107
Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт
бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары
болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді.
Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың
орналасуы бойынша толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды.
Теңізшілерде
құбыланама (компас)
ойлап
табылғаннан кейін ашық
теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын
аспап –
астролябия шықты.
XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме –
каравелла жа-
салды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Олардың түзу және
көлбеу орнатылған желкендері бар үш мачтасы болды және өзіне керекті
бағытқа қарай ыққа да, желге де қарсы жүзе алды. Каравелламен алыс
саяхаттарға шығуға болатын еді.
Португалия мен Испанияға теңіздің арғы бетіндегі жерлерді
іздестіріп, басып алуға олардың ішкі жағдайлары да әсер етті. Бұл
кезеңде ол елдердегі реконкисталық жаугершіліктің заманы аяқталған
еді. Тегін олжа мен әскери қақтығыстарды
аңсаған соғысқұмарлар
мен кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды.
Сондықтан олар Африкаға қарсы соғыс қимылдарын жүргізу үшін ар-
найы жорықтар ұйымдастырды. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін ар-
зан шикізат керек еді. Сауданың дамуы да еуропалықтарды жаңа жер-
лер іздеуге итермеледі. Осындай қажеттіліктер ХV–ХVІ ғасырларда ұлы
географиялық ашылуларға себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: