122
зiнiң жобасын жасады. Әулие Петр соборы Қай та өрлеу дәуi рiнiң аса
озық архитектуралық ес керткiшi болып табылады.
Рафаэль Санти. Қайта өрлеу дәуiрi нiң аса
көрнектi сурет шi лерiнiң
бiрi
Рафаэль Санти (1483–1520) болды. Ол адам бойындағы барлық та-
маша қасиеттердi – сымбатты да қайратты дененi, асқан ақылдылықты,
iзгi мiнездi бейнелеуге тырысты. Жас шағында Рафаэль Флоренцияда
тұрып, жұмыс iстедi. Ол өзiнiң ең таңдаулы кар ти на ларының көбiн осын-
да жазды. Көп ұзамай оны Рим ге шақырды. Римде ол портреттер салды,
Әулие Петр соборының құрылысына басшылық еттi.
Рафаэльдiң туындылары
шаттық қуанышын бойы на жиып, бақыттан
дамыл тауып жатқандай. Рафаэльдiң Мадоннаны бейнелеген көп картина-
сы сақталған. Рафаэльдiң ең даңқты картинасы – «
Сикст мадоннасы».
Мұны су ретшi Италияның шағын қалалары ның бiрiндегi
Әулие Сикст
монас тыры үшiн салды. Бұл ға ламат шығарма адам ға деген шексiз сүйiс-
пен шiлiкке толы: суретшi адамзат бақыты үшiн өзiнiң ең қымбаттысы –
баласын да құрбан ете алатын адамды дә рiп тейдi.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ше берлерi осы күнге дейiн адам баласы мақ-
таныш ететiн, қайталанбас туындылар қалдырып кеттi.
Достарыңызбен бөлісу: