51
«жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің,
болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті
халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа
ұшыратты,
қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.
1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға ба-
сып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап,
байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осы-
лай сәтсіздікке ұшырады.
Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодал-
дары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан
кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинополь-
ге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады:
жергілікті халықты
тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. Шығыс Рим императоры әртүрлі
айла-тәсілдермен кресшілер жасақтарын Кіші Азияға бет бұрғызды.
Рыцарьлардың крест жорығы. Ұзақ қанды шайқастан кейін кресші
-
лер Антиохияны басып алды. Ол жерде кресшілердің бір көсемі өз
князьдығын құрды да, Иерусалимге бармай, сонда қалды. Тағы бір
көсем армяндардың Эдесса деген бай қаласын басып алды. Осы арада
кресшілердің тағы бір мемлекеті – Эдесса графтығының негізі қаланды.
1099 жылдың шілде айында кескілескен шабуылдан кейін кресшілер
Иерусалимді алды. Кресшілер қалада шектен тыс қатыгездік әрекеттер
жасады. Олар әйел-еркек,
бала-шаға, кемпір-шал демей, қала халқын
шетінен қыра бастады. Тіпті жас балалардың басын тасқа соғып өлтірді.
Қала халқының үйлерін мүліктерімен қоса кресшілер иемденіп алды.
Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы шағын жерде өз
Кресшiлер кемесiне жүк тиеу.
XV ғасырда салынған сурет
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
52
мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі
ең бастысы
Иерусалим корольдігі бол-
ды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап
алынған елдердің халқын қанды қыр-
ғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жа-
сап, құлдық езгіге түсірді.
Жаулаушылық жорықтардың нәтижесінде кресшілер Жерорта
теңізінің шығыс бөлігін басып алды. Финикия, Сирия, Палестина
жер лері, Иерусалим, Антиохия, Триполи, Эдесса, Сидон,
Акра қала-
лары бағындырылып, солтүстіктен оңтүстікке созылған жерді қолға
қаратты.
Палестина мен Сирия халықтары басқыншы кресшілерді жек
көрді, оларға қарсы күресті тоқтатпады. Сөйтіп, басқыншылар
өздеріне жау елде үнемі қауіп-қатерде өмір сүрді. Франциядағы Клер-
во монастырының аббаты Бернар христиандарды қолына қару алып,
қайтадан Палестинаға аттануға шақырды.
Бұл шақыруды фран-
цуз королі VII Людовик пен неміс императоры III Конрад қабыл
алып, 1147 жылы
екінші крест жорығын жасады. Олар Кіші
Азияда салжұқтардан жеңіліп қайтты.
1187 жылы Мысыр сұлтаны
Салах ад-Дин кресшілерді Палестина
мен Сириядан қуып шықты. Иерусалим қайтадан мұсылмандар қол
астына көшті. Енді оны қайтарып алу үшін
Германия, Англия, Фран-
ция корольдері 1189–1192 жылдары
үшінші крест жорығын жасады. Ол
жорық та нәтижесіз аяқталды. Христиандар теңіз жағалауындағы енсіз
жерді ғана иемденді. Иерусалим мұсылмандардың қолында қалды.
Дін атын жамылған крест жорық-
тарының себебі мен салдарына
өз көзқарасыңды білдір.
Cалах ад-Динның
Иерусалимді алуы. ХV
ғасыр миниатюрасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
53
1202 жылғы
төртінші крест жорығын III Иннокентий папа ұйым-
дастырды. Кресшілер қасиетті жерге теңіз арқылы бармақ болып, Вене-
цияның кемелерін жалдады. Ақысын төлеуге ақшалары жетпей қалған
соң, Венецияның әміршісі кресшілерді өздерімен бәсекелес Шығыс Рим
империясының астанасына басып кіруге көндіреді. Сөйтіп, кресшілер
христиандар қаласы Константинопольді басып алып, оны талан-таражға
салды. Еуропаның ең бай қаласын иемденген кресшілер Византияда өз
мемлекетін құрып, Палес тинаға бармай қалды. Олардың мемлекеті
Ла-
тын империясы деп аталып, 1261 жылға дейін өмір сүрді.
Қасиетті жерді азат етеміз деген крес-
шілер алғаш басып алған жерлерінен
айырыла берді. Папалар мен корольдер
1217–1221 жылдары
бесінші, 1228–1229
жыл дары
алтыншы, 1248–1254 жыл-
дары
жетінші жорықты ұйымдастырды.
Француз королі ІХ Людовик
1270 жылғы
сегізінші крест жорығы кезінде қайтыс болды. Барған
сайын ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер қатары азая берді.
Кресшілер арасында алауыздық, өзара қырқысулар орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: