12
құқықтық салдары туралы ескерту айтуы қажет. Осы мақсатта но-
тариус жеке жəне заңды тұлғалардан нотариаттық іс-əрекеттерді
жасауға қажетті барлық мəліметтер мен құжаттарды талап етуі, ал
оған жүгінген мүдделі адамдар оларды нотариусқа берулері тиіс.
Ұсынылған мəліметтер мен құжаттардың шынайылығы мен
түпнұсқалығын анықтау мақсатында нотариус өз бетінше бағалау
жасайды, ал қажет болған реттерде күмəнділік тудырған құжаттарды
арнайы сараптамаға жіберуге құқылы.
Нотариаттық қызмет көрсетуге қол жеткізу мүмкіндігі
принципі
Бұл принцип ерекше жəне нотариустың кəсіби қызметін
жүзеге асыруда маңызды болып табылады. Бұл принципті сақтау
қажеттілігі азаматтар мен заңды тұлғаларды білікті заңдық көмекпен
қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады
.
Нотариус себепсіз
жағдайлармен өзіне өтініш білдіріп жүгінген адамға заңдық кеңес
беру арқылы заңи көмек көрсетуден, нотариаттық іс-əрекет жасау-
дан заңдық көмек көрсетуден, нотариаттық іс-əрекет жасаудан заңға
қайшы келмеген реттерде (мысалы, ҚР «Нотариат туралы» Заңының
48-бабымен көзделмеген реттерде) бас тарта алмайды.
Кез келген азамат немесе заңды тұлға нотариустың нотариаттық
іс-əрекет жасаудан бас тартуына соттық тəртіппен шағымдануға
құқылы.
Құқықтар мен заңи фактілердің даусыздығы принципі
Нотариус нақты немесе тиісті құжаттармен расталған тек даусыз
фактілерді қабылдайды. Бұл принцип нотариустың өзінің құқықтық
табиғатымен негізделеді, оған сəйкес, нотариус тек даусыз фактілер
мен жағдайларды куəландырады, себебі олар заңи мəнге жəне
салдарға ие.
Достарыңызбен бөлісу: