30
Платонның көзқарасы бойынша, зұлымдық дүниенің кемші-
ліктерінен пайда болады, ал оның өзі енжар материя мен идея қосылған
кезде, яғни бұл жалған дүние пайда болысымен-ақ сонымен бірге өмірге
келеді.
Діни философияда керісінше: Құдайдың логосынан (logos – грек
сөзі, сөз, мән-мағына) жаратылған дүние еш мінсіз, таза, әсем болып
жаратылады. Зұлымдықты алатын болсақ, ол – тарихи оқиға, оның
себебі – адамның еркінің алғашқы көрсетілген Құдайдың жолынан
ауытқуы. Олай болса, тарихтың соңында Құдайдың жасаған таза, әсем
жаратылысына қайтадан оралу мүмкін екен.
Жаңа дәуірде Декарттың философиясында идея бөлек материя-
мен қатар өмір сүретін ерекше субстанция ретінде қаралса, Гегельдің
философиясында абсолюттік идеяның өзін-өзі тану жолындағы
белсенділігіне айналады. Ал ХХ ғасырдағы философияда ерекше өмір
сүріп жатқан құндылық, мән-мағына әлеміне (феноменология (pheno-
menon – грек сөзі, құбылыс), я болмаса ғылыми идеялар мен теорияларға
айналады (ағылшын философы К.Поппердің «үшінші әлем» ілімі).
Сонымен, 2,5 мың жылға созылған объективтік идеализмнің
тарихының негізінде оның әртүрлігіне қарамастан,
бұлжымаған
Достарыңызбен бөлісу: