Қазақ тіліндегі дыбыстық өзгерістердің ауызша тілдегі көрінісі
Ж.Т.Жұмабаева
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының аға ғылыми қызметкері, филол.ғ.к.
Зерттеушілер тілдің ауызша түрі мен жазба түрі өзара параллель жатқан
кеңістіктер екенін және өзара беттесе алмайтын, беттескен жағдайда да
белгілі мақсат көзделген коммуникация жағдайында, жасанды жүзеге асатын,
(мысалы лектор студенттердің ауызша айтылған дәрісті жазба мәтінге
айналдырудағы қиындығын болдырмау үшін, жазба мәтіннің нормасына
салып, баяндауы) параллельдер екенін айтып өтеді. Олай болса, кез келген
мәтінді тілдің жазба түріне емес, ауызша түріне салып айтуымыз, оқуымыз
керек. Бүгінде қазақ тіл білімінде сөйлеу тілі (Р.Әміров), жазба сөз (Н.Уәли),
аузша сөз (Н.Уәли), жазба тіл, ауызша тіл (Қ.Күдеринова) деген терминдер
қолданысы бар. Қ.Күдеринованың анықтауынша, ауызша тіл дегеніміз ішкі
сөйлеуді дыбыстау мүшелері арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа
шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын
тілдік жүйе немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы [1].
Осымен байланысты Н.Уәлидың пікіріне сүйенетін болсақ, әдеби тілдің
ауызша нормасынан уәжсіз, мақсатсыз ауытқулардың салдарынан айтылған
сөздің мағынасы тыңдаушы үшін бұлыңғыр тартып, тілдік қарым-қатынасқа
қаяу түсіреді, бұл – бір. Екіншіден, дыбысталған сөздің өзіндік үйлесімі,
үндестігі, ырғағы, әуені, әуезі болуға тиіс. Бұлар, бір жағынан, айтылған ойға,
мағынаға қатысты болса, екінші жағынан естір құлаққа жағымды естіледі,
естіген құлақтың айызы қанатындай болады. Сондықтан сөз аралығындағы
дыбыстарды ықпалдастырып, сындырып айтудың, «қатқылдау» дыбыстарды
«жұмсартып» айтудың эстетикалық мәні бар[2]Олай болса, зерттеушілердің
пікіріне келетін болсақ, қазақ әдеби тілі ауызша және жазбаша түрде қызмет
етеді. Жазуда сөз мағынасын ажырата алатын қабілеті бар дыбыстар
белгіленеді, ал олардың дыбыстық қоршауға тәуелді түрлері еленіп-ескеріле
бермейді: ба[с]шы(ба[ш]шы емес). Ал жазудың дәл осы қағидасын ауызша
сөзде қолдану, яғни микрофон, экраннан естілер сөзде қатеге саяды.
Сондықтан әлгіндей сөздер, керісінше, ба[ш]шы (басшы емес)[2]. Олай
болса, зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып, жазылған мәтінді ауызша
кодқа саламыз. Әрине сөйлеу процесі кезінде дыбыстардың бір-біріне
тигізетін акустикалық, артикуляциялық әсерінің нәтижесінде фонемаларда
әртүрлі реңктер пайда болады [3]. Мысалы, қатар жұмсалатын екі дыбыстың
біріншісі н, екіншісі к, қ, х дыбыстары болса, олардың бір-біріне тигізер
ықпалынан бірінші н – ң-ға, екінші қатардағы дыбыстар г, ғ-ға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |