3.1.1. сурет. Тұтынушы мінез-құлқының қарапайым үлгісі
Маркетингтің
түрткі болу
факторлары
Басқа да
тітіркендір-
гіштер
Сатып алушы
санасының «қара
жəшігі»
Сатып
алушының
жауапты ре-
акциялары
Тауар
Баға
Тарату əдісі
Өтінімді
ынталандыру
Экономи-
калық
Ғылыми-
техникалық
Саяси
Мəдени
Сатып
алушы-
ның
сипатта-
масы
Сатып
алушы-
ның
сипат-
тамасы
шешім
қабыл-
дау
үрдісі
Тауар таңдау
Таңба таңдау
Дилер таңдау
Сатып алу
уақытын
таңдау
Сатып
алушының
нысанын
таңдау
3.1.2. сурет. Сатып алушы мінез-құлқының таратылған түрі 3.1.2. суретте үлгі айтарлықтай таратылып берілді. Сол жақ
тікбұрыша түрткі болудың екі түрі көретілген. Маркетингтің түрткі
факторының құрамына төрт элемент кіреді: тауар, баға, тарату жəне
ынталандыру əдістері. Басқа да тітіркендіргіштер сатып алушының
айналасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси жə-
не мəдени ортадағы негізгі күштер мен оқиғалардан тұрады.
Осы тітіркендіргіштердің барлығы сатып алушы санасындағы
«қара жəшіктен» өткен соң, оң жақтағы тікбұрышта көрсетілген
бақылауға болатын бірқатар сатып алушылық реакцияларды
туындатады: тауар таңдау, таңба таңдау, дилер таңдау, сатып алу
уақытын таңдау, сатып алу көлемін таңдау.
Нарық қызметкерінің міндеті — тұтынушы санасындағы «қара
жəшікте» тітіркендіргіштердің келуі мен оларға қатысты пікірдің
туындауы аралығында не болып жатқанын түсіну. «Қара жəшік»
екі бөліктен тұрады. Біріншісі — адамның тітіркендіргіштерді
қалай қабылдап, қандай əсерде болатынына негізгі əсер ететін
сатып алушының мінез-құлқы. Екінші бөлік — нəтиже тəуелді
болатын сатып алушының шешім қабылдау үдерісі.