Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет18/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

фонема ретінде пайдаланбаймыз. Бір дыбыстың бір жерде ұзын, екінші 
жерде қысқа айтылуы кездесе берсе, екі сөзді бір-бірінен айырса фонема дер 
едік». 
Жан-жақты ғалым ретінде Құдайберген Жұбанов фонема теориясын, 
оның негізгі мәселелерін жақсы білген, себебі ол Санкт-Петербург 
университетінде оқып, Ленинград фонологиялық мектебінің принциптері мен 
қағидаларын ұстанған. Оны біз ғалымның келесі келтірілген мысалдарынан 
және теориялық тұжырымдарынан көреміз: «Сөйлегенде дыбыстаймыз. 
Сөзді естігенде сол дыбыстарды есітеміз. Сөз көп. Бірақ, әр сөздің 
дыбысталуы әр түрлі. Сондықтан, сөз қаншама көп бола тұрса да, бірін-
бірінен айыру қиын болмайды. Бір сөзді екінші сөзден айырғанда, екеуінің 
дыбысталуында бір айырмашылық болғаннан айырамыз. 
Быж-тыж қып бай-жуанды осы маңда, 
Кенеледі-ау кедей біткен бүгін таңда! 
дегендегі маңда деген мен таңда деген бір емес, екеуі екі басқа сөз. Үйткені, 
екеуінің дыбысталуы екі басқа, сондықтан, естілуі де екі басқа болып тұр», 
– дейді ғалым.
Құдайберген Жұбанов фонеманың функциональды қасиетін, оның 
айырым белгілерінің қызметін, дыбыстан айырмашылығы мен таңбалануын 
терең түсініп, фонеманың сипаттамасы, оның атқаратын қызметі жөнінде 
ғалым өз пікірін былайша білдіреді: «Фонема бір сөз бен екінші сөзді 
айыруға жарайды. Бір сөз екінші сөзден өзге болу үшін біреуінің бір-ақ 
бөлшегінің өзгеше дыбысталуы жеткілікті, түгелімен өзгеше дыбысталуы 
шарт емес. Жоғарғы таңда деген сөз бен маңда деген сөздің бір-бірінен 
өзгешелігі бір-ақ бөлшегінде: біреуінің басқы бөлшегі – -т, біреуінікі – -м
Қалған жағынан дыбысталуы екеуінде де бірдей (бұл екі сөздің біріне-бірі 
ұйқасып тұрғаны да ішіндегі бөлшектерінің көбінің дыбысталуы бірдей 
болғаннан)», – дейді ғалым.
Қазақ тілінде фонема тек мағына ажыратушы қасиеттерімен 
ерекшеленетіндіктен, Құдайберген Жұбанов фонема дыбыстың жоғары 
сатысы екенін және әр дыбысты фонема деңгейінде қарастыруға 
болмайтынын дұрыс түсіндіреді. Сөз ағымындағы кездесетін дыбыстардың 
көбісі фонологиялық мәні жоқ қасиеттерімен ерекшеленеді және фонема 
бола алмайды, солардың ішінде тек мағына ажыратушы дыбыстар дербес 
фонема бола алады. Фонеманың негізгі ерекшелігін ғалым баса білдіріп 
кеткен және фонеманың варианттары, вариациялары жайында да жазып 
кеткен: «Бабасөзіндегі соңғы б басқаша естіледі, сонда да бұндағы б – бір 
фонема. Сондай-ақ қайыр-хайыр дегендегі қ мен х – екі дыбыс болғанымен, 
бір фонема. Файзолла мен Пайзолла да солай. П мен Ф бір сөзді екінші 
сөзден айыру үшін тұрмағандықтан, оларды дербес фонема демейміз». 
Ғалымның келтірген мысалдарында фонеманың вариациялары жөнінде сөз 
болып тұр. Көршілес дыбыстардың ықпалына бағынатын фонемалар 
перцептивтік әлсіз позицияда тұрып, өзінің дыбысталуын өзгертіп, вариация 


66 
түрінде көрініс табады. Олар фонологиялық айырым қызметін атқармай, 
акустика-артикуляциялық жағынан ажыратылады. Сөз легінде естілетін 
нақты дыбыстар фонемалардың материалдық символы ретінде көрінеді. 
Тілдің фонологиялық қатарын үздіксіз сөз ағымында кездесетін дыбыстар 
құрайды. Үздіксіз сөз ағымының кейбір орнында фонологиялық мәнге ие 
болатын дыбыстар ұшырасады. Олар фонологиялық қатарлардың жеке 
фонемаларына сәйкес келеді.
Дегенмен сөйлеу тілінде мағына түрлендіру қызметтерімен бірге 
фонологиялық мәні жоқ дыбыстарды да табуға болады. Сондай-ақ сөз 
ағымының әр дыбысы фонологиялық және фонологиялық емес қасиеттердің 
жиынтығы ретінде көрінеді. Демек, әрбір дыбыс фонологиялық 
қасиеттерімен ерекшеленіп, бір фонемаға сәйкес келеді, ал бір фонема 
бірнеше дыбыстарда көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, профессор 
Қ.Жұбановтың фонема туралы тұжырымдамалары тіл біліміндегі фонема 
теориясымен сабақтасып жатыр деуге толық негіз бар. 
Профессор Қ.Жұбанов – қандай мәселені сөз етсе де, табиғатта бар 
нәрселермен шендестіре түсіндірудің шебері. Фонемалардың сырын дұрыс 
түсіндіру үшін ғалым оларды атоммен салыстырады және грек 
оқымыстыларының пікірлерін келтіреді. Олардың көзқарасы бойынша, 
«дүниедегі барлық нәрселер бөлшектене алады, бөліне-бөліне келіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет