Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет213/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   373
Көмірсу алмасуы
Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 
ккал (17,17 кДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оныц 
денедегі қорынан босап шыгуы оцай, сондыктан ол, әсіресе кенеттен оте 
шапшаң кимыл жасап, кобірек энергия жүмсарда пайдаланылады.
Көмірсу денеге тагаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан 
түзілуі мүмкін. Адамга тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек- 
карында көмірсу (полисахаридтер) сілекей мен ұйқы безінің амилаза 
ферментінің, ұйкы безі мен ішек селіндегі мальтаза, лактаза, сахараза 
ферменггерінің эсерімен ыдырап, моносахаридтерге айналады. Ішектің 
бастапқы бөлігінде олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек 
эпителиінің апикальды жагынан ішіне қарай Na+ ионының катысуымен 
жасуша 
энергиясын 
пайдалана 
отырып, 
ал 
эпителийдің 
базальды 
мембранасынан қанга заттын грандиентіне сэйкес жай диффузия аркылы 
өтеді. Осылайша сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, мұнда 
ол гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Ас корыту барысында осы вена 
арқылы бауырға 150-200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін. Мүндай жағдайда 
бауырдан шыгып жалпы қан айналысына іліккен глюкоза мөлшері уақытша 
көбейеді де алиментарлық (астан болған) гипергликемия тууы мүмкін, Әдетте 
канныц эрбір литріне 3,5-5,8 ммоль глюкозадан келеді. Ол көбейіп 8-10 
ммоль-ге жетсе, несепте қант пайда болады (глюкозурия). Қанда қан г деңгейі 
2,8-2,2 ммоль/л-ге дейін азайса, гипогликемияльіқ кома басталады, адам есінен 
айырылып, сандырақтайды, өзінен-өзі кұрысып, тырысады.


Эдетте қандагы кант деңгейі төмендсй бастаса, гликолиз арқылы кант 
бауырдаи босап шығады да канға өтеді, сөйтіп қант тұракты сакталады. 
Глюкоза бауырда гана емес, дене еттерінде де қор (1-2) болыи гликоген 
күйінде сакталады, Жасушалардың көбі қаиндагы глюкозаны жүтыи құрылыс 
(пластикалык) материалы жэне қуат көзі ретінде пайдаланады.
Комірсу жасушада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылына 
(анаэробтык фаза), одан эрі оттегінің қатысуымен (аэробтык фаза) 
көмірқышқылды газ бен суға айналады. Аталған заттар аргык болса, өкпе 
арқылы сыртқа шығарылады
Көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуын реттеуде жүйке 
жүйесінің мэнін 1849 жылы К. Бернар анықтады. Ол сопакша мидың төртінші 
карыншасыньщ түбін инемен тітіркендірсе, гипергликемия пайда болатынын 
дәлслдеді. Мұның механизмі симпатикапык жүйке жүйесінің козуына 
байланысты екені аныкталды. Симпатикалық жүйке бүйрекүсті безінің ми 
қабатына эсер етіп, адреналин гормонының қанга өтуін күшейтеді де, 
бауырдағы гликогенолиз үрдісін үдетеді. Адреналин бауыр мен дене 
еттеріндегі гпикогеннің ыдырауын күшейтіп, қанда қан мөлшерін арттырады 
(гипергликемия). Қалқанша без гормоны - тироксин глюкозаның тіндерге 
өтіп, 
денегс 
сіңуін 
тездетеді. 
Бүйрекүсті 
безінің 
кыртысындағы 
глюкокортикоид гормондары да белок пен майдан глюкоза түзілуін күшейтіп, 
оның қандағы деңгейін арттырады. Мұнымен бірге глюкокортикоидтар 
тіндерді инсулин әсеріне түрақты етіп жасушаға канттың сіңуін төмендетеді.
Көмірсу алмасуында инсулин осері адреналин әсеріне қарамақарсы. 
Инсулин үйқы безінің Лангсрганс шогырлары жасушаларында түзіледі де 
бауыр мен дене еттерінде гликогенез үрдісін күшейтеді, сөйтіп қаннан өткен 
қангтың жасуша мембранасы аркылы өтуін жеңілдетіп сіңуіп күшейтеді, 
қанда кант деңгейін төмендетеді. Инсулин көбейсе, қанда кант мөлшері күрт 
азайып, адам гипогликемилық комаға ұшырауы мүмкін.
Ұйқы безінде түзілетін глюкогон гормоны бауырда гликоген ыдырауын 
күшейтіи, қанда кант деңгейін жоғарылатады. Глюкогонның көмірсу 
алмасуына тигізетін эсері инсулин эсеріне карама-қарсы. Гипофиздің 
соматотроптык гормоны инсулин түзілуін күшейтеді де көмірсу алмасуын 
реттейді. Бұл бездің АКТГ гормоны глюкокортикоидтардың қанға шығуын 
үдете отырып, қанда кант деңгейін өзгертеді.
Комірсу алмасуын реттейтін орталык гипоталамусты орналасқан, сол 
орталықтңп арткы ядроларын тітіркендірсе адреналин мен инсулин түзілуі 
күшейе түседі. Гипоталамустың эсері орталык жүйке жүйесінің жоғары 
бөлімдерінің бакылауында.
Қорыта келгенде, көмірсу алмасуына ми қыртысы, мидың басқа да 
бөлімдері гипоталамус арқылы эсер етеді. Ал гипоталамустын өзі 
вегетативтік жүйке жүйесінің иарасимпатикалық жэне симпатикалық 
бөлімдері мен ішкі сөлініс бездері арқылы көіцірсу алмасуын реттеп огырады.


Май алмасу
Көптеген ауру-сыркаулар, патологиялык үрдістер май алмасуының 
бұзылуынан болады. Май жэне май тәрізді қосындылар липидтер деп 
аталады. Адам (жануар) денесі үшін май - негізгі энергия көзі. Ересек адамда 
тэулігіне 70-100 г мал майы (тон май, сары май мен өсімдік майы) керек. 1г 
май готыкса, 9,3 кка.л (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондыктан да май көбінесе 
энергия ретінде жүмсалады. Май жасуша протоплазмасыньщ ядросы мен 
мембранасының құрамына кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір 
жерлеріне жиналған май біркатар ағзаларды (бүйрек, өкпе т.б.) ұрылу- 
соғылудан, бүкіл денені суық тиюден (жылу өткізбейді) корғайды. Шелінде 
майы қор болып жиналатын жануарлар (тюлень, кит т.т.) суықка шыдамды 
келеді. Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К, Ғ), түздар майға ілесіп денеге 
тез сіңеді. Май - су қоры. Өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланады.
Май денеге негізінен тагаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде бауырда 
комірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте оттің қатысуымен 
эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид, май 
кышқылы мен глицсринге айналады. Май жэне баска липидтердін ыдырау 
өнімдсрі негізінен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналган май тамшыларының 
(диамезрі 0,5 мкм) біразы гидролизденбей-ак ішек кабырғасынан өте береді. 
Моноглицерид май қышкылдары, өттің қатысуымен ішск эпителиіне өтеді. 
Өт кұрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфатидтер май қышқылдары 
мен моноглицеридтерді қоршап, гидрофилдік кабық күрады, өте ұсақ 
мицеллага айналады. Жеке мицелла ең ұсак эмульсия тамшысынан 106 есе 
кіші. Мицеллалар судағы ерітінді күйінде жай, диффузия жолымен энергия 
жұмсамай-ак, не пиноцитоз аркылы ішек эпителиіне өтеді. Мүнда мицелла 
ыдырап, одан босап өт қышкылдары қанға сіңеді, оның 2,8-3,5 г бауыр 
арқылы ішекке қайта оралып бір тэулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен (70- 
100 г) майдыц сіңуін қамтамасыз етеді. Эпителийге өткен моноглицеридтер 
мен май кышқылдары, ондағы ретикулумдар (горлы кұрылымдар) аз уақыт 
кідіреді де олардан адамга тэн майлар түзіледі. Май мен холестерин, белок 
молекулалары хиломикрон кұрып, эпителий түбіндегі мебранадан өтеді де 
лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болган суда еритін 
глицерин мен қүрамына 
өзара қыска байланыскан көміртегі бар май 
кышқылдары канға сіңеді де қакпа венасымен бірге бауырға өтеді.
Лимфаға сіңген басы артық май өкпе тініндегі шелде қор болып 
жиналады. Адам ұзак уакыт майдың бір түрімен коректенсе, осыдан 
кордаланған майдың күрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге кокос 
майын көбірек жесе, оның шелінде жиналған май, қүрамы мен қасиеті 
жағынан кокос жаңғағы майына үқсайды.
Май энергия қоры ретінде жасушада да сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет