Әдебиет. Орта ғасырдағы атақты ақындардың бірі
Фирдоуси (940–
1030) болды. Парсы, тәжік халқының ұлы ақыны атанған ол «Шаһнама»
поэмасын жазу үшін 30 жылдан астам уақытын жұмсады. Бұл шығармада
өз елін жаулап алушыларға қарсы халық күресі баяндалады. Аты аңызға
айналған батырлардың ерліктері мадақталады. Ақын «өмірлік нанын өз
еңбегімен табушылар» туралы құрметпен жазады.
XI ғасырда Қарахан дәуірінде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалымдардың
бірі –
Жүсіп Баласағұни. Оның 1069 жылы жазылған атақты шығармасы,
XI ғасырдағы түрік әдебиетінің ескерткіштері қатарына жататын
«Құтадғу білік» – «Құт негізі – білік» поэмасы саясат, мемлекет басқару,
әскери іс жөніндегі философиялық трактат болып саналады.
Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы
Әбу Абдол- лах Рудаки (860–941) де орта ғасырда өмір сүрген ірі тұлғалардың
бірі. Ақын өзінің өлеңдерінде зор адамгершілік сезімді жырлады,
білімді бағалауға, адамдарға, жақсылық істеуге шақырды. Оның
шығармаларының көркемдік қуатының қайнар көзі шексіз даналығы
мен қарапайымдылығында жатыр.
Түркістан (Ясы) қаласынан шыққан ғұлама Қожа Ахмет Ясауи «Ди-
уани хикмет» (Даналық кітабы) атты ортағасырлық түркі поэзиясының
ғажайып үлгісі ретінде бағаланған еңбек қалдырды.
Орта ғасырлардағы Орталық Азия әдебиетіндегі қоғамдық бағыт ұлы
ойшыл ақын
Әлішер Науаидың (1441–1501) шығармаларында айқын
көрініс тапты. Ол философиялық ойдың дамуына ықпал жасады. Науаи
«Екі тілдің таласы» атты кітабында лингвистикалық терең талдауларға
барды.
XVI ғасырда Орталық Азия әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырушы
Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді туындысында әдеби
мемуарлық шығармашылықтың негізін салды. «Бабырнама» Орталық
Азия халықтарына ортақ құнды мұра саналады.
Түркі халықтарының эпостары. XIV–XV ғасырлардағы ерте түркі
тіліндегі Осман тарихының шежіресі Орталық Азия халықтарының
жазба мәдениетінің негізіне жатады. «Оғызнама», «Китаб Дәдәм Кор-
кут», «Манас», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Алпамыс» сияқты эпостық
шығармалар мен «Көрұғлы» дастаны ерекше орын алады. Романтикалық
хикая әңгімелер, қиял ғажайып, күлдіргі ертегілер, соның ішінде түркі
халықтарына ортақ Қожанасыр әңгімелері өмірге келді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217