138
құрды. Оның тыңдаушылары бүкіл Еуропаға кальвинизм ілімін тарат-
ты. Реформациялық қозғалыс Еуропаның басқа елдерін де қамтыды.
Каль винизм – ХVІ ғасырдағы реформацияның нәтижесінде Жан Каль-
вин негізін қалаған протестанттық діни ілім. Ол өмір сүрудің тақуалық
принципін уағыздады.
Англияда король VIII Генрих билік еткен жылдары шіркеулерді жап-
тырып, мүліктерін тәркіледі. Шіркеу билігін король өз қолына алды.
Жаңа ағылшын шіркеуі құрылды. Алайда Мария Тюдор қайтадан като-
лик шіркеуін қалпына келтірді. Оның орнына билікке келген I Елизаве-
та Англияда протестанттықты түпкілікті қалыптастырды. Король епис-
коптарды өзі тағайындады және оларға лордтар палатасының кеңесіне
қатысуына құқық берді. Сонымен бірге
протестанттықтан католиктік
ілімге өту мемлекеттік сатқындықпен тең деп бағаланды. Дұға ағылшын
тілінде оқылатын болды.
Франциядағы реформациялық қозғалыстың өзіндік ерекшелігі
бар еді. Бұл елде қозғалыстың дамуына қолайлы жағдайлар болма-
ды. Себебі, католицизм ұлттық бірігудің, король өкіметінің символы
саналды. Францияда шіркеу билігі корольдің қолында еді. Ол шіркеу
иелерін өзі тағайындап отырды. Дегенмен Францияда да католиктер
мен реформациялық ілімді қолдаушылар арасында ұзаққа созылған
тартыс жүрді. Бұл 1562–1598 жылдары гугеноттар соғысына ұласты.
Францияда католицизм мемлекеттік дін болып қала берді.
Еуропада
реформациялық қозғалыс Швеция, Норвегия, Дания елдеріне де тара-
ды.
Контрреформация – ХVІ–ХVІІ ғасырлардағы Батыс Еуропаға тараған
реформацияға қарсы діни саяси қозғалыс. Католиктер реформацияға
контрреформациямен жауап берді. Протестанттық ілімінің Еуропа
құрлығында одан әрі дамуына тежеу қойды. Протестанттыққа қарсы
күресте католиктік күштерді біріктіру және папаның беделін өсіру
қажет болды. Осы мақсатта испандық
дворян Игнати Лойоланың
басшылығымен Иезуиттер ордені құрылды. Иезуиттер ордені – бір
орталықтан басқарылатын, қатал тәртіпке негізделген, басшыларға сөзсіз
бас июді талап ететін орден. Олар қоғамдық өмірдің барлық саласына
белсене араласып отырды.
Ойталқы
Реформация қозғалысының қандай тиімді жақтары болды деп
ойлайсыңдар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217