108
Басқа құрлықтардағы белгілі бірқатар жетістіктерді – темір, тісағаш
пен дөңгелек, мылтықты үндістер білген жоқ. Олар еңбек құралдары мен
қаруды ағаш, тас, қоладан жасады.
Бытырап жатқан үндіс тайпалары алғашқы қауымдық құрылыста өмір
сүрді. Шаруашылығы мен мәдениетінің
дамуы жағынан майя, ацтектер,
инк тер басқа халықтардан жоғары тұрды.
Майя. Майя халқы Орталық Америкадағы қалың джунгли орма-
ны басқан Юкатан түбегін мекендеді. Жер қауымға қарады.
Қауым
әр отбасына орманнан тазартылған жер үлесін бөліп беріп отырды.
Қатардағы қауымдастарға шонжарлар мен абыздар үстемдік етті. Олар
қауымдастардың егін өнімінің бір бөлігін алатын еді. Тұтқындар мен бо-
рыштылардан құралған құлдарды да қанады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығында өмір сүрген майяларда
қала-мемлекеттер пайда болды. Әр қаланы «ұлы адам» деп аталатын
билеуші басқарды. Билік мұрагерлікпен ауысып отырды. Ол
өлкенің
халқынан салық жинады.
Шонжарлар қала орталығындағы тастан салған сарайларда, ал
«төменгі адамдар» – шаруалар мен қолөнершілер қала шетіндегі төбесін
қамыс құрағымен жапқан лашықтарда, едені жер үйлерде тұрды. Біздің
заманымыздың бас кезінде Майяда жазу пайда болды. Олар иероглифтерді
қышқаламмен қағазға түсірді, қолжазбаларды суреттермен безендірді.
Храмдардың қабырғаларына да, биік тас бағаналарға да ойып жазу
жазды. Абыздар дұғаларды, аңыздар
мен тарихи оқиғаларды жазып
отырды. Абыздар қауымдастықтағы егіншілік жұмыстарын жүргізу
мерзімдерін белгіледі. Егіншілік күнтізбе жасауды қажет етті. Ол ертедегі
халықтар күнтізбелері ішіндегі ең дәл күнтізбе болды. Күнтізбе жасау ма-
тематика жетістіктерімен байланысты еді. Майя қалаларының орнынан
астрономиялық обсерваториялар табылған. Абыздар ғаламшардың Күнді
Майя жазуы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
109
Ацтек құдайының
бет-бейнесi
айналып шығуын есептеп шығарды. Күннің
және Айдың тұтылуын алдын ала болжай білді.
Сәулет өнерінде де майялардың жетістіктері
зор болды. Олар
биік тұғырларға және жасан-
ды төбелерге сарайлар мен текшелі пирамида
түрінде храмдар салды. Құрылыстарды бедер
өрнекпен, құдайлардың мүсіндерімен және фрес-
калармен безендірді.
Достарыңызбен бөлісу: