81
Нормандардың
Англияны жаулап алуы
Вильгельм ағыл шын-саксондық ақсү йектердiң жер иелiктерiнiң бi раз
бөлiгiн
тартып алып, өзiмен бiрге келген рыцарьларына таратып бердi.
Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Виль гельм ге адалдық жө-
нiнде ант бердi. Олардың бәрi ко рольдiң бағыныштыларына айналды.
Бүкіл елде нормандық дәстүрмен төртбұрышты қамалдар салынды. Тем-
за жағалауына
жақын жерден король қамалы
Тауэр тұрғызылды. Бұл
қамал күні бүгінге дейін бар.
Вильгельм 1086 жылы жер, халық жә не мүлiк санағын жүргiздi.
Ол са нақ тың барысы жазылған кiтап «Қа һар лы сот кiтабы» деп атал-
ды. Англия хал қының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауыл дық жер-
де тұрды. Бұ рынғы ерiктi шаруалардың көп шi лiгi тәуелдi, басыбайлы
шаруаларға ай нал ды. Олар феодалдардың поместьесiнде барщиналық
мiндеткерлiк атқарды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып
отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езiл гендер дiң
адал досы Робин
Гудтың ерлiгi туралы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: