Тапсырма 5 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиялары



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата10.11.2022
өлшемі112,29 Kb.
#49226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ағымдық бақылау 5


 мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша білім беру, 
денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, 
денешынықтыру және спорт жүйелерін ұйымдастыру 
жұмысының түрі мен әдісін дамыту. 

 мүгедектерге өз шығармашылық потенциялын қолдануға, 
әнмен, әдебиетпен, театрмен және басқа да өнер түрлерімен 
айналысуға мүмкіндіктер беру мақсатымен оларды кәсіби 
дайындау іс-шараларын жүзеге асыру. 
Сонымен, мүмкіншілігі шектеулі адамдармен әлеуметтік жұмыс, 
оларды қайта қапына келтірудегі мемлекеттің рөлі өз 
мақсатында физикалық және ең бастысы, әлеуметтік және 
психолгиялық игіліктерді қамтиды.
1.2 Жас мүгедектерді мектепке дейін және мектептен тыс 
тәрбиелеу 
 
Мүгедек балалардың жан-жақты және үйлесімді жетілуі, 
олардың бойында қоғамдық белсенділікті, еңбекке 


құштарлықты, ғылымға, техникаға, өнер мен спортқа 
бейімділікті қалыптастыру және оларға қажетті сауықтыру 
көмегін көрсету мақсатында мектепке дейінгі жалпы типтегі 
балалар мекемелерінде мүгедек балаларға арналған барлық 
жағдай жасалады. Денсаулығы мектепке дейінгі жалпы типтегі 
мекемелерде болуға жарамайтын мүгедек балалар үшін мектепке 
дейінгі арнаулы мекемелер құрылады. Мүгедек балалардың 
мектептен тыс тәрбие алуға қол жеткізуіне білім беру 
орындары, басқа да мемлекеттік органдар жауапты болады. 
Мүгедектердің білім алуы 
Мүгедектердің орта, арнаулы орта және жоғарғы білім алуы 
жалпы типтегі оқу орындарында, ал қажетті жағдайларда 
арнаулы оқу орындарында жүзеге асырылады.
Сабақтар стационарлы емдік-профилактикалық немесе 
сауықтыру мекемелерінде емдеу курстарынан өтіп жатқан 
мүгедек балалар үшін де дәл солай ұйымдастырылады. 
Мүгедектер басқа теңдес шарттар жағдайында оқуға түсу 
емтихандарын сәтті тапсыратын болса, жоғарғы және 
арнаулы орта оқу орындарына түсу үшін артықша құқыққа ие 
болады. 
Күндізгі оқу бөлімдерінде үлгерімді оқитын мүгедектерге, 
алатын жәрдемақы, зейнетақысы мөлшеріне қарамастан, 
стипендия төленеді. 
Мемлекет мүгедектерді оқыту мен кәсіби тұрғыда даярлау үшін 
арнайы педагогикалық кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді. 
Стационарлық мекемелерде тұрақты болатын мүгедек балалар 
үшін сол мекеме әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік 
бейімделумен тығыз байланысты түрде үзіліссіз тәрбиелеп-
оқытуды қамтамасыз етеді. Мүгедектерді кәсіби даярлау мен 
олардың біліктілігін арттыру оқу орындары мен басқа да 
ұйымдарда (арнаулы немесе жалпы типтегі) әлеуметтік көмек 
мекемелерімен бірлесіп, мүгедектерді сауықтырудың жеке 
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 
Ым-ишара тілі мемлекет тарапынан адамдар арасындағы 
қатынастың, білім алудың және тілмаштық қызмет көрсетудің 
құралы ретінде мойындалады.


Көзінің мүкісі бар адамдар Брайль жүйесі немесе басқа жаңа жүйе 
бойынша оқумен, аудиоқұралдарды және ірі қаріптерді 
пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Ақыл-ойында кемістіктер 
бар адамдар үшін тілді оңай түсінуге үйрету жүйесі 
ұйымдастырылады. 
Тілінің мүкісі бар адамдарға барлық заманауи қатынас құралдары 
беріледі. 
 
Мүгедектердің еңбек ету, жұмысқа тұру және жұмыспен 
қамтылу құқығы бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет