Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен


-параграф. Жазу және сауат ашу негіздері



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата20.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#51309
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Алғашқы қадам

3-параграф. Жазу және сауат ашу негіздері 
128. Мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балаларды тілдің 
фонетикалық және графикалық жүйелерін игеру процесі кезінде оқу және жазу 
дағдыларына дайындау болып табылады.
129. Міндеттері: 
1) фонематикалық есту және фонематикалық қабылдауды әрі қарай 
жетілдіру;
2) баспа әріптерін графикалық сызу дағдыларын қалыптастыру;
3) балаларды сөздерді, сөйлемдерді және қысқа мәтіндерді буындап бірге 
оқуға үйрету;
4) балаларда қарапайым дұрыс жазудың білімдерін қалыптастыру: 
сөйлемдегі сөздердің жеке жазылуы, сөйлем соңындағы нүкте, леп белгісі, 
сұрақ белгісі, сөйлемнің басында бас әріпті қолдану;
5) дисграфия және дислексияның пайда болуының алдын алу;
6) мектепке оқуға уәждемесін қалыптастыру;
6) қолды жазуға дайындау.
130. Жазу және сауат ашу негіздері сабағының мазмұны оқыту бөлімдері 
бойынша ұйымдастырылған, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мақсатын 
өзінде кірістіретін бөлімшелерден құралады Әр бөлімшенің ішінде бірізді 
ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, педагогтарға өзін жұмысын жоспарлауға 
және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі 


34 
кезеңдері жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Жалпы сөйлеу тілі 
дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларда жазу және сауат ашу 
негіздеріне оқыту процесінде келесі шарттарды ескерген жөн:
1) оқыту дұрыс айтылатын дыбыстар мен сөздерде ғана жүргізіледі; 
сөйлеу патологиясы жоқ балаларды сауат ашуға оқыту әдістемелерімен 
салыстырғанда әріптер мен дыбыстарды оқудың өзгеше реті ұсынылады; 
2) барлық дыбыстарды өту қарқыны біршама баяу; 
3) сөздің дыбысты-буындық құрамында тез бағдарлана алу дағдысы 
дамиды; барлық ауызша сөйлеу материалы балаларға таныс
4) морфологиялық жалпылауларды қалыптастыру бойынша терең жұмыс 
жүргізіледі; 
5) сөйлеу материалын жүйелі қайталау және бекіту жүреді; 
6) дыбыстар мен әріптерді оқумен қатар грамматика және дұрыс жазудың 
қарапайым ережелері беріледі;
7) бір дыбыс және әріп оқытылады;
8) жаңа әріппен танысу оның элементтерін талдау жолымен жүзеге 
асырылады;
9) кеспелі әліппемен талдау-жинақтау жұмыстары кеңінен жүргізіледі: 
дауысты және дауыссыз әріптермен танысады; дыбыстық анализ және синтез 
жолы бойынша сөздер, буындар кеспелі әліппе әріптерінен құрастырылады; 
дыбыстарды қосу, орнын ауыстыру, өзгерту жолымен сөздерді түрлендіреді; 
қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсініп оқуды меңгереді. 
131. Әріптерді құрастыру, баспа түрін жазу және оқу келесі бірізділікпен 
жүргізіледі:
1) дауысты дыбыстарды белгілейтін екі әріптен құралған тіркес; 
2) тұйық буындағы дауыстының дауыссызбен тіркесуі; 
3) ашық буындағы дауыссыздың дауыстымен тіркесі; 
4) дауыссыз-дауысты-дауыссыз түрі бойынша бір буынды сөз; 
5) ашық буындардан құралған екі және үш буынды сөздер; 
6) ашық және бітеу буыннан құралған екі және үш буынды сөздер; 
7) дауыссыз дыбыстары қатар келген екі буынды сөздер; 
8) дауыссыз дыбыстары қатар келген үш буынды сөздер;
9) ашық буыннан құралған, көмекші сөзбен және көмекші сөзсіз екі-үш 
сөзден құралған сөйлем.
132. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 
1) фонематикалық есту; 
2) оқу; 
3) жазу. 
133. «Фонематикалық есту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) сөйлеудің дыбыстық жағында бағдарлау; 
2) сөздің буындық құрылымында бағдарлау; 
3) сөйлем құрылымында бағдарлау. 
134. «Оқу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 


35 
1) оптико-кеңістік белгілері бойынша әріптерді дифференциациялау; 
2) бірқалыпты буындап оқу дағдыларын меңгеру; 
3) оқығанның мағынасын түсіну. 
135. «Жазу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) кинетикалық ұқсастықтары бойынша әріптерді дифференциациялау; 
2) орфографиялық және тыныс белгілердің нормаларын сақтау; 
3) қолды жазуға дайындау. 
136. Оқыту мақсатының жүйесі. «Фонематикалық есту» бөлімінің 
мазмұны келесіні қарастырады: 
1) сөйлеудің дыбыстық жағында бағдарлау. Сөйлеу ағымынан 
дыбыстарды белгілейді, олардың белгілерін ажыратады: екпін/екпінсіз дауысты 
дыбыстар; жуан/жіңішке, қатаң/ұяң дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке 
дауыссыз дыбыстарды салыстырады, оларды дұрыс айтады, белгілі бір 
дыбыспен сөздерді атайды. Сөздің соңында дауыссыз дыбыстың жуан және 
жіңішке айтылуын естуге ажырату дағдылары бар. Сөздегі буындар санын және 
ретін анықтайды, сөздерді буындарға бөледі, буын, сөз, екпін жайлы алғашқы 
түсініктері бар. Сөздердегі екпінді анықтайды. Бір буынды сөздердің, ашық, 
тұйық, бітеу буындардың дыбысты-буындық талдау және жинақтауды түсінеді. 
Екі, үш, төрт сөздерден құралған сөйлемдердің және екі буынды, үш буынды 
сөздердің, дауыссыз дыбыстары қатар келген буындардың дыбысты-буындық 
талдау және жинақтау жасай алады. Шартты белгілік модельдермен ұстанады: 
түрлі-түсті орнын басушы текшелерден сөздердің дыбыстық модельдерін 
құрастырады, түрлі дыбыстық модельдерге сәйкес үш, төрт, бес дыбыстан 
құралатын сөздерді таңдайды. Логикалық құрастырылған сұрақтар және сөздің 
берілген дыбыстық құрылымы көмегімен педагогпен немесе баламен 
жасырылған сөзді таба алады. Дауысты дыбыстардың сөз жасаушы рөлі жайлы 
түсініктері бар; 
2) сөздің буындық құрылымында бағдарлау. Буындық құрамы бойынша 
сөздерді салыстырады. Дыбыстар мен буындардың орнын ауыстыру, оларды 
толықтыру немесе алып тастау көмегімен, бір буындарды екіншісімен 
ауыстыру жолымен сөздерді ауыстыру дағдысына ие. Ересек адамның 
көмегімен басқа сөздерден буындық фрагменттерді белгілеу жолымен жаңа 
сөздерді құрастыра алады. Әріптерді қосу, орнын ауыстыру, өзгерту жолымен 
буындарды өзгерту жайлы түсініктері бар. Белгілі бір буындар санымен 
сөздерді ойлап таба алады. Ретсіз берілген буындардан сөз құрастыра алады. 
Буындарды бірізді айтылу ретімен берілген сөздерді таниды. Сызбалар және 
модельдер бойынша сөздерді таңдай алады. Жаңа сөз алу үшін сөздегі 
буындарды орнын ауыстыра алу дағдысы бар. Сөздегі буындардың санына 
сәйкес суреттерді үлестіру дағдылары бар; 
3) сөйлем құрылымында бағдарлау. Сөздер және сөйлемдерді ажырата 
алады, сөздердің мәнісін және сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Кішігірім 
мәтіндердің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады. 
Интонация бойынша сөйлемдерді ажырата алады. Сөйлеу ағымын сөйлемдерге, 


36 
сөйлемдерді – жеке сөздерге бөледі. Сөйлемдегі сөздердің санын және олардың 
ретін анықтайды. Белгілі бір сөздер санын құралатын сөйлемдерді ойлап 
табады. Сөйлемдегі сөздердің ретін бейнелейтін графикалық жазбаны жасайды. 
3-5 сөзден құралатын сөйлемдердің талдауын меңгерген. Тақтада және қағаз 
бетінде сөйлемдердің сызбасын графикалық бейнелей алады. Жалғаулықтар 
және көмекші сөздер кіретін, 3-5 сөзден құралған сөйлемдерге талдау жасай 
алады, сөйлемдерді бас әріппен жазу қажеттігін, көмекші сөздердің жеке 
жазылуы жайлы ережелерді біледі. Түрлі тыныс белгілерін қолдана отыра, 
берілген сызба бойынша сөйлемдерді құрастыру дағдысын меңгерген. Хабарлы, 
сұраулы және бұйрық сөйлемдердің интонациясын көрсете алады. 
4-кесте 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары 
1.1 Сөйлеудің дыбыстық 
жағына бағытталу 
0.1.1.1 сөйлеу дыбыстарын естуге қабылдау, 
оларды сөз ағымынан ажырату және сөзден тыс 
айту
0.1.1.2 
сөздерде дыбыстарды белгілеу және 
олардың белгілерін ажырату, оларды дұрыс айту 
(екпінді/екпінсіз дауысты дыбыстар, жуан/жіңішке, 
қатаң/ұяң дауыссыз дыбыстар) 
0.1.1.3 сөздердің және буындардың дыбысты-
буындық анализін және синтезін өткізу
0.1.1.4 сөздің дыбыстық құрамының шартты 
символдық сызбаларын және модельдерін қолдану
1.2 Сөздің буындық 
құрылымында бағытталу 
0.1.2.1 сөздерді буынға бөлу, сөздегі буындардың 
ретін және санын анықтау
0.1.2.2 екпінді буынды анықтау
0.1.2.3 белгілі бір дыбысқа және берілген буындар 
санына сөздер құрастыру
1.3 Сөйлем құрылымында 
бағытталу 
0.1.3.1 сөйлемдегі сөзді есту қабілетіне ажырату, 
олардың ретін және санын анықтау
0.1.3.1 берілген буындар санымен сөйлем 
құрастыру
137. «Оқу» бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады: 
1
) оптико-кеңістік белгілері бойынша әріптерді дифференциациялау. 
Дыбысты оның әріппен белгіленуін салыстыра алады, дыбыстың буынан 
қандай айырмашылығы болатыны жайлы түсінігі бар. Баспаны қолдана отырып 
дыбысты әріппен белгілейді. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға сәйкес 
әріптердің белгіленуін түсінеді. Әріп бейнесін шынайы заттармен сәйкестендіре 
алады. Әріп қандай элементтерден құралатынын анықтайды. Түрлі сюжеттік 


37 
материалдарда әріп бейнесін табады, қолдағы бар материалдардан әріп бейнесін 
құрастырады немесе сомдап шығарады. Сөздер құрамынан дауысты және 
дауыссыз әріптерді ажыратады, сөздегі орнын анықтай алады. Оптико-кеңістік 
белгілері бойынша әріптерді дифференциациялайды. Сөйлемдерде берілген 
әріптермен сөздерді таба алады. Сөздердегі тастап кетілген әріптерді таба 
алады. Элементтері жетіспей бейнеленген әріптерді; әріптердің бірінің үстіне 
бірі бейнесін тани алады. Дұрыс және теріс бейнеленген әріптер қатарынан 
таныс әріптерді таба алады. Сөздегі тастап кетілген әріпті анықтауға 
жаттығулар орындайды. Бір-біріне басылған әріптерді, дұрыс және дұрыс емес 
басылған әріптерді ажыратады, әр түрлі қаріптегі әріптерді тани алады. Сөздің 
әріптік талдауын көрсететін сызбаларды толтырады, жаттығуларды орындайды; 
2) бірқалыпты буындап оқу дағдыларын меңгеру. Кеспелі әліппемен 
жұмыс жасау кезінде алғашқы оқу дағдылары бар. Ауызша талдау жолымен 
кеспелі әліппе әріптерінен сөздер құрастыра алады, берілген буындарды 
жетіспей жатқан әріптермен толықтыра алады. Бір буынды өзгерту есебінен 
жаңа сөздерді түрлендіре алады. Йотты дауысты сөздердің әріптік құрамын 
анықтайды. Буындардан сөз құрастыру, буындарды оқу дағдысы бар. Дауыссыз 
байланысқан буындар және сөздер, сөйлемдерді оқи алады. Ашық, жабық, 
тұйық буындарды оқу дағдысын меңгерген. Дауыссыздар байланысымды 
сөздер мен буындарды оқи алады; оқығаны туралы сұрақтарға жауап бере 
алады, сұрақтарды қоя алады, оқығанды қайта айтып бере алады. Буындар, 
сөздер, мәтіндерді бірқалыпты буындап оқу жайлы түсініктері бар. Сөздерді 
нақты, қатты айтуда барлық дыбыстарды дұрыс айтумен берілген 
күрделіліктегі сөздерді және одан да күрделі жеке сөздерді буындап оқу 
дағдысы бар. Оқу кезінде нүктелерде үзілістерді сақтайды; 
3) оқығанның мағынасын түсіну. Ашық, жабық, тұйық буындарды оқуын 
түсінеді. Оқығанның мағынасын түсінеді, ересек адамның бақылауы және 
көмегімен оқығаны бойынша сұрақтарға жауап береді және оқыған мәтінін 
қайталап айтып береді. Ересек адамның көмегімен оқығанын айтып береді. 
Оқыған сөйлемді жетіспей жатқан сөздермен толықтыру бойынша түрлі 
тапсырмаларды орындай алуға қабілетті.
5-кесте
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары 
2.1 Оптико-кеңістік белгілері 
бойынша әріптерді 
дифференциациялау 
0.2.1.1 дыбысты оның әріптік белгіленуімен 
сәйкестендіру
0.2.1.2 әріптің графикалық бейнесін бірінін 
үстіне бірі жазылған жағдайларда тану 
2.2 Бірқалыпты буындап оқу 
дағдыларын меңгеру 
0.2.2.1 буындардан сөз құрастыру, буындарды 
оқу дағдысына ие болу 
2.3 Оқығанның мағынасын 
түсіну 
0.2.3.1 оқығанды түсіну,оқығаны бойынша 
сұрақтарға жауап беру және оқыған мәтінді 


38 
айтып беру
138. «Жазу» бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады: 
1) кинетикалық ұқсастықтары бойынша әріптерді дифференциациялау. 
Дұрыс жазудың барлық меңгерілген ережелерін қолдана отыра, түрлі буындық 
құрамды, сөйлемді кеспелі әліппе әріптерінен жинайды және басып шығарады. 
Кеспелі әліппені қолданумен әріптерді қосу, орнын ауыстыру жолымен 
буындар, сөздер түрленуі жайлы түсініктері бар. Оптико-кинетикалық белгілері 
бойынша әріптерді дифференциациялай алады; сөздердегі тастап кетілген 
әріптерді таба алады. Оқылып қойған әріптердің графикалық және
оптико-кеңістік белгілерін ажырата алады. Әріптердің жетпей қалған 
элементтерінің суретін сала алады; 
2) орфографиялық және тыныс белгілердің нормаларын сақтау. Екпінді 
емес дауыстыларды жазу жайлы түсініктері бар: ересек адамның бақылауында 
сөздерді ауыстыру жолымен екпінді емес дауыстыны тексереді. Сөздің 
соңындағы қатаң және ұяң жұпты дауыссыздардың жазылуы жайлы түсініктері 
бар: аса қарапайым жағдайларда көршілес сөздердің көмегімен және сөздердің 
ауысуы есебінен қатаң және ұяң дауыссыздардың жазылуы тексеріледі. 
Жазылуы ережелермен тексеруге келмейтін, кейбір сөздердің жазылуы жайлы 
түсініктері бар. Сөздер және сөйлемдердің жазылуының негізгі ережелерін 
біледі: сөзде әріптер бірге жазылады, сөйлемде сөздер жеке жазылады. Көмекші 
сөздердің бөлек жазылуы туралы, адамдардың есімдері бас әріппен жазылуы 
түсініктері бар, сөйлемдерді жазудың негізгі ережелерімен таныс. Сөйлем 
соңында тыныс белгілерін қояды: нүкте, лепті, сұрау белгілері;
3) қолды жазуға дайындау. Кеңістіктегі өзара қарым-қатынасты
жазықтыққа бағдарлануды орнатады. Таяқшалардан әріптерді құру, бау және 
мозаиканы қатарлап шығару, ермексаздан мүсіндеу, ауада және жұқа ұнтақ 
жарма қабатында «сурет салу» дағдысы бар. Шектеуішке сүйене отыра және 
оның көмегінсіз трафарет көмегімен сызықшаларды салу дағдысы бар. Жұмыс 
жолына берілген биіктігі, ұзындығы, ені және санына сәйкес әріптерді жазу. 
Жеке элементтерден жазба әріптерді құрастыра алады. Жазу кезінде арқа мен 
қолдың дұрыс қалпымен таныс. Жазу кезінде қарындашты немесе қаламды 
дұрыс ұстау дағдылары бар. Жазу кезінде қозғалыс актілерінін барысын 
қадағалайды және бақылайды. Шатастырылатын әріптерді, оларға сәйкес 
белгіленетін дыбыстарды ажырататын, сигналдық, «тірек» сипаттары жайлы 
түсініктері бар. Ересек адамның қадағалауымен графикалық белгінің 
құрылысына және құрамына; олардың элементтерінің жинақтауына; әріптердің 
салыстырмалы талдауына жаттығулар орындайды. Баспаны қолдана отырып 
дыбысты әріп етіп белгілейді. 
6-кесте
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары 
3.1 Кинетикалық 
0.3.1.1 ұсынылған модельдер негізінде немесе 


39 
ұқсастықтары бойынша 
әріптерді 
дифференциациялау 
модельдеу көмегімен оларды жазу, сөздердің, 
сөйлемдердің сызбаларын құрастыру
3.2 Орфографиялық және 
тыныс белгілердің 
нормаларын сақтау
0.3.2.1 орфографияның қарапайым ережелерін 
сақтау
0.3.2.2 сөйлем соңында тыныс белгілерін қою: 
нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі
3.3 Қолды жазуға 
дайындау 
0.3.3.1 жазба парағында бағдарлану, жұмыс жолын
және 
жоларалық 
кеңістігін 
ажырату; 
әріп 
элеметтерін жазу, тор/жолақ жұмыс дәптеріне 
басып шығару
0.3.3.2 жазу кезінде қарындашты немесе қаламды 
дұрыс ұстау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет