67
Монғол жауынгерлерi
§13. ЕУРАЗИЯ ЭТНОСАЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА
МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ
Бүгінгі сабағымызда монғолдардың соғыс жүргізу әдісімен танысамыз.
Монғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгерткенін
білетін боламыз. Монғол үстемдігі кезіндегі халықаралық қатынастарды
анықтаймыз.
Монғолдардың әскери өнері. Монғолдардың
ұлан-байтақ жерді жаулап алу себебі –
әскери
өнерінің өте озық болуында. Шыңғысхан өз
әскерін көшпелілердің рулық-қауымдық құры-
лымы негізінде құрды. Ондықтар мен жүз-
діктердегі жауынгерлер бір рудан немесе бірнеше
рулардан тұрды.
Монғол әскерінің негізгі түрі атты әскер болатын. Ол
ауыр және
жеңіл
деп екіге бөлінді. О бастан монғолдар көшпелі малшылар болған. Сондықтан
олар балаларын үш жастан бастап атқа отырғызған. Бала 4–5 жасқа
толғанда қолына алғашқы садағын ұстаған. Сол кезден бала көп уақытын
ат үстінде, аңшылықта өткізуге дағдыланған.
Жорықтарда монғолдар
ұзақ уақыт бойы ердің үстінде ұйықтауға машықтанып, өз әскерінің тез
қозғалуына жағдай жасаған. Монғол жауынгерлері өте төзімді еді.
Ауыр атты әскер қарсыластардың басты күштерімен ұрыс жүргізген.
Ал жеңіл атты әскер
қарауылдық және
барлау қызметтерін атқарған.
Әскердің бұл түрі кенеттен ұрыс бастап, садақтан оқ жаудырған. Жеңіл
атты әскер қарсыластарының соңына түсіп отырған. Атты әскердің
жетегінде қосымша бос аттар көп бол-
ған, соның
арқасында монғолдар алыс
қашықтыққа тез жеткен.
Монғолдардың негізгі қаруы садақ
еді. Әрбір жауынгер бірнеше садақ пен
жебе толы қорамсақ, ат үстіндегі жауды
іліп түсіру үшін темір қармақты басы
бар найза, қайқы қылыш алып жүрген.
Шыңғысхан
өз әскерінде барлау
жүргізетін, көшіп-қону бағытын және
тұрақтайтын мекенжайды белгілейтін
бөлімдер құрды. Бұл бөлімдердің әскер-
басылары тікелей ханға бағынды.
Достарыңызбен бөлісу: