Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата20.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#51309
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алғашқы қадам

4-тарау. Ортаңғы топ 
(4- 5 жастағы балалар) 
 
 
1-параграф. 
«Коммуникация»
 білім беру саласы 
39. Бұл топтағы «Коммуникация» білім беру саласы бағдарламасының 
базалық мазмұны «Тіл дамыту» арнайы түзету оқу әрекетінде жүзеге 
асырылады.
40. Мақсаты - тілдің лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру 
болып табылады.
41. Міндеттері: 
1) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдер есебінен 
балалардың енжар және белсенді сөздіктерін байыту;
2) тілдің грамматикалық құралдарын белсендендіру;
3) ересек адамдармен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын 
қалыптастыру;
4) диалогтік фразалық сөйлеуін дамыту.
2-
параграф. 1-жартыжылдық
 
42. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді 
қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөйлеудің дыбыстық 
мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес 
құралдарын дамыту.
43. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 
1) болымды және болымсыз бұйрықтарды түсіне алуға оқыту; 
2) мағынасы бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға үйрету; 
3) мағынасы бойынша қарсы сын есімдердің орнын түсіну.
44. Экспрессивті сөйлеуді дамыту: 
1) сөйлеу тілінде жай сөйлемдерді қолдана алуға үйрету; 
2) сөйлеу тілінде септікті қолдану икемін дамыту; 
3) «мен» жіктеу есімдігін зат есіммен келістіруді балаларға үйрету; 
4) жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын 
дамыту; 
5) тәуелдік сын есімді құрастыра алуды дамыту.
6) мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді қолдануды дамыту; 
7) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атауды үйрету икемін бекіту.
45. Байланыстырып сөйлеуді дамыту: 


11 
1) өзіндік фразалық сөйлеуді қолдануға үйрету; 
2) пысықтауыш, анықтауыш, көмекші сөздер және көмекші сөздерсіз 
толықтаулармен сөйлемдерді жайылта алу икемін дамыту; 
3) кішігірім әңгіме немесе ертегі мазмұны бойынша сөз орамдар және 
сөйлемдерде сөздерді аяқтап айтуға оқыту; 
4) ертегілерден үзінді, көлемі бойынша үлкен емес, өтірік өлеңдер, 
тақпақтарды жатқа алу икемін дамыту.
46. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің 
алғышарттарын дамыту; 
2) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтуға үйрету: сөздің 
басында дауысты дыбысы бар сөздер «кітап», сөз ортасында «ыстық», сөз 
аяғында «қарт».
47. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын 
дамыту: 
1) бала басқа балаларды тыңдай алатын, балалар, ересек адамдармен 
қарым-қатынас орната алатын жағдайлар жасау; 
2) диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара 
алуын бекіту, өтініш және алғыс білдіру кезінде қарапайым сыпайылықты 
көрсету алуға үйрету; 
3) диалогқа дер кезінде түсуді және әңгімені аяқтауды дамыту.
48. Күтілетін нәтижелер: 
1) диалогтік- қарым-қатынастың негізгі түрін қолданады;
2) үлкендерге «сіз» деп айта отыра, сұрақтарға және өтініштерге жауап 
береді, құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түсе алады;
3) мағынасы бойынша қарама-қарсы етістіктер мен сын есімдердің орнын 
түсінеді; 
4) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдерді қолданады;
5) жекеше, көпше түрінде есімдікті зат есіммен, сын есімді зат есіммен
келістіре алады;
6) кейбір артикуляциялық жаттығуларды орындай алады;
7) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтады: сөздің басында, сөз 
ортасында, сөз аяғында дауысты дыбысы бар сөздер; 
8) жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет