Халық күйлерінің шығу тарихы
Ақсақ құлан - халық күйі. Ерте
заманда Жошы ханның ұлы
құлын аулауға шығып, үйірді
бастап жүрген басшы құланды
жаралайды. Ызалы құлан
аңшыға тап беріп, оны өлтіреді.
Жошы хан бір сұмдықтың
болғанын сезіп, баласы туралы
жаман хабар әкелген адамның
көмейіне қорғасын құямын
дейді. Сол кезде бір жігіт келіп
домбыра алып, бір күйді тарта
жөнеледі. Хан осы күй арқылы
бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін
бұзбас үшін, домбыраның
көмейіне қорғасын құйғызады.
Балбырауын-«Балбырауын»
күйінің тарихы қандай? Күйді
Құрманғазы
Браун деген әлде
графтың, әлде дворянның
балына арнап шығарған екен
деген пікір бар.
Шындығында, ол кәдімгі
«балбырау», «балбырату»
дегенді ғана білдіреді.
Құрманғазының әр күйінің
дерлік тарихы, кейіпкері бар.
Кісен ашқан-Перовскийдің бұйрығы әне-міне деп орындалмай,
Құрманғазы түрмеде жата береді. Күндерден күн өткенде
Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда қашуды ойлайды.
Айсыз қараңғы бір түнде жұмыстан қайтып келе жатып, аяғы
ауырып, тіпті жүргізбеген болып Құрманғазы тұтқындар тобынан
кейін қала береді. Қапысын тауып, конвойдың біреуін қағып
түсіріп, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған
конвойлар түрмеге қайтады. Оның алдында күндіз жұмыс үстінде
Құрманғазы баяғы Лавочкиннің шешесі берген болат араны
ұлтарағының астынан суырып, кісеннің бір жағын кесіп жай
орнына байлап қойған болатын. Қашарда бір жағын қолына алып
адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ бір сарайға барып,
кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды.
Біреулердің айтуынша Құрманғазы қашар тұста кісенді жұлып
аламын дегенде өзінің майөкшесінің бірін жұлып алады да қаша
береді. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кісен
қиған жерлерін көйлек-дамбалынан жыртып алып орайды. Кеш
бата Құрманғазы Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң
ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын
айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып,
басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына
сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын,
Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы
күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл
күйдің атын Кісен ашқан екенін айтады.
Халық күйлерінің шығу тарихы
«Көш керуен» оркестрлік шығармасы: «Қыз
жібек» көркем фильміне музыкалық өңдеу
ретінде ойластырылған дүние болатын,әу–
баста қазақ киносының классикасы
дәрежесінде қабылдынды. Алайда, ақырында
аталған фрагмент көркемдік біртұтастығы
жағынан «кинофильмге арналған
музыка
жанры» шеңберінен шарықтап шығып,
толыққанды, жеке музыкалық туынды
мәртебесін алды.
Қыстаудан қымтырылып шыққан
қалың
жұрттың жазғытұрым жайлауға көшкендегі
жазира көңілі мен сайын даланы думанға
бөлеген шалқар шаттығы Нұрғиса Тілендиевтің
бұл шығармасында шебер көрініс тапқан.
Сары жайлау
Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары
жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде
шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-
сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің
ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы
жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта
оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен
салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл,
қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар
мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде
желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен
тербетеді.