3
-п
араграф. 2-жартыжылдық
32. Тіл дамыту: ипрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді
қалыптастыру, байланыстырып мөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер
алғышарттарын қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
33. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) дидактикалық жаттығулар және ойын үрдісінде лексикалық
тақырыптар бойынша енжар сөздік қорды кеңейту, нақтылау;
2) жақтық және өздік етістіктері айқын әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
3) жекеше түрдегі өткен шақтағы етістіктерді ажырата алу икемін
қалыптастыру;
4) зат есімнің кейбір септік түрлерін түсіне алуды дамыту;
5) етістіктердің мағынасын өзгертетін қосымшаларды түсігн алды
дамыту;
6) етістіктердің мағынасын өзгеруіне әсер ететін тәуелдік сын есімдерді,
кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді ажырата алу икеміне үйрету.
34. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) дидактикалық жаттығулар және ойын арқылы лексикалық тақырыпты
меңгеру үдерісінде белсенді сөздікті молайту;
2) екінші буынға екпінді қоя отыра екі буынды сөздерді айтуға үйрету;
9
3) үш буынды сөздерді айтуға үйрету;
4) жай сөйлеммен ертегі мазмұны және сурет сюжеті бойынша сұрақтарға
жауа бере алуды дамыту;
5) жекеше түрдің 2 жағындағы бұйрық түріндегі етістіктерді осы шақ
етістігіне өзгерте алуды қалыптастыру;
6) екі сөзді және екі құрамды сөйлемдерде меңгерілген етістік
формаларын қолдану;
7) сөйлеуде «ішінде», «үстінде», «артында» үстеулерін қолдануға үйрету.
35. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, бірақ балалардың сөйлеуінде
морфологиялық элементтердің болуына көңіл аудару:
1) жайылма сөйлемді құра алуға оқыту: ілік септігінің жалғауы және
заттық суреттер мен сұрақтарға сүйене отыра басқа септіктердің
жалғауларының көмегімен;
2) қысқа тақпақтарды жаттау.
36. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) жеке дыбыстардың айтылуы және жануарлардың дауысқа еліктеуін
ажырату;
2) дыбысты-буындық құрылымы бойынша ұқсас сөздерді естуге
дифференциациялауға оқыту («үйшік-күшік», «ойнайды-орайды»);
3) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтуға үйрету.
37. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінде эмоционалдық жағдайды анықтай
алуға үйрету: сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінің эмоционалдық жағдайын
қабылдай және көрсете алу икемділігі;
2) ойын ситуацияларын қолдана отыра, отбасы мүшелерімен қарым-
қатынас жағдайында коммуникативтік дағдыларды белсендіру;
3) отбасы мүшелерінің іс-әрекетін және өзінің жеке іс-әрекетін сипаттап
бере алу икемділігіне оқыту;
4) ойын ситуациларын құра отырып, құрдастарымен қарым-қатынасқа
балаларды итермелеу;
5) мимика және пантомимика көмегімен қатынас-орнатушы сұрақтарды
қолдану және түсіну, достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру
дағдыларын бекіту.
38. Күтілетін нәтижелер:
1) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы мағлұматты
сұрақтарға жауап береді;
2) кейбір жай көмекші сөздердің, етістіктердің ашық және бұйрық
райдағы грамматикалық категорияларын түсінеді;
3) етітіктің мғынасын өзгертетін қосымшаларды ажыратады;
4) қарапайым сұрақтарды қояды;
5) қарапайым ақпаратпен бөліседі;
6) толықтыруларды пайдаланып жайылма сөйлемді қолданады;
7) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтады;
10
8)
саусақ гимнастикасының мәтіндерін, өтірік өлеңдер, қысқа
тақпақтарды жаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |