148
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
«Бюрократиялық рационалдандыру... әрбір экономикалық қайта құру
сияқты «сырттан»
техникалық құралдармен революция жасайды: Ол
алдымен материалдық және әлеуметтік тәртіпті өзгертеді және
олардың
көмегімен бейімделу жағдайларын өзгерте отырып, адамдарды өзгерте-
ді және мақсат пен құралдарды рационалды анықтау арқылы бейімделу
жағдайларын өзгертеді».
(Weber, [1921] 1978:1116)
Рационалдықтың барлық басқа түрлері трансөркениетті және заманауи бол-
са да, формалды рационалдық индустрияландырудың дамуымен Батыста ғана
пайда болды. Батыста формалды рационалдықты сипаттайтын жалпыға ортақ
ережелер, заңдар, және нормалар әсіресе экономикалық, құқықтық және ғы-
лыми институттарда, сондай-ақ үстемдіктің бюрократиялық түрінде кездеседі.
Осылайша біз рационалды-құқықтық билік пен бюрократия туралы пікіртала-
сымызда формалды рационалдықты әлдеқашан кездестіргенбіз.
Достарыңызбен бөлісу: