Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет13/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

националистической организации, будучи завербован в нее в 1933 году одним 
из членов центра этой организации Жургеновым
2. 
Участвовал 
в 
ряде 
совещаний 
актива 
антисоветской 
националистической 
организации, 
где 
обсуждались 
вопросы 
террористической-диверсионной деятельности. 
3. Принимал активное участие в организации террористических групп 
и непосредственное участие в практической подготовке террористических 
актов над руководителями партии и правительства.
4. В 1936 г. по заданию центра антисоветской националисической 
организации являлся одним из организаторов поджога Казгосуниверситета, 
в результате которого университет пожаром был уничтожен. 
5. Провел большую вербовочную работу в системе учебных заведений, 
завербовав в антисоветскую националистическую организацию ряд 
студентов Казпединститута. 
6. 
Будучи 
профессором 
Казпединститута провел 
большую 
антисоветскую подрывную работу. 
«Аталмыш құжаттың «Настоящее дело подлежит рассмотрению 
Военной 
Коллегии 
Верховного 
Суда 
СССР» 
дегенсоңғы 
сөйлемінеқызылқарындашпен: «в порядке закона от 1 декабря 1934 г. » 
дегенжазуқосылған. 


46 
Осы тұста «Репрессированная тюркология» атты еңбектегі мына 
мәліметті түпнұсқасында келтіре кеткенді жөн көрдік: «Все обвинения 
стереотипны. Сказано, что Жубанов «встал на путь контрреволюционной 
борьбы с первых дней Октябрьской Социалистической Революции» (л. 201), 
хотя ни о чем конкретном, кроме участия в издании двух журналов, не 
говорится. ... Профессора-языковеда включили во всё ту же «организацию» 
во главе с Тураром Рыскуловым и другими... С большинством «диверсантов» 
Жубанов никак связан не был, но он действительно постоянно общался с 
наркомом просвещения ТемирбекомЖургеневым» (14, 202-207). 
Құдайберген Жұбановтың ісіне қатысты сот екі айдан кейін 1938 жылы 
25 ақпанда Алматыда өтеді. Бұл – КСРО Жоғарғы Соты Әскери 
Коллегиясының көшпелі сессиясының мәжілісі еді. Төрағалық еткен –
диввоенюрист А.Д.Горячев. Мүшелері: бригвоенюристер Г.А.Алексеев пен 
А.И.Микляев. Хатшысы: 3 рангілі әскери заңгер Н.И.Шапошников.
Мәжіліс 18 сағат 20 минутта басталып, 18 сағат 40 минутта аяқталған. 
Осылайша Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың тағдыры бар-жоғы 20 минутта 
шешілген. Әскери трибунал болған соң сотқа куәгерлер де, өзге ешкім де 
қатыстырылмаған. Айыптау қорытындысы толық қайталанады да, үкім 
шығарылады: «Выездная Сессия Военной Коллегии Верховного Суда СССР 
приговорила Джубанова Худайбергена к высшей мере уголовного наказания 
– расстрелу с конфискацией всего лично принадлежащего ему имущества. 
Приговор окончательный и на основании постановления ЦИК СССР от 1 
декабря 1934 г. подлежит немедленному исполнению».
Іске сондай-ақ үкімнің орындалғандығының дәлеліндей анықтама 
тіркелген. НКВД-нің 1-арнаулы бөлімі 12-бөлімшесінің бастығы, 
мемлекеттік қауіпсіздік лейтенанты Шевелев қол қойған анықтамада былай 
делінген: «Приговор о расстреле Джубанова Худайбергена приведен в 
исполнение в гор. Алма-Ате 25.II.1938 г. Акт о проведении приговора в 
исполнение хранится в Особом архиве 1 спецотдела НКВД СССР том №8, 
лист №451». 
... Проф. Қ.Жұбановтың «Алаш Орда» партиясында болмағандығы оны 
өлім жазасынан арашалап қала алмады, бірақ ақталуына септігін тигізді. Бұл 
турасында «Репрессированная тюркология» еңбегінде былай делінген: «8 
февраля 1957 г. военный прокурор подполковник юстиции Лукьянов 
составил заключение, завизированное 14 февраля помощником главного 
военного прокурора СССР полковником юстиции Павловым (л. 210-212). К 
этому 
времени 
«руководители 
организации» 
уже 
либо 
были 
реабилитированы, либо готовились к реабилитации. О трудах ученого «были 
получены отзывы... от кандидатов филологических наук Х.Махмудова и 
Х.М.Сайкиева, доктора филологических наук М.Балакаева и зав. сектором 
искусствоведения Академии Наук Каз. ССР Б.Г.Ерзаковича. Все эти ученые 
отзываются об опубликованных трудах Х.Джубанова положительно и 
заявляют, что они имеют определенную научную ценность и не содержат 
никаких антипартийных или антисоветских идей или положений» (л. 211). 


47 
Вывод: «Настоящее дело... внести на рассмотрение Военной коллегии 
Верховного суда СССР на предмет отмены приговора и прекращения дела в 
отношении ДжубановаХудайбергена за отсутствием в его действиях состава 
преступления» (л. 212) (14, 202-207). 
КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының сот құрамына төрағалық 
етуші, әділет полковнигі А.Костромин қол қойған, 1957 жылдың 15 
қазанындағы № 4н-03949/57 анықтамасында былай делінген: «1937 жылдың 
19 қарашасында абақтыға жабылғанға дейін Қазақ педагогика 
институтының тілші-профессоры болып жұмыс істеген Кұдайберген 
Жұбановты Айыптау жөніндегі іс 1957 жылдың 3 қазанында КСРО 
Жоғарғы сотының Әскери алқасында қайтадан қаралды. 
1938 жылдың ақпанындағы Әскери алқаның үкімі жаңадан ашылған 
жағдайларға байланысты бұзылды және іс қылмыстық құрамы жоқ 
болғандықтан тоқтатылады».
1958 жылғы 22 ақпанда Қ.Жұбановтың партиялылығы қалпына 
келтірілді. 
Атылған уақыттан жиырма жыл өткен соң ғана, 1958 жылдың 9 
сәуірінде КСРО Жоғарғы Соты Әскери Коллегиясы төрағасының көмекшісі, 
юстиция подполковнигі Семик Алматы облыстық атқару комитетіне 
мынадай қатынас қағаз жібереді: «Прошу дать указание соответсвующему 
отделу ЗАГС о регистрации смерти Джубанова Худайбергена 1899 г.р. 
наступившей 25 февраля 1938 г. выдаче свидетельства о смерти его жене 
Джубановой Р. проживающей по адресу: г. Алма-Ата, 13 линия, дом 232, 
кв.1.». 
* * * 
1990 жылдың 23 ақпанында Қазақ ССР Министрлер Советінің «Ақтөбе 
педагогикалық институтына Қ.Қ.Жұбановтың есімін беру туралы» №72 
Қаулысы шықты. Қазақ ССР Министрлер Советінің төрағасы Ұ.Қараманов 
қол қойған қаулыда былай делінген: «Дарынды ғалым-лингвист, қазақ совет 
тіл білімінің негізін қалаушы профессор Қ.Жұбановтың есімін мәңгі есте 
қалдыру мақсатында Қазақ КСР Министрлер Советі қаулы етеді: профессор 
Қ.Қ.Жұбановтың есімі Ақтөбе институтына беріліп, алдағы уақытта 
Қ.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе пединституты деп аталсын». 
Бұған елден ерекше қуанған республиканың ғылыми жұртшылығы 
болды. Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті Ж.М.Әбділдин, 
Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-секретары Р.Б.Сүлейменов, 
А.Байтұрсынұлы 
атындағы 
Тіл 
білімі 
институтының 
директоры 
Ә.Т.Қайдаров құттықтау хат жолдады. Онда мынадай жүрекжарды лебіз 
жазылған: «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президиумы, Қоғамдық 
ғылымдар бөлімшесі, академияның А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институтының ғылыми қызметкерлері Сіздерді Ақтөбе қаласындағы жоғары 
дәрежелі педагогикалық оқу орнына даңқты жерлестеріңіз – қазақ 


48 
филологиясының тұңғыш профессоры, қазақ совет тіл білімінің ғылыми-
теориялық негізін қалаған ғұлама – Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі 
беру салтанатымен қызу құттықтай отырып, өздерінің осы орайдағы зор 
қуанышы мен шынайы қанағаттанғандық сезімдерін, қалтқысыз көңілдерін 
білдіреді...». 
Осы университеттің алдындағы даңғыл ағайынды проф. Құдайберген 
Жұбанов пен оның туған інісі академик Ахмет Жұбановтың атымен – 
«Ағайынды Жұбановтар» аталғандығы да ұлыларын ұлықтаған ұрпақтың 
парызы деп білеміз. Осы жерде Қ.Жұбановқа көше атауының берілуіне 
Жүсіп 
Әлсейітовтің белсене 
атсалысқанын айта 
кетуміз керек. 
Ж.Әлсейітовтің А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 
директоры Ә.Қайдаровқа біртуар ғалым Құдайберген Жұбановқа құрмет 
көрсетуге қатысты іс-шаралардың жүргізілуі, оған Ақтөбе және Ембі 
қалаларында көше атын беру туралы бірнеше хаты (02.04.1988; 07.02.1988; 
04.08.1988; 04.11.1988; 27.01.1989; 29.11.1989) және Қазақстан КП Ақтөбе 
обкомының бірінші хатшысы Ю.Н.Трофимовқа жазған хатының көшірмесі 
(18.05.1988) Институт мұрағатынан табылды. 
1998 жылдың 16 қарашасы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе 
университетінің тарихына алтын әріптермен жазылуға лайық күн. 
Қазақстанның тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев араға 60 жыл салып 
туған елге тұғырлы мүсін болып оралған Құдайберген Жұбановтың 
университет алдындағы ескерткішіне гүл шоғын қойып тұрып, былайша 
толғанды: «Сіздер білім алып жатқан университет білім үшін, тұтастай 
алғанда лингвистика үшін, қазақ мемлекетінің тілі, мәдениеті, философиясы 
үшін қыруар іс тындырған ғалымның атында екендігі мақтаныш етуге 
лайық». 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет