Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет40/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Шығармашылық тапсырма. 
Қосымша деректерді пайдаланып
«Жасақ» («Яса») заңындағы тәрбиелік 
мәні бар нақыл сөздер мен өсиеттерді 
анықтаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


65
басымдылығы, орыс князьдықтарының дер кезінде күш біріктіре алмауы 
Киев князьдығының жеңілуіне әкеліп соғады. 
Батудың Еуропаға жорығы. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әс-
керлері Галич-Волынь князьдығына аттанады. Батыс орыс жерін жаулап 
алған соң Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді. 1241 
жылы Бату мен Сүбедей бастаған монғол әскері Венгрияға, екінші тобы 
Польшаға келеді. Монғолдар Польша мен Силезияны бағындырып, Лиг-
нецы маңында поляк және неміс князьдарының жасақтарын талқандады. 
Польшаның біраз бөлігі бұл шапқыншылықтан зардап шекті. 
1241–1242 жылдары Венгрия да монғол-татарлардың шапқын-
шылығына тап болды. Венгр королі ІV Белла Бату ханның берілу ту-
ралы талабын орындамағаннан кейін, монғолдар үш топпен Венгрияға 
басып кірді. Венгр королінің Батыстан, яғни Пападан көмек сұрауынан 
еш нәтиже шықпаған соң, барлық ауыртпалықты өздері көрді. Венгр 
әскерлері Сайо өзенінде талқандалды. Король өз сарайымен Далмацияға 
қашты. Монғолдар корольдіктің астанасы Пешт және басқа қалаларды 
жаулап алып талқандады. Елдің солтүстігінен оңтүстігіне қарай заулап 
өтіп, монғолдар кейін шығысқа қайтады.
Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында 1243 жылы 
Сарай-Бату қаласын салғызады. 
Алтын Орда мемлекетін құрады. 1240–1480 
жылдар аралығында орыс жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды.
Бату әскерлерi орыс жерiнде
5–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


66
1. Монғол тайпаларының орналасу аумағын, шаруашылығын, қоғамдық 
құрылысын сипаттаңдар.
2. Шыңғысхан құрған Монғол мемлекетінің әкімшілік құрылымын сызба 
арқылы көрсетіңдер.
3. Шыңғысханның жорықтарын атаңдар және кескiн картадан сызып 
көрсетіңдер.
4. Салыстыру кестесі.
Құрылтай
Ақсақалдар кеңесі
5. «Жасақ» заңы қандай бөлімдерден тұрады?
6. Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды? Бірінші қай 
князьдықтың жері монғол-татар шапқыншылығына ұшырады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет