128
Түрік мәдениеті. Түркияда жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері ХІІІ
ғасырда пайда болды. Көне шығармалардың қатарына
Ахмед Факихтің
«Тағдыр кітабы» жатады. Оның шәкірттері
Шейад Хамза «Жүсіп пен
Зылиха» қиссасын жазды. Түрік тіліндегі ең алғашқы шығарма – сопы
Ашик паша жазған «Қуғындалушының кітабы» (поэма) болды.
ХІV–ХV ғасырларда поэзияда Низами Гәнжауидің «Бес дастаны»
(«Құпия қазына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті
ару», «Ескендірнама») үлгісімен романтикалық сарындағы шығармалар
жазған бірқатар авторлар (Ахмед, Жүсіп, Синан т.б.) дүниеге келді.
Лют-
фи Такади математика, астрономия ғылымдарына талдау жасап, фило-
софия пәндері бойынша бірқатар еңбек жазды. Географ адмирал
Пири
Реис 1513 жылы дүниежүзінің картасын, ал 1523 жылы «Бахрийе» атты
теңіз атласын жасады.
ХV–ХVІІ ғасырларда түрік сәу-
летшілері (Синан т.б.)
сәулет өнерінің
композициялық құрылымы мен көр-
кемдігіне ерекше көңіл бөлді. Түркия
қалаларында медресе, мешіт, кесене,
монша, хауыздар салу кең өріс алды. ХV–ХVІІ ғасырлар аралығында
сән және
қолданбалы өнердің керамика, жібек жібін иіру, кілем тоқу,
металл өндіру, қару-жарақ жасау сияқты салалары өрістеді. Түркі
халықтарының музыкасында өзара ұқсастық бар. Мысалы, мани, қошма,
тюркю
әндері Орталық Азия, Қазақстан, Әзірбайжан музыкасымен
әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур, уд,
ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.
Орталық
Азияның ортағасырлық
сәулет өнеріндегі өзіндік ерекше-
ліктерін сипаттаңдар.
Стамбұлдағы
Сүлеймен мешіті
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217