11
және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15
мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.
10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес
оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі
анықталды.
Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік»
деген термин қолданылмайды, себебі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ)
және жаратылыстану-
математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес,
бағыттар болып
табылады.
Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы
бейінді білім алушылардың ӛздері анықтайды,
10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында
міндетті пәндер саны қысқарды,
білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің
дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2
міндетті пәнді таңдау енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.
Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ
мамандығына назар аудара
отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес
негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәніне ӛзгерістер енгізілді.
«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
Назар аударыңыздар!
2019-2020 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-
сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2019 - 2020
оқу жылының басталуын,
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337
бұйрығымен 2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
2019-2020 оқу жылының басталуы –
2019 жылдың 1 қыркҥйегі. Оқу
жылының аяқталуы -
2020 жылдың 25 мамыры.
Достарыңызбен бөлісу: