Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
қатарда жеңіс біздікі деп масайраған құрайыштың
шикілеу жастары бар еді. Көбінің қолында қару да
жоқ, болса да қару соғысу үшін бәріне жетпес еді.
Маңайына қараған мұсылман әскерінің қай-қайсысы
да өздерін жан-жақтан қоршап лап қойған жыпырлаған
жау әскерін көрді. Өйткені Хауазиндықтар әскерлердің
соңғы сапына әйелдерді түйеге мінгізе тізіп, алдыңғы
жақта қой, түйелерді де мұсылмандарға қарата айдаған
болатын.
Хүнейінде есті шығаратындай жағдай орын алды.
Бұл кезде алда кетіп бара жатқан аттылылардың қатары
бұзылып, кері шегінуден басқа шара таппады. Олардың
артында олжа аламыз деп келе жатқан Меккеліктер
бар еді. Бұл жағдай басқалардың көңіл күйін бұзып,
мұсылмандар жағы еш күтпеген жерден шашырай ба-
стады. Бұл сандарының көптігіне сенгеннің кесірі еді
116
.
Тіпті дәл осы аласапыран жағдайды пайдаланып
Пайғамбарымызды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өлтіруге әрекет
жасағандар да болды. Надир ибн Харис солардың бірі
еді. Мекке жуандарымен бірге Хауазинде жолға шығып,
мұсылман әскері оқыс жағдайға шалдыға қалса, дереу
жау жағына өтіп кетуді жоспарлаған болатын. Міне,
дәл осы кезде олардың күткен мүмкіндіктері туды.
Надир Пайғамбарымызды өлтірудің қапысын аңдыды.
Бұл кезде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көлігін
тебініп, мүшріктерге қарай ұмтылып бара жатты. Ар-
тынан жақындап келіп қылышын енді көтере берген-
де: – Әй, сен тұр сол жерде! – деген бір дауысты естіп
қалт тоқтай қалды. Бұл дауыстың өзіне қатты әсер
еткені сонша, тұла бойы қалтырап кетті. Қорыққаннан
жүрегі аузына тығылды. Өйткені дауыс шыққан жаққа
бұрылып қарағанда, Бәдірдегі секілді ақ тәнді адам-
116
«Тәуба», 9/25, 26, 27.
308
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
дарды көрді. Надирдың аяқ-қолы қатты да қалды.
Алға бір қадам жасауға да әлі келмеді. Енді түсінді:
өзі өлтірмек болған кісі Аллаһ тарапынан қорғалған,
періштелермен қуатталған ақиқаттың елшісі еді. Дереу
қылышын қынына салды да, көпшіліктің арасына кіріп
жоқ болды.
Бұл кезде жағдайды ауырлата түскен қаңқу сөздер
де орын алды. Мұсылман болмаса да олжа алармын
деген үмітпен әскерге қосылған немесе әлі Исламды
толық түсінбегендер:
– Бүгін сиқырдың күші қайтты. Осымен бұл іс
бітті, – деген секілді сөздер айта бастады. Бұл басқа
кісілердің де көңіл күйін бұзды. Бұл сөздер әлі мүшрік
болса да Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге
Хүнейнге дейін келіп, не болып, не қоятынын алы-
стан бақылағысы келген Сафуан ибн Үмәйяның өзін
ашуландырған еді. Жанына жүгіріп барып: – Сүйінші!
Мұхаммед пен достары жеңіліп барады. Енді өмір-
бақи бойларын тіктей алмайтын болды, – деген дауы-
сты естігенде, орнынан тұрып, соны айта келген Кәлда
ибн Ханбәлге қарсылық білдіріп:
– Аузыңды жауып, үніңді өшір! – деп дауыстады.
– Сонда сен маған шөлдегі бәдәуилердің жеңісін айтып
тұрсың ба? Уаллаһи, мен Хауазиндық әлдекімнің
табанының астында өмір сүргенше, қожайынымның
құрайыштық болғанын қалаймын.
Осыны айтқан кезде өңі қарайып, Расулаллаһтың
жеңілгенін қаламай, оны өзіне жеңдіре алмай тұрды.
Іле жағдайды анықтау үшін жанына құлдарының бірін
шақырып: – Бар да майдандағы әскердің құпия сөзін
біліп кел, – деп жұмсады.
Осы кезде оң жақтан бір дауыс естілді:
309
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
– Уа, адамдар! Маған қарай келіңдер! Мен
Аллаһтың құлы әрі расулымын. Бұнда зәредей жалған
жоқ. Мен Абдулмұтталибтың немересі Мұхаммедпін!
Маңайында жүз шақты сахабасы қалған Хүнейінде
бұл сөз жаңа бір тыныс ашты. Пайғамбарлар
төресі тек сахабаларына дауыстап қана қоймай, ақ
қашырының үстінде дұшпандарына қарай жұлқына
ұмтылып, сахабаларына жол көрсетіп жатты. Тіпті
Пайғамбарымыздың көлігінің тізгінін ұстаған хазірет
Аббас пен өзінен айрылмауға серт берген Әбу Суфиян
екеуінің қан сорпасы шықты. Екінші бір жағынан
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Раббымен қарым-
қатынасын да ұмытпай, соғыстың ең бір қызған кезінде
қолын жайып:
– Уа, Аллаһ тағалам! Бізге өзің көмек бере гөр!
Маған уәде еткеніңдей жеңіс сыйлай гөр! Аллаһ
тағалам, бұлардың алдында меселімізді қайтарып бізді
жеңіліске ұшыратпа. Егер осы бір топ жеңілсе, жер
бетінде өзіңе құлшылық жасайтын ешкім қалмайды.
Аллаһ тағалам, барлық мақтау да, шүкір де өзіңе. Қиын
жағдайларды өзіңе мұң ғып шағамыз. Өзіңнен ғана
көмек тілейміз, – деп дұға тілеп жатты.
Дәл осы кезде Жәбірейіл-әминнің көңілді бір
серпілткен мына сөзін естіді:
– Алдында теңіз, артында Перғауынның әскері
болған күні теңіз жарылып, толқындарынан
құтылғанда Аллаһтың хазірет Мұсаға үйреткен
сөздерімен дұға еттің, – деді. Бұл Ардақты
расулымыздың көңілін серпілтті. Бұл бір жағы осының
соңы аман-есендік екенін де жеткізген қуанышты хабар
еді.
Алайда бәрібір себептер тұрғысынан бәрі орын-
далуы қажет. Осы тұрғыда іс өте байыпты еді.
310
Достарыңызбен бөлісу: |