Байланысты: 1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)
1.4 Электр тізбектерінің параметрлерін өлшеу Өлшеу деп арнайы техникалық құралдар – өлшеу құралдарының
көмегімен физикалық шаманың мəнін тəжірибелі жолмен табу аталады.
Осылайша, өлшеу – бұл физикалық шаманың жəне салыстыру бірлігі
үшін қабылданған оның кейбір мəнінің арасындағы сандық қарым-қатынасты
тəжірибелік жолмен алудың ақпараттық процесі.
Өлшеу нəтижесі – физикалық шаманы өлшеу арқылы табылған атаулы
Сан. Өлшеудің негізгі міндеттерінің бірі-өлшенетін физикалық шаманың
шынайы жəне нақты мəндері арасындағы жақындау немесе айырмашылықты
бағалау-өлшеу қателіктері.
Электр тізбектерінің негізгі параметрлері: ток күші, кернеу, кедергі, ток қуаты. Бұл параметрлерді өлшеу үшін электр өлшеу аспаптары
қолданылады.
Электр тізбектерінің параметрлерін өлшеу екі тəсілмен жүзеге
асырылады: біріншісі – өлшеудің тура əдісі, екіншісі – өлшеудің жанама əдісі. Тікелей өлшеу əдісі тікелей тəжірибеден нəтиже алуды білдіреді.
Жанама өлшеу деп өлшеуді атайды, ол кезде ізделінетін шама осы шама мен
тікелей өлшеу нəтижесінде алынған шама арасындағы белгілі тəуелділік
негізінде болады.
Электр өлшеу аспаптары – əртүрлі электр шамаларын өлшеу үшін
қолданылатын құрылғылар класы. Электр өлшеу аспаптарының тобына
өлшеу аспаптары мен басқа да өлшеу құралдары – шаралар, түрлендіргіштер,
кешенді қондырғылар кіреді.
Электр өлшеу аспаптары мынадай түрде жіктеледі: өлшенетін жəне
жаңғыртылатын физикалық шамасы бойынша (амперметр, вольтметр,
омметр, жиілік өлшегіш жəне т.б.); мақсаты бойынша (өлшеу аспаптары,
шаралар, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу қондырғылары мен жүйелері,
қосалқы құрылғылар); өлшеу нəтижелерін ұсыну тəсілі бойынша (көрсететін
жəне тіркейтін); өлшеу əдісі бойынша (тікелей бағалау аспаптары жəне
салыстыру аспаптары); қолдану тəсілі бойынша жəне конструкциясы
бойынша (қалқан, тасымалды жəне стационарлық); жұмыс принципі
бойынша
(электромеханикалық-магнитоэлектрлік,
электромагниттік,
электродинамикалық, электростатикалық, ферродинамикалық, индукциялық,
магнитодинамикалық; электрондық; термоэлектрлік; электрохимиялық).