Сөйтіп,
қатыстық грамматикалық
мағына
сөздердің
сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне
контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің
синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен
бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан,
грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген
үғыммен байланыстылыгын және грамматикалық категория
деген үгымның мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын
(категориялық магына) көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол
морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп
кететінін (қатыстық грамматикалық мағына) көрсетіп, мор-
фология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін
тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына же-
келеген сөз топтарыньщ семантикалық сипатын айқындайды.
§ 6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
МЕН ЖОЛДАРЫ
Сұрақ. Ең алдымен грамматикалық мағынаның берілу
тәсілдері деғен ұғым мен жолдары деген ұғым бір ме, бөлек-
бөлекпе?
Жауап. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген
ұғым белгілі бір мағына типтерінің (түрлерінің) не арқылы
және қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтығы, тобы
болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады.
Міне грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің
бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе
мағына берілудің жолдары деп аталады.
Грамматикалық мағынаны білдірудің ең
бірінші тәсілі
Достарыңызбен бөлісу: