232
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
пікірге келсе де, тоқтамай ары қарай жүре беруге
шешім қабылдады. Жолдың соңы шейіттік екенін көре
тұра кідіріп қалмады.
Меан деген жерде екі күн аялдағаннан кейін қайта
жолдарын жалғастырды. Соңында Мәшариф деген
жерде екі қол бір-бірімен кездесті. Алдарында телегей
теңіздей нөпір әскер тұрды. Бұл соғыстың сөзсіз бола-
тынын көрсетіп тұрды. Хазірет Зейдтің әскері Мұта
деген жерге қосынын тігіп, соғысқа сол жерде дайын-
далды. Оң жақ қанатты Құтба ибн Қатада, ал сол жақ
қанатты Үбада ибн Малик басқарды.
Ертесі күні таң рауандап атысымен Мұтада
қылыштар қыннан суырылып, үш мың кісілік иман
әскерімен екі жүз мың кісілік Византия әскері бетпе-
бет келді. Күш тепе-теңдігі жоқ еді. Екі жүз мың
кісілік әскер кең алқапта жай жүріп өткеннің өзінде
бәрін жайпап кетпек. Бірақ нәтиже бұлай болмады.
Жеті күнге жалғасқан бұл соғыста ардақты расулдың
айтқанындай кезегімен хазірет Зәйд, хазірет Жағфар
және хазірет Абдуллаһ шейіт болды. Туды сахабалар
арасынан Сабит ибн Акрам алып, біршама уақыт іздеп
Халид ибн Уәлидтің қолына ұстатты.
Достарыңызбен бөлісу: