Оқулық «Нотариат туралы»


-тақырып. Нотариаттық іс-əрекеттердің түрлері



Pdf көрінісі
бет95/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105
5-тақырып. Нотариаттық іс-əрекеттердің түрлері 
Заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен 
айналысатын, 
өзінің 
азаматтық-құқықтық 
жауапкершілігін 
нотариаттық іс-əрекеттер жасау нəтижесінде зиян келтіру сал-
дарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандырған, 
нотариаттық палатаға мүше болған жəне аумақтық əділет органында 
есепке тұру тіркеуіне өткен азамат жеке практикамен айналысатын 
нотариус деп танылады. Жеке практикамен айналысатын нотариус 
банк мекемелерінде есеп айырылысу шоты болуына жəне өзге де 
шоттар ашуға, еңбек заңдарына сəйкес көмекшілер, техникалық 
қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық іс-
əрекеттер жасаудан алынған табысқа билік етуге, соттарда өз атынан 
сөз сөйлеуге жəне ҚР-ның заңдарына сəйкес басқа да іс-əрекеттер 
жасауға құқылы.
6-тақырып. Нотариаттық iс-əрекеттер жасаудың негiзгi 
ережелерi
Нотариаттық іс-əрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, 
үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық 


167
іс-əрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналыса-
тын, нотариус кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын, нота-
риус кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы 
куəландыру жазбасында жəне нотариаттық іс-əрекеттерді тіркеуге 
арналған тізілімде нотариаттық іс-əрекеттер жасалған орынның ме-
кенжайы жəне уақыты көрсетіле отырып жазылады. Нотариус пен 
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының өз аты-
на жəне атынан, өз жұбайының, оның жəне өз туыстарының (ата-
аналары, балалары, аға-інілері, апа-сіңілілері, немерелері, əжесі, ата-
сы) атына жəне олардың атынан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға 
құқығы жоқ.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінде іс қағаздарын жүргізудің жəне 
мұрағаттың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үшін жауапкершілік 
аумақтық əділет органы басқармасы бастығының бұйрығымен 
мемлекеттік нотариат кеңсесі нотариустарының біріне жүктеледі. 
Жеке практикамен айналысатын нотариустардың іс қағаздарын 
жүргізуі мен мұрағатының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне 
жауапкершілікті жеке практикамен айналысатын нотариустың өзі 
көтереді. Мұрағат үшін жауапты мемлекеттік нотариус жұмыстан 
шыққан немесе басқа жұмысқа ауысқан жағдайда, оның міндеттері 
басқа нотариусқа жүктеледі, бұл жөнінде қабылдау-өткізу актісі 
жасалады. Жеке жұмыс істейтін нотариус өз өкілеттігін тоқтатқан 
жағдайда аумақтық əділет органы жəне нотариаттық палата 
құжаттарды басқа нотариусқа немесе тиісті мемлекеттік мұрағатқа 
тапсыру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет