3
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) енжар және белсенді сөздікті кеңейту;
3) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
4) түрлі формалар және іс-әрекет түрлерінде ауызша байланыстырып
сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру;
5) балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа итермелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
10. Тіл дамыту:
импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді
қалыптастыру, фонематикалық түсініктердің алғышарттарын қалыптастыру,
жалпы сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.
11. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау
және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
2) заттар мен әрекеттерді олардың ауызша атауымен сәйкестендіре алуға
үйрету, түрлі әрекеттерді түсіне алуды қалыптастыру;
3) «ма, ме» демеулік шылауларын пайдаланып болымды және болымсыз
етістік
бұйрықтарын дифференциациялау;
4) «үстінде» және «жанында» үстеулерін қолдануды үйрету;
5) зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата алуды дамыту;
6) жай сөйлемдерді түсіне алуды дамыту: «бастауыш+баяндауыш»,
«бастауыш+толықтауыш+баяндауыш»;
7) жанама септіктер сұрақтарын түсінуді қалыптастыру;
8) заттық және сюжеттік суреттер бойынша қарапайым сұрақтарды
түсінуін балаларға оқыту.
12. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (бұнда сөйлеудің кез-келген
фонетикалық рәсімделуі рұқсат етіледі):
1)
қысқа сөйлемдермен,
сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің
сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін тудыру;
2) ашық буынды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді айта алуды
дамыту;
3)
өзінің есімін, топтағы балалардың, туғандарының есімдерін,
лексикалық тақырыптар бойынша заттарды атай алуды дамыту;
4) етістіктер сөздігін кеңейту;
5) заттарды сипаттау үшін сын есімдердің көмегімен түсін, көлемін, дәмін
атай алуды дамыту;
6) қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға оқыту;
7) сұрақтар бойынша сөз тіркестерін құрастыра алуды қалыптастыру:
«Қандай?»;
8) «үстінде» және «жанында» үстеулерін қолдануды үйрету;
9) кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді
құрастырып жасауға
4
арналған жаттығу; зат есімдермен «менікі» есімдігін келістіруге арналған
жаттығу;
10) суреттер бойынша сөз тіркестерін сын есім + зат есім; зат есім+етістік
сызбалары бойынша құрастыруды үйрету;
11) кішігірім балалар тақпақтарының және өтірік өлеңдердің сөздерін
аяқтап айта алуды үйрету;
12) сұрақтарға қысқа сөз тіркесімен немесе 2-3 сөзден тұратын қарапайым
сөйлеммен жауап бере алуды қалыптастыру.
13. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) дыбыстың орнын және оның бағытын анықтай алу білігін
қалыптастыру;
2) дыбысталып жатқан заттың сипатын ажырата алуды дамыту;
3) тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктеуге оқыту.
14. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) балаларға қарым-қатынас орнатушы сұрақтарды түсінуді үйрету;
2) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын түсіне алуды дамыту:
таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, қарапайым эмоция, ым-ишара, қимыл-
қозғалыс және мимика бар сұрақтар интонациясы;
3) қолмен еліктеу қимыл-қозғалыстарын орындай алуға үйрету; ым-
ишарамен
сәлемдесу немесе қоштасу; интонация: ым-ишараға және мимикаға
сәйкес, балаларға қолжетімді вербалды құралдарды белсендендіру.
15. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен қарым-қатынасқа түсе алады, ересектердің сөзіне
құлақ салады және оның мазмұнын түсінеді;
2) қарым-қатынастың қарапайым вербалды емес құралдарын түсінеді:
таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, сұрақ қою интонациясы;
3) өткен лексикалық тақырыптар бойынша заттардың белгіленуін,
тұрмыстық
ойын әрекеттерін, заттарды сипаттау кезіндегі қарама-қарсы
сапаларды білдіретін сөздерді түсінеді (үлкен-кіші);
4) қарапайым қарым-қатынасты-орнатушы сұрақтарды түсінеді;
5) сюжеттік, заттық суреттер бойынша қарапайым сұрақтарлы түсінеді;
6) жанама септіктердің сұрақтарын түсінеді;
7) атау септігіндегі зат есімдердің жекеше және көпше түрін ажыратады;
8) бұйрық және ашық райдағы қарапайым етістіктерді сөйлеу кезінде
қолданады;
9) аса қарапайым сөйлемдерді түсінеді;
10) қарапайым заттар мен әрекеттерді олардың сөйлеу белгілеуімен
сәйкестендіре алады;
11) тұрмыстық орта және өтілген лексикалық тақырыптар бойынша
заттарды, топтағы балалардың, туған-туысқандардың, өзінің есімін атай алады;
12) кез-келген фонетикалық рәсімделуінде қысқа сөйлемдермен, сөз
тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіндегі тілдік және тілдік емес
дыбыстарға еліктейді.