80
Орталықтандырылған билік Батыс Еуропа елдерінің ішінде Англия мен
Францияда тез қарқынмен жүзеге асты.
Бұл екі елде өнеркәсіп, сауда және
қалалар мен ішкі рыноктың
қалыптасып, дамуы елдің бірігуін жеделдетті. Бұрын қалыптасқан ірі
қалалар
Париж бен
Лондон елдегі барлық аймақтармен қатынастарын
нығайтып, елдің саяси бірігуіне жағдай жасады. Тауар-ақша нарығының
дамуы үшінші әлеуметтік топ – қала тұрғындарын қалыптастырды.
Ал қалалықтар бытыраңқы феодалдық монархияның орнына күшті
орталықтанған король үкіметі билігін қалады. Францияда король билігі
ХІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе түсті. Король өкіметі
қалалықтардың жергілікті феодалдарға күресіне қолдау көрсетті. 1259
жылы
Англиямен бітімшарт жасалып, Англия Францияның солтүстігі
және солтүстік-батыс провинциялары мен Нормандиядан бас тартты.
ІV Көркем Филипп король (1285–1314) Рим папасына қарсы күресте
қолдау табу үшін Бас штаттарды шақырды. Елді басқару жүйесінде 1302
жылы жаңа жүйе
Бас штаттар құрылды.
Оның құрамы үш әлеуметтік топ өкілдерінен: діни шонжарлар,
дворян дар және ауқатты қалалықтардан тұрды. Бұл ұйымның құрылуы
Франция үшiн алға жылжушылық еді. Осы ұйым арқылы король қала-
ның бай өкілдеріне арқа сүйеп, қазынаны толтыруға және феодалдарды
бағындыруға мүмкіндік алды. Бас штаттар – ауқат ты қала тұрғындары,
дінбасылар
мен дво рян дардың жиналысы
еді. Францияның толық бірігуі Жүзжылдық
соғыстан кейін ғана аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: