Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


§11. КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫНАН КЕЙІНГІ ХРИСТИАНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет33/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

§11. КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫНАН КЕЙІНГІ ХРИСТИАНДЫҚ
ЕУРОПА ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІ
Бүгінгі сабағымызда крест жорықтарының христиандық Еуропа мен 
мұсылман әлемін қалай өзгерткенін білетін боламыз. Діндердің әлемдік 
мәдениетке ықпалын анықтаймыз.
Негізгі ұғымдар:
діни-рыцарьлық ұйым-
дар, католик шіркеуі, 
қуатты король билігі.
2. Оқиғалардың ретін анықтаңдар.
Кресшілер Палестина мен Сириядан қуылды
Екінші крест жорығы
Кресшілер Иерусалимді алды
3. Крест жорықтарының Еуропа мәдениетіне тигізген ықпалы жайлы 
эссе жазыңдар.
Еуропаның экономикалық жағдайы. Крест 
жорықтары әскери жорық ретінде сәтсіз аяқ-
талды. 1291 жылы кресшілердің соңғы тіре-
гі – Акра құлады. Еуропалықтардың Шы- 
ғыс елдерінде бекіп, тұрақтауының мүмкіндігі 
жойылды. Тек Венеция мен Генуяның көпестері 
бұрын византиялықтар мен арабтар үстемдік құрған Жерорта теңізіндегі 
саудаға ие болып, зор пайда түсірді. Шығысқа еуропалықтардың енуі 
олардың бұл аймақ туралы танымын кеңейтті. Еуропа тұрғындары 
өздеріне бұрын белгісіз болып келген дақылдарды өсіре бастады. Шығыс 
елдерінің ауылшаруашылығы техникасын пайдаланды (жел диірмені). Ең 
қызығы, Шығыста мұсылмандардың кептерлерді хат тасуға пайдалануын 
еуропалықтар да үйренді. 
Жорықтан келген еуропалық феодалдардың шығыстың сан алуан
тауарларына: тамаққа қосатын әртүрлі дәмдеуіштерге, қымбат маталарға, 
болаттан жасалған жоғары сапалы қарулар мен кілемдерге сұраныстары 
артты. Мұның өзі Еуропада сауданың одан әрі дамуына әсерін тигізді. 
Еуропаның саудасы екі бағытта жүрді. Біріншісі – Же рорта теңізі арқылы 
Испания, Оңтүстік және Орталық Франция, Италия елдері өзара сауда бай-
ланыстарын орнатты. Сондай-ақ Византия, Қара теңіз бойы және Шығыс 
елдерімен сауда жасасты. Бұл бағытта Италияның қалалары үстемдік етті. 
Келесі бағыт Балтық және Солтүстік теңіз бойын қамтыды. Бұл
бағыттағы саудаға Рустің солтүстік-батыс облыстары, солтүстік Германия, 
Скандинавия елдері қатысты. Саудаға түскен тауарлар: балық, аң терілері, 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


56
Шеберханадағы жұмыс
жүннен тоқылған маталар, ағаш т.б. еді. Еуропа елдері саудасының 
және жалпы экономикасының дамуына 
жәрмеңкелер үлкен ықпал етті. 
Жәрмеңкелер Франция, Италия, Германия мен Англияда өткізіліп тұр- 
ды. Мәселен, жыл бойы жұмыс жасап тұратын Франциядағы 
Шампань 
жәрмеңкесіне елдің түкпір-түкпірінен және шетелдерден көптеген 
көпестер келіп тұрған. Еуропа базарларында Шығыс тауарлары көбейді. 
Ақша-тауар қатынасы дамыды. Шаруалардан алынатын заттай са- 
лықтың орнын ақшалай салық ығыстырды. Енді шаруалар басы- 
байлылықтан өз еркіндіктерін ақшаға сатып алып, қалаларға кетулері-
не мүмкіндік алды. Шаруалар қауіп-қатерге толы алыс жерлерден 
байлық пен бақыт іздегеннен гөрі өз елдерінде табыстың көзін табуға 
тырысты.
Еуропада ауылшаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді. Бұрынғы 
батпақты, орманды жерлердің кей бөлігі егістік жерлерге айналды-
рылды. Сұлының орнына бидай, қарабидай көбірек өсірілді. Егін қос 
өгіз жегілген, темір соқамен жыртылған екі-үш танапты жерлерге 
егілді. Бау-бақша, көгөніс дақылдарын егу кең етек алды. Жүзім өсіру 
Еуропаның біраз бөлігіне таралды. Ауылшаруашылығымен тығыз байла-
нысты шарап өндіру, май шайқау, ірімшік қайнату салалары дамыды. 
Еңбек өнімділігі артты.
Еңбек құралдарын темірден жасау металды көп керек етті. Соған 
байланысты Еуропада кен өндіру артты, металды балқыту, өңдеу ісі 
жақсарды. Темір ұсталығы және қару-жарақ жасау дамыды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


57
Ұста дүкені
Шаруашылықтың дамуы қолөнердің бірте-бірте ауылшаруашы-
лығынан бөлінуіне әкеп соқты. Қолөнер адамдардың арнайы бір тобы-
ның, қолөнершілердің кәсібіне айнала бастады.
Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Еуропада 
қалалар саны өсе бастады. Еңбектің жаңа бөлінісі – қала мен ауыл арасындағы 
қатынастар дами түсті. Халқы ауылшаруашылығымен шұғылданатын ауыл-
дардан қалалардың айырмашылығы сол, олар қолөнер мен сауда орталығына 
айналды.
Германия, Испания, Швеция, Англия елдерінде тау-кен кәсіпшілігі 
дамып, өз алдына бір салаға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет