58
Француз корольдері крест жорықтары кезінде және одан кейін де өз
иеліктерін кеңейту жолында ірі феодалдарға қарсы күрес жүргізді.
Франция крест жорықтарына белсенді қатысушыларының бірі болды.
Француз корольдері крест жорықтарына қатысты.
Еуропа елдерінің ішінде Англияда қуатты король билігі болған еді.
Крест жорықтарында ағылшын корольдері біраз қаражат жұмсап әлсіреді.
Ағылшын королі
Арыстан жүректі І Ричард көп уақыты мен қаржысын
жорыққа жұмсады. Керісінше ірі феодалдар –
барондар байып, саяси
билікке таласа бастады.
Крест жорықтары
кезінде Германияда
Штауфендер әулеті билік
жүргізді. Атақты Фридрих І Барбаросса үшінші
крест жорығына
қатысып, Сирия жерінде суға кетіп, қайтыс болды. Германияны біртұтас
мемлекет деп атау қиын еді. Себебі онда көптеген жеке князьдықтар
болды. Германияның билеушісі
император деп аталды. Герман импера-
торлары
Римді елдің орталығы деп санады және үнемі Италияны жау-
лап алу жолында соғыстар жүргізді. Сонымен қатар неміс феодалдары
славян жерлерін
және Балтық бойы елдерін, прустарды жаулаумен
айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: