марксті Абай оқымаған болар, бірақ 
ойларын, пікірлерін салыстырып қарастыру ғылыми зерттеудің 
заңды лы ғы .А байды ң  Отыз’  ж етінш і,  Қырықыншы  т.б. 
философиялық  сөздерін  мұқият  оқып,  ой  сарабына  салғанда, 
ғылыми-теориялық сипаты көзге түседі. Қүлағымызға үйреншікті 
болып кеткен «тезис», ал қазақша «ой күрмеу» деп алсақ: Отыз 
жетінші сөздің
 ерекшелігінде, мэнін де ұгуға дүрыс бағыт алган 
болар едік. Ой күрмеу деп атаудың мәні - Отыз жетінші сөз 23 ой 
күрмеуінен  тұрады.  Бүлардыц  эрқайсысы  терең  ғылыми  ой 
ізденістеріне, бұның ішінде біздің де ізденістерімізге бастама негіз 
болатын сиякты. Мэселен, 9-шы, 12-ші ой күрмеулерін келтірейік: 
«9.  Адам  баласын  замана  өстіреді,  кімде-кім  жаман  болса, 
замандасының  бэрі  виноват...  12.  Жамандықты  кім  көрмейді. 
Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені 
рас, жамандықта қайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатгы 
қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!» 
(2  т.,  135  б.).
  Міне,  оқырман  көзбен  сүзіп  қана емес,  Абай  өзі 
ұсыныл,  ұстанатын  «ойлы  көз»,  «терең  ғылым»  қагидаларына 
сүйенуді талап етеді. «Адам баласын замана өстіреді», «көгі - қальщ 
көлі I  мол» заман келеді деген қағидалы ойлары қазіргі буынғаөте
168

жауапты  міндет  жүктейді.  Абайдың  философиялық  создерін, 
Мұхтар Әуезов айтқан дай «мейл інше түгел қамтып, тексеріп, таддай 
білуіміз керек» - дегенін үнемі ізденіс барысында көз алдымызда 
қара  жетесі  деп,  ойымыздың  ғылыми-әдістемелік  негізі  деп 
қабылдауымыз қажет. Қазақ халқының тәуелсіздікке қол жетуіне 
орай қоғамның қай саласында болмасын көзге көрінсе де, көрінбей, 
еленбей келе жатқан жайлар көптен көп, білсек те, білмеген болып, 
шарасыздықтың камауынан  шыға алмадық қой. Ғасырлар бойы 
үлы державашыл  орыс патшалыгы  идеологиясьг^бүның табиғи 
жалғасы социализм мен коммунизм идеологиясымен кейінгі жетпіс 
жыл бойы уланған санамыз өз алдына, дербес, тэуелсіз ойлап, өзінің 
қоғамдық, саяси-элеуметтік мэселелерін, жерінің, хапқының, үлттық
тарихын  сақтап,  дүниежүзілік  қоғамтану  талабына  сәйкестіре 
отырып, танып білуге мүмкіндігі болса да, шынында болмағандай 
еді.  КПСС-тің:  «Барлық жолдар коммунизмге апарады» - деген 
алдамшы  қағидасының  құрбаны  болған  қазақ  қогамы  өзіндік 
дамуының тәуелсіз жолын жаңа, енді ғана тануға бет алган сияқгы. 
Тәуелсіздікке қолы жаңа гана жеткен қазақ халқының қоғамдық, 
саяси-әлеуметтік тарихына мың жыл болса да, түсінбеушіліктің, 
бұрмалаушылықтың алуан түрлерінен, алдамшы айла амалдарынан 
енді ғана арыла бастаған сияқты. Коммунизмнің салқын ызғары 
тэнім ізді  де,  жанымызды  да  мұздаты п,  тірі  мумиеге 
айналдьфмақшы  еді.  Үлы  Абай  да  ғасырлар  сарабынан  өтіп, 
даналығы мэңгілікке жолдама алып, адамзатпен бірге ХХТ ғасыр 
табалдырығын аттамақ. XIX ғасыр соңы XX ғасырдың басында 
Абай талдауынан туған «АДАМБА  ӨЗІ?» (14-сөз)- деген қағида 
XXI  гасырда жемісті  еңбек  етеді деген үміттеміз.  Ең әуелі  осы 
қагидаиыц Абайлық түсіпілу інің қоғамдық, саяси-әлеумепік мәніие 
токтап  өтелік.  Абайдың  қоғамдық-саяси  көзқарасы  қан-тамыр 
жүйесі туған халқьіның тарихы, тіршілігі мен шаруашылығы, түрмыс 
салты,  дәстүрлері,  санасы  мен  ойлау  мэдениеті.  Өркениет 
мұхитының бір «барса, келмес аралында» өмір сүрген жоқ Абай.
169

Өз  заманы,  өз  дэуірі  ұлы  ойшылдары,  қоғам  қайраткерлері
%
қатарында Абай да болды. Осы тұста мына бір тарихи жағдайлар 
ізденісіміздің басы-көзі больш, үзбей ескерілуі - тарихи да, гылыми
да қажетгілік. Сол ескерілетін жағдайлар:
- біріншіден, оз халқының ықыласы, қалауы бойынша, кейінгі 
деректерге  сүйенсек,  Абай  20  жыл  бойы  қоғамдық,  саяси- 
элеуметтік  өмірдің  қайнаған  ортасында  болып,  бірнеше  рет
экімшілік қызметке сайланады;
-  екінш іден,  қы змет  бабы нда  болсы н,  өзінің  табиғи
дарындылығы,  әлеуметтік  сергектігі  арқасында  өз  заманының 
өркениегіне жол салып, заман ағымын, сұранысы мен ойьш түсінуге 
ұмтылыс  жасады.  Абайды  -  орыс  не  Батые  немесе  Шыгыс
мәдениеті туындысы деп багалау сьщар жақтылыққа ұрындырады.
-  үшіншіден,  қазіргі  оркениет  қалауы  бойынша  Абай  - 
дүниежүзілік мэдениет  туындысы.
  XXI  ғасыр  табалдырығын
үлы Абай әлемдік тарихи тұлға ретінде атгап отыр.
Осы аталған жағдайлардың тікелей әсерімен Абайдың жалпы 
көзқарасы, бұның ішінде қоғамдық-саяси жэне философиялықта, 
тағы  да  қайталасақ:  «үшкіл»  мен  ғылым  түтастығы  негізінде 
қалыптасты деген ғылыми-теориялық, эрі эдістемелік те қағиданы 
ізденісіміздің он бойында басшылыққа алмақпыз. Әлемдік өркениет 
тіртиі 
пігіне, жер бетін мекендеген елдер тағдырына кұйынша киліпп, 
Абай  замандастары  мен  отандастары  мүлдем  күтпеген  тосын 
оқиғаларға тап болды. Батыс Еуропа елдеріндегі революциялар, 
Азия мен Африка елдерінде үлт-азаттық қозғалыстардьщ өріс алуы. 
Әлемде  етек  ала  бастаған  жаңа  қоғамдық  ілімдер:  мәселен, 
Францияда  ұлы  қиялшыл  социалистері;  Германияда  неміс 
классикалық  философиясы;  ағылшындық  классикалық  саяси 
экономиясы;  Ресейде  орыс  революционер-демократтары,  ең
соңында,  К.  Маркс  ілімі.  Бүларға  қоса  ғылым  мен  техника 
салаларындағы үлы жаңалықтар.  Тарих көзімен қарасақ:  Ресей 
бірінші орыс революциясы қарсаңьшда болатын. Ленин партиясы 
өмірге келді. 1905 жылғы орыс революциясын көруге Абайға тағдыр
170

жазбады.  Ресейдегі  революция  қарсаңындағы  жағдайлардан 
Абайдың  хабардар  болғаны  туралы  Мұхтар  Әуезов  куэлігіне 
жүгінейік. Саяси сенімсіздігі үшін Семейге жер аударылган орыс 
революционер! Федор Иванович Павловпен Абайдың кездесулері 
эр сэтіне орай болған пікір алысу кезеңдерімен танысайық. «Абай 
жолы»  төртінші  кітабынан  екі  эпизодты  келтірейік  (Қараңыз: 
Мухтар  Әуезов Жиырма томдық гиыгармалар жинагы.  «Абай 
жолы».  Алтыншы том.  Төртінші кітап,  «Шайқаста»,  296-375 
бб.).
 

Біріниіі эпизод.
  Абай  Павловтан  көптен  күтетін  келер  күн, 
бүлдыр болашақ туралы қадала сұрады.
-  Алдагы  күн  қандай,  енді  бір  айтыңызшы?..  Болашақта 
жақсылық бар дейміз, сол болашақтъщ келер заманы қашан? Өлшеу,
- мөлшері енді сезіле ме? - деді. Соңғы шақта Абай өзіне өзі қайта- 
қайта беріп жүретін осы жүмсақ сұрауын, енді ол түгел салмағымен 
жиып, Павловтың алдына сүрау етіп қойып еді. Павлов бүл жолы 
бүрын кездесіп жүрген уақыттарда айтатын қалпынан әлдеқайда 
сенімді сөйледі. Нықгап түрып бір жайды басып айтты.
- Ең әуелі, Ибрагим Құнанбаевич, сол көптен айтқан жақсы 
болашак анық болады да келеді. Бүрын да бізден бүрынғы буындар 
жарық күнге сенумен өтсе, біз енді соны көруге үміт етуге болады. 
Соншалық айқын, соншалық даусыз, жақсы дүние, жаңа бір заман 
келеді, Ибрагим Құнанбаевич! Бүған шэк қылмаңыз! -деді. Абай:
- Соны жыл мөлшерімен межелегенде, қай шамада болар еді - деп 
те, шұқшия сұраған. Павлов:
I  
Бүл тұста, әрине жылмен өлшеп айту қиын! - деп, Пушкиннің 
Сібірге жазған сәлем өлеңін айтып берді...
Абай:  - Ол дүниенің үлкен жаңалығы не болады? Ең айқын 
көпке көрінетін белгісі неден басталады? - деп те, осы жолы Абай 
нықтап,  нақтылап  сүрады.  Павлов  бүл  жөндегі  сөзді  нақтылы 
сөйледі. Даусын бэсендете түсіп, Абайға ендігі сырыныц аса қүпия 
біртүйінін сездірді. Бұның айтуынша, ең үлкен белгі сол: мынау 
патша билеген заман күйрейді. Тэж-тағынан патша айырылады,
171

содан төмен карай санай беріңіз. Қазактар көп айтатын анау сегіз 
санат, министрлер, жандаралдар, мынау ояздар, тіпті, анау сіздердің 
болыстарыңызға шейін бар билік, әмір-қүдірет күл-талқаны шығып, 
жоқ болады. Соның орнына халықтың тіпегіне сай келетін  жаңа 
дүние орнайды. Міне, ол  болашак туралы менің барлық айтарым 
осы ғана! Бұны мен ғана, осындағы қиялшыл Павлов кана айтты 
деп білмеңіз. Айтылып та, жазылып та, бекітіліп жол болып, талай 
ер қауымды бастап келе жатқан арман мен айқын тілек осындай. 
Бұған сеніңіз! - деп, әңгімесін аяқгап еді» (Алтытиы там, төртінші
кітап,  334-335  66.).
Екінші эпизод.
 Абай өмірінің сощы жылдары, өмірдің кат-қабат 
тоңын қазып, өріне шығып, даналық кемеліне келген кезі. Абай 
өм ірінің  ж арты гасы рлы қ  тарихы ны ң  саяси-әлеум еттік 
қорытындысын Мұхтар Әуезов орыс революционер! Павлов пен 
казак  халқы  мүддесі  үшін  күрескер  Абай  азатшыл  ойларының 
табысып, ынтымақгасуы ретінде берген. Міне, сол сәт: «...Семеидің 
полицмейстері берген жасырын бұйрық бойынша, Федор Иванович 
Павлов тағы да абактыға альшды. Абай үйінде осы күн түнде қаіты 
тінту болды.  Бес кісі жандармдар келіп,  Құмаштың үйін астын 
үстіне шығарып, үш сағат тіміскіледі. Іздегені элдекімнен естіген 
бір еміс хабардың дерегі болатьш. Полицмейстерге ол арызды екі- 
үш  байдың қолын  қойғызып,  болашақ  адвокат Сақпаев  жазып 
түсірткен. Арызда қазақ халқын аздьфушы - Абай деген.  Оның 
үгітші ақылшысы, орыстың айдалған революционері социалист 
Павлов.  Сол  екеуі  бірлесіп  байласқан,  бірге  жазған  байлау 
кағаздары да бар деп көрсеткен. Жандарм Павловты үстаған жерде 
таба алмаған кағазын, қылмыстың жылы ізін суытпай, Абаидың 
калтасынан суырыгі алмақ еді. Бірақ-та, ол қағаз өзінің халық қамын 
ойлаған шынымен жэне ішіне бүккен сырымен Бектогайда қалды. 
Мың жандармның қолына түспес мықты қоймасында қалған-ды»
(Сонда,  374  б.).
Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясы үш 
кітабы бойы өріс алған, түйін-түжырым боларлық оқиғалардьщ бірі-
172

Абай  мен  жандарал  кездесуі.  Бұл  кездесу  патшалық Ресей  мен 
мұның отары - қазақ елі арасындағы қайшылыктар шиеленісі ұлт- 
азаттық  күрес  өрісінен  көрініп,  пікірлер  қақтыгысына  килікті. 
Абайдың  жандаралмен  кездесу  сэттері,  М ұхтар  Әуезов 
суреттеуінде тек көркем туынды ғана емес, тапихка сәйкестіоіп
оерілген тағдырлы, тарихи тұлғалы оқиға деп қабылдасақ, ақиқатқа
жанасатыны хақ. Төменде роман-эпопеядан келтіріп отырған тарихи-
панорамалық көріністер - қазақ жерінде, ұлы Абайдың қоғамдық,
саяси-элеуметтік іс-қимылдары  әсерімен  халық арасында жаңа
қоғамдық серпін күш ала бастағанын танытады. Мұнымен қатар,
Абайдың да жеке-дара басында, көзқарасында «қиянатшыл дүние»
қысымы әсерімен болған өзгерістерге Мүхтар Әуезов айрықша 
көңіл аударады.
Жандаралмен  кездесу  барысында  Абай  айтқан  қоғамдық,
мемлекеттік ойлаоы. үсынған  пікіплепі тепен г*й тппгянмгыыпя
қалдырып, бүлардың саяси-элеуметтік маңызын аңғарып, түсінуге 
ынталандырып, әбігерлендіреді. Көрнекті қоғам қайраткері, көреген 
саясатшы Абайдың өзі айтатын:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін  шыбындап,  - 
дегеннің үшқыны да жоқ. Қайта, бүндай саясатшы тегін Абай өлтіре
сынаған.
жандарапдың тарихи кездесуі күрделі деген қоғамдық 
басын ашып, талдауға мүмкіндік тудырады: 
ден,  патшалық Ресей  отаолаү  саясаты  мен 
м у н ы н
Қазақ
жалпы
элеуметтік-экономикалық  жагдайы  туралы  өз  ойын  генерал
халкы
Өзімшіл, ап бодан елдің өкілі болса, бүны өктемдей жаныштап: 
кДегеніме көндірем, айдауыма бағындырамға» әбден  қүнығып, 
дагдыланған патша әкімшілігінің әккі саясатшысы. Абай тарапынан 
патша экімшілігі  саясатына қарсылық болады-ау деп  жандарал
173

тіптен күтпеген болар. Бірақ, шарасыздықтан асып шығуға сэттеп 
жандарал мінезін Мұхтар Әуезов қас-кабагына шейін бағып, кырағы 
көзден тыс қалдырмай өте нэзік сезгіш, психолог-жазушы жан- 
жақгы бейнелеген. Енді осы сэтке бас-көз болайық.
«Жандаралдың артында келе жатқан суық түсті ояздар, мұрт 
астынан  жымияды.  Жандарал  қазақ тобын  жағалап,  орта тұсқа 
шейін келді. Әлі күнге «здәрәсти, тақсыр» дан басқа, жөні түзу сөз 
тапқан бір қазақ жоқ. Бірде-біреуі жандаралға өздерінің аты-жөнін 
айтуға жарамады. Енді бір кезекте жандарал Абайға тақап келіп 
еді. Оның мойынында белгісі, үстінде оқалы шапаны жоқ. Бірақ, 
қалаша сыпайы, сүлу тігілген ұзын бешпет, жүқа сұр шапаны бар. 
Келбетгі жүз, ойлы пішінді Абай, бұның қасына жандарал келген 
еркін, маңызды түрған қалыппен, титгей де өзгерген жоқ. Жандарал 
бар қазақтың тобынан басқарақ ажары, келбеті бар бұл қазаққа 
бір секундке таңырқағандай көз тастады. Абайға да бас иіп, қол 
созып амандаса берді. Сол кезде Абай да салмақгы сыпайылыкпен, 
тәрбиелі адамның қозғалысын жасап бас иді:
Здравствуйте, Ваше превосходительство!  - деді. Жэне ілесе 
ж андаралдың  қолын  қысып,  амандасып  жатып,  Ибрагим
Кунанбаевич! - деп, өзін атап таныстырды...
-  Кунанбаев! - A-а, элгі ел бүлдіргіш Кунанбаев сіз бе?... Абай
тез жауап берді:
-  Я, сол менмін, Ваше превосходительство.
-  А, сіз неге ондай болдыңыз?

Мен алысамын! Себеп солай...
-  Неге алысасыз?
-  Алысу - тіршілік заңы. Дүниеде жанды, жансыз затгың бәрі 
де алысумен тірлік етпей ме? Мен гана емес, тіпті, сіздің өзіңіз де 
алысасыз, Ваше превосходительство»(Мрсюар 
Әуезов. Жиырма 
томдық  шыгармалар  жинагы.  Алматы:  Жазуиіы,  1980.  5  т.,
үшіншікітап,  378-379  бб.).
Жандарал психопогиясы күй-сезімінің нетүрлі қырлары: кісшікпе, 
ш енеуніктік  пе,  бұған  қоса  ж емтігін  алдай  да,  арбай  да
174

бшетм-і  қасиеттері  Ресей  отарлау  саясатының тойымсыздығын, 
озбырльтғын және үлы державалық алпауыттығын алақанға жайып 
салгандай  етіп  көрсеткен  Мұхтар Әуезов.  ¥лы   ойшыл  Мұхтар 
Әуезовтің саясат туралы ой толғаныстарымен қазіргі тэуелсіз Қазақ 
Елінің  ұлттық  мемлекеті  үлкен  саясаты  маңында  жүрген,  ең 
алдымен қазақ шенеунігі жақынырақ танысса, кім біледі, ойланар 
ма екен? - деген үміт сенімі көңіл еркіндігін алып үшады. Сонда 
ғой,саясатш ы лы рды ң  сан  алуан  қоғам ды қ,  элеум еттік 
портретгерімен іс үстінде тікелей таныссақ, саяси сауетымыз ашыла 
түсер  еді.  Бүған  қоса  ұлтты қ  қасиеттерім ізді  силап,  өз 
Конституциямызды  өзіміз  ойлап,  ана  тілімізде  өзіміз  жазып, 
мемлекеттігіміздің тарихын  оқып,  жан-жакты  зертгеп түсінуге 
талаптанар ма едік. Үлкен саясат кеңістігіне тым кешігіп келдік 
қой.
Абайдың мына сөздері осыған айғақ:
Мақсүтым - тіл ұстартып

өнер іиаитаң,
Наданның көзін қойып,  көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел  баста-ақ,  - 
дегені қазіргі «ойлы жас жігітгерге»: «Ойланшы!» - Төрт қүбылаңа 
бір сәт «ойлы көзіңмен» қарашы! Қасыңды да, досыңды тани да, 
айыра да біпші!» - деп, экелік, жанашырлық, ақьшшы бейіпін таньпып 
тұрған  жоқ  па?!  Мемлекеттік  дэрежедегі  екі  елдің  отаршыл 
патшап ық Ресей мен мүның боданы Қазақ Елінің мемлекет өкіпдері 
пікір тапастыруы аяқ асты, кездейсоқ пайда болған қабақ шыту, 
немесе кездейсоқ пайда болған күй сезімі де емес. Бүның тарихына 
бойлап, теревдей түссек, XX гасырдың толғағы жеткен күрделі 
деген  саяси-әлеуметтік  мэселесі.  Патша  әкімшілігінің  эккі 
саясатшысы жандарал көзінен еш нэрсе қағыс қалган жоқ. Қайта 
жандаралдың түла бойын жайлаған белгісіздік мүны еркіне жібермей 
мазалай басгады. Осыны сезген сайын генерал-губернатор сасайын 
деді. Қызмет бабында Абай талай адамдармен кездескен де болар, 
шьпырман оқиғалардың ішінде болып, бүлардың сэтіне, мәртебесіне

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет