Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы


Дəріс тақырыбы 4. Суды тұндыру жəне мөлдірлеу процестерінің



Pdf көрінісі
бет15/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Дəріс тақырыбы 4. Суды тұндыру жəне мөлдірлеу процестерінің
теориялық негіздері. Суды залалсыздандыру жəне жұмсартудың əдістері
мен жабдықтары.
Судағы жүзгін бөлшектерді жəне коагуляцияланған ұлпақтарды
бөлу
ауырлық күші əсерінен жүреді. Жүзгіндердің негізгі бөлігін тығыздығы судың
тығыздығынан артық бөлшектерді гравитациялық тұндыру арқылы судан
бөліп алу үшін арнайы қондырғылар – тұндырғыштар қолданылады.
Тұндырғыштардың қазіргі 
конструкцияларының 
барлығы 
да
(горизонтальды, вертикальды жəне радиальды) ағысты болып табылады, себебі
жүзгіндердің тұнуы кірістен шығысқа дейінгі судың үздіксіз қозғалысы арқылы
жүзеге асырылады. Сондықтан, тұндырғыштардағы судың жылдамдығы үлкен
болмауы керек, мысалы, вертикальды тұндырғыштарда мм/с –тың ондық
үлесімен өлшенеді, ал горизонтальды жəне радиальды тұндырғыштарда -
бірнеше мм/с.
Тұндырғыштарды жобалағанда басты міндет – тазартылатын судың
құрамындағы жүзгіндердің негізгі массасын тұндыру. Тұндырғышта ұсталған
жүзгіндердің пайызы (тұндырғыштардың жұмысының тиімділігі) төмендегі
формула арқылы анықталады:
%
100
1
2
1
·
-
=
М
М
М
у
(1)
Мұндағы, М
1
– тұндырғышқа түсетін судағы жүзгіндердің құрамы, мг/л;
М
2
– тұндырғыштан шығатын тазартылған судағы жүзгіндердің құрамы,
мг/л. СНиП 2.04.02 – 84 бойынша тұндырғыштан шыққан судағы жүзгіндердің
құрамы 8 – 12 мг/л-ден аспауы тиіс.
М
1
шамасы төмендегі формула арқылы анықталады:
М
1
= М
баст.
+ К*Д
к
+ 0,25*Ц + Щ (2)
М
баст
. – тазарту қондырғысына түсетін бастапқы судағы жүзгіндердің ең
көп мөлшері.мг/л;
Д
к
– сусыз өнімге қайта есептегендегі коагулянттың дозасы, мг/л.
К – түзілетін тұнбаның құрғақ затының салмағына коагулянттың салмағын
ауыстыру коэффициенті.
Тазартылған күкірт қышқылды алюминий үшін К = 0,8; тазартылмаған
күкірт қышқылды алюминий үшін К = 1; күкірт қышқылды темір жəне хлорлы
темір үшін К = 0,8;
Ц – судың түсі, град;
Щ – СаО бойынша активтілігі 50% техникалық известьтің құрамындағы
ерімеген қоспаларды есепке алғандағы известь дозасы (Д
изв.
).
Щ = Д
изв
. (1 – 0,5).


29
Фильтрлеу де судың сапасын белгілі бір талаптарға немесе ауыз суға
қойылатын ГОСТ талаптарына сəйкестендіруге мүмкіндік беретін, суды
тазартудың негізгі əдістерінің біріне жатады. Фильтрация əдісінің мəні –
құрамында қоспалары бар сұйықты өткізетін, бірақ қатты бөлшектерді
жібермей ұстап қалатын фильтрлегіш материалдар арқылы өткізуде.
Фильтрлеу процесі жүргізілетін су тазарту қондырғыларын фильтрлер деп
атайды. Су тазарту станцияларында көбінесе түйіршікті фильтрлер
қолданылады. Бұл фильтрлер көптеген белгілері бойынша жіктеледі: 1)
фильтрлеу жылдамдығына байланысты: баяу фильтрлер, жылдамдығы 0,1 – 0,3
м/сағ; шапшаң филтрлер, жылдамдығы 5 – 12 м/сағ; аса шапшаң фильтрлер,
жылдамдығы 36 – 10 м/сағ; 2) жұмыс істейтін қысымдарына байланысты:
қысымсыз фильтрлер, қысымды фильтрлер;
3)фильтрлейтін материалдардың ірілігіне байланысты: ұсақ түйіршікті,
орташа түйіршікті, ірі түйіршікті; 4) фильтрлейтін қабаттардың санына
байланысты – бір қабатты, екі қабатты, көп қабатты.
Фильтрлейтін қабат сортталған қатты материалдан жасалады. Бұрын ірілігі
0,5 - 2,0 мм аралығындағы өзеннің кварц құмы қолданылатын. Соңғы кезде
санитарлық талаптарды қанағаттандыратын жəне химиялық, механикалық
тұрақтылығы жеткілікті басқа материалдар – ұсақталған антрацит, ұсақталған
жəне ұсақталмаған керамзит, вулкан шлагы, ұсақталған шунгизит, домна
шлагы, пенополистирол жəне т.б. қолданылуда.
Жүзгін жəне коллоидты заттардың судан бөлініп шығып, фильтрлейтін
қабаттың түйіршіктеріне бекітілуі жабысу күшінің (адгезия) əсерінен жүреді.
Түйіршік қабатында түзілген тұнбаның структурасы тұрақсыз. Су
қозғалысымен пайда болатын гидродинамикалық күштердің əсерінен, бұл
струтура бұзылады, жəне бекітілген бөлшектердің бір бөлігі түйіршіктерден
ұсақ ұлпақтар түрінде бөлініп шығады да, келесі қабатқа өтеді, қайтадан
ұсталады. Фильтрдің жеткілікті ұзақ жұмысынан кейін, түйіршіктердің тұнбаны
ұстауы шегіне жетеді, ол одан ары суды ағарта алмайды, фильтрден шыққан
суда жүзгіндердің концентрациясы өсе бастайды.
Берілген түйіршіктің қажетті тазарту дəрежесіне дейін суды ағарта алу
қабілеті фильтрдің қорғаныс əсерінің уақыты (ұзақтығы) деп аталады. Осы
уақыт өтпегенше, фильтрден шығатын судың сапасы қажетті талапқа сай
келеді. Қорғаныс əсерінің ұзақтығы түйіршіктер қабаты қалыңдаған сайын
өседі, фильтрлеу жылдамдығы жəне түйіршіктердің размерлері өскен сайын
азаяды.
Суспензияларды фильтрлеген кезде түйіршіктерде жиналған тұнба,
түйіршіктер саңылауларының геометриялық струтурасын өзгертеді. Бұл өз
кезегімен, түйіршікті қабаттың гидравликалық кедергісінің өсуіне жəне ондағы
қысымның азаюына əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет