143
айналатын болып шық ты. Галилей телескоптың
кө ме гiмен көптеген
жаңалықтар ашты. Бұлардың бәрi Ко перник пен Джор дано Бруноның
iлiмiн дәлел дедi. Ол жаңалықтар әлемнiң қозғалмайтын кiндiгi Жер
мен құдiреттi Құдайлар тұратын «аспан» жайлы шiркеу қабылдаған
Аристотель мен Пто лемей iлiмiне соққы болып тидi.
Коперник iлiмiн шiркеудегiлер сандырақ,
бос сөз деп жария-
лады, ол iлiмдi таратқан және қорғаған адамды қатал жаза күтiп
тұрды. Бiрақ Галилей шiркеулiк қараңғылықпен батыл күресiп, Ко-
перник iлiмiнiң дұрыстығын дәлелдей бердi. 1633 жылы дiн шiл дер
70 жастағы қарт оқымыстыға сот ұйымдастырып,
оны ауыр азаптау
арқылы өз көзқарасынан бас тартуға мәжбүр еттi. Бiрақ оқы мыстының
өз көзқарасынан бұлай қайтуы сырт көзге ғана едi. Ұлы оқымыстыны
өмiрiнiң ақырына дейiн үй тұт қыны етiп ұстап, әрi оған астрономия дан
қандай да бiр кiтап жариялауға рұқсат бермесе де, ол механика саласы-
нан жаңалықтар ашып, ғылымның дамуына игi әсер еттi. Дiншiлдердiң
iзiне түсуiне қарамастан, Галилей өзiнiң
ғылыми көзқарасының бе рiк-
тiгiн көрсете бiлдi. Кейiнiрек Галилейдің өз пiкi рi нен бас тартқандығы
туралы аңыз шықты. Жердiң айналатынына сен бейтiнiн мо йын даған
болып, тiзе бүккен қалпынан тұра берiп: «
Дегенмен, Жер айна лады!»
деп дауыс тады делiнедi. Бұл аңызда адамның еркiн ойын тұншықтыруға
болмайтындығы бейнеленедi. Әлем құпиясын түсiндiру
және табиғат
заңдарын айқындау үшiн ға лым дар алдынан жаңа, даңғыл жол ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: