222
223
2.2. тапсырма
Компания тікелей таратудың тікелей жолы арқылы 20 автокөлік-
ті 10 мың доллардан сатты. Бір автокөлікке кеткен өндіріс шығыны 7
мың долларға тең, тауардың бүкіл партиясын тасымалдау мен сақтауға
шығын 5 мың долларды, ал маркетингтік зерттеулерге шығын 2 мың
долларды құрады. Өндірушінің таза табысын анықтаңыз.
2.3. тапсырма
Өндіруші делдал арқылы 8 мың шарикті қаламсапты 6 у.е.-дан
сатты. Бір қаламсапты өндірудің өзіндік құны — 4 у.е. Делдалдың
сыйақысы 6 %-ды құрады. Өндірушінің таза табысын анықтаңыз.
3. № 3 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын
орындау мысалы
Тапсырма
10 км арақашықтықтың 1 км-іне кеткен көлік шығындары тауар
бірлігіне 10 долларды, тұрақты қойма шығындары 600 долларды,
айнымалы шығындар тауар бірлігіне 2 долларды, мерзімінде
орындалмаған тапсырыстардың құны 300 долларды құраған
жағдайдағы тауар қозғалысының жалпы сомасын есептеңіз. Тауар
қозғалысына 100 тауар бірлігі қатысты.
Шешімі
1. Көлік шығындарын анықтау (Тауар бірлігін 1 км-ге
тасымалдаудың өзіндік құны х Саны х Арақашықтық): 10 × 100 ×
10 = 10000 доллар.
2. Тұрақты қойма шығындарын анықтау: 600 доллар.
3. Айнымалы қойма шығындарын анықтау (Қорлар бірлігіне
айнымалы шығындар × Қоймадағы қорлар): 2 × 100 = 200 доллар.
4. Кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тапсырыс құнын
анықтау: 300 доллар.
5. Тауар қозғалысы шығындарының жалпы сомасы: 10000 + 600
+ 200 + 300 = 11100 доллар.
Жауабы: 11100 доллар.
Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар:
3.1. тапсырма
Тұтынушыға 50 км арақашықтыққа аспаптардың 200 жиын-
тығын жеткізудің өзіндік құны 50 долларды құрады. Тұрақты
қойма шығындары 1000 долларға, тауар бірлігіне айнымалылар
20 долларға, кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тапсыры-
стардың құны 2000 долларға тең. Тауар қозғалысының жалпы
сомасын анықтаңдар.
3.2. тапсырма
Тұтынушыға 200 км арақашықтыққа 6 мың шоколад жиынтығын
жеткізудің өзіндік құны 0,01 долларды құрады. Тұрақты қойма
шығындары 500 долларға, тауар бірлігіне айнымалылар 0,05
долларға тең. Барлық тапсырыстар кепілдендірілген мерзімде
орындалды. Тауар қозғалысы шығындарының жалпы сомасын
анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: