60
лігі 1492 жылы біржолата жойылды. Бұл Пиренейдегі соңғы мұсылман
мемлекеті еді.
ХV ғасырдың ортасында Осман түріктері Византияны құлатып, Кіші
Азияда қуатты мұсылман мемлекетін құрды. Ислам діні бұрынғы Визан-
тия аумағына таратылды.
Ойталқы
Еуропаның экономикасы крест жорығынан кейін қалай өзгерді?
1. Еуропада сауданың дамуы қай бағытта жүргізілді?
2. Жәрмеңке дегеніміз не?
3. Мемлекетті басқарудың қандай жаңа түрлері пайда болды?
4. Еуропа елдеріне күшті король билігі неге қажет болды?
5. Француз корольдері не үшін күрес жүргізді?
6. Діни-рыцарьлық ордендер дегенді қалай түсіндіңдер?
7. Крест жорықтары мен монғол шапқыншылығы мұсылман елдеріне қалай
ықпал етті?
8. Картадан крест жорықтарын көрсетіңдер.
9. Сұлтан Бейбарыс туралы не білесіңдер?
1. Христиандар мен мұсылмандардың өзара мәдени алмасуы жайлы әңгіме
жазыңдар.
2. Крест жорықтарының Еуропа мен мұсылман елдеріне тигізген жағымды
және жағымсыз жақтары туралы STEEPLE талдау кестесін толтырыңдар.
STEEPLE сөзінің мағынасы: S – әлеуметтік, Т – технологиялық, Е – эко-
номикалық, Е – қоршаған орта, Р – саяси, L – құқықтық, Е – этникалық.
Тарихи жағдай
Әсері
S (әлеуметтік)
Т (технологиялық)
Е (экономикалық)
Е (қоршаған орта)
Р (саяси)
L (құқықтық)
Е (этникалық)
Достарыңызбен бөлісу: